СабақҚа арналған әдістемелік нұСҚау «Дәлелді медицина негізі» пәніне арналған 5В110200 «Қоғамдық денсаулық»



Дата31.01.2018
өлшемі293,9 Kb.
#36755
түріСабақ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

2 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


«Дәлелді медицина негізі» пәніне арналған
5В110200 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы
Курс-ІІІ

Шымкент – 2014 ж.
Әдістемелік нұсқаулар кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.
№ ___хаттама «_____» «___________» 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор м.а.: А.М.Жақсыбергенов

Тақырыбы: 1.ДМ-ның анықтамасы, даму тарихы, дүниежүзілік даму тәжірибесі.
2. Мақсаты: Дәлелді медицинаның негiзi түсінігі мен дамытуы тарихы және тәжiрибеде қолдану мақсаты.
3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі және істей білуі керек:

- студенттерге ДМ негізгі терминдерін оқыту;

- студенттерді клиникалық тексерулердің негізгі түрлерін айыра білуге үйрету;

- студенттерге ДМ мәлімдемелерін пайдаланатын негізгі дағдыларды оқыту;

- клиникалық зерттеулердің берілген кестеден немесе нақтылы анықтауды уйрету;

- зерттеудің пайдалы немесе пайдасыз екендігін сандық катынастар арқылы анықтауды;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Дәлелді медицинаның терминіне анықтама.

2. Дәлелді медицинаны қолдану аясы.

3. Дәлелді медицинаның негізгі қағидалары.

4.Дәлелді медицинаның негізгі термині.

5.Дәлелді медицинаның даму тарихы.

6. Дәлелді медицинаның негізгі даму тәжірбиесі.

7. Дәлелді медицинаның әлемде дамуы тәжірбиесі.


5. Білім берудің оқытудың әдістері: ауызша сұрау

6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтары):

1. Дәлелді медицина – бұл ...

А. нақты бір науқасты емдеу түрін таңдау үшін клиникалық зерттеулердің үздік

нәтижелерін әділетті, дәлме-дәл және тұжырымды пайдалану.

Б. зертханалық мәліметтерді талдап қорыту және интерпретациялау

В. дербес медициналық ғылым.

С. халық денсаулығын қарастыру.

Д. кеңестік денсаулық сақтаудың теоретикалық базасы.

2. Дәлелді медицинаға жатқызылатындар:

А. дұрыс клиникалық шешім қабылдау үшін ғылыми ақпаратты жинау, талдау

технологиясы

Б. ғылыми ақпаратты ақпараттық іздестіру

В. ақпараттық метариалды жинау технологиясы

С. ғылыми мақалаларды іздестіру, жинау, талдау технологиясы

Д. дұрыс клиникалық шешім қабылдауға арналған ақпарат

3. «Дәлелді медицина» ұғымын қай университет ғалымдары енгізгендігін табыңыз

А. Мак-Мастер

Б. Сорбонна

В. Гарвардтық

С. Оксфордтық


5. Дәлелді медицинаның негізгі аспектісі:

А. ғылыми ақпараттың пайдалылығы мен сенімділігін сыни талдау және сұрақтарға жауап

беру үшін негіздемелі мәліметтерді айқындау

Б. денсаулық сақтау экономикасындағы дәлелдемелерді сыни талдау

В. медицинадағы негіздемелі мәліметтерді айқындау

С. биологиялық зерттеулердің үздік нәтижелерін айқындау

Д. озық эпидемиологиялық нәтижелерді айқындау

Тақырыбы: 2. Клиникалық эпидемиология: анықтамасы,даму тарихы, негізгі принциптері мен тәсілдері.
2. Мақсаты: Клиникалық эпидемиологияның негізгі қағидаларымен талдау әдістерін үйрету.
3. Оқыту міндеттері:

Студент білуі және істей білуі керек:

- клиникалық эпидемиологияның даму тарыхын;

- клиникалық эпидемиологияның негізгі ережесін;

- дәлелді медицинаның негізгі принциптерін;

- емдеу әдістері кезінде шешім қабылдауды үйрену;

- зерттеу скринингі мен диагностикасын білу керек;

- клиникалық ұсыныстар кезінде анықтай білу керек;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Клиникалық эпидемиология негізгі түсінігі қандай?

2. Клиникалық эпидемиологияның қағидалары қандай?

3. Клиникалық эпидемиологияның негізгі жағдайы қандай?

4. Клиникалық эпидемиологияның қайсы бір әлеуметтік аспектісі бірінші?

5. Клиникалық эпидемиологияға негізгі бағыттары қандай?


5. Білім берудің оқытудың әдістері: пікірталас
6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтары):

1. Клиникалық эпидемиология қағидасы:

А. клиникалық бастауларға бағытталу

Б. клиникалық міндет құрылымы

В. сұрақ құрылымы

С. клиникалық тәсіл

Д. нәтижелілік

2. Клиникалық эпидемиология – бұл ...

А. жүйелі және кездейсоқ қателіктердің ықпалын қадағалай отырып, әділ шешім жасауға мүмкіндік беретін клиникалық зерттеу әдістерін туындататын ғылым.

Б. әділ шешім жасау мүмкіндігін беретін зерттеу әдістерін тудыратын ғылым.

В. жүйелі және кездейсоқ қателіктердің ықпалын қадағалайтын зерттеу тәсілдерін жасаушы ғылым.

С. қате ықпалын қадағалай отырып, зерттеу туындатушы ғылым.

Д. клиникалық зерттеулер жөніндегі ғылым.

3. Клиникалық эпидемиология анықтамаларының біріне келесі ұғым жатқызылады:

А. болжам жасау нақтылығын қамтамасыз ету үшін науқастар тобын қарастырудың қатаң ғылыми әдістерін пайдалана отырып, ұқсас жағдайларда аурудың клиниклық ағымын қарастыру негізінде әрбір нақты пациент үшін жорамал жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ғылым

Б. әрбір нақты пациент үшін жорамал жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ғылым

В. аурудың клиниклық ағымын қарастыру негізінде болжам жасау нақтылығын қамтамасыз ететін ғылым

С. болжам жасау нақтылығын қамтамасыз ету үшін науқастар тобын қарастырудың қатаң ғылыми әдістерін пайдаланатын ғылым

Д. қатаң ғылыми әдістерін пайдаланатын ғылым

4. Клиникалық эпидемиология қағидаларына жатқызылады:

А. сенімділік

Б. дұрыс емдеу

В. ішкі құрылым

С. үрдіске бағытталу

Д. денсаулық сақтау нормаларын қолдану

5. Сандық тәсіл мынаған жатқызылады:

А. клиникалық эпидемиология қағидаларына

Б. клиникалық эпидемиология міндеттеріне

В. Дәлелді медицина қағидаларына

С. Дәлелді медицина міндеттеріне

Д. клиникалық эпидемиологиядағы бастауларға
Тақырыбы: 3. ДМ-ның бес сатысы. Бірінші сатысы.
2. Мақсаты: Дәлелді медицинаның бірінші сатысымен танысу.
3. Оқыту міндеттері:

Студент білуі және істей білуі керек:

- студенттерге ДМ негізгі терминдерін оқыту;

- студенттерге ДМ мәлімдемелерін пайдаланатын негізгі дағдыларды оқыту;

- дәлілді медицинаның бес кезеңін зертеп талдай білуі керек;

- дәлелді медицинаның жүйелі жолуларын талқылай білуі керек;

- клиникалық дәлелдердің экономикалық талдауларын өткізу керек;

- зерттеу сапасына арналған статияларды бағалауды білу керек.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ДМ бірінші қадам қандай?

2. Клиникалық зерттеудің 1-ші тіркеуге дейінгі сынақ фазасының мақсаты қандай?

3. Сынды бағалау мәліметін қалай дұрыс жүргізуге болады?


5. Білім берудің оқытудың әдістері: ауызша сұрау
6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтар):

1. Дәлелді медицинадағы 1 қадам:

А. клиникалық сұрақты тұдыру

Б. тәжірибелік жетекшілік жасау

В. таңдалған тақырып бойынша мақалалар жазу

С. таңдалған тақырып бойынша ақпаратты іздестіру

Д. ғылыми мәліметтерді тәжірибеде қолдану

2. Дәлелді медицинаның дұрыс алғышарттары:

А. жылына 4 000 000 астам мақала

Б. жылына 5 000 000 мақаладан төмен

В. ақпаратты мерзімдік алмасым

С. көнерген медициналық білімдер

Д. 100 000-нан астам мақала

3. Сандық тәсіл мынаған жатқызылады:

А. клиникалық эпидемиология қағидаларына

Б. клиникалық эпидемиология міндеттеріне

В. Дәлелді медицина қағидаларына

С. Дәлелді медицина міндеттеріне

Д. клиникалық эпидемиологиядағы бастауларға

4. Ішкі салауаттылық – бұл ...

А. сенімділік.

Б. талдап қорытылғандық.

В. дәлелдемелілік.

С. әйгілену.

Д. нәтижелерді бағалау.

5. Талдап қорытылғандық мынаған жатқызылады:

А. таңдаудың сыртқы сипаттамасына

Б. таңдаудың ішкі сипаттамасына

В. сапалық көрсеткіштерге

С. популяцияның сыртқы сипаттамасына

Д. популяцияның ішкі сипаттамасына
Тақырыбы: 4. РІСО-принциппін қолдана отырып,клиникалық проблемаларды қалыптастыру.
2. Мақсаты: РІСО принциптерін анықтау және клиникалық мәселелерді қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:

Студент білуі және істей білуі керек:

- Студентерге РІСО әдісінің зерттеу ерекшеліктерін үйрету;

- РІСО және дәлелді медицинаның мәліметтер базасының негізгі дағдыланын үйрету;

- РІСО және дәлелді медицинаның фильтрінің көмегімен медициналық ақпараттарды бағалау критерилерін үйрету.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. РІСО қайда қолданады?

2.РІСО-ның біздің елімізде дамуы қалай болып жатыр?

3. РІСО-ның негізгі ережелері қандай?
5. Білім берудің оқытудың әдістері: пікірталас
6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтар):

1. PICO қағидасы мынаны білдіреді:

А. 4 құрамды сұрақты құрастыру

Б. ғылыми ақпаратты іздестіру

В. 2 құрамды сұрақты құрастыру

С. ғылыми ақпаратты сыни талдау

Д. клиникалық сұрақты дұрыс тұжыру

2. Дәлелді медицинадағы 1 қадам:

А. клиникалық сұрақты тұжыру

Б. тәжірибелік жетекшілік жасау

В. таңдалған тақырып бойынша мақалалар жазу

С. таңдалған тақырып бойынша ақпаратты іздестіру

Д. ғылыми мәліметтерді тәжірибеде қолдану

3.Дәлелді медицинадағы 2 қадам – бұл ...

А. электронды мәліметтер базасында ғылыми ақпараттарды іздестіру

Б. әлемдік әдебиеттердегі сұрақ жайын қарастыру

В. мақала шығару

С. емдеу әдісін таңдау

Д. жорамалдау әдістерін таңдау

4. Дәлелді медицинадағы 3 қадам:

А. ғылыми ақпаратты сыни талдау

Б. тәжірибелік жетекшілік жасау

В. таңдалған тақырып бойынша мақалалар жазу

С. таңдалған тақырып бойынша ақпаратты іздестіру

Д. клиникалық сұрақты тұжыру

5. Дәлелді медицинадағы 4 қадам:

А. ғылыми мәліметтерді тәжірибеде қолдану

Б. тәжірибелік жетекшілік жасау

В. таңдалған тақырып бойынша мақалалар жазу

С. таңдалған тақырып бойынша ақпаратты іздестіру

Д. клиникалық сұрақты тұжыру
1. Тақырыбы: 5. ДМ-ның екінші және үшінші сатылары.
2. Мақсаты: ДМ-ның екінші және үшінші сатысымен танысу.
3. Оқыту міндеттері:

Студент білуі және істей білуі керек:


  • студенттенрге компьютермен жұмыс істеуді оқыту;

  • студенттенрге ғаламтордан ақпараттарды іздеуді жұмыс істеуді оқыту;

  • дәлелді медицинаның мәліметтер базасындағы дағдалар мен жұмыс істеуді үйрету;

  • дәлелді медицинаның фильтрінің көмегімен медициналық ақпараттарды бағалау критерилерін үйрету;


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ДМ екінші сатысы қандай?

2. ДМ үшінші сатысы қандай?

3.Зерттеушілер де, емделушілер де қандай ем алғанын білмейтін зерттеу түрі қалай аталады?

4. Эмпирикалық компонент дегеніміз не?
5. Білім берудің оқытудың әдістері: шағын топтрарда жұмыс

І-топ сұрақтары:

1. ДМ екінші сатысы қандай?

2. Эмпирикалық компонент дегеніміз не?

ІІ-топ сұрақтары:

1. ДМ үшінші сатысы қандай?

2. Зерттеушілер де, емделушілер де қандай ем алғанын білмейтін зерттеу түрі қалай аталады?

6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтар):

1.Дәлелді медицинадағы 2 қадам – бұл ...

А. электронды мәліметтер базасында ғылыми ақпараттарды іздестіру.

Б. әлемдік әдебиеттердегі сұрақ жайын қарастыру.

В. мақала шығару.

С. емдеу әдісін таңдау.

Д. жорамалдау әдістерін таңдау.

2. Науқастану жиілігі мынаған жатқызылады:

А. клиникалық сұрақтарға

Б. клиникалық бастауларға

В. медицинаның жалпы сұрақтарына

С. клиникалық эпидемиология аспектілеріне

Д. Дәлелді медицина аспектілеріне

3. Мүгедектену мынаған жатқызылады:

А. клиникалық бастауға

Б. клиникалық эпидемиология аспектілеріне

В. клиникалық сұрақтарға

С. медицинаның жалпы сұрақтарына

Д. Дәлелді медицина аспектілеріне

4. Болжам мынаны білдіреді:

А. науқасты жорамалдау үшін пайдаланылған әдістердің қаншалықты дәлдігін?

Б. осы науқас түрінің қаншалықты жиі ұшырасатындығын?

В. науқастың жоғары ықтималдылығымен қандай факторлардың байланыстылығын?

С. емдеу кезінде науқасты болжау қалай өзгеретіндігін?

Д. науқастануға қандай факторлардың алып келетіндігін?

5. Емдеу мынаны білдіреді:

А. емдеу кезінде ауру ағымы қалай өзгеретіндігін?

Б. емдеу құны қандай екендігін?

В. оның патогенетикалық механизмдерінің қандай екендігін?

С. ерте кезеңде анықтау және емдеу жағдайында ауру ағымы жақсаратын-

жақсармайтындығын?

Д. пациенттің дені сау не ауру екендігін?


1. Тақырыбы: 6. Интернеттен және электрондық база негіздерінен ақпараттар іздеу. Мақалаларды талдау және сынай бағалау.
2. Мақсаты: Интернеттен және электрондық база негіздерінен ақпараттар алуды үйрену.
3. Оқыту міндеттері:

Студент білуі және істей білуі керек:

  • дәлелді медицинаның медициналық әдебиеттерін сапасын бағалау, статиялардың әдістемелек сапасын бағалай білуі керек;

  • клиникалық зерттеулер қандай түрде өткізілгенін анықтай білу керек;

  • медициналық тәжірбиеге дәлелді медицинаның енгізу принциптарын білу керек;

- студенттерге ДМ мәлімдемелерін пайдаланатын негізгі дағдыларды оқыту;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Интернеттен қажет ақпаратты қалай табуға болады?

2.Дәлелді медицинаның электронды қорын қалай пайдалануға болады?

3.Белсенді бақылау дегеніміз не?

4. Мақалаларды қолмен индексирлеу дегеніміз не?
5. Білім берудің оқытудың әдістері: ауызша сұрау
6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтар):

1. Дәлелді медицинадағы 3 қадам:

А. ғылыми ақпаратты сыни талдау

Б. тәжірибелік жетекшілік жасау

В. таңдалған тақырып бойынша мақалалар жазу

С. таңдалған тақырып бойынша ақпаратты іздестіру

Д. клиникалық сұрақты тұжыру

2. Құны мынаны білдіреді:

А. осы ауруды емдеу құны қанша тұратындығын?

Б. науқастың кездесу жиілігі қандай екендігін?

В. науқасты жорамалдау үшін пайдаланылған әдістердің нақтылың деңгейін?

С. науқастың ұшырасу жиілігін?

Д. қандай факторлар науқастануға алып келетіндігін?

3. «Қандай факторлар науқастанудың жоғарғы ықтималдылығымен байланысты?» сұрағы мынаған жатқызылады:

А. ықтималдылыққа

Б. ауруға

В. бастауға

С. жорамалға

Д. емдеуге

4. «Науқастану салдары қандай?» сұрағы мынаған жатқызылады:

А. жорамалға

Б. сұраққа

В. клиникалық бастауға

С. жорамалдауға

Д. емдеу әдісіне

5. Үйде, жұмыста, жемалыс кезеңінде әдеттегі іс-әрекетке қабілетсіздік – бұл төмендегі ұғымға жатқызылады:

А. мүгедектену

Б. науқастану

В. қолайсыздық

С. қанағаттанбаушылыққа

Д. сауығуға
1. Тақырыбы: 7. ДМ-ның төртінші және бесінші сатысы. Алынған деректерді тәжірибиеде қолдану.
2. Мақсаты: ДМ-ның төртінші және бесінші сатысымен танысу. Алынған деректерді тәжірибиеде қолдануды үйрету.
3. Оқыту міндеттері:

Студент білуі және істей білуі керек:

- ДМ төртінші кезеңін;

- ДМ бесінші кезеңін;

- мәліметтерді тәжірибиеде қолдануды.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ДМ 4-ші кезеңі қалай жүргізіледі?

2. ДМ бесінші кезеңі қалай жүргізіледі?

3. Алынған мәліметтерді тәжірибиеде қалай қолданады?


5. Білім берудің оқытудың әдістері: ауызша сұрау
6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтар):

1. Дәлелді медицинадағы 4 қадам:

А. ғылыми мәліметтерді тәжірибеде қолдану

Б. тәжірибелік жетекшілік жасау

В. таңдалған тақырып бойынша мақалалар жазу

С. таңдалған тақырып бойынша ақпаратты іздестіру

Д. клиникалық сұрақты тұжыру

2. Емдеу әрекеті нәтижелілігі дәлелді, егер де:

А. емдеу әрекеті нәтижелілігі сенімді дәлелденген; мұнда пайдамен салыстырғанда күтілген зиян көлемі аз

Б. емдеу әрекеті нәтижелілігі сенімсіз дәлелденген; мұнда пайдамен салыстырғанда күтілген зиян көлемі жоғары;

В. емдеу әрекеті нәтижелілігі сенімді дәлелденбеген

С. емдеу әрекеті нәтижелілігі сенімді дәлелденген;

Д. емдеу әрекеті нәтижелілігі дәлелденген; мұнда зиянды пайдамен салыстыруға болмайды

3. Емдеу әрекеті нәтижелілігі күтіледі, егер де:

А. емдеу әрекеті нәтижелілігі аз сенімділікпен дәлелденсе

Б. емдеу әрекеті нәтижелілігі дәлелденсе

В. емдеу әрекеті нәтижелілігі дәлелденбесе

С. емдеу әрекетінің нәтижесіздігі дәлелденсе

Д. әрекет нәтижесі дәлелденсе

4. Егер емдеу әрекеті басымдығы мен кемшілігі салыстырылса, онда:

А. мұндай әрекетті пайдаланар алдында дәрігер мен науқас нақты ситуацияны ескере отырып, күтілген пайда мен зиян арақатынасын өлшеуі тиіс

Б. мұндай әрекетті пайдаланар алдында дәрігер күтілген пайда мен зиян арақатынасын өлшеуі тиіс

В. мұндай әрекетті пайдаланар алдында дәрігер нақты ситуацияны ескере отырып, күтілген пайда мен зиян арақатынасын өлшеуі тиіс

С. мұндай әрекетті пайдаланар алдында науқас нақты ситуацияны ескере отырып, күтілген пайда мен зиян арақатынасын өлшеуі тиіс

Д. мұндай әрекетті пайдаланар алдында науқас күтілген пайда мен зиян арақатынасын өлшеуі тиіс

5. Емдеу әрекеті тиімділігі анықталмаған, егер де:

А. тиімділік дәлелдері жеткіліксіз, не болмаса олар толық сенімді емес

Б. тиімділік дәлелдері жеткіліксіз

В. дәлелдемелер толық сенімді емес

С. тиімділік дәлелденбеген

Д. ешқандай тиімділік жоқ

6. Дәлелді медицинадағы 5 қадам:

А. ғылыми мәліметтерді тәжірибеде қолдану

Б. тәжірибелік жетекшілік жасау

В. таңдалған тақырып бойынша мақалалар жазу

С. таңдалған тақырып бойынша ақпаратты іздестіру

Д. клиникалық сұрақты тұжыру

7. Емдеу әрекеті тиімділігінің ықтималдылығы аз:

А. емдеу әрекеті нәтижесіздігінің дәлелдерінің сенімділігі аз болса

Б. емдеу әрекеті нәтижесіздігінің дәлелдеріне көз жеткізілген болса

В. емдеу әрекеті нәтижелілігі дәлелдемелеріне толық көз жеткізілмеген болса

С. емдеу әрекеті нәтижелілігі дәлелдемелеріне көз жеткізілмеген болса

Д. емдеу әрекеті нәтижелілігіне аз көз жеткізілсе

8. Егер нәтижесіздік пен зиян дәлелденсе, онда бұл нәтижесіз әрекет немесе зиян:

А. сенімді түрде дәлелденген

Б. дәлелденген

В. дәлелденбеген

С. сенімді түрде дәлелденбеген

Д. тиімділігі жоқ

9. Бірінші буын мәліметтерінің әмбебап базасы:

А. Yahoo

Б. Google

В. BMJ

С. Cochrane lib



Д. Pubmed

10. Екінші буынды іздестіруші:

А. Direct Hit

Б. Yandex

В. CM.ru

С. Altavista

Д. Euroseek
1. Тақырыбы: 8.Клиникалық аудитті жобалық жоспарлау және жүргізу.
2. Мақсаты:Клиникалық аудитті жобалық жоспарлауды үйрену және жүргізуді үйрету.
3. Оқыту міндеттері:

Студент білуі және істей білуі керек:


  • клиникалық аудитті жоспарлау және жүргізу қағидаларын;

  • клиникалық аудитті жүргізу мақсаттарын;

  • қателер талдауын.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Клиникалық аудитті жоспарлау қалай жүргізіледі?

2. Клиникалық аудит қалай жүргізіледі?

3.Қателер талдауын қалай жүргізеді?


5. Білім берудің оқытудың әдістері пікірталас.
6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтар):


  1. Фармацевтикалық компания бөлім қызметкерлері жүргізетін, өздері тікелей ұйымдастыратын және осы клиникалық зерттеудің жүргізілуін бақылайтын аудит– бұл:

  1. | ішкі аудит

  2. | сыртқы аудит

  3. | ұйым аудиті

  4. | зерттеу орталығы аудиті

  5. |жалпылама аудит




  1. Емдеудегі айырмашылықтарды айқындау ықтималдылығы ... зерттеулерінде көлемді.

  1. | бақыланатын

  2. | бақыланбайтын

  3. | оқиғаны бақылау

  4. | когортты

  5. | рандомизацияланған

  1. Емдеудің басқа нұсқаларымен салыстырусыз препаратты қолдану тәжірибесі мынаған жатқызылады:

  1. | жүргізілетін бақыланбайтын зерттеуге

  2. | жүргізілетін бақыланатын зерттеуге

  3. | жүргізілетін рандомизацияланған бақыланушы сынаққа

  4. | жүргізілетін жүйелі шолуға

  5. | жүргізілетін мета-талдауға

  1. Емдеудің басқа нұсқаларымен салыстырусыз процедуралар мына жағдайда қолданылады:

  1. | бақыланбайтын зерттеуде

  2. | когортті сынақтарда

  3. | оқиға жөнінде хабарламада

  4. | сипаттауда

  5. | рандомизацияланған зерттеулерде

  1. Процедураларды салыстыру жүргізу ықтималдылығы ... кезінде

препараттарды салыстыруға қарағанда жоғары

  1. | клиникалық бақыланбайтын зерттеу

  2. | клиникалық бақыланатын зерттеу

  3. | оқиғаны клиникалық сипаттау

  4. | дұрыс тағайындалған емдеу

  5. | дұрыс диагностикалық тест


1. Тақырыбы: 9. Клиникалық жетекшілік:анықтамасы, практикаға енгізу мен талдаудың негізгі принциптері. Клиникалық жетекшіліктің артықшылығы мен кемшіліктері.
2. Мақсаты: Клиникалық жетістіктерді тәжірбиеге енгізу мен оларды талдау қағидаларын анықтау.
3. Оқыту міндеттері:

Студент білуі және істей білуі керек:

- клиникалық жетекшілік түсінігін;

- клиникалық нұсқаулар қажеттілігін;

- клиникалық нұсқаулар мақсатын;

- клиникалық сұрақ түрлерін;

- жетекшілік артықшылықтарын;

- жетекшілік кемшілігін.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Клиникалық жетекшілік» дегенді қалай түсінесіз?

2. Клиникалық нұсқаулардың қажеттілігі бар ма?

3. Клиникалық жетекшілік артықшылығы қандай?

4. Клиникалық жетекшіліктің кемшіліктері қандай?
5. Білім берудің оқытудың әдістері: ауызша сұрау
6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтар):

1. Клиникалық жетекшілікті жасау қағидалары:

А. жетекшілік үздік дәлелдемелерге негізделуі тиіс және КПЖ ұсынатын жекелеген ережелердің дәлелдену дәрежесі бойынша көрсетілімдерден тұруы тиіс

Б. клиникалық жетекшілік жасау жиынтық статистикалық көрсеткіштерді алу үшін бастапқы мәліметтерді сандық жинақтауға негізделуі тиіс

В. клиникалық жетекшілік жасау тарату және енгізу жоспарынан тұруы, 10 жыл бойында даярлануы тиіс

С. клиникалық жетекшілік жасау жүргізілген медициналық іс-әрекетті талдауға негізделуі тиіс

Д. клиникалық жетекшілік жүргізілген медициналық іс-әрекетті талдауға негізделуі тиіс

2. Клиникалық практикалық жетекшілік, оның барынша ықтимал мазмұны:

А. емдеудің жаңа әдістерін енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын сақтауды бақылау

Б.Дәлелді медицина қағидалары негізінде ауруды болжау, емдеу және сауықтырудағы стандартталған тәсілдер

В. басқару жүйелерін медициналық ұйымдардағы медициналық жәрдем сапасымен нормативті қамсыздандыру

С. тұрғындарға медициналық жәрдем көрсетудің мемлекеттік кепілдендіру бағдарламаларын негіздеу

Д. пациенттер үшін тиімсіз дәрілік құралдарды қолдану мүмкіндігін береді

3. Клиникалық жетекшілікті пайдаланбайтын …

А. пациенттер.

Б. амбулатория және стационарлар менеджерлері.

В. денсаулық сақтау саласы жетекшілері.

С. денсаулық сақтау саласы экономистері.

Д. тәжірибеден өтушы дәрігерлер.

4. Клиникалық жетекшілік мыналарға арналған:

А. денсаулық сақтау саласы ұйымдастырушылары

Б. медициналық ЖОО және колледждер студенттері

В. ординаторлар дәрігерлері мен амбулатория менеджерлері

С. медициналық жәрдем қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату

Д. повышения качества и доступности медицинской помощи

5. Клиникалық практикалық жетекшілікті қолдану мақсаты:

А. емдеу тиімділігін жоғарылату, медициналық жәрдемді ұйымдастыруды жетілдіру

Б. медициналық жәрдем қол жетімділігі, медициналық қызмет құнын жоғарылату

В. медициналық қызметті сапалы ұйымдастыру, сақтандыру

С. емдеудегі ғылыми тәсіл

Д. сапалы емдеу

6. Клиникалық жетекшілікті жасауға қойылатын талаптар:

А. емдеу мен қызметтердің тиімді деңгейін бейнелеу

Б. диагностика, емдеу, профилактика, реабилитация

В. медициналық қызмет құнын жоғарылату

С. медициналық жәрдем қол жетімділігін төмендету

Д. клиникалық практика

1. Тақырыбы: 10.Клиникалық жетекшілік артықшылықтары мен кемшіліктері.

2. Мақсаты: Клиникалық жетекшілік артықшылықтары мен кемшіліктерін үйрету.
3.Оқыту міндеттері:

Студент білуі және істей білуі керек:

- клиникалық жетекшілік түсінігін;

- клиникалық нұсқаулар қажеттілігін;

- клиникалық сұрақ түрлерін;

- жетекшілік артықшылықтарын;

- жетекшілік кемшілігін.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Клиникалық жетекшілік» дегенді қалай түсінесіз?

2. Клиникалық жетекшілік артықшылығы қандай?

3. Клиникалық жетекшіліктің кемшіліктері қандай?


5. Білім берудің оқытудың әдістері: шағын топтарда жұмыс

І-топ сұрақтары:

1. «Клиникалық жетекшілік» дегенді қалай түсінесіз?

2. Клиникалық жетекшілік артықшылығы қандай?

ІІ-топ сұрақтары:

1. Клиникалық жетекшіліктің кемшіліктері қандай?

2. Клиникалық жетекшіліктің қандай түрлерін білесіз?
6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтар):

1. Ұлттық клиникалық жетекшілік қағидалары:

А. жетекшілік жасау және бағалау үрдісі тұтынушылар үшін барынша маңызды нәтижелерге негізделуі тиіс

Б. жетекшілік дәлелдемелерге негізделуі және сыналушылардан тұруы тиіс

В. дәлелдемелерді жинақтау үшін қолданылатын әдіс барынша көлемді болуы тиіс

С. жетекшілік ғылыми қайраткерлер тәжірибесіне негізделуі тиіс

Д.іс-әрекет тобын сұрыптау үшін қолданылатын әдіс

2. Дәлелдеме негізіндегі жетекшілік, оның басым ерекшелігі:

А. стационар және амбулатория менеджерлерінің хаттамалар мен стандарттарды жасауы үшін, денсаулық сақтау саласын және емдеу мекемелерінің штат мәселесін шешетін басқа да міндеттерді жоспарлауы, шынайы бюджетті құрастыруы үшін модельдер ретінде пайдаланылады

Б. стационар және амбулатория менеджерлерінің құрастырған клиникалық хаттамалары, пациенттерді оқытуға арналған үлестірме материалдар консенсусқа негізделеді және пайдалылық бағасын жүргізу қажет

В. денсаулық сақтау саласы тәжірибелік жұмыскерлері үшін қысқаша клиникалық анықтамалықтар жасау және басқа да міндеттер үшін қолданылады

С. шынайы бюджетті жасау, стандарттарды, хаттамаларды жасау

3. Дәлелдеме негізіндегі жетекшілік, оның кемшіліктері:

А. барлық мүдделі өкілдер енетін жұмыс тобын құру үшін уақыт талап етіледі

Б. барлық мүмкін тәсілдерде барлық оң нәтижелер мен кері ықпалдарды салыстыру үшін сынаққа қатысушылардың максимальды саны талап етіледі

В. пациенттерді топтарға бөлістіру рандомизирлі, яғни зерттеу нәтижелеріне ықпал етуге потенциалды қабілетті салыстырылатын топтар арасындағы барлық мүмкін айырмашылықтарды жоққа шығаруға мүмкіндік беретін кездейсоқ таңдау әдісімен жүргізілуі үшін уақыт талап етіледі

С. ықпал ету деңгейін тағайындалған дәрі немесе басқа да әрекет нәтижесімен салыстыру үшін қолданылатын индифферентті зат

Д. жиынтық статистикалық көрсеткіштерді алу үшін әдебиеттерді жүйелі сандық шолу және бастапқы мәліметтерді сандық жинақтау жүргізу үшін уақыт талап етіледі

4. Клиникалық практикалық жетекшіліктің сапасы ...

А. жоғары сапаны қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласында маңызды роль ойнайды.

Б. жүйелі қателіктерге жол беріледі.

В. ішкі сенімділік және талданушылық.

С. жоғары сенімділік тәжірибеде қолданылады.

Д. мүмкін жүйелі қателіктердің алдын алады және ескертіледі.

5. «Клиникалық практикалық жетекшіліктің» барынша сенімді анықтамасы:

А. бұл бұл күнделікті медициналық қызмет көрсетуді үздіксіз жетілдіру мен ұзақмерзімді нәтижелерді, емдеудің жағымды оң нәтижелерін жақсартуға арналған тиімді құрал

Б. бұл қарастыру нысаны бірқатар түпнұсқалық зерттеу нәтижелері болатын ғылыми жұмыс

В. бұл түпнұсқалық зерттеу нәтижелері қарастырылған, бірақ статистикалы біріктірілмеген шолу

С. бұл бір іс-әрекеттің бірнеше клиникалық сынағының біріктірілген нәтижелерін сандық талдау

Д. бұл дәрілік препараттар фармококинетикасын қарастыруға арналған жетекшілік



1.Тақырып: 11. Дәлелді медицинаның зерттеу түрлері.

2.Мақсаты: Студенттерді дәлелді медицинаның зерттеу түрлерімен таныстыру.
3. Оқыту міндеттері:

Студент білуі және істей білуі керек:

- ДМ түсінігін;

- ДМ зерттеу түрлерін;

- ДМ зерттеу сипатын.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ДМ қандай зерттеу түрлері бар?

2. зерттеудің қандай сипаттарын білесіз?

3. ДМ зерттеу әдістерін қай жерде қолданады?


5. Білім берудің оқытудың әдістері: ауызша сұрау
6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтар):

1.Емдеудің басқа нұсқаларымен салыстырусыз препаратты қолдану тәжірибесі мынаған жатқызылады:

| жүргізілетін бақыланбайтын зерттеуге

| жүргізілетін бақыланатын зерттеуге

| жүргізілетін рандомизацияланған бақыланушы сынаққа

| жүргізілетін жүйелі шолуға

| жүргізілетін мета-талдауға

2.Емдеудің басқа нұсқаларымен салыстырусыз процедуралар мына жағдайда қолданылады:

| бақыланбайтын зерттеуде

| когортті сынақтарда

| оқиға жөнінде хабарламада

| сипаттауда

| рандомизацияланған зерттеулерде

3. Процедураларды салыстыру жүргізу ықтималдылығы ... кезінде

препараттарды салыстыруға қарағанда жоғары

| клиникалық бақыланбайтын зерттеу

| клиникалық бақыланатын зерттеу

| оқиғаны клиникалық сипаттау

| дұрыс тағайындалған емдеу

| дұрыс диагностикалық тест

4. Клиникалық сұрақтардың негізгі категорияларына жатқызылады:

| аурудың таралушылығы

| клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру

| қызығушылығы бойынша клубтарға бару

| тақырыптық лекцияларға қатысу

| фокус-топтарға қатысу

5. Дұрыс диагноз қою ... жатқызылады.

| клиникалық сұраққа

| стратификация әдісіне

| аудит жүргізу әдісіне

| ауру қортындысы

| обсервациялық зерттеуге

6. Ауру ағымын жорамалдау – бұл ...

| клиникалық сұрақтардың санаттарының бірі

| белгілі сипаттамалары бойынша бақыланатын науқастарды зерттеу

| қарастырылушы фактор әдебиеттерді шолу болып табылатын зерттеулер

| зерттеу нысаны бақыланады

| арнайы жоспарланған салыстырмалы зерттеу


1.Тақырып: 12. ДМ-ның сүзгісін пайдаланып Интернеттен ақпаратты іздестіру. Жүйелі шолу және мақалалардың мета-анализі.
Мақсаты: ДМ-ның сүзгісін пайдаланып Интернеттен ақпаратты іздестіруді үйрету.

Жүйелі шолу және мақалалардың мета-анализімен таныстыру.


3. Оқыту міндеттері:

Студент білуі және істей білуі керек:

- студенттерге клиникалық сынақ түрлерін үйрету;

- студенттерді клиникалық зерттеудің негізгі түрлерін айыра білуге үйрету;

- студенттерге клиникалық сынақ фазаларын айыра білуді оқыту;

- зертеулердің әдістемелік сапасын бағалау;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Интернеттен ақпаратты қалай дұрыс іздеу қажет?

2. Дәлелді медицинаның электронды қорының мәліметін қалай қолдану қажет?

3. Мақалалардың жүйелі шолуын қалай дұрыс жүргізуге болады?

4. Мақалалардың мета-талдауын қалай дұрыс жүргізу қажет?
5. Білім берудің оқытудың әдістері: шағын топпен жұмыс

І-топ сұрақтары:

1.Интернеттен ақпаратты қалай дұрыс іздеу қажет?

2. Дәлелді медицинаның электронды қорының мәліметін қалай қолдану қажет?

ІІ-топ сұрақтары:

1. Мақалалардың жүйелі шолуын қалай дұрыс жүргізуге болады?

2. Мақалалардың мета-талдауын қалай дұрыс жүргізу қажет?
6. Әдебиеттер:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
7. Бақылау(тест сұрақтар):

1.Клиникалық сұрақтардың негізгі категорияларына жатқызылады:



  1. | аурудың таралушылығы

  2. | клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру

  3. | қызығушылығы бойынша клубтарға бару

  4. | тақырыптық лекцияларға қатысу

  5. | фокус-топтарға қатысу

2.Дұрыс диагноз қою ... жатқызылады.

  1. | клиникалық сұраққа

  2. | стратификация әдісіне

  3. | аудит жүргізу әдісіне

  4. | ауру қортындысы

  5. | обсервациялық зерттеуге

3.Ауру ағымын жорамалдау – бұл ...

  1. | клиникалық сұрақтардың санаттарының бірі

  2. | белгілі сипаттамалары бойынша бақыланатын науқастарды зерттеу

  3. | қарастырылушы фактор әдебиеттерді шолу болып табылатын зерттеулер

  4. | зерттеу нысаны бақыланады

  5. | арнайы жоспарланған салыстырмалы зерттеу

4.Емдеу тиімділігі – бұл ...

  1. | клиникалық сұрақ категориясы

  2. | алдыңғы әрекет нәтижелерін бағалау

  3. | арнайы жоспарланған зерттеу

  4. | белгілі сипаттамалары бойынша жүргізілетін зерттеу

  5. | жорамалды зерттеудің ерекше түрі

5.Клиникалық зерттеулерді жүргізу бойынша талаптарға жатқызылады:

  1. |зерттеуді дұрыс ұйымдастыру (дизайн) және математикалық негізделген рандомизациялау тәсілі

  2. | медициналық ұйымдарды басқару

  3. | тегін азық-түлік кәрзеңкесін ұйымдастыру

  4. | жұмысты орындау сапасын бақылау бойынша сараптамаға қатысу

  5. | аудиторды таңдау





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет