Сабақта қолданылатын материалдар


«Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі мен ерекшелігі»



бет2/2
Дата14.07.2017
өлшемі3,93 Mb.
#21185
түріСабақ
1   2

«Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі мен ерекшелігі»

тақырыбында өткен коучинг

Орындаған : Шошаева М.К

Үшінші (базалық )деңгейді бітірген

Шошаева Майра Қажыкерейқызының шебер сыныпа «Абайдың қара сөздері» тақырыбында өткен сабақтың

рефлексивті есебі:

Сабақ барысында барлық балалар сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті.Сабағымды сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа әдіс - тәсілдерін кіргізе отырып, жоспарлап жүргіздім. Сабағымдағы топтастыру әдісін пайдаланған кезде, қиықшаларды құрастыру үшін, оқушылардың сәйкестендіру, сұрыптау, түсіне қарай жинақтау, топтастыру әрекеттері барысында ой қозғалады, топпен жұмыс жасайды. Постер жасап, топтастыру стратегиясын қолданғанда оқушылар топтастыруға берілген сөз үшін ойланып ой жүгіртеді, мысал келтіреді, сол туралы пайымдайды, атап өтеді, анықтайды, енгізеді. Мысалы: Абай кім ? деген сұраққа топтастырулар жүргізілді. Онда оқушылар топтастыру жүргізу арқылы өз білетіндерін, жолдастарының білімдерін пайдалана отырып, пікірлесіп, топшылады. Абай қарасөздерін өткен кезде Жигсо әдісін пайдаландым. Әдістің мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті топта оқушыларға түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.




Әрине, бұл әдісті сабақта күнделікті жүргізіп отырған кезде ғана жақсы жетістікке жетуге болады. Менің сабағымда бірінші рет қолданып отырғандықтан, кейбір дайын білім алып үйреніп алған оқушылар үшін қолайлы болмаған сияқты. Ал өздігінен ізденіп, талпынып оқитын оқушылар үшін таптырмас әдіс.



«Топтастыру» стратегиясы Абай әндерін тыңдату Инцерт кестесін толтыру

Осы әдіс арқылы бір - біріне түсіндіру, топқа барып түсіндіру үшін барлық оқушының да қалыс қалмай жұмыс істегенін көрдім. Осылайша топ мүшелері бірін - бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.Әр сабақ, баланың сыни тұрғыдан ойлауына жағдай жасау, өзін жеке тұлға ретінде тануға жол ашу, бір - біріне құрметпен қарауға, өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға, өзін - өзі, бірін - бірі бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге, белсенді шығармашылықты ойлауға негізін қалау деп ойлаймын.

Үшарал қаласындағы « Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектеп»КММ



Шебер сынып

«Абайдың қара сөздері»

7- сынып. Қазақ әдебиеті

Орындаған М.К.Шошаева


Құқық және міндет

Әдісі: Оқушылар диалогы, өз ой-пікірлерін қорғау


арқылы өзара пікір алысуы.
Көрнекілігі:
1.«Жастарға мынадай тілек айтқым келеді: тұрмыстың даналығын ұғына келіп,мынаны есте сақтаңдар: Отан – біздің басты байлығымыз. Бұл байлықты бағалай және сақтай біліңдер. Сендерге Отанның не беретіндігі туралы емес, Отанға сендер не бере алатындықтарың жөнінде ойлаңдар. Саналы , жақсы өмір сүруге бастар жол міне, осында»
Слайдтар (құқық және міндет жайлы) 
Барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды топқа бөлу 
І топ – Құқық жайлы
ІІ топ – Міндет жайлы
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ҚР Конституциясында Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтың және әлеуметтік мемлекет екендігі атап көрсетілген. Аталған қағидалық ереже 1- бапта бекітілген. Құқықтық мемлекетте І орында адам және оның өмірі мен бостандығы. Кез келген адам өзінің құқықтарын білуге, ондағы міндеттерді орындауға борышты.

Құқық дегеніміз - мәжбүрлеу жазалау емес, бәріміздің өзара түсіністікпен тыныштықта өмір сүруімізді талап ету.


Құқық - әділеттілік, теңдік, ізгілік, еркіндік қағидаттарына негізделген тәртіп ережелері. Сонымен қатар мемлекет арқылы қамтамасыз етіледі, жалпыға бірдей нормалар жиынтығы болып белгіленген. )
қамтамасыз етуге міндетті.
Ал адам және азаматтардың міндетіне төмендегілер жатады:
1. Бала мен ата – ана арасындағы міндеттер.
2. Орта білім алу міндеті.
3. Әрбір адам басқа адамның құқығын бостандығын абыройы мен қадір қасиетін құрметтеу міндеті.
4. Әрбір азаматтың ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу міндеті.
5. ҚР қорғау міндеті.
6. Тарихи – мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеті.
7. Табиғатты сақтау, табиғат байлықтарына ұқыпты қарау міндеті
ІІІ. а) Құқық жайлы оқушылардың пікірлерін тыңдау. (кемінде 8 оқушы сөйлейді)
б) Міндет туралы оқушы пікірі (8 оқушы өз ойын айту)
в) Құқық пен міндет туралы сұрақ – жауап сәті.
1. « Заң Отан қорғауды міндеттейді, бірақ ол ерлік жасауды талап етпейді» - деген қағида бойынша көзқарасыңды тұжырымда.
2. Егер конституциялық құқықтардың сақталуын мемлекет бақыламаса, мемлекеттік орган тарапынанда бақылау болмаса, не болар еді?
3. Табиғат байлығы – мемлекет пен халық қазынасы дей отырып, кей жағдайда жеке адамдардың табиғатқа жанашырлықпен қарамауын дәлелдейтін фактілермен, мысалдар келтіру арқылы табиғатты қорғау міндеті жайлы пікіріңді айтып бер.
4. Адамның жеке бас бостандықтарын, құқықтарын білсе де кейде адамдардың өз арасында жеке азаматтардың құқықтарына қол сұғушылық т.б. әрекеттер өмірде болып жатады. Мысалы: жеке тұрғын үйді алаяқтықпен иелену т.б. бұған қандай ой пікір айтасын?
5. Міндетсіз құқық, құқықсыз міндет жоқ деген принципке қатысты мысал келтір.
6. Ата – анаға қамқорлық көрсету дегеніміз: .................................................?
с) Құқық және міндет жайлы атақты, көрнекті тұлғалардың айтқан сөздері, ойларын оқи отырып, оқушылардың ой – тұжырымдарын тыңдау.
ІV. Қорытындылау.
Егер әрқайсысымыз өз міндеттерімізді адал орындамайтын болсақ, өз құқығымызды да жүзеге асыра алмаймыз. Біздің елімізде құқықты азаматтардың міндеттерінен бөліп қарауға болмайды. Міндетсіз құқық –құқықсыз міндет жоқ. Бір адамның тек құқық пен бостандықты пайдаланып, екіншісі тек міндеттерді орындауы туралы ереже болуы мүмкін емес.
Отанымыздың гүлденуі азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерін қаншалықты адал және саналы орындайтындығына байланысты

Үшарал қаласындағы « Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектеп»КММ



Құқық және міндет

Орындаған М.К.Шошаева
Каталог: uploads -> doc -> 0590
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0590 -> АҒылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік қҰзіреттілікті дамыту ағылшын тілі пән мұғалімі Ә. С. Ерденбекова «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»
0590 -> Сабақ. «Жыл мұғалімі-2012»байқауы. Сыныбы : 9-А. Пәні : Қазақстан тарихы. Сабақтың тақырыбы : «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында». Сабақтың мақсаты
0590 -> Сабақтың оқу процесіндегі орны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет