Тақырыбы: 54-САБАҚ
|
Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы
|
Күні,айы:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
|
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
7.1.2.12
түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау;
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын білу. Шеңбер мен түзудің өзара орналасу жағдайларын біледі. Хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін түсіне отырып меңгереді;
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Оқушылар есептер шығару әдістерін біледі, түснеді және есептер шы гаруға пайдаланады
|
Кейбір оқушылар:
Өз ойын анық, ашық жеткізе алуға үйренеді,сұрақты қоя білуге және оған жауапты бере алады. Алгоритмді дұрыс қолдана отырып, амалдарды дұрыс орындауға үйренеді.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Жоспарланған жұмыс
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы(2-5 минут)
|
(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Қорытынды Кубизм стратегиясы
Ауызша сұрақтар сұрау:
. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау
1. Үшбұрыш туралы не білеміз?
2. Үшбұрыштар туралы тірек - схема бойынша сөйлеу
3. Үшбұрыш түрлерінің анықтамаларын тұжырымдау
4. «Шеңбер» сөзжұмбағын шешу
Сұрақтары:
1. бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш)
2. екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі)
3. барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы)
4. бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
5. үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын
кесінді? (медиана)
6. бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
|
|
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
|
(МК,Ұ) 1
2-слайд
Бұл тақырыпты оқығанда, қиюшы, шеңберге жанама және шеңбердегі перпендикуялр ұғымымен танысатын боласыңдар.
|
3-слайд Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы
Түзу мен шеңбердің орналасуының түрлі жағдайы болуы мүмкін:
1) Түзу мен шеңбердің ортақ нүктесі жоқ
2) Түзу мен шеңбердің ортақ нүктесі бар
3) Түзу мен шеңбердің екі ортақ нүктесі бар
|
4-слайд Түзу мен шеңбердің ортақ нүктесі жоқ
|
5-слайд
Түзу мен шеңбердің ортақ нүктесі бар
|
6-слайд
Түзу мен шеңбердің екі ортақ нүктесі бар
|
7-слайд
Анықтама. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі болатын түзуді шеңберге жанама деп атайды.
|
8-слайд
Анықтама. Шеңбермен ортақ екі нүктесі бар түзу қиюшы түзу деп аталады.
|
9-слайд
l түзуі (O;r) шеңберін А және В нүктелеріне қиып өтсін. АВ кесіндісі шеңбердің хордасы болсын.
|
10-слайд
1-теорема. Шеңбердің хордасын қақ бөлетін диаметр осы хордаға перпендикуляр болады.
|
11-слайд
CD диаметрі АВ хордасын Е нүктесінде қаққа бөлсін: АЕ=ЕВ
Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі бойынша ∆ОАЕ=∆ОВЕ
Бұдан ∠ОЕА=∠ОЕВ=90˚ шығады
Олай болса ОЕ⊥АВ немесе CD⊥AB
Теорема дәлелденді
|
№1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы
мүмкін бе?
( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес)
№2. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге
бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.
№3. АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см,
АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?
1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы
мүмкін бе?
2. АВ және СD центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см, АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?
3. Шеңберге одан тыс алынған нүкте арқылы жанама түзу жүргізіңдер.
4. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге
бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.
|
Оқулық
Аудидиск:
Жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы( 41-45мин)
|
І деңгей тапсырмалары
1. ɷ(O; r) шеңберін сызыңдар. Осы шеңбер ОА түзуімен неше нүктеде қиылысады?
2. ɷ(O; r) шеңберін сызыңдар. Осы шеңбер ОВ сәулесімен неше нүктеде қиылысады
3. Шеңберге оның бойында жататын жанама түзулер жүргізіп белгілеңдер.
4. Шеңберге оның ішінде жататын жанама түзулер жүргізіп белгілеңдер.
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Шеңберге одан одан тыс алынған нүкте арқылы жанама түзулер жүргізіп белгілеңдер. Бұл жағдайда неше жанама жүргізуге болады?
2. Жарты шеңбер 8 тең бөлікке бөлінген. Әр доғаның градустық өлшемін табыңдар.
ІІІ деңгей тапсырмалары
ɷ(O; r) шеңберінің бойындағы А нүктесі арқылы АВ және АС жанамалары жүргізілген. В мен С - жанасу нүктелері. АС=АВ екенін дәлелдеңдер.
Топтық жұмыс.
Парталас сыныптастарыңмен үшінші деңгей тапсырмасын орындаңдар:
Бекіту сұрақтары
1) Шеңбер элементтері: центр, радиус, диаметр, хорда, доға, жанама
2) Шеңбер мен түзудің орналасуы
V. Практикалық жұмыс.
1. Шеңбер сызыңдар.
2. Шеңбердің центрін белгілеңдер.
3. Шеңбердің радиусын өлшеп тауып, жазып қойыңдар.
4. Шеңбердің бойынан екі нүкте алып оларды А және В деп белгілеңдер.
5. А және В нүктелері шеңберді неше бөлікке бөледі
6. Доғаларды атап жазып қойыңдар
7. АВ хордасын жүргізіңдер
8. Шеңбердің В нүктесі арқылы өтетін диаметрін салып, СВ деп белгілеңдер
9. В нүктесі арқылы шеңберге ВК жанамасын жүргізіңдер
10.АВ диаметрі мен В нүктесі арқылы өтетін ВК жанамасының өзара
перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер.
(Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Қорытындылау
|
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?
2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
|
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1.
2.
|