Қызығушылықты ояту.
Әнұран орындау
-Біз бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін деп ойлайсыңдар?
-Рәміздер туралы екен.
Белсендіру.
-Біз тұратын ел қалай аталады?
-Біздің елде тұратын адамдарды қалай атауға болады?
-Біздің елдің президенті кім?
-Қандай рәміздерді білесіңдер?
Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсат қою.
Мемлекеттік рәміздерді көрсетіп жеке-жеке мағлұмат беру.
Авторлар туралы қысқаша түсінік беру
Ой қозғау.
Жеңімпаз суретіне назарын аударып, талдау.
-Суреттен кімді көріп тұрсың?
-Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар?
-Сен өзің не істер едің?
Жұптық жұмыс.
Берілген дайын шаблоннан мемлекеттік тудың үлгісін жапсыру. Тапсырманы түсіндіріп беру. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске түсіру.
Топтық жұмыс
Берілген әріптерден сөз құрату. (Рәміз)
-Елімізде "Мәңгілік Ел" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Жас ұрпақтың бойында теңдік, еңбекқорлық, әділдік, білімге құштарлық құндылықтарын дамыту болып табылады. Еліміздің сәтті дамуы осы құндылықтарға байланысты. Оларды сақтау Отанымыздың жарқын болашағы үшін керек.
|