ІІІ. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар
температуралық режимі;
ауаның физикалық-химиялық қасиеттері (желдету қажеттілігі және т.б.)
жарықтандыру;
шаршау немесе қажудың алдын алу
іс-әрекет түрлеріне алмастыру (есептеу, графикалық және практикалық жұмыстар);
сергіту сәттерін уақытында және сапалы түрде өткізу;
оқушылардың жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып сақтау.
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар
сабақ эмоционалды болып, қызығушылық таныту қажет және білім алуға қажеттілікті тәрбиелеу;
сабақтың өткізілу барысы мен ырғағы оңтайлы болуы қажет, мұғалім мен оқушылардыңіс-әрекеттері – аяқталуы болуы керек;
сабақта мұғалім мен оқушылар педагогикалық такт пен педагогикалық оптимизм сақталып өзара қарым-қатынас болуы қажет;
кішіпейілділік пен белсенді шығармашылық еңбек басымдылық көрсету қажет;
оқушылардың іс-әрекет түрлерін мүмкіндігінше алмастырып отыру керек, әр түрлі оқудың әдіс-тәсілдерін үйлестіру;
орфографиялық тәртіптің біртекті сақталуын қамтамасыз ету;
мұғалім әрбір оқушының белсенділігін танытуын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |