Сабаққа қойылатын талаптар, құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері анықталған сабақтың жоспарын құру



бет2/6
Дата15.11.2022
өлшемі5,63 Mb.
#158387
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
sabaққa-қoyylatyn-talaptar-құzyrettіlіkke-zhetkіzetіn-maқsat-mіndetterі-anyқtalғan-sabaқtyң-zhosparyn-құru

Сабаққа қойылатын талаптар
1. Дидактикалық – сабақ тақырыбы, мақсаты, мазмұнының бағдарламаға сәйкестігі, игерілетін іскерлік, дағдылардың айқындылығы, қабылдауға әзірлеу.
2. Дамытушылық – танымға қызықтыру, өздігінен іздену, білімін толықтыру, ой еңбегі мәдениеті, ақыл ойды дамыту.
3. Тәрбиелік –тәрбиелік мақсаттың нақтылығы, білім мазмұны арқылы көзқарас, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.
4. Гигиеналық – сынып тазалығы, желдетілуі, оқу құралдарының, тақта, бор т.б. Сабақ жабдықтарының болуы, жарық мөлшерінің сақталуы.
5. Психологиялық – білімге ынталандыру, танымдық белсенділігің арттыру, эмоциялық көңіл-күй тудыру, қабылдау, зейін, ойлау.
6. Ұйымдастырушылық – алдын-ала сабаққа дайындық, пәннің тақырыптарын оқу жоспарын жасау.
7. Әдістемелік – барлық талаптардың жиынтығы.
Аралас сабақ
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Бiлiмдi жан-жақты тексеру кезеңi
Жаңа материалды белсендi және саналы қабылдауға, меңгеруге оқушыларды әзiрлеу кезеңi
Жаңа бiлiмдi меңгеру кезеңi
Жаңа бiлiмдi бекiту кезеңi
Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындау жөнiнде нұсқаулар беру
Бiлiмдi тексеру сабағы
  • сабақтың бастапқы кезеңін ұйымдастыру. Бұл кезде мұғалім сабырлылық, іскерлiк танытып, оқушылар бақылау жұмысынан қорықпайтындай жағдай жасау керек, себебі мұғалiм оқушылардың оқу материалын одан әрі меңгеруіне қажет дайындықтарын тексереді;
  • сабақтың міндеттерін қою. Мұғалім оқушыларға қай тақырып бойынша білімдерін тексеретінін айтады. Олардан керекті ережелерді еске түсіріп, өз жұмыстарында қолдануларын сұрайды;
  • бақылау және тексеру жұмыстарының түрлері аталады. Олар оқу бағдарламасына сәйкес жасалған есептер, диктант, шығарма, сұрақтарға жауап беру.
  • сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын, сонымен қатар қате жұмыстарды да талдайды, қателерді түзету жұмыстарын ұйымдастырады;
  • білім, білікті меңгеру кезінде оқушылардың жиі қателесетін жерлері анықталып, оларды жою жолдары белгіленеді.

Жаңа сабақ
Мақсаты оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалiм оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек.
Жаңа материалды көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады. Бір сабақта бірнеше, мысалы 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ іскерлік пен дағдыға машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін тыңдау, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (практикалық және зерттеу түріндегі өздік жұмыстар) орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет