Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі мен ерекшелігі
Жалпы мақсат:
Мұғалімдерге қысқа мерзімді жоспар құру үлгілерімен таныстыру және күнделікті сабақ жоспарын жоспарлауда қолдану барысы .
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық , АКТ бойынша ғаламтор
Оқу нәтижесі:
Мұғалімдерге қысқа мерзімді жоспар құру үлгілерімен таныстыру және күнделікті сабақ жоспарын жоспарлауда қолдану.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Қысқа мерзімді жоспарлар үлгілері,әдіс – тәсілдер турлері, мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
бағалау
ресурстар
Қызығушылығын ояту
Әртүрлі оқыту жүйелерінде қолданылатын сабақ кезеңдері
Формативті бағалау
Дәстүрлі сабақ жоспары, қысқа мерзімді сабақ жоспар түрлері
Мағынаны тану
Жаңа мәліметтермен танысу, оны жан – жақты қарастыру , зерттеу, игеру.
І топ. Қысқа мерзімді сабақ жоспарының ерекшелігі .
ІІ топ. Қысқа мерзімді сабақ жоспарының тиімділігі.
Топпен критерилер бойынша бағалау
қысқа мерзімді сабақ жоспар үлгілері Блум таксономиясы
Жеті модуль туралы мәліметтере .
Сергіту сәті
Бейне көрініс бойынша би ырғағымен қимыл қозғалыс жасау.
Бейнеролик
Рефлексия
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын екі жақты ой бөлісу. арқылы жеткізу
“Өмір бойы білім алу- әр қазақстандықтардың өмірлік кредосына айналуы қажет!”
Үшінші (базалық) деңгейді бітірген
Шошаева Майра Қажыкерейқызының «Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі мен ерекшелігі» тақырыбында өткен коучингтің рефлексивті есебі:
Мен бұл сабақты өтпес бұрын коуч сабақтарын қалай өткізу керектігін, оның ішінде мынадай сұрақтар бойынша дайындалып:
Жеті модульге түсініктеме алдым.
Қандай тақырып таңдау керек?
Ондағы мақсатым мен міндетіме жету үшін қандай тәсілдер пайдалануыма болады?
Қатысушылардың деңгейін қалай анықтауыма болады?
«Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі мен ерекшелігі» деген тақырыпта коучинг сабақ өткіздім.. Мұндағы мақсатым мұғалімдердің өз сабақтарында қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрып, уақытты тиімді пайдалану жолдарын көрсету. Сабақ барысында мынадай мүмкіндіктерін жасауға тырыстым:
бір-бірінің пікірін тыңдау;
бірін -бірі сыйлау;
берілген тапсырманы нақты орындау;
бірігіп, белсенді жұмыс жасау;
бәсекелестікке қабілеті болу;
Сабағымның мақсатына жету үшін және қызығушылықты арттыру үшін мынадай әдістерді қолдандым:
1. « Топтастыру әдісі» Дәстүрлі сабақ жоспары мен қысқа мерзімді жоспар құру
2. Топтық жұмыс
3. Миға шабуыл
4. Талқылау, талдау
5. Кері байланыс
Мұғалімдерді «Джигсо» әдісімен топқа бөліп, сергіту жұмысын жасадым. «Миға шабуыл» әдісін пайдаландым . Осыдан кейін топтық тапсырмалар таратылып І топқа – «Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі », ІІ топқа – «Қысқа мерзімді жоспардың ерекшелігі » деген тақырыптар ұсынылып, оны постерге бейнелеу арқылы әр топ өз тақырыбын қорғап шықты.
Кері байланыс ретінде топ арасында жарыссөз бен пікір алмасу жүргізілді. Сабақты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен мұғалімдердің өз ой-пікірлерін жаздырып, тыңдаумен аяқтадым.
Мен бұл сабақта тек тапсырманы беріп жұмыс жасасам, ал мұғалімдер тапсырманы өздері шешіп, қандай да бір қорытындыға өздері жетіп отырды. Топтық тапсырмаларда мұғалімдерде ортақ проблема болды, өз идеяларымен бөлісті, пікір алмасты. Ойларын талқылап, дәлелдеді. Әр топ бір-біріне сұрақ қоя білді. Топтасып бірлесіп жұмыс жасаудың арқасында, сол күнгі сабақтың мазмұнын терең түсініп, игеріп алды. Көптеген мағлұматтар, жаңа ұғымдар жинақтады. Соңында ортақ шешімге келіп, келесі сабақта не үйренгіміз келетінін атап, тілектерін білдірді.
Үшарал қаласындағы «Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектеп» КММ