Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп
2011-2012 оқу жылы
Кіріспе
Өзге тілді мектептердегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың басты мақсаты – пән стандартында атап көрсетілгендей қазақ әдебиетінің үздік туындыларымен қазақ тілінде таныстыру арқылы қазақ әдебиеті туралы ұғым қалыптастырып, түсініктерін байыту, көркем әдеби мәтіндерді оқыту негізінде қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиетін оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру болып табылады.
Оқу қазақ тілінде жүретін мектептердің 5-6-сыныпқа үлгерімі төмен оқушыларға арналған «Әдебиет» пәні жекелеген көркем шығармалардың үзінді түрінде алынған мәтінін оқыту арқылы тілдік ортаны кеңейтуді көздейді.
Ұсынылып отырған жұмыс дәптері оқушылардың пән бойынша дайындық деңгейлерін жетілдіру және анықтау мақсатында құрастырылған. Оқушыларға оқулықта берілген тапсырмалардың түрлендірген түрі берілген.
Жұмыс дәптерінде іріктеліп алынған тапсырмалар оқулық жүйесіне негізделеді және оқушылардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауын ұйымдастыруға көмектеседі.
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
Әдебиет – араб сөзі. Оның қазақша мағынасын Ахмет Байтұрсынов «____________________» деп айтуға болады деген.
Қазақ әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті – __________________________________________________________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |