Сабақтағы кері байланыс. Оқытудың мақсаты



бет11/13
Дата27.02.2020
өлшемі3,73 Mb.
#58147
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Отбасы. Ана


Жарияланды 13-03-2013, 16:37 Категориясы: Бастауыш сынып 

Пән: Дүниетану 2 - сынып


Сабақ тақырыбы: Отбасы. Ана
Сабақ мақсаты:
1. Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.
2. Ұл мен қыздар әке - шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Ата - анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың әдістері: көрнекілік, түсіндіру, сөздік, шығармашылық жұмыс, әңгімелесу, баяндау, өз бетінше жұмыс, нұсқау беру. топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық жүргізу
Қайырлы күн» деп айтамыз,
Сабақтан бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз.
Көңілді өтер күніміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
I - топ Жануарлар мен өсімдіктердің
«Қызыл кітабы» және құлан туралы баянда.
II - топ Арқар және қоқиқаз туралы баянда.
III - топ Дуадақ, Тянь-Шань шыршасы, жабайы қызғалдақ туралы баянда.

III. Жаңа сабақ


Сөз жұмбақ арқылы тақырыпты шығарып алу

Жұмақтар шешу


1. Маған да, саған да
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәріде өз жұртың,
Айтады кәне кім атын?(Ата, апа, ана, іні, аға)
1. Атаңның баласы 2. Аймалайды күнім деп
Кей кезде таласып Мейірімді жүзі күлімдеп
Қаласың әжеге Тәтті - ақ дейді немере
Білгенің асады кәдеге Ол кім?(Әке) Бал шырындай үнің деп Ол кім (Әже)
Кіріспе сөз
Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы» және «Ана» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған - туыстармен қарым - қатынаста болады. Ата - ананың ақылымен қарым - қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым - қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып - сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы - адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған - туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.
Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.

Отбасы мүшелері



Бір үйде тұрады.
Отбасы мүшелері бір - бірін жақсы көреді
Үй шаруасымен айналысады
Отбасы қаражатын қажет нәрселер сатып алуға жұмсайды
Қиындық пен қуанышты бірге бөліседі
Бос уақытты бірге өткізеді

Ү. Оқулықпен жұмыс


Мәтінді тізбектей оқу.
Түсінігін сұрау.
Дәптермен жұмыс.
Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат - міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым - қатынастары біріктірілген адамдар тобы.
Малдың жалғасын тап
1. Атаға қарап - ұл өсер
Анаға қарап - қыз өсер
2. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада
3. Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
4. Ұядан не көрсе,
Ұшқанда соны ілерсің
Бағалау «Тест»
1. Отбасының тірегі кімдер?
А) әже, ана
Ә) ата, әже
Б) әке, бала
2. Нағашы жұрт дегенді қалай түсінесің?
А) әкемнің туысы
Ә) анамның туысы
Б) атамның туысы
3. Мына сөйлем қай жыл мезгілін суреттеп тұр?
Бояу қылқаламсыз келіп, барлық жапырақтарды бояп шықты.
А) қыс
Ә) көктем
Б) күз
4. Ағаштың топырақ астындағы бөлігі -...
А) жапырақ
Ә) тамыр
Б) дің
5. Жыртқыш аңдар -...
А) түйе, құлан
Ә) жолбарыс, бүркіт
Б) аю, қоян
6. Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды көрсет.
А) құлан, қарақұйрық, дуадақ, қоқиқаз Ә) аю, қасқыр, түлкі
Б) дуадақ, түлкі, тышқан
Қорытынды
Сиқырлы шаршы ішінен мақалды анықтау

«Туыстан артық жақын жоқ»


Бекіту
Мен ата - анаммен біргемін.
- Өз отбасы мүшелерінің міндеттері туарлы әңгіме құрастырады
Бағалау
Үйге тапсырма:
1. Мәтінді оқып, түсінік айтуға дайындалып келу;
2. “Менің Отбасым” тақырыбында сурет салу

Сабақ тақырыбы: «Отбасы берекесі»


Сабақ мақсаты:
1 Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.
2. Ұл мен қыздар әке - шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Ата - анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.

Сабақ барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық жүргізу
Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Интерактивтік тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.( Шырақ)
Сен бақытты ұлансың!
Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансың!
Әжең – асыл ардағың,
атаң – дана қорғаның.
Бәрі саған қуансың.
Сен бақытты ұлансың,

Үй тапсырмасы. Қонақжай (2 - 3 бала)


Әңгімелесу (бейнеролик)
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
3. Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
• Отбасы сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді. Жақсылыққа жетелейді.
Еңбектенуге, білім алуға көмектеседі. Үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.
Мәтінмен жұмыс (Интерактивтік тақтадан оқиды)
Кіріспе сөз
Балалар, байқадыңдар ма, әңгіме не туралы? (отбасы, туыс туралы). Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы - берекесі» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады.. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасы туған - туыстармен қар
ым - қатынаста болады. Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
* Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір – бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.
Құндылық құнын ұғыңдар
Отбасымда ең сыйлы _______________________
Ең қымбатты _______________________________
Ең ақылды _________________________________
Ең сүйкімді _________________________________
Ең құрметті ________________________________
Ең құнды __________________________________
Ең бағалы _________________________________
Ең қажетті _________________________________

Ойын. Таңғажайып алаң


1. Отбасының қорғаны кім? Әке
2. Бір шаңырақ астында отбасынан сөзін қалай түсінесің?
3. Ұрлық түбі қорлық
4. Тәрбие отбасынан басталады.
5. Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.
6. Сыйласаң, сыйлы боласың.
7. Өнер алды – бірлік,
Ырыс алды – тірлік.
8. Оқушының міндеттерін ата. Білім алу, кішіге көмек, мектеп формасын сақтау, мектеп мүлкін дұрыс қолдану.
9. Оқушының құқықтарын ата. Білім алуға, демалуға, денсаулықты сақтауға, қоғамдық жұмыстарға араласу.
Сергіту сәті
Ұшырдың баптап ұядан
Кетпейсің ойдан, қиялдан
Арманға биік қол созсам
Тұрасың демеп жиі алдан
Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе, әке, балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Дәптермен жұмыс.
Ой қозғау
Қазыбек би:
«Тату болса – ағайын жақын,
Ақылды болса – апайың жақын,
Бауырмал болса - - інің жақын,
Инабатты болса - келінің жақын.
Алтын ұяң – әйелің қымбат,
Құт – береке – атаң қымбат,
Айналайын - анаң қымбат,
Мейірімді - ағаң қымбат»,- депті.
Ата мұраң – асыл қазынаң:

Тапсырма мен сұрақ - жауап түрлері төмендегідей:


1. «Байғазы» салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.
«Байғазы» – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы, қамшы, шана, ер тоқым т. б) берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.

2. «Көрімдік» салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.


«Көрімдік» – жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.

3. «Бастаңғы» салтының мағынасын түсіндіріңіз.


«Бастаңғы» – үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын - сауық жасап, бас қосуында.

4. «Иткөйлек» салтының мағынасын түсіндіріңіз.


«Иткөйлек» – ырымшыл халқымыз баланы (туғанына қырық күн) «қырқынан» шығарылғаннан кейін оның көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы ит көйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп, бойларында сақтаған.

5. «Жасау» салтының мағынасын түсіндіріңіз.


«Жасау» – ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.

6. «Енші» салтының мағынасын түсіндіріңіз.


«Енші» – балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата - анасы оған отау тігіп, дүние - мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп атайды.
Отбасы: тату, бауырмал, инабатты, мейірімді.

Y. Мақал - мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып қойылады, жауабын балаңыз екеуіңіз бірлесе отырып табыңыздар.


1. Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның несі? ( тынысы)
2. Тозар елдің жанжалы бітпес,
Озар елдің несі бітпес? (арманы)
3. Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы несінен танылар?(жерінен)
4. Ел қалаған ұл - қыздар –
Ел көгіндегі нелер? ( жұлдыздар)
5. Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз елдің несі бітпес?(өкініші)
6. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр не артпа?(жүк)
7. Адам болатын бала қандай?(ағайыншыл)
Бай болатын бала айырбасшыл.
8. Қатты не көрсе бала күнінде (тәртіп)
Өнерімен қуантады түбінде.
9. Қарағайға қарап тал өсер,
Несіне қарап бала өсер?(қатарына)

Қорытынды:


Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат - міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым - қатынастары біріктірілген адамдар тобы.
ҚР - ның Ата заңы 27 – бап: Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, Ту және Елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады.
Бағалау.

Сабақ тақырыбы: Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері


Сабақ мақсаты:
1. Отбасы - әр адамның шағын отаны. Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін ұғындыру. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар деген ұғымдарға тоқталу. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білуге уйрету.
2. Ұл мен қыздар әке - шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Ата - анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: ИАТ, слайд. жазбаша тест жұмыстары, ауызша сұрақтар


Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: «Отбасы» жайлы мазмұнды суреттер,

«Тату - тәтті отбасы атты бейнетаспа,


отбасы жайлы жазылған ән, ИАТ, слайд, мақал - мәтелдер

Сабақ барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық жүргізу
Үлкенге де сіз, Ата - ананы құрметтеп,
Кішіге де сіз Бас иеміз біз.
ІІ. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын сұрау, әңгімелеу.
1. Жер орбитасы деген не?
2. Тәулік дегеніміз не? Бір тәулікте неше сағат бар?
3. Күн бетіндегі және қайнауындағы температура қандай?
4. Жер бетіндегі тіршілік үшін Күннің қандай маңызы бар?
5. Осы жылы ақпан айы неше күннен тұрады?
3) Ой қозғау –
Онда біз қазір Жер туралы әңгіме жүргіземіз. Жер туралы не білесіңдер, соны ортаға салайық

Отбасы жарастығы (слайдымен)


Мақсаты: Балалардың отбасы, жақын туыс адамдарын сүю, отбасылық қарым - қатынас құндылықтары туралы түсінігін кеңейту
Міндеттері:
Білімділігі: Отбасының адам үшін маңызы, туған, өскен үйдің жылылығы туралы түсінік беру;
Дамытушылығы: Отбасындағы жарастық, сыйластық, сүйіспеншілік сезімдері мен қарым - қатынасының дамуына ықпал ету;
Тәрбиелік мәні: Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке, өз ара татулыққа тәрбиелеу.

Барысы:
Шаттық шеңбері


Дөңгелене тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
(киіз үйдің суреті)
- Енді алақандарымызды бір - біріне жақындатайық. Не сезіндіңдер?
- Осы жылылық тек алақанымыздан ғана емес, жақсы сөзден де, жылы лебізден де сезіледі.
(бір - біріне жылы лебіздер, тілектер айту.)

Әңгімелесу


Осындай жылы сөздерді бір үйде, ортақ мекенде тұратын адамдар әр күні айтатын болса, шаңырақ қуанышқа, жылылыққа бөленеді. Шаңырақ дегеніміз адамдардың бірге тұратын мекені, яғни ол үй, отбасы, мемлекет. Осындай шаңырақта бір - біріне жақын, туыс адамдар тұрады. Шаңырақ әр адамға жылы ұядай қадірлі бір отбасында тұратын адамдар бір - біріне сыйлайды, бір - біріне жәрдемші, көмекші.
Отбасын кімдер құрайды?

Сұрақтар:


“Отбасы жарастығы”, “Отбасы бақыты”, “Отбасы қуанышы” деген ойларды қалай түсінесің?
Адамдар отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?
Өзіңіз шеше алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата – анаңызбен еркін сыр бөлісе, ақылдаса аласыз ба?
Ата - анаңызды қуанышқа бөлеген кездеріңізді айтып беріңіз.

Мәтінмен жұмыс


Мен оны пір тұтамын. Ж. Солтиева.
Үзілістермен оқыту
Талқылау
Мұраттың отбасына түскен қиындықтарды жеңуіне не себеп болды?
Жақын отбасы, адал жар болу үшін адамға не қажетті деп ойлайсыз?
Кейіпкерге хат
Болжам жасау

Қорытынды


Жақсылыққа – жақсылық
Жаңа ақпарат
Отбасының берік болуы сыйластық, сүйіспеншілік, кешірімді болу, сенімділік, төзімділік, адамгершілік қасиеттерге байланысты. Отбасының берік болуы дүниеге нәрестенің келуі. Әрбір ата - ана өзінің болашағы, отбасының жалғасы өмірге ұрпақтың келуін асыға күтеді.
М. Мақатаев
- Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң – қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсың
Естисің бе есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!

Коучинг жоспар тақырыптары:
1. Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?
2. Диалогтік оқыту-мотивация тудыру негізі
3. Оқытуды жақсартудың ықпалды қаруы - кері байланыс

Мақсаты: Сындарлы оқытудың маңызын ашу, мұғалімдерге 7модуль жайлы түсінік беру, ХХ1 ғасырда нені оқыту керектігі жайлы ой бөлісу.


Күтілетін нәтиже / табыс көрсеткіштері: Мұғалімдер мектепке неге өзгеріс енгізу қажеттігін, оқу үдерісін жақсарту үшін не істеу керектігін түсінетін болады.
Жұмыс түрі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс
Қолданылатын тәсілдер: Ойлан, топтас, сұрақ - жауап
Көрнекті құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, флипчарттар, маркерлер, А4форматындағы парақтар, түрлі түсті стикерлер.
Коуч жазбалары: Мен айтып берсем шәкірт түсінеді! деген ұстанымды бүгінгі күн қолданбаған жөн. Бүгінгі педагогикада; Сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрету қажет! - деген ұстаным басым.

Коучтің әрекеті


Қатысушыларға сергіту сәтін өткізу. Коуч ұйымдастырушысы
Мақал - мәтелдер таратылады
Қатысушылардың пікірлері сұралады. Коуччинг бақылаушысы, қадағалаушысы болады. Бүгінгі коучинг тақырыбы айтылады.
Қатысушылар топпен ақылдасып, постер көркемдейді.
Коуч ұйымдастырушы бағалайды. Терең тыңдалым жасағандарына алғыс білдіреді.
Стикер таратылады, ауызша сұхбат жүргізіледі.
Бүгінгі өткен тақырыпқа басымдық беріп сабақ жоспарлау.

«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары» тақырыбы бойынша
коучинг жоспары

Өткізілген уақыты 30.10.2014ж


Сабақ тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары
Жалпы мақсат: Сыни тұрғысынан ойлау әдістемесі арқылы сыни ойлауға түрткі болу, маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді дамыту
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-49
Оқу нәтижесі Тапсырмаларды орындау барысында сын тұрғысынан ойлау әдістемесін игеруі, логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білуі
Түйінді идеялар: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 2 парақтары,стикер,А4 парақтары, маркер, қалам.
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Коучинг
АКТ
1. Аудио жазбаны тыңдап,өзінше жалғастыру
2. Суреттерді топтастыру
4. Алты қалпақ
Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар.
Тапсырмалар: Аудио жазбаны тыңдап,өзінше жалғастыру,топтастыру

Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41-49 бет

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

Уақыты Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті


Психологиялық ахуал туғызу
3 минут
Игі даналық сөздер жазылған таныстырылым көрсету Бала тәрбиесі жөніндегі игі сөздер арқылы ой қозғау

2 минут
Ұлт аттарымен топтарға бөлу.


Дәстүрлері, ұлттық құндылықтары бойынша кеспе қағаздар беру. Үстел үстіндегі әр түрлі сипаттамасы жазылған парақшаларды таңдайды, сол арқылы топқа бөлінеді

«Ақ орамал» шағын әңгімесінің аудио жазбасын тыңдатып, белгілі жерінде үзіп, жалғастырту


1. Жазғандарын оқыту
2. Әңгіменің қалған жерін тыңдату
3. Салыстыру Топтың әрбір мүшесі өз жазғандарын оқиды және жалғасымен салыстырады

Суреттерді тақырып бойынша бөл


1. Көліктерді жеке қоғамдық
2. 100жыл,50-25жыл,25жыл бұрынғы
3.Жұмысымен таныстыру.
Критериалды бағалау
Белгіленген уақыт ішінде А-2 парағына топтастыру
Әр топ «қонаққа бару » тәсілімен қорғайды
15 минут

4минут «Көбелек» көрсетілімін талдау арқылы пікірталас

Жұмыстарын «екі жұлдыз бір тілек» арқылы өзара бағалайды. Әр топ өз ойларын флипчартқа дайындайды
және қорғайды.
Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына бйланысты сұрақтар қояды.

Қорытындылау


4 минут
«Сыни тұрғыдан ойлау» дегеніміз не?
Флипчартқа 1 сурет және 5 сөз жазып беру және қорғау. Берілген тақырып бойынша флипчартқа 1 сурет, 5 сөз жазып, идеяларын қорғайды.
Ақпарлама.
2 минут Сыни тұрғыдан ойлау туралы Power point қысқаша мәлімет беру Сыни тұрғыдан ойлауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады.
Рефлексия
2 минут
Бастапқыда өз көңіл күйлерін бейнелеген стикер артына сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу не бейнелеу тапсырылады. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді не жазады

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУДА ОЙЫННЫҢ РӨЛІ»



СМАРТ мақсаты: Мұғалімдерге ойын арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта оқыту және оның әдістері, факторлары мен формалары туралы түсінік беру және оның маңызын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, маркерлер мен плакаттар, тақырып бойынша ресурстар.
Дереккөздер: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Ғаламтор материалдары (видеороликтер)
Негізгі түйінді идеялар: Ойын–балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік
Коучинг сессияда қарастырылатын негізгі мәселелер « Сын тұрғысынан ойлауды дамытудағы» ойынның мұғалім мен оқушы үшін маңызы
Оқыту нәтижелері Коучинг соңында мұғалімдер: 1. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде ойынды сын тұрғысынан ойлауды дамытуда қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады.
2. Білім алу тәжірибесіне пәнді оқытуда ойын арқылы үйретудің әдістері енгізіледі.
3. Ойын әдістерінің сын тұрғысынан ойлауды дамытуда көмегін түсіндіруге дайын болады.
Коучинг сессия барысы Коучтің әрекеті Коучингке қатысушылардың әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: Коучтар өздерін таныстырады
Жағымды психологиялық ахуал туғызу: Қатысушыларды ортаға шақырып, пәндері бойынша парақшаға жазылған тірек сөздерді таңдау арқылы топқа бөледі. Топтарға бөлінеді.
Топ мүшелерінің міндеттерін бөлу және топ ережесін құру. Барлық қатысушыға жұмыс парағы таратып, топ мүшелерінің міндеттерін түсіндіреді және топ ережесі туралы нұсқау береді Топ мүшелері өзінің міндеттерін бөліп алады,топ ережесін жасайды
Ой қозғау:
Қатысушыларға «Ия және жоқ» ойынын ойнатады. Бұл ойынның оларға не үшін қажет екенін анықтау мақсатында мұғалімдерге сұрақтар қояды.
-Ойыннан нені байқауға болады?
-Ойынның әр пән бойынша қандай тиімді жағы болды? Мұғалімдер өз ойларын ортаға салады. себептерін ашады.
Топтық жұмыс.
«Рөлдік ойын» Топтарға осы ойынды қолданған сабақтың бір кезеңін сахналау сұралады Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.
(топтар бір-бірін ұсыныс, тілекпен бағалайды)
Жоба қорғау:
«Бір бейнеге екі көзқарас» Қатысушыларға постерге сабақтағы «ойынды» сурет арқылы бейнелеу, бір жартысын салуға, екінші жартысын келесі топқа аяқтауға беріледі. Аяқтаған топ салынған сурет бойынша әңгіме құрастырады. Қатысушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылықтарын ортаға салады. Ойынның оқытуда маңызды құрал екендігіне дәлелдер келтіреді.
Сергіту:
«Сөзсіз ән айту» Өлеңді іс-қимылмен айтады. Ортаға шығып, сергіту сәтін өткізеді
Таныстырылым:
«Жалғасын тап»
«Сын тұрғысынан ойлауды дамытудағы» факторлары туралы ақпарат бөлшектеніп беріледі. Ойынның сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын, ересектермен интерактивті қарым-қатынас жасау және достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және сын тұрғысынан ойлауының дамуына әсер ететіндігі жайлы деректер келтіреді. Қатысушылар сөйлемдерді құрап, берілген тақырып бойынша теориялық ақпарат алады және пікірлерін білдіреді
Кері байланыс:
Мұғалімдермен кері байланыс жүргізу мақсатында стикерлер таратып береді. Коучинг сессиясынан алған әсерлерін стикерге жазып, кері байланыс парақшаларына жапсырады.

Топпен жұмыс Өз-өзін бағалау және сыныптастарын бағалау мақсатында топ болып кез-келген мәтіннің желісі бойынша сурет салып, бір –бірін бағалау үшін жұмыс жасайды. Өздерінің таңдаған суреттері туралы ментальді карта жасап, қабырғаға іледі. (Ментальді карта-мәтіндегі мазмұнды түсінуге мүмкіндік беретін сурет немесе топтастыру).


Флипчарттар қабырға ілінеді. Галереяға саяхат.
Әр топ басқа топтың жасаған картасында не бейнеленгенін айтып береді.
Енді осы жұмыстар бойынша критерий құрауды өтінеміз. Тапсырманы орындап болған соң коуч мынадай сұрақтар қояды.
Кері байланыс сұрақтары:
 Айтыңыздаршы,критерий құру сіздерге оңай болды ма?
 Критерий құру барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
 Осы критерийлер оқушыларды қалаған бағаларын алуға ынталандыра ала ма?
 Қалайша?
 Қалай ойлайсыздар, бағалар бағалаудың қай түріне жатады, ал критерий ше?

Кері байланыс сұрақтарына жазбаша түрде жауап алынады.
Рефлекция:
1.Не жақсы өтті?
2.Не жақсы өтпеді?
3.Өзіңнің қандай күшті жақтарыңа арқа сүйедің?
4.Нені өзгерткің келеді?
5.Саған не ерекше қиын болды?
6.Саған ең пайдалысы не болды?
Мұғалімдер өз ойларын стикерге жазып береді.
14:50-15:00 «Екі жұлдыз, бір тілек»
1. Ұнады, себебі.....
2. Пайдаланамын,......тақырыпқа (сабаққа)
3. Басқаша жасаса........болар еді Мұғалімдер өз ойларын стикерге жазып береді
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет