Панорамалық сабақтың негiзгi мақсаты: озат мұғалiмдердiң ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруi, көп жылғы әдiстемесiн, игi тәжiрибелерiн көпке таныту.
Панорамалық сабақты өткiзуге қойылатын ең бiрiншi талап: өзгеге ұқсамайтын өзiндiк әдiсiнiң болуы.
Өзге де талаптар: мұғалiмнiң өткiзген сабағын өзi талдап беретiндiгi.
Шығармашылық сабақ
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аудару.
Сабаққа қатысатын оқушылардың деңгейі: өте жақсы оқитын оқушылар.
Технологиясы: топтық оқыту.
Барысы: 10 минөт ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады.Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады.
Қорытынды: Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Коммуникативтік құзыреттілік. Аспект: (өнімді топтық қарым-қатынас орнату) Сайыс сабақ
Ұйымдастырылуы: сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау.
Алдын-ала оқушылардың өз арасынан қазылар алқасын құру.
Мұғалімнің көмегімен жеңген команданы анықтау.
Екі команданың капитандарының жарысы.
Қорытынды.
Интеграциялық сабақ
Мақсаты: пәнаралық байланысты жетiлдiру.
Ұйымдастырылуы: бiр тақырыпты түрлi пәндерден беретiн мұғалiмдер оқытады.
Кіріктірілген сабақтың негiзгi мақсаты: оқу материалдарын байланыстырып, оқушыларға терең бiлiм беру, ойлау қабiлетiн дамыту.
Нәтижесі: оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша бiрiктiрiп беру оқушылардың жан-жақты, тұтас, терең, берiк бiлiм алуына мүмкiндiк жасайды.
Аукцион сабақ
Бір нәрсені сату арқылы өткізіледі.
Сабақ жабыдықтары: сатылатын бірнеше заттар Сабақтың құрылымы: