ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы
Заттардың өзгеруі. Мақсаты: Заттардың өзгеруін анықтау, олардың өзгеріске ұшыраған күйлерін сипаттау.
Оқулықта берілген суреттер бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беру. Жетекші сұрақтар:
- Шыныда қандай зат бар?
- Қант түйірлерін қандай?
- Қантты шайға салып, толық ерігенше араластырса не болады?
- Шайға қантты салса түсі өзгереді ме?
- Қант неге жоқ болып кетті?
Оқулықтағы екінші сурет бойынша сұйық күйдегі жаңа сауылған сүт және ашыған сүт, қатты күйдегі құрт туралы ой бөлісіп, қорытындылау.