Сабаққа талдау-15 Басты мәлімет Күні



Дата07.02.2022
өлшемі18,33 Kb.
#91037
түріСабақ
Байланысты:
15талдау
10талдау

Сабаққа талдау-15

  1. Басты мәлімет

Күні: 19.10.2020ж
Сынып: 5
Мұғалімнің аты-жөні: Шалхыманов Темирлан
Тақырыбы: Ақпаратты екілік кодтау арқылы ұсыну Сабақтың құрылымы. Сабақтың басты бөлімдері:
Сабақ оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтаумен басталды
Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаттары және оларға жетуі
Екілік кодтау және оның компьютерде қолданылуымен танысады.Символдарды екілік кодтарға түрлендіру жолдарымен меңгереді. Символдарды екілік кодтауды практика жүзінде қолдана алады.

  1. Сабақ мазмұнының мектеп оқулығының материалымен салыстыру.

Сабақ мазмұны және материалдар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, жақсы деңгейде жасалған.

  1. Сабақтың мазмұнын жалпы диалектикалық принциптер бойынша бағалау


Ғылымилығы: сабақта ғылыми-педагогикалық әдістер жүйелі түрде қолданылды
Бірізділік: жаңа сабақ деңгейлік тапсырмалардан тұрды
Тәжіриебемен байланыс: практикалық тапсырмалар бооды
Сабақтағы мұғалімнің іс-әрекетінің әдістері, мұғалім өзін еркін ұстауы оның материалды жақсы білуінде. Маңызды сұрақтарға жауап беру сәті.
Мұғалім сабақты жақсы деңгейде өткізді. Өзінің педагогикалық қасиеттерін көрсете білді.

  1. Материалға деген ынтаны арттыру бекіту әдістері, оқушылардың ойлауын қалыптастыру.

Оқушылар жаңа материалдарды жеңіл түсінеді деген ойдамын, сабаққа ынтаны арттыру орын алды Оқушылардың ойлау қабілетін арттыратын сұрақ-жауап бөлімдері де болды..

  1. Сабақтағы оқушылар жұмысы.

Сабақ барысында оқушылар видеосабақ көреді, жаңа материалмен танысады, кері байланыс ZOOM бағдарламасы арқылы сұрақ-жауап болады, кейін тақырыпқа қатысты тапсырмаларды орындайды


  1. Сабақтың тәрбиелік мәні. Сіз байқап қалған тәрбиелік әдіс-тәсілдер:

Сабақтың тәрбиелік мәні болды, ол сабақ барысындағы «сұрақ-жауап» ойыны оқушылар арасында пікір алмасуға септігін тигізеді, қателерін түзеуді үйретеді
Қорытынды:

  • Сабақ жоспарының орындалуы – сабақ оқулыққа сай жақсы деңгейде өтіп шықты, сабақтың жоспары дұрыс құрылған

  • Сабақ мақсатына жетуі – мұғалім алдына қойған мақсатқа жетті

  • Сабақтағы қызықты сәттері – жаңа тақырыпты көрнекіліктерді қолдана отырып түсіндіруі

  • Не нәрсе аса үлкен әсер қалтырды – көрнекіліктер арқылы жаңа сабақты түсіндіруі

  • Өзгертулер: мен бұл сабаққа тапсырмалар санын қосар едім және үй жұмысын алып тастар едім

  • Сабақты бағалау: Темирланның сабағы жақсы деңгейде өтті!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет