6-бөлім : Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 1-сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6-бөлім:
Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Күні:
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Менің туған жерім
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы
на сілтеме)
|
1.2.2.1 Сурет бойынша 2-3 сөйлем сөйлем құрастыру
1.3.3.1 Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажырату
1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация
бойынш қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу
1.5.2.1 Әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу
ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазу
|
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы: Өзінің қайда тұратынын айта алады және Қазақстандағы үлкен қала туралы тақпақтың мазмұнын түсінеді, қ дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады,қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
Көбі: Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады,тақырып бойынша өзара тілдесе алады,қ дыбысын меңгереді.
Кейбірі: Өздерінің туған жері туралы қосымша ақпарат бере алады,қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
Иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қояды
|
Дескриптор
|
- мәтінді түсініп оқиды;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.
- сөздер бойынша сұрақтар қояды;
- сұрақтарды орынды қолданады;
|
Тілдік мақсаттар
|
Қазақстан,Алматы, Астана
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
«Қазақ елі» сериалы kaztubekz
Атамекен Қазақстан kaztubekz
|
Бастапқы білім
|
Біздің Отанымыз -Қазақстан екенін біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Ертеңгілік шеңбері
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
|
|
Сабақтың ортасы
37мин
|
(МК) Мұғалім «Менің туған жерім» тақырыпта таудың баурайында жылқылардың бейнеленген, суреттердің көмегімен туған жер сөзінің мағынасы түсіндіреді.
(МК,Ұ) 1-тапсырма бойынша Қазақстандағы екі үлкен қала Алматы мен Астана туралы ақпарат береді.
Оқушылар тақтада ілініп тұрған суреттер бойынша қалаларды тауып атайды.
Үлгі: Мынау-Алматы қаласы
(МК,Ұ) 2-тапсырма бойынша оқушыларға «Менің туған жерім- Қазақстан» Мен «Қазақстанда тұрамын»деген сөйлем үлгілерімен таныстыру.Оқушылар өздерінің Қазақстанда тұратындарын үйренеді.
3-тапсырманы «Бағдарлы оқу» әдісі
бойынша оқушылар «Менің туған жерім- Қазақстан» деген сөйлемді оқиды.Мұғалім тұрамын сөзінің болымсыз түрін түсіндіреді.
4-тапсырма. Сұрақ –жауап әдісі бойынша «Сен Алматыда тұрасың ба?»деген сұраққа жауап бере алуға жаттығады.Берілген үлгі бойынша жұппен сөйлеседі.
СЕРГІТУ СӘТІ. 5-тапсырмадағы өлеңді хормен айтады. Жап-жасыл ағашы, Қып -қызыл алмасы, Ақ басты тауы бар- Алматы қаласы.
(МК,Ұ) Дәптермен жұмыс
Дәптердегі тапсырманы орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысынды алған білімдерін бекіте түседі.
(МК,Ұ)Мұғалім қ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Аудиодискіден қ дыбысының айтылуын және қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.Олар; қарындаш, қасқыр, қара.Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қ дыбысы кездесетін есімдер туралы ақпарат береді. Қанат т.б
«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды. Кім? Не? Неше? Қандай? , мұғалім қ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді.
Мысалы:
Қарындаш не?, қасқыр не?, қара қандай?, Қанат кім?
Оқушылар қ дыбысының дауыссыз дыбыс екенімен танысады.
|
Таныстырылым
«Қазақ елі» сериалы kaztubekz
Атамекен Қазақстан kaztubekz
Суреттер Аудиодиск 6.1.1: 6.2.2 6.2.4: 6.3.4
№2 дәптер
Қ қ дыбысы жазылған кесте
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Рефлексия
«Қол сигналы» арқылы оқушылар бүгінгі сабақта не қиын болды, не жеңіл болғандары туралы айтып өтеді
Саусақтардың бәрі ашылса түсінген.
Жудырық түсінбеген.
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Бағдаршам әдісі
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
|
|
|
Аты жөні;
Бөлімше 3.4 «Сұрақтар мен жауаптар құрастыру»
Оқу мақсаты: 1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе
иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім?
не? қандай? қанша?) қою.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
Иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қояды
1-тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
Менің туған жерім-Қазақстан.Мен Қазақстанда тұрамын.Мен Алматыда тұрамын. Алматы әдемі қала.
Дескриптор: Білім алушы
- мәтінді түсініп оқиды;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.
2-тапсырма
Жұптық жұмыс.
Сөздерге мұқият қараңыз. Кім? Не? Қандай? Неше? сұрақтарын пайдаланып,
бір-біріңізге сұрақ қойыңыз. Жауаптарын кестеге жазыңыз.
Қарындаш,қасқыр, қара,Қанат,қызыл,Қасым,қырық
Дескриптор: Білім алушы
- сөздер бойынша сұрақтар қояды;
- сұрақтарды орынды қолданады;
- кестеге сөздерді дұрыс жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |