Сабаққа өзіндік талдау. «Қайталау.Өзіндік жұмыс.»



Дата19.12.2022
өлшемі17,67 Kb.
#163291
түріСабақ

Сабаққа өзіндік талдау .
«Қайталау.Өзіндік жұмыс.» тақырыбында 2- сыныпта математика пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларды алдыңғы сабақта алған
білімдерін тиянақтау.Есептерді шығарта отырып,білім,білік дағдыны қалыптастыру.Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік׃Оқушыларды шапшаңдыққа,тапқырлыққа,ұқыптылыққа,еңбек
сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық׃Оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін арттырып,өз бетінше
жұмыс істеуге,пәнге қызығушылығын,белсенділігін дамыту.
Сабақ барысымен таныстыру.
Үй жұмысын тексеру. «Бар ма?» ойыны.
Көршілері бір-бірінің дәптерлерін тексеріп,бағалайды.
Саяхат сабағы. Сабақта «Математикалық білім үйіне» саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды. Бұл сабақ - өткен сабақты қайталау және өздік жұмысы.
«Математикалық білім үйіне» саяхат жасай отырып оқушыларды құрылысшылардың тапсырмаларын білуге жетелеп, жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсәлдермен, ойындар өткіздім.
Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.
Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, өткенді қайталауда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды.
Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар құрылысшылардан түскен тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.
Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.
Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Математикалық ойын: 1.“Иә,жоқ”ойыны өте қызықты өтті,бірақ кейбір сұраққа оқушылар ойланбастан тез жауап беріп,дұрыс жауап бермеді.
2. «Кел,ойнайық!»ойыны арқылы №3,92-бет. Қойылмай кеткен жақшаларды қоюға көмектес.Мұнда бір оқушы қате жіберді.


3.Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, көркем жазу жолын толтырайық.
2, 4, 5 сандарды пайдаланып, үш таңбалы сан жазу.
245 254 425 452 524 542

4.«Өзіндік жұмыс»-та әрбір құрылысшының тапсырмасына саяхат жасай отырып, , өзіндік жұмысына үлестірмелі арнайы карточка таратылды.Ол тестке жауап алу мақсатында өтті.
5. «Бинго»ойынында сұрақтарға жауап беру,мұнда оқушылар дұрыс жауабын айтты.
6.Сергіту сәтінде оқушылар тақпақ айтып,қолдарымен қимыл жасады.
7.«Кім шапшаң»ойынында есепті шығар: №1,92-бет. Екі амалмен шығаратын есепті өздері талпынып шығарды.


8.«Сәйкестендір»
«Ішіне-сыртына» стратегиясы бойынша теңдіктің мәнін табу,бағыт арқылы сызып көрсетті.


9.«Гүл теру» ойынында логикалық есептерді шығардық, тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
10.Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп, №7, 105-бет.тапсырылды.
Сабақтың қорытынды – мақсатқа жетудегі сипаттамасы:
Сабақтың мақсаты анық қойылды, білім қалыптастыруда түрлі жұмыстар ұйымдастырылып , тапсырмалар түрлендіріліп берілді .
Қойылған мақсатқа толығымен жеттім , шынайы, айқын.
Оқушылар өздері іздену арқылы, мұғалім көмегі арқылы жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен өз бетінше және ықыласпен оқып үйренді;


Тақтада және слайдқа тақырыпты үш тілде жаздым,қазіргі талаптарға сай өзімше сабақты жоспарлағанда үш тілді кіргізгенім дұрыс деп ойладым, өйткені оқушыларға да қызықты болсын дедім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет