Сабақ түрлеріне байланысты сағаттарды бөлу Р\с тақырыптар аты



бет40/53
Дата23.05.2024
өлшемі0,69 Mb.
#202828
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
Байланысты:
КОНФЛИКТОЛОГИЯ ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Семинар сұрақтары:
1. Конфликтілерді реттеуге байланысты тренингтер дайындау.
2. Конфликтілерді реттеуге жалпы түсінік беріңіз.
3. Конфликтіні реттеудегі психологтың іс-әрекетінің ерекшелігі қандай?
4. Тақырыпқа байланысты ситуация ойластырып келу.
5. Тақырыпқа байланысты глоссарии жасап келу.


13. Дәріс. Отбасылық конфликтілер


Мақсаты: Студенттерге отбасы конфликтісі жайында мағұлмат беру.
Жоспар:
1.Отбасылық конфликтілер психологиясы.
2. Қазіргі таңдағы адам, отбасы, ұжым және қоғам өміріндегі конфликт психологиясының ролі.
3.Ерлі зайыптылар арасындағы конфликтілердің негізгі себептері.

1.Жанұя- адамдардың өзара әрекеттесулерінің ежелгі институты, бірегей құбылыс. Оның бірегейлігі бірнеше адамның ондаған жылдарға есептелетін ұзақ уақыт ішінде, яғни адам өмірінің көп бөлігінде өте тығыз өзараәрекеттесетіндігінде. Қарқынды өзараәрекеттесудің мұндай жүйесінде таластардың, конфликтілер мен дағдарыстардың пайда болмауы мүмкін емес.


Өзара әрекеттесу субьектілеріне байланысты жанұялық конфликтілер мынандай конфликтілерге бөлінеді: ерлі-зайыптылар; ата-аналар мен балалары; ерлі-зайыптылар мен олардың әрбіреуінің ата-аналары; әжелер (аталар) мен немерелері арасындағы конфликтілер.
Жанұялық қатынастарда ерлі-зайыптылар конфликтілері басты рөл атқарады. Олар көбінесе ерлі-зайыптылардың қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауына байланысты пайда болады. Осыған сүйене отырып, ерлі-зайыптылар конфликтілерінің негізгі себептерін бөліп көрсетеді.(Владин, Капустин, 1986; Сысенко, 1989; Лысенко, 1993 және т.б.)

  • Ерлі зайыптылардың психосексуалды үйлесімсіздігі;

  • аз «менінің» қажеттіліктерін қанағаттандырмау, серіктес тарапынан адамгершілік сезімін құрметтемеу;

  • жағымды эмоцияларға деген қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы: «мейірімнің, қамқорлықтың, ықылас пен түсіністіктің болмауы;

  • ерлі-зайыптылардың біреуінің өз қажеттіліктерін шамадан тыс қанағаттандыруға әуестігі (алкоголь, норкотиктер, тек өзіне ғана қаржылық шығын шығару және т.б.);

  • үй шаруашылығын жүргізу, бала тәрбиелеу, ата-аналарға және т.б. қатысты мәселелерге байланысты өзара көмек көрсету мен өзаратүсінісуге деген қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы;

  • бос уақытын өткізуге, әуестіктеріне байланысты қажеттіліктердің айырмашылықтары.

Психологтардың зерттеулері жанұялардың 80-85%-інде конфликтілердің бар екендігін көрсетеді. Қалған 15-20 %-інде түрлі себептерге байланысты «ұрыс-керістің» бар екендігін тіркейді (Поликарпов, Залыгина, 1990). Конфликтілердің жилігіне, тереңдігіне және шиеленісушілігіне қарай дағдарысты конфликтілі, проблемалық және невротикалық жанұяларды бөліп көрсетеді (Торохтий, 1995).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет