Сабақтың тақырыбы:
Кәрім Сауғабаев. Нан туралы өлең
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалім:
|
Сынып:
|
Қатысқан:
|
Қатыпағандар:
|
Сабақта меңгерілетін
дағдылық мақсаттар
|
Нанның дастарханға қалай келетінін, оған адамдардың еңбегі сіңетінін түсіндіре отырып, қасиетті тағамымыз нанды қастерлеуге, қадірлеуге үйрету.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар білуге тиісті:
Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.
|
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
Тақырып мазмұнын түінуі тиіс
|
Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Автордың өзге де шығармаларын.
|
Бұрыннан бар білімдері
|
Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыттар
|
Жоспарланған уақыт (жаттығулар)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Қызығушылықты ояту
- Ата – аналардың бақытты болып, балалардың жүзінен күлкі кетпеуі үшін біз нені қолдауымыз керек? (бейбітшілікті)
- Ол үшін біздің еліміз неге бай болуы керек? (Әрине астыққа, дәнге)
- Еліміздің дәнге бай екенін өзіміздің қай рәмізімізден көре аламыз? (Елтаңбамыздан)
- Онда не бейнеленген?
- Бидай масағы бейнеленген.
- Бидайдан не алынады балалар? (Ұн)
Мұғалім түсіндірмесі
Бидай - астық тұқымдасына жататын ең маңыздық тағамдық дәнді дақыл. 100 грамм нанды жесе, адам денесіне 70 гр қант, 9 гр белок, 1 гр май сіңіреді. Бидай тамыры жерді тыңайтуға көмектеседі. Сабағынан үйлердің төбесін жауып, қағаз картондар дайындап, ыдыстар тоқуға болады.
|
Таныстырылым.
|
Ортасы
|
Жаңа сабақ
Біздің бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз да нан туралы болмақ.
- Нанның қасиеттілігі туралы 3 - 4 - сыныптарда қандай тақырыптар мен өлеңдермен таныстық. (естеріне түсіру, ойларын тыңдау)
Нан туралы түсіндіру (слайд, нан өнімдері)
2. Авторы К. Сауғабаев туралы өмірі мен шығармаларына тоқталып өту.Кәрім Сауғабаев 1941 жылы 20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданының Едірей ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Балаларға арналған өлеңдері 1972 жылы кітап болып басылып шығады. 1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы болып жұмыс жасаған. Шығармалары: Мойындау. Өлеңдер «Жазушы»1972ж; Көктем келді, алақай, Өлеңдер «Жалын»1977ж: Ақша қар. Өлеңдер. «Жазушы»
1980ж; Балқан таудың басында. Өлеңдер. «Жазушы»1982ж. Үлкендерден үлгі аламыз. Өлеңдер. «Жазушы»1983ж жарық көрген.
3. Мұғалімнің өлеңді мәнеріне келтіре жатқа оқуы.
4. Өлеңнен түсінген ойларын ортаға салу. (слайдтан нан түрлеріне тоқталу және «Ас атасы - нан» көрмесі бойынша көрсету)
ҮІ. Оқулықпен жұмыс
1. Шумақ бойынша оқыту(7 - 8 оқушыға оқыту)
2. Жекелеген оқушыларға оқыту
3. Әр шумақ бойынша талдау жасау
4. Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
ҮІІ. Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасау - Нан - өмір, неге?
- Дән - ән емес пе, дән - нәр емес пе, неге? (жалғастырып жаз)
|
Автор портреті.
|
Сергіту сәті
|
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
|
Сергіту жаттығуы жазылған парақша
|
Аяқталуы
|
Дәптермен жұмыс
І қатар
Бір дән жолда жатса, еңкейіңдер, көтеріңдер.
Себебі..........
ІІ қатар. Нансыз тыныштық болмайды. Себебі.........
ІІІ қатар. Нанның дастарханға қалай келетінін сызба арқылы көрсету.
Шығармашылық тапсырма
1. Нанды қастерлей білейік (эссе)
2. Өлең құрастыр (нан, нанды қастерлеуге, дихан еңбегін бағалауға байланысты жаздыру және оқыту)
|
Сөздік жұмысын жүргізу.
|
Үйге тапсырма: мазмұндау.
|
Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау
көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – оқушы білімін
тексеруді қалайша
жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс –
Денсаулық пен қауіпсіздікті
тексеру, АКТ
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты
мен оқу міндеттері
анық па?
Бүгін оқушылар не
үйренді?
Сабақ қалай өтті,
қандай деңгейде
өтті?
|
Бүгінгі сабақ кызықты болды ма?
|
Дифференциялау
жоспарым жүзеге
асты ма?
Тапсырмалары
сәйкес болды ма?
Уақыт дәлдігі қалай
болды? Жоспарыма
қандай өзгерістер
енгіздім?
|
«Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
|