7 – тапсырма. Төмендегі суреттер туралы әңгімелеңіз (ненің суреті, қайда орналасады, пішіні қандай т.б.).
8 – тапсырма. Сөйлемдерді бастаңыз.
... ағзаның тірегі, ал бұлшық ет қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді.
... мен жауырын бірігіп иық белдеуін құрайды.
... тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.
... жілік деп аталады, жілік денеге таяныш болады.
... басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда жалпақ, әрі үлкен.
... қаңқасы омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.
... ұзындығы мен ені әртүрлі, бұларға жауырын, бассүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері жатады.
9 – тапсырма. Тірек-қимыл жүйесіне қатысты атаулар ұйытқы болған фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңіз және осы фразалармен сөйлем құрастырыңыз, фразеологизмдер қатарын жалғастырыңыз. Тірек-қимыл жүйесіне қатысты мақал-мәтелдерді мысалға келтіріңіз.
а
|
Иыққа шығу
|
1
|
жақын жер
|
ә
|
Аяғы ауыр
|
2
|
жалқаулығы ұстау, еріну
|
б
|
Қол созым жер
|
3
|
бір нәрсенің көптігінен аяқ басуға болмайды
|
в
|
Мойны жар бермеу
|
4
|
екіқабат, жүкті болу
|
г
|
Аяқ алып жүргісіз
|
5
|
соңынан қалмау
|
ғ
|
Басын айналдыру
|
6
|
басыну, менсінбеу
|
Достарыңызбен бөлісу: |