Сабақ түрлеріне байланысты сағаттарды бөлу Р\с тақырыптар аты



бет41/53
Дата23.05.2024
өлшемі0,69 Mb.
#202828
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
Байланысты:
КОНФЛИКТОЛОГИЯ ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Дағдарысты жанұя. Ерлі - зайыптылардың мүдделері мен қажеттіліктерінің қайшы келуі өткір сипат алады және жанұя өмірінің маңызды сфераларын қамтиды. Ерлі – зайыптылар ешқандай келісімге көнбестен, бір-біріне ымыраға келмейтін, тіпті дұшпандық позицияда болады.
Конфликтілі жанұя. Ерлі-зайыптылар арасында олардың мүдделері күшті және ұзаққа созылатын жағымсыз эмоционалдық күйлер туғыза отырып қайшы келетін тұрақты сфера болады.
Проблемалық жанұя. Оған некенің тұрақтылығына соққы беруге қабілетті қиындықтардың ұзақ уақыт болуы тән. Мысалы: тұрғын үйдің болмауы, ерлі-зайыптылардың біреуінің ұзақ уақыт науқастануы, жанұяны асырауға қаражаттың болмауы, қылмысы үшін ұзақ мерізімге сотталу және басқа да бірқатар проблемалар.
Невротикалық жанұя. Мұнда ерлі-зайыптылардың психикасындағы тұқым қуалаушылық арқылы берілген бұзылыстар емес, жанұяның өз өмірлік жолында кездесетін психологиялық қиындықтардың әсерін жинау негізгі рөл атқарады. Ерлі –зайыптыларда жоғары мазасыздану, ұйқының бұзылуы, кез-келген себепке байланысты эмоциялар, жоғары агрессивтілік және т.б. байқалады.
Жанұялық конфликтілердің психотравмалық салдарлары болады: ғаламдық жанұялық қанағаттанбаушылық күйі, «жанұялық дабыл», нервтік- психикалық күштену, кінә сезімі.
Ерлі-зайыптылардың өзара қатынастарын қалпына келтіруге, дау-дамайлы ситуациялардың конфликтіге ұласуының алдын-алуға байланысты көптеген ұсыныстар жасалған (Владин, Капустин, 1886; Дорно, 1990; Ечидес, Левкович, 1983; Рюриков, 1989; Сатир, 1992; Чернышева, 1994 және т.б.).
Көпшілігі мынаған саяды.
1. Өзіңді, ал басқаны тіптен құрметте. Ол сенің ең жақын адамың, сенің балаларының әкесі (анасы) екенін есіңнен шығарма.
2. Қателіктерді, реніштер мен «күналарді» қазбалауға тырыспа, оларға бірден жауап қайтар. Бұл жағымсыз эмоциялардың жиналуын болдырмайды.
3. Сексуальдық жазғыруларға жол берме, өйткені олар ұмытылмайды.
4. Бір-бірлеріңе басқалардың көзінше (балалардың, таныстардың, қонақтардың) ескертулер жасамаңдар.
5. Өзіңнің қабілеттерің мен артықшылықтарыңды асыра айтпа, әрқашан және барлық жерде өзіңікі дұрыс деп санама.
6. Көбірек сен де, қызғанышты барынша азайт.
7. Мұқият бол, зайыбыңды тыңдай және түсіне біл.
8. Өзіңді төмендетпе, физикалық жағыңа көңіл бөл. Өз кемшіліктеріңмен күрес.
9. Ешуақытта зайыбыңның тіпті айқын кемшіліктерін талқылама, нақты ситуациядағы нақты мінез-құлық жайлы ғана әңгіме жүргіз.
10. Зайыбыңа қызығушылықпен және құрметпен қара.
11. Жанұя өмірінде қалай болғанда да ақиқатты анықтаудан гөрі, кейде шындықты білмеген де дұрыс.
12. Кейде бір-біріңізден демалуға уақыт табуға тырысыңыз. Бұл қарым-қатынастағы эмоционалдық- психологиялық шектен тыс қарқындылықты жоюға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет