Сабақтағы кері байланыс. Оқытудың мақсаты



бет1/13
Дата27.02.2020
өлшемі3,73 Mb.
#58147
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Коучинг тақырыбы: Сабақтағы кері байланыс.
Оқытудың мақсаты: Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушылардың көңіл – күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл – күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. а) Сәлемдесу, қатысушыларды ортаға шақыру.
Тренинг өткізу. «Суретші» Қатысушылардың екі адамнан жұптасуын сұрау.
Қатысушылар екі адамнан бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Олар құшақтасақан күйі бірінің арқасына бірі ақ парақты қойып сурет салады. (Не салып жатқанын өздері көре алмайды) Енді осы суретті бір - біріне сыйға тартады.
ә) Ұқсас суреттер бойынша топқа бөлу. Мұғалімдер топқа бөлінеді. Өзара міндеттерді бөлінісу. топтың ішінді бағалау
ІІ. Негізгі бөлім
1) Бастапқы кері байланыс. Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау. Смайликтер көрсету.

2) Қызығушылығын ояту. Мұғалімдерге «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беру. Светофор
«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.
3) Бірлескен талдау. «Миға шабуыл»
- Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?
- Кері байланыстың (рефлексияның мақсаты) мақсаты не?
- Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?
- Қандай әдіс - тәсілдері бар? Қатысушылар кері байланыстың қажеттілігі жайлы бір - бірімен ойларымен бөліседі.

4) Сабақтағы кері байланыс. Слайдтар
Слайд арқылы мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, формасы жайлы мәліметтер беру.
• Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс – тәсілдер:

Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі - түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. с


Мысалы: «Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Немесе «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішіне
н, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.
• Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс.
(Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

*Мен.............. БІЛЕМІН*,

Мен ТҮСІНЕМІН*,

Мен ЖАСАЙ АЛАМЫН










1 - ші баспалдағы

2 - ші баспалдағы *

3 - ші баспалдағы * * )
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ
қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият ______________ зейінсіз
тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға
жиі ______________ сирек
қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына

« +» белгісін қою тапсырылады.


• Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)
- Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру; афоризм таңдау
- “Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін” деген сияқты ой - пікірлеріңді білдіру.
- “Синквейн” әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс - әрекетін
анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы: “Аяқталмаған сөйлемдер”
* Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды.
*..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.
* Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім
*Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім.
*................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым
* Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді

«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

5) Мұғалімдерге екі сабақтың панорамасын көрсету.
- Осы сабақтарға кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіздер. Топтар ақылдасып осы сабаққа кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды.
6) Оқушылардан алынатын топтық кері байланыс сұрақтарын талқылау.
- Оқушылардан топтық кері байланыс алуға да болады екен. Осы сұрақтарды оқып талқылап көрейік. (орысшадан аударылды.)
- Топтық кері байланыс қай кезде тиімді екенін айтыңыздар?
Топтық кері байланыс сұрақтары:
1. Жұмыс барысында топтағы қарым - қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
- жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті
- жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды
- біздің қарым - қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым - қатынасымыз тапсырма орындаған сайын нашарлап кетті.
2. Топтағы қарым - қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?
- ақпарат алмасуда
- өзара қарым-қатынаста
- өзара түсіністікте
- осы дәрежелердің бәрінде іске асты.

3. Топ мүшелері тапсырма орындау барысында қандай деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарды сезінді?


- ақпараттың аздығы, жетіспеушілігі
- коммуникативтік құралдың тапшылығы (сөз байлығының төмен болуы, ойды дұрыс жеткізе алмау)
- тілдік, сөйлесу қарым - қатынасындағы қиыншылық
4. Жұмыс барысында қарым - қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
- бір адамға бағытталған стиль
- тапсырманы орындауға бағытталған стиль
5. Тапсырма орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?
- топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым - қатынас сақталды
- топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды.
6. топтағы сол жағдайдың болуына кім немесе не әсер етті?
- топтағы бір адамның өзін көшбасшылыққа итермелеуі
- топ мүшелерінің көбісінің ортақ қарым - қатынас орнатқысы келмеуі, немқұрайлылығы
- бірігіп істеуге берілген тапсырманы түсінбеу.
- берілген тапсырманың қызықсыз, қиын болуы
ІІІ. Қорытынды кезең.
• Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді.

Қорытынды:
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамытуҚысқа мерзімді сабақ жоспары





Күні: 31.01.2014ж.

Сыныбы: 3 «Ә» сынып



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет