Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары



Дата28.07.2017
өлшемі69,75 Kb.
#22302
түріСабақ
Раимкулова Гулжазира Тажибаевна,

М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.



Тақырыбы: Жеміс-жидектер мен көкөністер. Дыбыс.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

Жеміс жидектер мен көкіністердің ерекшеліктерін түсіндіру және олардың пайдалы қасиеттерін сипаттау.Дыбыстық талдау жасау.

Барлығын қосқанда

Барлық оқушылар білуге тиісті: Жемістер мен жидектерді ажырата алады.Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі: Сойлемдерде жеміс-жиектердің ұқсастығы мен айыршашылығын көрсете алады.Дыбыстық талдау жасай алады.

Кейбір оқушылар: Жеміс-жидектер мен көкөністер атауларын қолданып, әңгімелей алады.Өз ойларын анык, дәлелді жеткізе алады.

Тілдік мақсат

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Көкөніс жеміс.

Алдыңғы оқу:

Дыбыстарды ажырата алады.Дыбыстық талдау жасауды біледі.

Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы: (10 мин )

Қызығушылықты ояту

5 мин


5 мин

Психологиялық ахуал;

Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді

Сабақ сұрақтармен басталады.


  1. Қазір қай жыл мезгілі ?

  2. Қыс сөзінің орысша аудармасы қалай ?

  3. Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады ?

Жұмбақ:

Ағайынды бәрі

Көктемде жасыл,

Күзде сары (Жапырақ)

(Сандықшада түрлі түсті жапырақтар болады. Жапырақтардың түр-түсіне қарап, топқа біріктіремін. Әр топ топ басшысын сайлайды.) Ал балалар топқа бөлініп, топ басшымызды сайлап алдық. Қолымыздағы жапырағымызды бағалау парақшасы ретінде пайдаланамыз

Жапырақ макеті. Санықша




Ортасы жалпы уақыт

(25 мин )


І кезең.

Жұмбақтар шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу.



1-ші слайд. Жұмбақтар.

Жеген жанды таңырқатты (Алма суреті)

  • Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады ( Пияз суреті)

  • Тәтті, тәттінің іші қатты.

Қаттының іші тәтті (Өрік суреті)

Жарайсыңдар балалар ! Ал енді бүгінгі жаңа тақырыбымыз не деп ойлайсыңдар ?

Жеміс-жидектер мен көкөністер атауларымен бірге көрсетіледі.

Сұрақтар:

1. Жемістер қандай болады екен, атайықшы ?

2.Жидектер туралы не білдік, олар қайсылар

3.Көкөністер қайда өседі ?

Енді дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің реті мен тақырыпты жазамыз.



ІІ кезең.1-тапсырма. Оқулықтағы жеміс жидектер мен көкіністерге назар аударамыз.

1 топ жемістерге,

2-топ жидектерге,

3-топ көкіністерге сөз тіркесін (слово сочитания) құрайды. Аударма жасайды.Жұптық жұмыс.

ІІІ кезең. Жеміс-жидектер суреті таратылып біздің өлкемізде өсетін жемістерді себетке жинау. Бағалау 1топты 2 топ, 2 топты 3 топ, 3 топты 1 топ тексеріп бағалайды.(Группавая работа)

Оқылым.Тапсырма. Мәтінді оқу, ат қою.



ІV кезең. 4-тапсырма. Әр топ 2 сөйлемнен оқиды аударма жасайды және мәтінге ат қояды.

V кезең. Слайдтан бір жеміс көрсетіледі.Суреттегі жемістің атын тауып фонетикалық талдау жасау. « Дыбыстар бекеті» (даустылар станциясы және дауыссыз дыбыстар станциясы)

(жеке жұмыс)

Слайд № 1,2

Слайд № 3,4

Слайд № 5,6

№ 7 видеролик


Тақтамен жұмыс
А 3 қағаз, маркер.

Слайд № 9


Слайд №10 фонетикалық талдау дұрыс жауабы

Соңы: 10 мин



Біз бүгін сабақта нелерді үйрендік ?

Жемістерді атайықшы ?

Жидектерге нелер жатады ?

Ал көкіністер қайсылар ?

Жарайсыңдар балалар.Біз бүгінгі сабағымызды қортындылау мақсатында бір көңілді ойынмен аятайық.

Тапсырма: Ағашта өсетін жемістерді атағанда оқушылар қолдарын жоғары көтеріп жеміс тереді. Бұтада өсетін жидектерді атағанда қолдарын төмен түсіріп тереді.Ал көкіністерді атағанда жерден терген қимылды көрсетеді.


Әуен ойнап тұрады.



2-мин

Үйге: 4- тапсырма. Жаттау.

оқулық




Косымша акпарат




Саралау-

Оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз ? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай тусіндіресіз?



Бағалау

Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз ?



Пәнаралық байланыс-

Денсаулық және кауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, кұндылықтар мен байланыс (Тәрбие элементі)



Алдын ала слайдтар даярлаймын, қосымша газет-журналдар оқуға беремін,арнайы сергіту сәттерін дайындаймын. Қабілеті жоғары оқушыларға танымдық тақырыпта тұсаукесер жасауға тапсырма беремін.



Екі топ бір-бірін бағалайды. Ынталандыру.

Білім игерудегі жетістіктерін анықтау



Орыс тілі, дүниетану, математика

Интерактивті тақтамен жұмыс кезінде қауіпсіздік. Ғаламтордан жаңалықтарды іздету.







Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Алған мақсатыма жеттім. Балаларға жеміс жидектердің түрлерін таныстырып, ажырата алуға көрсетілім арқылы жаңа ақпаратты меңгерту оңай болды.Сөздерді дұрыс дыбыстату мақсатында аудиожазбаның оң әсері болды. Дыбыстық талдау жасауда «Дыбыстар бекеті» әдісі арқылы оқушылар жаңылмай талдау жасай алды. Уақытты тиімді пайдалана алдым. Оқушы жұмыстарын оқушылар жұптық тексеру,топтық тексеру арқылы өзара кері байланыс жүрді. Жұмбақ шешу өзге ұлтты балаларға қиын болды. Жоспарыма түзету енгізер болсам :Күрделі сөздердің мағынасын дұрыс түсіну үшін сөздік жұмыстарды қосып, әрбір сөзді қолдану мақсатын түсіндіру керек.

Оқушылар үш топқа бөлінгендіктен, өз белсенділіктерін танытады.Сабақта балаларды қазақша сөйлете отырып, жаңа сөздер арқылы создіккорларын толыктырдым. Сөз бен сөз тіркестері арқылы тілдік сойлем курастыруды уйретуге тырыстым.Өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын.Сыныпта психологиялық ахуалды туғыздым. Жоспарлаған саралаудың біразын жүзеге асырдым, интербелсенді тақтамен жұмыс және ресурстармен жұмыс тиімді болды.Уақытты үнемдеу арқылы үлгердім.Жоспарыма жеке шығармашылық тапсырмаларды және қорытындыны жоспарлауда өзгеріс енгіздім, себебі жеке тұлғаны дамыту үшін дарынды мен талантты баланың қызығушылығын арттыру керек. Өз бетімен ізденуге, өзіне сенімін арттыруға мүмкіншілік пайда болды. Топтық жұмыс ортақ пікірлерді ортаға салуға пайдалана білді.



Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1: Мәтінді аударып жеміс-жидек атауларын екі тілде меңгеруі.
2: Жаңа тақырыпты өмірмен ұштастыра білді, танымдық қабілеттері дамыды
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1 Көрсетілім

2.аудиожазба
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

1 Топпен жұмыс, оқушылар жеке қабілетін көрсете білді.
2.Әрбір тапсырма алдында бағалау критерийлерінің таныстырылып отырылуы.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет