Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі68,82 Kb.
#29358
түріСабақ

Тақырыбы: Көлік түрлері

Мектебі: Смирнов №1 орта мектебі

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Науразбаева Айнаш Өмірзаққызы

1-СЫНЫП

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.4.1. Мұғалім көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім?/ не? қандай? қанша? ) қою.

1.4.4.1.Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу.

1.5.1.1. Мұғалім көмегімен заттың атын/сынын ауызша тілде қолдану.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу,төл дыбыстарды дұрыс айту.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:Сабақта үйренген көлік түрлерін атай алады,түсін сипаттай алады: ө дыбысын таниды,дұрыс дыбыстайды,жаза алады,ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады,түстерді ажырата алады,тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.

Кейбір оқушылар: Басқа да көлік түрлерін атай алады,ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтырып алады.




Сабақтың барысы:




Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс


Ресурстар



Сабақтың басы (2-5 минут)


1.Ұйымдастыру кезеңі.

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен танысу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: «Сағат тілі бойынша достар» тренингі.

1. Қолын қысыңыз

2. Арқасынан қағыңыз

3. Күлімсіреңіз

4. Қол бұлғаңыз

5. Көзіңізді қысыңыз

6.Қол ұстасып 3 рет секіріңіз.

Үй жұмысын тексеру: «Карусель» тренингі.

Оқушылар,сендер ішкі және сыртқы шеңберге тұрыңдар,ішкі шеңбер сыртқы шеңберге өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.






Ортасы

(6-40 минут)

Сабақтың соңы 41-45 минут


Балалар, бүгінгі жаңа тақырыпты білу үшін «Сиқырлы шарлар» ойынын ойнайық.Мына шарларды жарып,пазл бөліктерін жинайық.

Бірақ ,оны не екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік:

Көше бойлап аяңдайды, 
Адам тасып аялдайды. (Автобус)

Топқа бөлу .Балалар үш топқа бөлініп отырады.

Балалар,сендер суреттерді тандап алу арқылы үш топқа бөлінесіңдер.

Мұғалім балаларға слайдтарды көрсетіп, оның дыбыстарын естіртіп балаларды жаңа тақырыппен таныстырады.

Балаларға аудиодискті тыңдату.

1-тапсырманы орындау : Постер жасау.

Топпен жұмыс: оқушыларға тақырып бойынша да, тақырып бойынша емес те суреттер беріледі. Олар үстелдерінде жатқан ватманға желім арқылы тақырып бойынша сөздерді жабыстырады, содан соң ортаға шығып, постердегі сөздерін оқиды.

Қалыптастырушы бағалау.

Топтар бір-бірін бағалайды.

3-тапсырма. Суретке қара , сұраққа жауап бер.Жұптық жұмыс. Фишбон әдісі.

Сурет бойынша тапсырма.

1. Тірек сөздерді теріп, сөз тіркесін құрайды.

2. Қарапайым сөйлемдер құрастырады.

3. Тірек сөздерді қолданып мазмұндайды.

Жұптар бірін-бірі бағалайды.

Жеке жұмыс.Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

Балалар әркім өзін-өзі бағалайды.

Кішкентай автобус Тайо туралы мультфильмнің (https://kaztube.kz/video/117635)

үзіндісін көріңіз.

Өзін-өзі бағалау 3-тапсырма «Жетістік критерийлері» арқылы

«Бағдаршам»бағаланады.

Жасыл түс – бәрін түсіндім

Сары түс – орташа түсіндім

Қызыл түс – түсінбедім

(ОТ) 2-тапсырмада оқушылар көлік атауларын сүреттері бойынша қайталайды және өздері көліктердің сүретің салады. Оқушылар тапсырмада берілген үлгі бойынша өздерінің қандай сүрет салатындарын айта алуы қажет. Үлгі: Мен автобус саламын. Мен мәшине саламын т.с.с.

. (Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқушылар тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін тындайды, қайталайды, содан кейін өздері үлгі бойынша сөйлеседі. Үлгі:



-Сен не саласын?

-Мен ұшақ саламын.

-Ол қандай болады?

-Ол қызыл болады.

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Өзін-өзі бағалау 3-тапсырма «Жетістік критерийлері» арқылы

«Бағдаршам» бағаланады.

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жұмыс істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны ,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Оқулық


Аудиодиск 5.4.1.,

5.4.5.


Қағаз,қарындаштар.

№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма 5.4.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс




Көбірек

қолдау

- тақырып бойынша тірек сөздері бар кеспелер ұсыну



Біршама қолдау

- тақырып бойынша мультфильм ұсыну



Болмашы қолдау

сұрақтар үлгісін ұсыну




Смайликтер,өз-өзін бағалау


АКТ - мультфильм, слайд, интерактивті тақта. Есте сақтау қабілеті дамиды

Құндылықтардағы байланыс -

Көліктердің экологияға тигізетін әсері



Пәнаралық байланыс:

орыс тілі ,сурет



Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?







Қорытындылау

Сабақ барысында өзгертулер еңгіздіңіз бе? Неге?



Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет