Сабақтағы кері байланыс. Оқытудың мақсаты


Өрнектер а+9 а - 9 а - 0 а+0 Жарияланды 20-05-2015, 09:05 Категориясы: Кембридж тәсілі



бет7/13
Дата27.02.2020
өлшемі3,73 Mb.
#58147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Өрнектер а+9 а - 9 а - 0 а+0

Жарияланды 20-05-2015, 09:05 Категориясы: Кембридж тәсілі 


СҚО, Шал ақын ауданы,
Жаңажол орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Габдуллина Гаухар Кажгалиевна

Математика


Сабақтың тақырыбы: Өрнектер а+9 а - 9 а - 0 а+0
Сілтеме: Оқулық, жоспар, орта мерзім слайдтар
Жалпы мақсат: Санды қосу және азайту амалдарымен есептер шығарту арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру. Білімдерін тереңдету, жүйелеу, математикалық тілде сөйлеу шеберліктерін арттыру. Пәнге деген қызығушылығын туғызу. Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу
Негізгі идеялар: алған білімін жүйелеу, тақырып бойынша ой қорытындылау жасау. Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу.

Күтілетін нәтиже: Оқуға бағыт - бағдар беру. Топта жұмыс жасату арқылы тақырыпты меңгеріп, есептеу дағдыларын игеруге жол ашу. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін орнату.


Оқыту әдістері: Оқытудың жаңа әдістер: сұрақ - жауап, диалог; АКТ, топтастыру Венн диограмасы
мағынасын ашу бағалау смайликтер Домино әдісі қытай десерті
Дерек көздер Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар
Сабақ түрі: Топтық, жеке, жұптық
Тапсырмалар: Кесте толтыру

Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 минут)
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым
Арайлап атқан күнге
Топқа бөлу І топ сандар; ІІ топ әріпті өрнектер

ІІ. Актуализациялық білім (өткенді қайталау)


Мағынасын ашу
Кубизм әдісі арқылы өткенді пысықтау
1. біздің өтіп жатқан тақырыбымыз қалай аталады?
2. Өрнектер нешеге бөлінеді?
3. Өрнектің түрлерін ата
4. Әріпті өрнектің мәнің табу үшін не істейміз?
5. 6 мен а - сандарының айырмасын жаз
6. а мен 3 сандарының қосындысын жаз

Оқулықпен жұмыс


(топтық жұмыс)
Кесте толтырту арқылы бүгінгі сабақты ашу
А+9 а - 9 толтырту (жеке жұмыс)
Не түсіндік? Не білдік?
Бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады?
Оқулықта берілген тапсырманы орындайды
2 тапсырма орындайды
Есептің сұрағын қойып есепті шығарады.
3 тапсырма кестелерді толтырту
Қорытынды жасау
Топ бір – бірін бағалайды

Сергіту сәті


Видео ролик

Шығармашылық тапсырма


4 тапсырма (топтық жұмыс) өрнектің мәнін табу
Домино әдісі арқылы өрнектің мәнін табу
5+4 9 - 7 2+1 2+5 3+4 4+3 7 - 5 10 - 6 5+5 7 - 2
1 - топ 6мен а сандарының айырмасын жаз а - 6 а+6
2 - топ 5саны мен а - ның айырмасын жаз а - 5 а - 0

Қорытынды


«Ой толғаныс» Венн диаграммасын топтастыру
Бағалау (3 минут) Жұптық, Топтық бағалау
Рефлексия (3минут) «Бес саусақ» әдісі
Үй тапсырмасы (2 минут)

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер


Жарияланды 1-06-2015, 20:52 Категориясы: Кембридж тәсілі 

Биология пәні мұғалімі Айгуль Балгалиева

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Негізгі бөлім


1. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер.
1. 1. Өзгеріске бастаған – әдіс - тәсілдер
1. 2. Іс - тәжірибе
Қорытынды

Кіріспе
Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ - бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

«Мектеп - кеме, білім - теңіз», «Білім – гауһар, бағасы жоқ, надандық - кемел, дауасы жоқ» дегендей, білім беру мен білім алудағы дәстүрлі тәсілдер мен жаңа тәсілдер бірімен - бірі ұштасып кемелденгенде ғана жақсы, нәтижелі табыстарға жетері анық. Білім мен ғылым күн сайын емес, минут, секунд сайын ғарыштап өркендеген 21 - ғасыр жаһандану ғасырында білім берудің барлық салаларында: интернет, компьютерлік жүйе, қашықтықтан оқыту, мектептерде даму үстінде. Инновациялық оқыту технологиялары қолданысқа пайдаланылған қазіргі уақытта білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл, идеяларды мұғалімдер толық әрі жан - жақты игеру, ізденісте болу, білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін білу мұғалімнің күнделікті жұмысында басты міндетке айналуда. Мәселен, білім беру жүйесіне инновациялық білім беру стандарты, қазіргі заманның тақаурына сай жаңа бағдарламалар қолданылған сайын мұғалімнің рөлі, жауапкершілігі артып, мұғалім өзі - өзі жан - жақты кемелденген тұлға ретінде көрсете білу қажеттігін сезінеді.

Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан - жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқуға негізделген тәсіл кең таралған. (Hattie, 2009).
Бұл бағдарлама – мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс - тәсілдерін өзгертуге жаңа бастама болып отыр. Бағдарлама сындарлы оқытуға негізделген. Бұл теория оқушының тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып табылады. Оқушы сабақ барысында жан - жақты дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір - бірін үйретеді.

Негізгі бөлім


Өзгеріске бастаған оқу мен оқытудағы әдіс - тәсілдер
Оқытудағы жаңа тәсілдерді енгізе отырып мен дәстүрлі оқытудағы жалпы қабылданған үлгілерді, мысалы білім берудің нәтижесі – бағалау, мұғалім оқушыдан көбірек біледі, балаларды әлсіз және күшті деп бөлу, сабақта белсенді тұлға – мұғалім сияқты пікірлерді өзгерту керек екендігін түсіндім. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой - тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің барлық іс - әрекеттеріне әсер етеді деп көрсетілгендей ең бастысы мұғалімнің ұстанымы, мұғалімнің ұстанымды өзгерту – мұғалімнің оқытудағы әрекеттерін өзгертуге әкеледі. Джордж Бернард Шоу былай деген екен «Өзгеріссіз ілгерілеу мүмкін емес, ал өз көзқарасын өзгерте алмайтындар, ештеңені де өзгерте алмайды».

Өз іс - тәжірибемде оқу мен оқытуда сан - қырлы әдіс - тәсілдерді қолдануға болғандығын білдім. Оқытудағы жаңа әдіс тәсілддер мынадай бағыттарды қамтыды: жоспарлауда, сабақ мақсатын белгілеуде, ұйымдастыруда, бағалауда, кері байланыста көрініс тауып жатты.

Дәстүрлі оқытудың идеясы – дайын білім беруге негізделген. Бұл туралы нұсқаулықта балай деп «Дәстүрлі стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен сіңісіп кете алмайды. Сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудара бермейтінін» тілге тиек етеді. (МАН, 6 бет) Ал Джон Хетти (2009) «Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған» деп атап көрсеткен, сындарлы оқыту теориясының идеясы оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Сабақ мақсатын белгілеудің өзі мен үшін жаңалық болды. Дәстүрлі оқытуда оқытудың үш мақсатын білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын қою қай мұғалімге болмасын қиынға түскені анық. Дәстүрлі мақсаттардың сипаты мынадай жалпылама, нақты емес, шындыққа сәйкес емес, өте кең ауқымды болатын. Қойылған мақсатқа жету - жетпеу дәрежесі белгісіз болып қалады. Бірінші бетпе бетте танысқан SMART мақсат бәрімізді де елең еткізді. Мұғалімдердің сабақтағы білім беру әрекеттерінің, оқушылардың білімінің нақты өлшемі болған бұл мақсат қою тиімділігін сабақ барысында дәлелдей түсті. 1981 Джордж Доран енгізген Smart мақсат - спецификалық, нақтылы, өлшеуге болатын, қолжетімді, шындыққа негізделген, белгілі бір уақыт аралығымен шектелген қасиеттерімен сабақ мақсатының мәнін аша түсті. Мен тәжірибе кезінде сабақтарымда мынадай мақсаттар қойдым: Гидраның сыртқы құрылысын анықтау, гидраның қозғалуы, қоректенуі және тітіркену құбылыстары туралы үйрету.


Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Жарияланды 10-05-2015, 16:14 Категориясы: Кембридж тәсілі 


Қарағанды облысы, Нұра ауданы,
Киевка №2қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бейсембекова Анар Сериковна

Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету


Мақсаты: Қатысушыларға сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Коучке қатысушылар сын тұрғысынан ойлауға үйренеді және өздерінің оқу үдерісінің жоғарылауына әсер етулерін көреді.
Көрнекіліктер мен қолданатын құралдар: компьютер, проектор, экран, флипчарт, маркерлер, А3, А4беттер.

Сабақ барысы


Коуч сессияның этаптары

Амандасу 3 минут
Топқа бөлу 2 минут
Жеке жұмыс 10 минут
Теория 10 минут
Сергіту сәті 2 минут
Топтық жұмыс 10 минут
Жеке жұмыс 5 минут
Табысқа жету жолы 3 минут

Қорытындылау

Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету
Мақсатым: Сындарлы оқыту теорияларын қолдану арқылы оқытуда реттелуге, сөздік қорын молайтуға, өз бетінше ізденуге, өз ойларын нақты әрі дәлелдей алатын тұлға қалыптастыру.
Нәтиже:
Сындарлы оқыту теорияларын қолдану арқылы мағынаны таниды, өз бетінше ізденеді, өз ойларын нақты әрі дәлелдей алатын тұлға қалыптасады.

Модульді ықпалдастырудағы тәсілдер.


● ДЖИКСО
Сахналық қойылым
● Венн диаграммасы
● Семантикалық карта
● Тарихи шынжыр ойыны

Модульді ықпалдастырудағы нәтиже қандай болды?


Кедергі:
● Оқушылардың топта бірлесіп жұмыс жасай алмауы.
● Оқулық төңірегінде шектеліп қалуы.
● Күрделі сұрақтар қоя алмауы.

Кедергіні жою жолдары:


● Топ ережесін ескере отырып топта бірлесіп жұмыс жасауын түсіндірдім.
● Қосымша мәлімет ізденіп келуін ұсындым.
● Сұрақтарға кең көлемде жауап беруін ұсындым.

Нәтиже:
● Сабаққа қызығушылығы артады


● Қазіргі мен бұрынғыны салыстырады.
● Бірігіп жұмыс жасады.
● Мағынаны танып, жұмыс жасады.
● Мақсат қоя біледі.
● Өз пікірлерін қорғайды.
● Қорытынды шығара біледі
● Ізденушілікке дағдыланады

Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет