Сабаққа қызығушылықты ояту мақсатында төмендегі өлең жолдарын айту. Бір-біріне жақсы сөздер, тілек айту. Біз бақытты баламыз


ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі22,38 Kb.
#83735
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4-бөлім. 2-сабақ. Әдістемелік нұсқаулық

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Зерттеу жұмысы.
Мақсаты. Заттардың газ тәрізді болуын, сұйықтық ретінде болуын және қатты болуын анықтайды.
Тапсырма жұптасып орындалады.
Ресурстарды тарату: шарлар, шөлмек тығыны, стақан, шыны аяқ, кесе (немесе кез келген бір­дей көлемдегі үш түтік), су, бір реттік қолданылатын инесіз шприц, заттардың үш агрегаттық күйі туралы бейнеүзінді.
Зерттеу барысы.

  • Оқушылар шарды үрлейді. Газ шарды толығымен не жартылай толтырғаны туралы қорытынды жасайды. Шприцке шардың газын тартады немесе жай ғана ауамен толтырады. Ине кіргізетін саңылауды саусақпен жауып тұрып, шприцтің поршенін итереді. Газдың тартылғандығы не тартылмағандығы туралы қорытынды шығарады.

  • Стақаннан шыны аяққа және кесеге су құяды.Сұйықтың пішінінде өзгеріс болған немесе бол­мағанына тұжырым жасайды. Шприцті сумен толтырып, ине тұратын саңыла­уын жауып тұрып, шприцтің поршенін итереді. Сұйықтық тартылғандығын не тартылмағандығын анықтайды. Шөлмектің тығынын алып, алдымен стақанға, одан кейін шыны аяққа, содан соң кесеге салады.

  • Қатты дененің пішінінде қандай өзгеріс болаты­нын тұжырымдайды. Тығынды қысып көреді. Қатты дененің қысылғанын немесе қысылмағанын анықтайды. Нәтижелерін зерттеуші күнделігіне жазып қоя­ды.

Саралау.
Ынтасы жоғары оқушылар жұбына заттардың қатты, сұйық және газ тәрізді болу ерекшелігі туралы ой қорыту ұсынылады.
Зерттеу жұмысын қорытындылау: Заттардың газ тәрізді болуын, сұйықтық ретінде болуын және қатты болуын анықтай келе олардың пішіндерінің өзгеруі туралы ой қорыту.
«Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.

  • Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар?

  • Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет