Ортасы
25 минут
Түсіну және қолдану
|
Кестелер
1. Алгоритм құру, программа жазу барысында оған қатысатын кең тараған негізгі обектілердің бірі кестелер. Оның мысалдары:
Натурал сандар тізімі 1,2,3,...,N жазылуы N[1..N]
Нақты сандар 2, 3.5, -7,11, 0, 91, 0, 9, -75, 0,...,0.005 NC[1..N]
Оқу орындары мектеп, лицей, колледж, университет,..., магистратура ok[1..n]
Бұл мысалдарда тізімде кілең біртекті элементтер жазылған. Асты сызылған сөздер тізбектік атауларын береді. Атауды латын әрптер тізбегімен де көрсетуге болады.
Сонымен, Жиым деп белгілі атауы бар, біртекті элементтерден тұратын кестені айтады. Нақты сандар кестесін қарастырайық.
i
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
…
|
n
|
nc[i]
|
2
|
3.5
|
-7.11
|
0
|
91
|
-75
|
0
|
0.05
|
8.8
|
-9.81
|
мұндағы nc[i] –жиым элементі, і – жиым элементерінің реттік нөмірі.
Мысалы: nc[3] =>3.5, nc[4..6] =>{0, 91, -75}
Кестенің екі түрі бар:
Сызытық кесте – элементтері бірінен кейін-бірі (жол бойында) немесе бір-бірінің астына (баған бойына) орналасады. (математикадағы прогрессиялар, оқушылар тізімі...)
Тік төртбұрышты кесте– элементтері баған мен жолдың қилысында ұяшықтарда орналасады. (көбейту кестесі, сабақ кестесі...)
Біз әзірге сызықтық кесте элементтерін программалап үйренеміз.
Паскал тіліндегі жиымдар.
Жиымның негізгі параметрлері мыналар: типі (сандық, символдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді ...) және көлемі (жиымдағы элементтердің саны).
Бірөлшемді жиымды Паскалда былай жазады:
: array [1..n] of <элемент типі>
Мұндағы: - жиым (кесте) атауы, 1 алғашқы элемент нөмірі, n- ақырғы элемент нөмірі, <элемент типі>-integer, real немесе strihg…болатын элемент типі, array- (жиым) операторды белгілеуге арналған Паскалдың қызметші сөзі.
|
Оқулық пен дәптер
|
Соңы
15 минут
Талдау
Жинақтау
|
1.Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:
Есеп. 10 элементтен тұратын нақты сандардың жиымы берілген. (Кестеге қараңдар). Осы кестеде қанша оң сан бар екенін анықтайтын программа жазыңыз.
Математикалық модель.
1. Не белгілі? элемент нөмірі белігілі і- бүтін сан,
кесте белгілі nc[1..10] - типі нақты.
2. Не істеу керек? Оң сандар санын табу s - бүтін сан.
3. Қалай есептейміз?
Алдымен кесте элементтерін for операторы көмегімен енгіземіз. Тағы да сол оператор көмегімен барлық элементтердің оң екендігін тексереміз.
Сонымен i=1 … 10 дейін өзгереді кесте элементтерін енгіземіз
Тағыда i=1 … 10 дейін өзгереді, әр жолы егер nc[i]>0 болса s мәнін 1-ге арттырып оштырамыз.
Нәтижені экранға шығарамыз. Сонда Pascal ABC-тегі программамыз былай болып шығады.
program keste01_54;
var nc:array[1..50] of real;
i,s:integer;
begin
s:=0;
write('арасын бөліп 10 нақты сан енгіз ');
for i:=1 to 10 do
read(nc[i]);
for i:=1 to 10 do
if nc[i]>0 then s:=s+1;
writeln;
writeln('Кестеде ',s,' оң сан бар');
end.
Үйге: конспект оқу
|
Әр түрлі программалық жабдықтамалар
Сұрақ-жауап.
|