Сабақтағы кері байланыс. Оқытудың мақсаты



бет5/13
Дата27.02.2020
өлшемі3,73 Mb.
#58147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сурет салу кезінде баланың айтқан әр бір сөзін жазып отыру керек, оның мимикасын, қолдарының қимылын және сурет салу ретін жазып отыру керек.

Сурет салынып біткеннен кейін, баламен келесі жүйе бойынша әңгімелесу кажет:

Суретте кім салынған және отбасының әр мүшесі не істеп тұр

Отбасы мүшелері қай жерде оқиды немесе жұмыс істейді

Үйде тұрмыстық міндеттер қалай таратылады

Баланың отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасы қандай

ЖКС интерпретациясы кезінде келесі көріністерге назар аударылуы керек: отбасы суретінің құрылымын талдау;отбасы мүшелерін жеке сурет ерекшелігін талдау;сурет салу процесін талдау.

Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық.

Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара қарым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп қызмет істеуі олардың жағымды қарым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кейде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп қызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.

Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейдң. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді.

Кейбір суреттерде адамдар емесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді.

Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді ұнатпайтын болса, оны суретте толықтырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді.

Егер бала қатынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайта салуды аңғаруға болады.

Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бецйнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең.

Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайтындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің қызметін ойлап табу мақсат.

Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек қажеттілігін көрсетеді.

Бала өзі жақсы көретін отбасы  мүшесін бірінші салады. Бір тұлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуы мүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жөн.

ЖКС үшін сандық мағалар жүйесі құрастырылған. 5 симптомдар айқындалады:


1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; 4) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.

Баллдар сомасы қаншалықты көп болса, соншалықты белгінің айқын болғаны. Белгінің айқындалуы 0 ден 3 ке дейін бағаланады. Алынған нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.

ЖКС нәтижелер бағаларын тіркеу бланкісі

Баланың аты-жөні_________________________________________

Туылған күні______________________________________________

Зерттеу мерзімі____________________________________________



Симптомокомплекстің баллдар сомасы



  1. Пікірталас «Отбасындағы әлеуметтік рөлдер».

6.Кері байланыс.

 

 



12. тақырып Жұбайлық үйлесімділік.

  1. Сабақ мақсатын хабарлау

  2. Жұптық жаттығулар.

  3. Ақпараттық блок ″Психологиялық үйлесім″.

  4. Әңгіме-дүкен ″Отбасылық үйлесімнің негіздері″. .

5.Отбасының бақыты-Отбасы татулығы. «Жылылық лебізі»жаттығуы

6.. Қорытынды.

 

Сабақ барысы: 1. Сабақ мақсатын хабарлау


  1. Жұптық жаттығулар. «Тартып итер».

Топ екіден жұпқа бөлінеді. Жұптағы біреуі екіншісінің  арқа тұсында тұрып, бел тұсына қолын қояды (топтағы барлық жұп бөлменің бір шетіне  осылай бір-бірінің артына тұрады). Белгі берілген кезде бірінші ойыншы қарсы бағытқа қарай қозғалуы тиіс, ал оның серіктесі оны жібермейді.  Жұп бөлменің  қарсы жағына жетсе, екеуі орнымен алмасады.Сөйтіп бірнеше рет.

Жаттығуды талдау.Рефлексия

Ақпараттық блок  ″Психологиялық үйлесім″.

             Үйлесім деген, махаббаттың баянды болуы, ең алдымен, адамдардың мінезінің, көзқарасының, дүниетанымының, талғамының үйлесуі.

 

Жарынан айырылған жанның ойынан үйлесім дегеннің не екенін түсіне аларсыңдеп ойлаймын!

Джордж Карлин әйелі қайтыс болғанда осы сөздерді қағазға түсірген:

«Біздер парадокстар заманында өмір сүрудеміз, биік құрылыстарымыз бар, бірақ

төзімділігіміз төмен, кең магистралдарымыз бар, бірақ көзқарастарымыз тар. Көп шығындаймыз,бірақ азға ғана иеміз, көп сатып аламыз, бірақ аз қуанамыз. Үйлеріміз кеңейді, бірақ отбасы мүшелерінің саны азайды, жайлылық жақсарды, бірақ уақыт тапшы.

Жақсы білім ала ала бастадық, бірақ санамыз кеміді, білімділік артты, бірақ жағдайды

болжауымыз төмендеді, сарапшылар көбейді, бірақ проблемалар одан да көп, медицина дамыды, бірақ денсаулық төмендеді.



5.Отбасының бақыты-Отбасы татулығы. «Жылылық лебізі»жаттығуы

Адамда өзі жақсы көретін адамдарына арналатын Махаббат Сөздері бар. Бұл сөздер әр

елдерде әр түрлі айтылады.

Қазақша: «Мен сені сүйемін!».

Орысша: «Я тебя люблю!».

Белорусша: «Я цябе кахаю!».

Украинша: «Я тебе кохаю!».

Ағылшынша: «I love you!».

Полякша: «Koham cie!».

Итальянша: «Ti amo!».

Французша: «Je t’ aime!».

Испанша: «Te amo!».

Немісше: «Ich liebe clich!».

Жапонша: «Ai shite imasu!».

Қытайша: «Wo ai nei!».

Португалша: «Te amo!».

Еврейше: «Ani ohev otakh!».

Ирландша: «Thaim in grabh leat!».

Грекше: «S’ agapo!».

Шведше: «Jag alskar dig!».

Бұл сөздерді өзіңнің сүйікті адамыңа айт.Немесе Досыңа, Туысыңа, Сыртынан сүйсіне жүретін адамыңа айт. Ізгі ақпарат таратылуға лайық. Олар бізді мейірімді етеді.

Жылу тарата жүргенге не жетсін!



13 тақырып .Отбасы даму кезеңдері мен дағдарыстары

  1. Сабақ мақсатын хабарлау

  2. Ақпараттық блок . » Отбасы даму кезеңдері мен дағдарыстары

  3. жаттығу «Отбасылық өмір құндылықтары»

4.Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

 

Сабақ барысы: 1. Сабақ мақсатын хабарлау



  1. Ақпараттық блок . » Отбасы даму кезеңдері мен дағдарыстары

  2. Пікірталас » Отбасылық дағдарыстар «.

Дағдарыс (кризис) — мәселенің аса асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру оңайға түспейді.   Отбасы психологиясында-  өмірде  кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі  қалыпты деп есептеледі. Отбасылық өмірдің кездесетін дағдарыстары:1 жылдан 2 жылға дейінгі бірге өмір суру дағдарысы; 2- бірге өмір сурудің 3 жылдық дағдарысы;3- некелік қарым-қатынастардың жеті жылдық дағдарысы;  4-  Отбасының «Жасөспірімдік кезең» дағдарысы.

Алғашқы некеге тұрудың өзі  — дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін  ашық түсті көзілдірікте көреді, ал  неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт  ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін,  тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.

Келесі  дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды,  өйткені  ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.

Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал  көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.

Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың  қатар келуі: жеткіншек жас  дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата – ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде  пайда болады.

Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс — әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып,  айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық  және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.

Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.

Отбасы дағдарысы  — оның «беріктігінің қорын» көрсетеді деуге болады. Дағдарыс отбасының «әлсіз жерлері» ғана емес, сонымен қатар оның «күшті де жерлері» болып табылады. «Әлсіз жерлері бұл – көбіне жиі ұрыс-керіс болатын жері», «күшті жерлері» бұл –  сіздің пробламаңызды шешуге көмектесетін жерлері.  «Отбасын сақтауға арналған үш қадам»  –  көбіне объективті түсіну, көзқарас фокусын өзгертуге көмектеседі: менің жұбайым жаман емес, мен де жаман емеспін, кезең сондай болып отыр.  Кез келген отбасылық дағдарыстан шығудың жолы —  төзімділік, түсіністік, жұбайыңның көзқарасына және жағдайына шыдамдылық таныту, өзара сыйластық және бір-біріне көмек көрсету.

 

4.Сабақты қорытындылау.



Рефлексия.:қуыршақ терапиясы элементтері бар «Кішкентай адам» жаттығуы Сулықтар(салфетка) көмегімен, қайшысыз адамның сұлбасын жасау, дайын суретке өздерінің ой-пікірлері, армандары туралы, болашақтағы саяхаттары жайлы жазу. Сосын тренингтің әрбір қатысушысы өзі жасаған адам туралы, оның  тілектері туралы әңгімелеп береді.

 

                               Отбасылық өмір құндылықтары



 

                          Жағымды сезімдер

жауапкершілік;                                                                              -сенімділік;

-бақытты болу;

-қамқорлық;

-сыпайылық;

-татулық;

-түсінушілік;

-келісушілік;

-сүйіспеншілік;

-көмектесу

-қуаныш;


-қолдау;

-адамгершілік;

— қарапайымдылық;

-мейірім;

шынайылық;-тіл таба білу.

қуаттау


-тірек

 



                                       Жағымсыз сезімдер

 



ұрыс-керіс;

-реніш;


-қайғы;

-түсініспеушілік;

-алдау;

-сенімсіздік;



-жауапсыздық;

-менсінбеушілік;

-өркөкіректік;

-менменшілдік;

-эгоистік.

 

 



                                          Материалдық

 

қызмет;



-қаражат;

-дүние-мүлік;

-тәуелсіздік;

-өзбеттілік

 

 

                               Жыныстық қарым-қатынас



 

мәдениет;



-тазалық;

-сауаттылық;

-пәктік;

-адалдық.

 

 

 



14 тақырып. Отбасындағы кикілжіңдер

 


  1. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау

  2. Ақпараттық блок «Отбасындағы кикілжіңдер»

Себептері. Эгоизм. Қызғаныш. Жұбайының көзіне шөп салу..

  1. Практикалық тапсырма: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы (Э.Г.Эйдемиллер және В.Юстицкис).

  2. Отбасындағы кикілжің жағдаяттарды ойнау, оларды шешу, жағдаяттан шығу жолдары Отбасы шиеленісін жою (тренинг).

  3. ″Отбасындағы зорлық″. Топтық талдау.

  4. Зорлық жағдайындағы мінез-құлық түрлері.

  5. Ереже құрастыру » Бақытты отбасы».

  6. Сабақты қорытындылау.

 

Сабақ мазмұны:

  1. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау

  2. Ақпараттық блок «Отбасындағы кикілжіңдер» себептері. Эгоизм. Қызғаныш. Жұбайының көзіне шөп салу..

 

Кикілжің ұғымы әркімге таныс. Кикілжіңнің негізгі бес түрі кездеседі: ішкі тұлғалық, тұлғааралық, тұлға мен топаралық, әлеуметтік. Өмірдің қиын кезеңіне кездескен

әрбір адам одан шығар оңай жолды іздейді. Осыдан теріс ағымдарға еріп кету немесе ішкілікке салынып кету дерегі көбейді. Ал, күйзелістен жол таппаған адамдардың күн сайын өз-өзіне қол салуы туралы сұмдық жағдайларды естіп, жаның ауырады.

Көптеген зерттеулерге сүйенсек, отбасындағы ерлі-зайыптылық шиеленістер, кикілжіңдер

өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе олардың мүшелерінің біріне бірі қанағаттанбауы жағдайында туындайды. Бұл жағдайдың алдын алу үшін ең алдымен өзінің қанағаттанбаушылығын басқаруы кажеттігі алға шығады. Бұл үшін бірқатар жағдайларды назарда ұстаған жөн. Отбасылық психотерапиямен айналысушылардың пікірінше ең бастысы тітіркену фактісіне тыныш және байыппен қарау керек. Барлық жағдайда екі жақтың кикілжіңі әр түрлі себептен туады. Кей жағдайда кикілжіңнің өзі стреске әкеп соқтырады. Яғни, қорқыту, үркіту арқылы екінші адамды қысымға алып, әділетсіздік жасап отыр. Кімде — кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ. Ұят деген адамның бойындағы адамшылдығы. Қысым — өз ойын зорлықпен екінші адамға мойындату, бұйыра уысынан шығармау, екінші адамды толық бақылауына алу. Стрестік жағдайда болатын сезімдер: Қобалжу, қорқу, ауыру, ызалану, ашулану, әбігерге түсу, жек көру, уайымға салыну.
Стресс дегеніміз — жүйке жүйесінің зорығуы. Ашулану — адамның өзін меңгере алмауы / адреналиннің бөлінуі, оның әсері /, ерік тәрбиесінің кемістігі, ал ерік жігері күшті адам орынсыз ашушаңдыққа, ұшқалақтыққа бара бермейді. Ұстамды, мейірімді адам не істесе де ақылмен, ойланып істейді. Әрине бұл жағдайда ұрыстан қашқақтау үшін отбасының әрбір мүшесі тітіркенудің әрбір тетігін өз тұлғасындағы қорқыныш сипатында қарамауы тиіс. Егер отбасында ренжу сезімі туындаған жерде тітіркену мәжбүр сипатта болады. Психологиялық заңдылықтарға сүйенсек, дағдарыс, күйзелістердің ең басты себептері тұрмыстық кикілжіңдер екені анықталған, яғни туысқандардың екі жастың ортасына түсуі, жұбайының көзіне шөп салу, қызғану, балаларының болмауы және тұрмыстық ұрып-соғу бірінші кезектегі мәселелер болып отыр: Өмірде өз адамын тапқан адамның жалғыз қорқынышы – мәңгілікке бірге болуды тілеген махаббатынан айырылып қалу болса керек. Және әрқайсысымыз сүйіктіміздің де бізді сүйгенін қалаймыз. Егер де ессіз ғашық болған жанға үшінші біреу келіп киліксе ше? Өзің сүйетін адам өзіңді сүймесе ше? Қолың жетпей жүргенде басқа біреу табылып, бұрылмай кетсе ше? Қызғанышты тудыратын осы қорқыныш.
Ал әйел мен еркектің қызғанышының айырмашылығы бар ма? Көбінесе ер адамның қызғанышы «ол туралы өзгелер қалай ойлайды… жұрт не деп жүр екен?..» дейтін қауіппен қосарланып жүретін болса, әйел адамның қызғанышы ерінен айырылып қалу қорқынышымен қатар жүреді екен. Қызғаныш деген дерттің ұясы – күдік, сенбестік , қызғанышты сүйіктіңнің нақты бір қылықтары, яғни әрекеті де тудырады. Жарыңның салқын тартуы, ол үшін сенің бар-жоғың енді бәрібір болып, сені көргенде бұрынғыдай жүзі жайнап, күлімдеудің орнына қабағы қарс айырылып шыға келуі деген сықылды сан алуан себептер көп-ақ. Онда ол, мүмкін, сенің көзіңе шөп салып жүрген шығар? Қызғаныштың көкесі осы жерден басталады.

Біз қай уақытта ренжиміз? Бізді басқалары қай уақытта ренжітеді? Егер біз бір жерде осалдық танытсақ, онда біздің өзімізден жасырғымыз келген кемшіліктер сырт көзге көрінеді.

Отбасында ойын механизімін көрсетудің бірнеше тәсілдері бар:

а) жалған түсіндіру тәсілі;

ә) мәнсіз қорытынды;

б) «күдікті сейілту» тәсілі.

Отбасында әйел адамдар үздіксіз үй жұмыстарынан қажып,  басқалардан қажетті баға ала алмаған отбасы мүшелеріне ұстамсыздық пен шыдамсыздық танытады.

Қорытындылай келе, отбасындағы шиеленіс жағдайлардың туындауының бірден-бір  себептері төмендегідей топта көрсетуге болады:

Отбасындағы рухани және материалдық қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы;

Отбасы мүшелеріне шектен тыс талап қою орын алғанда;

Отбасылық жауапкершілікті дұрыс сезінбеуде;

Отбасы мүшелерінің мүдделері қорғалмағанда;

Отбасылық функциялардың  дұрыс орындалмауынан;

Рөлдік идентификация жүзеге аспаған жағдайда;

Отбасыішілік жылылық пен махаббат сезімі болмаған жағдайда және т.б. Адамдар арасында кикілжіңді болдырмау үшін, екі жақ та бірдей шешімге келуі тиіс. Мына жағдайда ашуды ақылға жеңдіріп, бір — біріне жылы сөз айтып келісімге келу — компромисс деп аталады. Компромисс — бұл кикілжің туындаған сәтте, екі жақтың да кейбір өз ойларынан бас тартып ортақ бір шешімді қабылдауы. Келісім — бұл келешекте алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін адамның біріге күш қосуы..

 

3.«Отбасылық  қобалжуды  анықтау» сауалнамасы. Бұл әдістеменің авторы Э.Г.Эйдемиллер және В.Юстицкис (2000), әдістеменің мақсаты:  индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көзқарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау болып табылады. «Отбасылық қобалжу»сауалнамасы 21сұрақтан тұрады. Бұл әдістемеден біз отбасына деген қатынасын, ол туралы әсерлерін анықтай аламыз. Сонымен қатар, болашақтағы отбасындағы мүмкін жағдайлардың алдын алу мақсатында мәліметтер алынады.

Жауап парағы:

Сыналушының аты-жөні, тегі: ___________________________________

Жасы:          ___________________

Жынысы:     ___________________

Ұлты:           ___________________

Зерттеу мерзімі: ______________

Нұсқау:

Сізге сұрақтар тізбесі беріледі. Келіскен жауаптарға «+», келіспейтін жауапқа «-« деген таңба қойыңыз. Көп уақыт ойланып отырудың қажеті жоқ, сауалнама сіздің интеллекттік көрсеткіштеріңізді анықтауға бағытталмаған. Және Сізді шынайы жауап беруге шақырамыз. Сынаққа қатысқаныңыз үшін алдын-ала рахмет.



Маған отбасы мүшелері жиі риза  емес, көңілдері толмайтынын   білемін.

Қалай істесем де бәрібір менің айтқанымдай болмайды сеземін.

Мен көп нәрсені орындауға үлгермей жүрмін.

Отбасында болатын келеңсіз  жағдайға,неге екенін білмеймін барлық уақытта мен кінәлі болып шығамын.

Мен өзімді жиі әлсіз сезінемін.

Отбасында мен көп күйгелектенемін.

Үйге келгенде өзімді  икемсіз және ыңғайсыз сезінемін.

Отбасының кейбір мүшелері мені ақымақ деп ойлайды.



  1. Үйде болған кезімде, барлық уақытта мен бір нәрсені уайымдаймын .

  2. Отбасы мүшелерінен жиі дағдарыс көзқарасын сезінемін.

  3. Үйге келе жатқанда, мен жоқ кезде қандай жағдай болды екен деп қорқамын.

  4. Үйде жүргенде мен бәрін істеп үлгеруім керек, деп сезінемін

  5. Үйде көп жағдайда өзімді артық (бөтен) сезінемін.

  6. Үйде сондай күрделі жағдай, қимылға келуге менде ешқандай күш болмайды.

  7. Үйде көп жағдайда мен, өзімді ұстап тоқтатып отыруым қажет.

  8. Егер де мен жоқ болып кетсем, онда мені ешкім іздемейтін сияқты.

  9. Үйге келе жатқанда, орындайтын жұмысымды жоспарлап келемін ал үйге кіргеннен кейін тіпті басқа жұмысқа ауысып кетемін.

  10. Отбасылық жағдайымды ойласам болды, мен қобалжи бастаймын.

  11. Отбасы мүшелері, кейбір кездері мен үшін ұялатын сияқты.

  12. Көп уақытта барлық тірлікті жақсы орындағым келеді, ал нәтижесінде бәрі керісінше нашар шығады.

  13. Маған үйде көп нәрсе ұнамайды, мен оны жасырын ұстап көрсеткім келмейді.

 

Отбасындағы кикілжің жағдаяттарды ойнау, оларды  шешу, жағдаяттан шығу жолдары Жаттығу. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»


Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 — 10 минут.
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір — біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата — ананың сөзі заң
11. Ата — ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық қарым — қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге — ізет, кішіге — құрмет
20. Көп бала
Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.

«Отбасы өмірінен жағдай» жаттығуы.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді де кез-келген өмірлік жағдайға қойылым ойнайды.Бұл бұрынғыдан немесе болашақтан алынған жағдай болуы мүмкін.Сөзді қолдануға да,қолданбауға да болады.Ең бірінші ым ишара,қимыл-әрекетке көңіл бөлінеді,яғни қатынас пен сезімнің дене қимылдары арқылы берілуіне үлкен мән беріледі.Сөзбен айтылатын бөліктерінде қатысушылар ойланып табатындай етіп жасырын сөздермен айтуына болады.Қойылым ойналып болған соң көрермендер мен жетекші оны талқылайды.Көрермендер орын ауысып,басқа жағдай туралы көрініс қоюды ойластырады.

  1. ″Отбасындағы зорлық″. Топтық талдау.

  2. Зорлық жағдайындағы мінез-құлық түрлері.

  3. Ереже құрастыру » Бақытты отбасы».

  4. Сабақты қорытындылау.

 

 

15 тақырып . Айырылысу- әлеуметтік-психологиялық феномен.



  1. Сабақ мақсатын хабарлау

  2. Лекция «.. Айрылысқаннан кейінгі отбасы».

  3. жаттығулар » Айырылысу себептері».

  4. Сабақты қорытындылау.

Сабақ мазмұны:

  1. Сабақ мақсатын хабарлау

  2. Лекция «.. Айрылысқаннан кейінгі отбасы».

Айрылысу – ғашықтар қаламайтын қорытынды. Дегенмен, махаббатта айрылысу көп ғашықтардың басынан өтетіні тағы белгілі. Болмашы нәрселер үшін айрылыса салу – бұл махаббаттың әлсіздігі, сүйіспеншіліктің таяздығы ғана. Мейлі, қалай деген күнде де, айрылысу екі жаққа да жеңіл бола қоймасы анық.

Алайда айрылысуға шынымен бел буған ғашықтар көп жағдайда екінші махаббат өмірін бастап жатады. Ондай жағдайда алғашқы махаббаттың әсерін ендігі сүйгеніңіздің өміріне бірге ала келу үлкен қасірет. Ол сіздің өткен күндермен барлық қарым-қатынасыңызды үзгеніңізді қалайды. Ал шынымен де ұмыта алмасаңыз, оның қасына қайта барыңыз. Мені қабылдай қояр ма екен деп күдіктенбеңіз. Ол қабылдамаған күнде де, сіз оған орай бере алдыңыз. Сол үшін өкінбейсіз. Ал одан айрылып екінші өмір бастауға бекіндіңіз бе, алда болар қасіреттен сақтану үшін өткен күндерге қайта айналып соқпағаныңыз абзал. Ал өткен сәтсіз махаббат сезіміңіздің жүректегі қалдығын, өміріңізге тигізер әсерін қалай жеңуге болатынын психологиялық жақтан талдап көріңіз.



Одан кек алуды ешқашан ойлай көрмеңіз. Махаббатыңыз саған алдымен опасыздық жасаса да, үнемі одан кек алу ойында жүрсеңіз, бұл тек сіздің ұсақшылдығыңызды ғана дәлелдеп береді. Ал оның ештеңесі де өзгермейді. Түбінде шаршайтын, азаптанатын, қайғыратын тек өзіңіз ғана екенін ойлағаныңыз жөн. Өткен күндерді қадірлеңіз. Өшпенділік дейтін жегі құртты өткен ләззатты күндеріңізге айырбастамаңыз. Одан қарымта қайтару мақсатында, кек алу ниетінде екінші біреуге сөз сала көрмеңіз. Бұлай ету өзіңізге тәуелді азап теңізіне екінші біреуді сүйреп әкелумен бірдей ғана.

Одан біржола кетіңіз. Мүлде хабарласпаңыз. Мейлі, телефонда да, интернет желісінде де оны мүлде жауып тастаңыз. Достарыңызбен кездескенде, арадағы өткен күндерді айта бермеңіз. Ол жайлы тіс жармаңыз. Себебі, сіздің достарыңыз – бұрынғы махаббатыңыздың да жақын досы болуы әбден мүмкін ғой.

Сылтау іздемеңіз. Онымен қайта кездесуге, тілдесуге ешқашан сылтау таппаңыз. Барлық нәрселеріңізді оның қасына қалдырмай алып кетіңіз. Сезімнің ақылға ерік бермейтін сәттері көп. Сондай сәттердің бірінде оның қасында қалған затыңызды сылтауратып, қайта кездесуге талпынудан сақтаныңыз.

Не үшін қоштасқаныңызға талдау жасай біліңіз де, сол арқылы өзіңізді жігерлендіріңіз. Ешқашан оған немесе оның достарына өкініп жүрген кейіп танытпаңыз.

Өткен күндердің азабында қалқып жүре бермеңіз. Жалғыз қалып, ол үшін деп ішімдікті ауызға ала көрмеңіз. Көбінде достарыңызбен көңілді күндерде бірге болуға тырысыңыз.

Оған қатысы бар деген заттарды ешқашан жаныңызда сақтамаңыз. Сурет, телефон нөмірі, сыйлықтар бәрі-бәрін де көзіңізден таса етіңіз.

Өзіңізді кінәлай бермеңіз. Өзіңізді кешіруге тырысыңыз. Басыңыздан өткізген істер мен айтқан сөздеріңізді еске алып өкінбеңіз. Сезім иесінің өткен күндерді өзгертуге дәрмені жетпейді. Дегенмен, сол қателіктерді қайталамауға тырысыңыз.

Оны кешіріңіз. Ол оны кешіріп, қайта жарасыңыз дегендік емес. Оның өткізген қателігін көңіліңізге түйіп алмаңыз. Кішіпейіл, кешірімді болыңыз.

Мұның бәрі де мезеттік қасірет. Екінші рет шын махаббатыңызды жолықтырсаңыз, өткен күндер тек жымиып қана еске алар елестерге айналады. Сол үшін де оның көңіліңіздегі орнын өшіргенге дейін, жүрегіңіздегі қасірет жарасы жазылғанға дейін осылай жасағаныңыз абзал. Ақыл емес, психологиялық кеңес деп білгеніңіз жөн.

 

жаттығулар «Отбасының құрылымы және оның бұзылуы» (авторы Л.Д. Лебедева «Менің отбасым гүл түрінде» және авторы Г.В.Новикова «Түймелер» әдістемелерін пайдалана отырып жасалатын жаттығулар).   Мақсаты:  некеге тұрғысы келетін жастарға отбасын құруға дайындық кезеңінде психологиялық қолдау көрсету; тұлғааралық қарым-қатынастар саласында жастардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

 

16 тақырып. Бала тұлғасын қалыптастыруда отбасының рөлі



  1. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау

  2. Ақпараттық блок.

3.Жаттығу «Сенім».

  1. «Отбасылық оқиға»,»Тиімсіз отбасылық тәрбие»

  2. «Мынау кімнің сөзі» атты сауалнама

Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

 

Сабақ мазмұны:

1.Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау


  1. Ақпараттық блок. Бала тұлғасын қалыптастыруда отбасының рөлі

Қазіргі өзгермелі, даму үстіндегі қоғамымыздағы ынтымақты және бақытты, берік отбасының негізі жастарға дұрыс тәрбие беруден басталады. Өзара сыйластық пен түсіну, махаббат пен достық, адамилық жоғары ұстаным болмайынша бақытты отбасының болуы мүмкін емес. Осы тұста Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз» деген болатын. Бұл ұрпақ тәрбиесі мен адамзаттың үйлесімді тұлға болып өсуінің болашағы отбасы жағдайын жақсартудан басталатынын дәлелдей түседі .

Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы, ең алдымен, ата-анадан, отбасы – ошақ қасынан басталмақ. Дана қазақтың «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек.

Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, соның ішінде отбасынан, ата-анасынан алған өнеге балаларда тұлғалық қасиеттер мен отбасы, отбасылық қатынастар, отбасылық сыйластық пен үйлесімділіктің қалыптасуына негіз береді.

 


  1. Жаттығу «Сенім». «Өзара әрекеттесу» тренингі

Бұл тренингтің тұжырымдық негізі ретінде ересек пен баланың өзара қызметтесу болып табылады, сол себепті де оның басты мақсаты – ата –ана мен баланың серіктестік қарым –қатынасы мен қызметтестігінің қалыптастыру және дамыту. Бағдарламада Т. Гордонның, К.Роджерстің, Я.Адлердің, Р.Дрейкустің, Е.В.Сидоренконның, Е.И. Лебедеваның, Г.И. Исуртнканың жұмыс тәжірибелері қолданылады. Тренинг Марковскаяның (2000) еңбегіне негізделеді.

Бағдарлама міндеттері:

Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;

Баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;

Баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

Отбасындағы коммуникацияны белсендіру. «Әке, мені биге шақыр» бейнеролигі

«Тиімсіз отбасылық тәрбие«немесе Отбасылық оқиға» жаттығуы.

«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады.Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да,жетекші оларға қандай да,бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады,мысалы, «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды»,оларға пікірталас жүргізу ұсынылады.Жетекші көрермендерге алдын-ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді.Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез-құлқын бақылауды ұсынуға болады.Мысалы,ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақшаны жұмсауды қалайды:оқуға,саяхатқа,бір нарсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты  ұтымды түрде ұсына алады.

Талқылаудан кейін,бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да,басқа тақырыпты талқылайды.

Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады.Мысалы,анасының әкесі ауылда тұрады,оның өз үйі және шаруашылығы бар,ол ауырып қалды,бірақ қалаға келгісі келмейді.Отбасы не істейтінін шешуі қажет.Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады.Мысалы,анасы ауылға кеткісі келеді,өз шаруашылығымен айналысқысы келеді,әкесі мұны қаламайды,өйткені қалада жақсы жұмысы бар,үлкен ұлының да барғысы келмейді,өйткені оқуға түспек ойы бар,кіші ұлының барғысы келеді,өйткені ол жерде жазда шомылуға,қыста шаңғы тебуге болады.Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім ,«ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,келісімге келе алды ма,сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.

 

5.«Мынау кімнің сөзі» атты сауалнама ұсынамын,кейіпкердің атын және шығарманы атауларың  керек):

1.…Ой, қарабасқыр, әлі жатырмысың? Осы сенің-ақ қолыңнан кітап түспейді екен. Тасташы былай. Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба?..

2….Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын — әттең жазушы болсам деген арман менің көкейімде ерте ұялады. Үшінші, төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылға жайылды…

3….Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым,-тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма



4.…Текес, сен мені балығыңмен асыраған, шынықтырған анам болсаң және бір мені осы жарық дүниеге алып келген анам үйде хал үстінде. Ол-дағы өзің секілді аяулым, қимасым еді. Сол асыл анам бұл дүниенің тізімінен сызылуға жақын жатқан секілді. Осы бір мен үшін тіл жетпес ауыр кезеңді мен оның шырағы жалп етіп сөнген шағын көзбен көріп, шыдай алар емеспін….

5.…Құдай жолыңды түсіріп, келіп қалған екенсің. Тай мінгізіп жіберер ек, шама жоқ. Тым құрса, жейде киіп кет. Ана жылы Сарыбастауда оқып жүргеніңде ашумен үстіңнен қара шапанды сыпырып алған едім. Қайтейін, қу жоқшылық адамға не істетпейді? ….Құдай қосса, әлі-ақ адам боласың. Адам болды деген міне, осы…

6.…О, жалған! Біреуден бір нәрсе сұрап телміруден өткен жаман не бар екен! Жігерім құм болып амалсыз бара жатырмын. Қолымдағы сүт сұрауға арналған ыдысымды көрсетпей тығып алам…

  1. Балажан байғұс анам, мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап. Оның қазіргі кейіпі: айналайындар, баламды оқудан шығара көрмеңдер, тағы бір жолға кешірім жасаңдар деп, жалбарына сөйлеп тұрған тәрізді… (Миллат, «Менің атым Қожа»)

 

  1. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

 

 

17 тақырып . Бала –Ата-ана қарым-қатынастары. Қарым-қатынас  стильдері



  1. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау

  2. Ақпараттық блок.Отбасылық жауапкершілік. Отбасылық қатынастардың орнықты болуы және ондағы кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары

  3. Практикалық жұмыстар:

Жаттығу ″Қамқорлық″.

Жаттығу ″ Жауапкершілікті қабылдау ″.

Жаттығу ″Қарым-қатынас модельдері. Біз қалай қарым-қатынасқа түсеміз?″ «Анасы  мен қызы», «Менің әкем» бейнероликтері көрсетіледі.

4.Қорытындылау.

 

Сабақ мазмұны:1. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау

2.Ақпараттық блок.Отбасылық жауапкершілік. Отбасылық қатынастардың орнықты болуы және    ондағы кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары

 

Академик, психология ғылымының докторы А.В. Петровскийдің ата-ананың бала тәрбиелеу стилін (диктат, қамқоршы, конфронтация, бейбіт өмір сүру, ынтымақтастық) бала психиатры М.И. Буяновтың отбасы тәрбиесінің біржақтылыққа апаратын кемшіліктер типімен салыстырыңыз.



а) «золушка» типіндегі тәрбие.

ә) «отбасы кумирі» типінде тәрбиелеу.

б) ерекше қамқорлықта тәрбиелеу (бала үшін бәрін үлкендер шешеді)

в) қамқорлықсыз тәрбие (бала өзімен-өзі)

г) кронпринц типіндегі тәрбие (материалдық жағдайы жақсы отбасылар)

Күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, отбасы тәрбиесінде осындай стильдер мен кемшіліктердің кездесетінін дәлелдеңіз

Отбасылық тәрбие жауапкершілігінің деңгейі жайында жаңашыл педагог А.С.Макаренко былай деп жазған: «Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар елдің келешек тарихын, демек – әлем тарихын тәрбиелейді».

Ата-аналар жауапкершілігі туралы мәселе көкейкесті болғандығы соншалық, ол халықаралық деңгейге көтеріліп отыр, ол туралы 1989 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылданған бала құқығы туралы Конвенция дәлелдейді.

Жақсы ата-аналар отбасылық тәрбие міндеттерін орындаудағы өздерінің жауапкершіліктерін сезінуі керек. Олардың ең бастысы:

—         баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету: оның дене дамуы, зияткерлік, рухани – адамгершілік және жалпы мәдениеттік дамуына қамқорлық жасау;

—         оның талабын, мүддесін және икемділігін дамыту;

—         оқу үрдісі кезінде көмек көрсету;

—         әлеуметтенуіне көмектесу – қоғамда өмір сүріп, еңбектенуіне;

—         еңбек тәрбиесі;

—         мамандық таңдауға көмектесу,

—         бала тұлғасында шығармашылық потенциалды дамыту;

—         айналасындағы адамдармен адамгершіліктік, эмоционалдық, толеранттық қарым-қатынасын орнықтыру және қолдау көрсету;

—         жыныстық тәрбие; болашақ отбасылық өмірге дайындық;

—         жауапкершілікті қалыптастыру, елжандылық пен ауызбіршілік құндылықтарына, отан үшін белсенді  жұмысқа дайындығына бағыттау;

—         өзін-өзі тәрбиелеу мен есейген кезінде өзін-өзі дамытуға дайындығы.

Барлық отбасылық ішкі қарым-қатынас кешені баланың жеке менін қалыптастыруға, оның денелік, рухани, әлеуметтік, психикалық және зияткерлік қасиеттерінің толыққанды дамуы үшін жақсы жағдай құруға ықпал ететіндей болуы керек. Бұл жағдайда әрбір жақсы ата-ана отбасылық тәрбиенің басты  тәрбиелеуші факторлары ретінде ата-аналардың өздерінің тұлғалары, олардың өмір сүру ықпалы, еңбекке көзқарасы, олардың өмірлік басымдықтары мен құндылықтарының жүйесі, жауапкершілік, бірізділік, мақсатқа жетудегі тұрақтылық, бір-біріне, басқа ұлтқа, дінге деген сыйластығы саналатынын есте сақтау керек.

Отбасылық тәрбие проблемалары барлығымызға келешекте өмір сүретін қоғамның глобальды мәселелері болуы да мүмкін: ата-аналардың педагогикалық біліксіздігі, отбасындағы психологиялық бейжайлық пен тұрақсыз ахуал азаматтарымыздың жаңа ұрпағының бойында еліміздің өміріне теріс әсер беретін барабар емес, деструктивті өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру мүмкін.

Ата-аналарға өздерінің ата-аналық қызметін орындауда көмек көрсету халықаралық терминмен «ата-ананы тәрбиелеу» деп аталады. Көмек әр түрлі үлгіде болуы мүмкін, бірақ ең бастысы, баланың қалыптасуы мен дамуына отбасының ықпалы мәселесі бойынша  ата-аналарға қажетті білім беру.

Ата-аналарды тәрбиелеудің стратегиялық міндеті – әрқайсысына сауатты, өзінің құндылық бағыттарын, ұстанымдары мен күтулерін, өзінің ата-аналық сезімдерін және мақсаттарын сезінетін және балаға үйлесімді тұлға ретінде дамуына кері әсер тигізетіндерін түзете білетін ата-ана болуына көмектесу.

 

3.Практикалық жұмыстар:

Жаттығу ″Қамқорлық″.

Жаттығу ″ Жауапкершілікті қабылдау ″.

Жаттығу ″Қарым-қатынас модельдері. Біз қалай қарым-қатынасқа түсеміз?″

Тренинг

«Бала тұлғасының құқығы»



Мақсаты: тұлғаның психологиялық құқығы ұғымымен таныстыру; баламен теңдік арақатынасты орнату қажеттілігін түсіндіру; туған мәселелерді шешу үшін «Мен- өз пікірімді білдіремін» қолдану дағдысын меңгеруге үйрету.

Психологиялық жаттығу: «Ең мейірімді тілектер».

1- Жаттығу. «Жұптасып отыру»- қатысушылар бір-біріне арқасын бұрып тұрады. Қолдың көмегімен жұптар отырып-тұрады, бұл екі қатысушының жүктемесін бірдей бөлуіне байланысты.

2- Жаттығу: «Мен кімге қамқорлық жасаймын»- қатысушылар кімге көмек көрсетіп, қамқорлық жасайтын адамдардың тізімін құрастырады. Қатысушылар көбінесе осы тізімге өздерін кіргізуге ұмытады.

3- Жаттығу: «Жауапкершілікті қабылдау»- қатысушылар екі тізім құрастырады- бірінші- «Балаға деген менің міндеттерім», екінші- «Баланың маған деген міндеттері». Екі тізімді салыстырып, туған жағдайдың әділеттік дәрежесін талқылайды.

4- Жаттығу: «Ми дауылы»- Топ екі командаға бөлінеді. Әр команда белгіленген уақыттың ішінде «Өзіңді күт, біз өз отбасымызды күтеміз» тезисы бойынша деректерін келтіреді.

5- жаттығу: «Көшкін»- осы жаттығу Ф. Зимбардоның кітабында суреттелген.

«Демалыс күндері сіздің үйіңізді қар жапқанын елестетіңіз, сіз шыға алмайсыз да,  дүйсенбіге дейін ешкімді көмекке шақыра алмайсыз. Сіз мүлдем жалғызсыз, маза келтірмейтін ешқандай жұмысыңыз бен міндеттеріңіз жоқ. Уақытыңызды көңілді өткізу үшін осы қиын жағдайды қалай пайдаланасыз? Сізде пайдалы тағам, музыка, кітаптар, ойындар, ыстық су, қалам мен қағаз бар, бірақ теледидар мен үнтаспаңыз жоқ».  Жұмыс аяқталған соң қатысушыларға осы жоспарларын келе жатқан демалыс күндері « Үйлерін қалың қар жапқанын күтпей» жүзеге асыруға ұсыныс беріледі.

Осы жаттығуды талқылау.

4.Қорытындылау. «Анасы  мен қызы», «Менің әкем» бейнероликтері көрсетіледі.



 

 

 



18 тақырып. Отбасылық қарым-қатынастың тұрмыстық-экономикалық сферасы.

  1. Пікірталас » Отбасылық қаражатты кім, қалай жұмсағаны дұрыс?»

  2. Әңгіме-дүкен: » Отбасылық бюджет «.

  3. Жағдаятты талдау. ″Сіз үнемшілсіз бе?″.

  4. Практикалық тапсырма » Отбасылық бюджетті жоспарлау «.

  5. Шығармашылық тапсырмалар: » Үй интерьері «, » Менің үйімнің жылуы «.

  6. Қорытындылау.

 

Сабақ мазмұны:

  1. Пікірталас » Отбасылық қаражатты кім, қалай жұмсағаны дұрыс?»

Отбасы – шағын мемлекет. Ал мемлекеттің бюджеті болуы тиіс. Біздің жағдайда отбасылық әмиян болуы қажет. Әмиян – жанұялық қаржы, отбасылық ақша. Кезінде ата-бабамыз отбасының байлығы ретінде мал басын есептесе, қазір байлық ақшада болып тұр. Шортанбай ақын: «Сауып ішер сүті жоқ, мініп көрер күші жоқ, ақша деген мал шықты» деген екен. Бүгін, міне, сананы тұрмыс билеген заманға тап болдық.. Әрине, басты сұрақтан ауытқымайтын болсақ, отбасылық әмиянның иесі кім? Бүгінде көптеген шаңырақта әйел де, еркек те табыс табуда. Отбасылық әмиянды кім ұстаған жөн? Өз ойларыңызды айтып, мысалмен дәлелдеңіз.

(Бұл жерде не әйел, не ер деп бөлудің қажеті шамалы, қаржыға қырын емес, ақшаны тиыннан құрайтын жанның басты рөлде ойнауы қажет. Ақша да үнемді ұнатады.)

  1. Әңгіме-дүкен: » Отбасылық бюджет «. Дәстүрлі түрде бюджеттің үш түрі бар деп саналады: бірлескен, бірлескен-жеке және жеке бюджет. Бюджеттің түрін таңдауда отбасы мүшелерінің барлығының пікірі ескерілуі тиіс. Әйтпесе кикілжіңдер туындауы мүмкін.

Отбасылық бюджеттің ең кең тараған түріне бірлескен түрі жатады. Отбасылық бюджеттің бұл түрін әдетте табыс деңгейі тең болмаса зайыбы жартылай немесе толықтай күйеуінің асыруында болатын жұптар пайдаланады. Мұндайда ерлі-зайыптылар қолда бар соманы қалай жұмсау керектігін бірігіп шешеді және келешек шығындарды талқылап, бюджетті бірлесіп жоспарлайды. Жеке бюджет түрінде ерлі-зайыптылар керісінше бюджеттерін дербес түрде құрастырады. Бюджеттің бірлескен-жеке түрінде ерлі-зайыптылар үй шығындарын бірге көтереді, бірақ одан қалған ақшаларын әркім өз қажеттілігіне жұмсайды.

Шығындар мен кірістерді есепке алу.«Бюджет» сөзі тікелей аударғанда «әмиян» деген сөзді береді. Тұрмыстық деңгейде бұл сөз ақша шығыстары мен кірістерін есепке алуды білдіреді. Бюджет екі бөлікке бөлінеді – кіріс және шығыс. Қаржылық әл-ауқатқа жетудегі ең маңызды қадам  — іс жүзіндегі жасалынған шығындардың көлемін анықтау. Біріншіден, отбасының барлық шығындарын анықтап, оларды топтастыра білу қажет: қажетті шығындар мен уақытша шығындар. Кейініректе бірінші санаттың шығындарынан азықтану, коммуналдық қызметтер, көлік, балаларды оқыту сияқты отбасылық бюджеттің негізгі көрсеткіштері қалыптастырылады. Уақытша сипаттағы шығындарға жоспарлы (аяқ-киім жөндеу, туыстарға сыйлық алу, күтпеген жағдайлар) және уақытша «көңіл-күйді көтеретін» жоспарланбаған шығындар жатқызылады. Шығындардың соңғы аталған түрлерін біртіндеп қысқарта бастау қажет, себебі олар отбасылық бюджетке орны толмайтын нұқсан келтіріп жатады. Сіз өз шығындарыңызды нақты білетін болсаңыз, сіз оларды жоспарлап үйренесіз, соның нәтижесінде әрқашанда бір соманың қалуын қамтамасыз ететін боласыз.

Отбасылық бюджетті жоспарлау мәселелерін зерттеумен айналысатын аналитиктердің көпшілігінің пікірінше, шығындар мен кірістерді жүйелі түрде есепке алу шығындардың 20%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді, жылына бұл сома отбасының екі айлық жалақысын құрауы мүмкін. Бұл қаражаттарды үнемдей алсаңыз, оны сіз адал еңбекпен таптыңыз деуге тұрады, себебі үнемделген теңге еңбек етіп тапқан теңгеге тең болады. Бұл ақшаны сіз тиімді түрде инвестициялап, келешекте қандайда бір табысқа қол жеткізе аласыз.



Жеке қаржылық жоспар

Тағы бір пайдалы кеңес – кез келген табысыңыздың 10-20%-ын сақтап қойыңыз. Осылайша, сіз өз тұрақтандыру қорыңызды немесе, қарапайым тілмен айтқанда,  ақша қорын жинақтайсыз. Бұл соманы мысал үшін депозитке сала отырып, сіз, біріншіден, күтпеген шығындар туындаған кезде өз қаржылық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етесіз, екіншіден, бұл ақшалар енді өз бетінше жұмыс жасап сізге табыс әкелетін болады.

Сондай-ақ, өз ақшаларыңызды жинақтай отырып, сіз жоспарлы түрде, отбасы бюджетіне нұқсан келтірмей, жеке қаржылық жоспар көмегімен өз қаржылық мақсаттарыңызға жете аласыз.

«Жеке қаржылық жоспар» дегеніміз адамның НЕГЕ және ҚАНДАЙ ЖОЛМЕН қол жеткізгісі келетіні. Мысалы, бұл автокөлік делік. Айта кететін жайт, мақсат қою жеке қаржылық жоспар құрудың алғашқы сатысы болып есептеледі. Мақсат жалпы болмауы тиіс, оны ұқыптылықпен нақтылау қажет. Автокөліктің моделін, түсін, жылын, құнын нақтылаған жөн. Бұдан кейін мақсатыңызды өз табыстарыңыз және мүмкіндіктеріңізбен салыстыру қажет. Бұдан кейін көз алдыңызда бүтін бейне пайда болады – ай сайын сіз қанша қаржы қалдырып тұруыңыз қажет және қаржылық мақсатқа қол жеткізу үшін қанша уақыт қажет болып табылады. Мақсатты отбасылық бюджеттің мүмкіндіктерін есепке ала отырып түзетуге болады. Жеке қаржылық жоспарды құрудағы соңғы қадам –  мақсатқа жету жолдарын анықтау. Бұл кезеңде «Қанша ақша қалдырып тұру қажет?», «Ақшаны қайда салуға болады?» және «Қашан бастау қажет?» деген сұрақтарға жауап іздеу қажет.

Өз бюджетіңіз бен жеке қаржылық жоспарыңызды басқару идеясынан бас тартудан бұрын келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:


  1. Сіздің отбасыңыз жыл сайын құрылатын бюджетті ұстанады ма?

  2. Сіздің отбасыңыз жыл сайын азық-түлікке, киімге және тұрғын үй үшін қанша ақша жұмсайтынын білесіз бе?

  3. Бүгінгі күн, ағымдағы апта, ай, жылға қойған қаржылық мақсаттарыңыз бар ма? Сұрақтардың кемінде біреуіне теріс жауап берсеңіз, өз қаржыларыңызды басқару мен бақылау туралы ойланатын уақыт келді деген сөз. Отбасы бюджетін басқару деген – жеке өнер. Негізі бұл – әдетте бір ай мерзіміне құралатын отбасының ақшалай шығыстары мен кірістерін реттеуге бағытталған жоспар. Сіздің келешектегі әл-ауқатыңыз кірістер мен шығыстарды басқара алуыңызға тәуелді болады.

 

  1. Жағдаятты талдау. ″Сіз үнемшілсіз бе?″. Үнемшіл болу дегеніміз – сараң болу деген сөз емес. Сараң (скупой) адамдар табысын ешқашан біреумен бөліспейді. Олар тіпті өздерінің үлестерін төлеуден де жалтарады. Өзгелерді ешқашан мақтамайды. Сараңдық дегеніміз өзіңде бар нәрсені қызғыштай қорып, оны шашпауға тырысу, болашаққа кең өріс ашудың орнына, қолыңда бар нәрсені жақындарыңнан, достарыңнан да жоғары қойып, тәуекелге бел буа алмау.

Үнемділік ұғымына тәуекелшілік те байланысты болады. Үнемшіл болу дегеніміз – қуанышсыз сұрқай өмір сүру деген сөз емес. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп пайда әкелетін іспен айналысу үшін өз еркіңді бағындыра білу де – тәуекелділік.

Сонда үнемділік дегеніміздің өзі әрбір адамның өз уақытын дұрыс ұйымдастыра біліп, ойға алғанының барлығы болмаса да, көпшілігін тындырып тастауға үлгеру үшін өз күшіңді шақтап жұмсай білу деген сөз.

 


  1. Практикалық тапсырма » Отбасылық бюджетті жоспарлау «.Топ қалаулары бойынша «отбасыларға» бөлінеді, отбасы өз айлық бюджеттерін есептеп,қорғайды./Тұрмыстық қажеттіліктер, білім, денсаулық,демалыс, кездейсоқ шығындар,т.б. ескеру./

  2. Шығармашылық тапсырмалар: » Үй интерьері «, » Менің үйімнің жылуы «.(бояумен,коллаж, компьютермен,т.б. презентациялау)

  3. Қорытындылау.

 

 

19 тақырып. Отбасылық дәстүрлердің маңызы.

  1. Әңгімелесу ″ Отбасылық дәстүрлердің керегі бар ма?″

  2. Практикалық тапсырма: Отбасылық дәстүрлер тізімін жасау.

  3. Жоба ″Өз отбасымды құрғанда болатын жаңа дәстүрлер″.

  4. Жаттығу Л.Д. Лебедеваның арттерапия әдістемесі бойынша «Менің отбасым гүл түрінде» суретін салады.

  5. Әңгімелесу ″ Отбасылық дәстүрлердің керегі бар ма?″ келесі сұрақтар төңірегінде:

Сіздің отбасыңызда ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрлер бар ма? Олар қандай? Сипаттап беріңіз.

Отбасында әдет-ғұрыптарды және салт-дәстүрлерді сақтау қандай рөл атқарады?

Ал Сіз өзіңіз отбасында қандай дәстүр қалыптастырдыңыз? Олар қандай? Сіздің бастамаңызды жақындарыңыз қолдай ма?

Мысалы, өзім өсіп –өнген отбасымның дәстүрі, Сұлтановтар отбасылары жан-жаққа отау құрып кеткенмен, ардагер әкеміз көзі тірісінде әр жылы   9-  мамыр «Жеңіс күні»  жиналып, бір шаңырақ астында  бұл мерекені бірге өткізетінбіз. Ал, қазіргі кезде сол әкеміздің қаза болғанына көп жыл болса да, әлі күнге дейін, 7ағайынды жанұялар  немере, шөберелерімен  9 – мамыр «Жеңіс күні» жиналып, әкеміздің бейітіне барып, еске алып, мерекені атап өткіземіз… Отбасылық дәстүрлердің ересек үшін де, бала үшін де, орасан зор маңызы бар, олардың көмегімен ұрпақтар арасындағы байланыс, сабақтастық, ата-ана мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас сақталады.



Дәстүрлер отбасының берік, ынымақтастықта болуына көмектеседі, отбасы мүшелерін біріктіретін «цемент» рөлін атқарады.

Ұл немесе қыз өскен кезде, өздерінің балалық шағын, туған шаңырағын, отбасылық мерекелерді, серуендерді жылылықпен естеріне алады. Жаңа отбасын құрған кезде олар үлгі тұтар, сүйенер нәрселері болады.

Ал сіздерде ше?

Практикалық тапсырма: Отбасылық дәстүрлер тізімін жасау.

Қазіргі кездегі қазақстандық отбасыларда сақталған үйлену, бала туу және бала циклі – отбасылық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер бар. Олардың қатарына келесілер жатады: «кіндік шеше», «ат қою», «шілдехана», «бесікке салу», «қырқынан шығару», «тұсау кесу», «сүндетке отырғызу» — діни наным-сенімге байланысты ғұрыптық сүндетке отырғызу салты. Дәстүрлі әдет-ғұрыптардан бүгінге дейін мынандай дәстүрлер сақталған: қалыңдықты көру (көрімдік беру), қалыңдықтың жасауын көру, жастарға шашу шашу, келіннің отқа май құюы, күйеу жігітке төс тарту, құдаларға құйрық-бауыр жегізу, жар-жар және бет ашар айту, киіт кигізу және т.с.с.

 

3.Жоба ″Өз отбасымды құрғанда болатын жаңа дәстүрлер″,  Бірлескен шығармашылық жұмыс   «Мен 20 жылдан соң…», «Менің қиялымдағы отбасылық өмір»/эссе , «Біз қалай өмір сүреміз және біздің неше  баламыз болады» қиял әлеміне саяхат. Болашаққа жолдау.



  1. Жаттығу Л.Д. Лебедеваның арттерапия әдістемесі бойынша «Менің отбасым гүл түрінде» суретін салады.

  2. Қорытындылау.

 

 

20 тақырып. Қорытынды сабақ



  1. ″Диаграмма″жаттығуы

  2. Диагностика » «Отбасын құруға дайындық тест-картасы «, «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» анкета » Некелік қарым-қатынас туралы көзқарасым».

3.,» Бақытты отбасы заңдары «жаттығуы «.″Тілек шамы″жаттығуы

  1. Қорытындылау. «Чемодан»

 

 

. ″Диаграмма″жаттығуы



Қатысушылардың алдында еденде горизонталды сызық сызылады.Сол жақ шетіне «0»деп  белгі қоямыз. Оң жақ шетіне – «100!»

Жүргізушінің айтқан ойына,естігеніне қаншалықты келіскенін  осы едендегі сызыққа 0 мен 100-дің аралығына тұрып көрсетуі керек.

Егер толық келіссе -100, егер идея ешбір қабылданбаса, тіптен келіспесе- 0.

Қалған қабылдаулары- — 0 ден 100-ге дейін аралықта.

Жүргізуші сөйлемді айтқан соң,ойлануға  уақыт береді. Сосын неліктен дәл осы аралық, басқа емес деп сұрайды.

Айтылатын ойлардың шамамен үлгілері:

Сіз  мынаған келісесіз бе:

— «Жақсылықты жаулап алуға болады?

-еркек — бас, әйел — мойын?

-хан жарлығынан қатын жарлығы күшті?

-баланы — жастан, әйелді — бастан?.

-кәрі қыз ер тандамайды, өлген ер жер тандамайды?

-жаман да болса ағамыз, жақсыны қайдан табамыз?

— көршің болсын, бар болсын, мейлі сараң, тар болсын?

-ақымаққа бақ қонса, ақылды болады. Ақылды басын шұлғып, нанын тауып жейді?

-елде отыз ұлың болғанша, жаныңда жалғыз шалың болсын?

— күнделікті тірлік,тұрмыс- отбасы бақытының қас жауы?

— сүйіспеншілік бар жерде жеккөрушілік те бар.?

— баланы сүйе отырып, қатты тәрбиелеу керек?

— ата-аналар үйленген жастардан бөлек тұруы керек?

— сыртта «көңіл көтергенде» тұрған ештеңе жоқ, ол қатынасымызға «тұздық» қосады, тек екінші жартың біліп қалмаса болды…?

— еркектің негізгі міндеті- отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз ету?

— азаматтық неке- бұл қарым-қатынастың шынайылығын  тексеру?

— отбасының ажырасуының бір себебі- баланың болмауы?» т.б.

Талдау.


  1. Қайта диагностикалау » «Отбасын құруға дайындық тест-картасы «, «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» анкета » Некелік қарым-қатынас туралы көзқарасым«.(материалдар қосымшада, жоғарыда берілді)

  2. «Бақытты отбасы заңдары «жаттығуы: Бақытты отбасы болу үшін:

— Әдет пен қызығушылықтарының ортақтығы

-Кикілжіңде «жеңуге» тырыспау.,әсіресе, өзің інәлі болсаң…

-Отбасылық, тұрмыстық қызметті, міндетті тең орындау.

-Балаларды екеуара қамқорлап, тәрбиелеу.

-Қажет кезде бір-біріне көмекке келу.

-Қалтаңа қарай көсіл демекші, қанағатпен өмір сүру.

-Жарыңа орындала қоймайтын талап қоймау.

-Ынтымақтаса отырып барлық мәселені шешуге болады.

Тілек шамы″жаттығуы

Біздің ішкі жан дүниеміздің бір жерінде кішкентай ғана жып-жылы жарық бар. Ол бізге қолайлылық пен жылы жайлылық сыйлайды. Ал біздің жанымызда адамдар жүр және олардың әрқайсысының өзінің жан жылуы болады. Сіз өз жүрегіңізді адамдарға қаншалықты кеңірек ашсаңыз, бұл жарық – сіздің жаныңыздың жылуы, соншалықты жарқын әрі жылы болады. Отбасы, ұшқан ұя — жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір — бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Бір — бірімізге мына шамды бере отырып осы сабақтардан алған әсерлеріңізбен бөлісіп, ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.


  1. Қорытындылау. «Чемодан». Барлық сабақтарды қорытындылайтын жаттығу.

Мақсаты: Қатысушыларға кері байланыс жасау, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін  көрсету.

Әр қатысушы бір-бірден сыртқа шығып кетеді, қалғандары оған «чемодан» жинайды. Ол чемоданға қатысушының ұжымға сіңуіне, үйренуге көмектескен не кесел келтірген сапаларын жазып салады. Салу барысында ережелер орындалады:



  • жағымды және жағымсыз қасиеттерінің саны бірдей болуы керек;

  • жұмыс барысында ғана көрінген қасиеттерді көрсету;

  • түзетуге болатын ғана қасиетті көрсету.

Жүргізуші бұл жиынға араласпайды. Таңдап сайланған хатшы айтылған қасиеттерді қағазға

тіркеп жазып отырады. Чемодан иесі түсінбегенін хатшыдан сұрайды.

Әрбір қатысушы өз чемоданына ие болады.

Құрметті жас дос! Үйде өз бетіңмен жұмыс жаса: (Менің Педагогика: студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру Алматы,2007., Мектеп психологының жұмыс кітабы оқу құралдарымнан)

ӨЗІҢЕ БІР АДЫМ

( практикалық жұмыс)

 Өзің туралы кітап жаз

Ол үшін сен өзің туралы үшінші жақта жазасың. Бұл саған өзің туралы көбірек білуге және түсінуге көмектеседі.

Мұндай мәтін адам өзін толық және қорқынышсыз көрсетуіне жол ашады. Бұдан бөлек сен өз арманыңды ашық жеткізіп, оны орындалғандай етіп есептейсің. Кейде бұл өз дегенімізге  жетуге көмектеседі.



  1. Өзіңді және өміріңді суретте. Сен өзің қандайсың, қандай отбасында , қайда тұрасың. Кайда оқисың, кіммен араласасың, нені ұнатасың, нені ұнатпайсың, өзіңе не тілейсің, …-бәріне жақын досыңның көзімен қарап отырғандай елестетіп жаз. Мысалы, Жазира Атырауда тұрады. Оның шашы қара, көзі де мойылдай, сұңғақ, жіңішке қыз. ..

Қаласаң, сурет сал .

  1. Өзіңе әңгімелесетін адам тап. Оған сырыңды хат етіп жаз.

Ақыл сұра . Сол адам болып өзің «оған» жауап бер.

Өзіңнің сезіміңді суретте.



  1. Күнде жеткен жетістігің мен кемшілігіңді бір парақты қақ жарып екі жағына тізіп жаз. Қайсысы көп? Неліктен? Не істеу керек?

4.Жоспар құр. «Менің кемшілігімді  түзету жоспары.»

Көмекші адамдардан ақыл сұра. Өзіңнің  жақсы қасиеттеріңнен «ақыл сұра» олар не дер еді?



  1. «Мен өзімді жақсы көремін!» деген ойды бар денеңмен сезінуге тырыс. Өзіңе комплимент айт, айнаға күлімсіре, бар денеңе рахмет айт.

Өзің жайлы ұнамды ой сенің нашар қасиетіңді жеңуге көмектеседі.

Сені не нәрсе бақытты етер еді?

Соған жетесің!

Ол үшін ерінбе, белсенді бол! Жоспар құр! Мақсат қой! Ізден! Іске кіріс

                   «Мен және менің әлемім» әдістемесі

Көрсетілген суреттерді өз еркіңізбен кез келген реттілікте, өзіңіздің қалауыңыз бойынша А, Б, В, Г деп әріптермен белгілеңіз.





  1. Көлденең жолақты бірінші етіп таңдасаңыз – мінезіңіз байсалды, салмақты, өзгені ішкі жан дүниеңізге жібере бермейтін сақ, көбіне үйде болуды ұнататын адамсыз.

2.Тік жолақ сіздің таңдауыңызда 1-ші ретпен тұрса – мінезіңіз тік,   ашушаң, өзіңізге ұнамсыз ортаға қарсылық көрсететін адамсыз.

  1. Бірінші етіп конверт суретін таңдасаңыз, өзіңіздің ішкі жан дүниеңізбен үйлесімдігіңіз аз, бірнәрсені ойлап, айтасыз да басқаша істейсіз, яғни сөзіңіз бен ісіңіз сәйкес келмейтін адамсыз.

  1. Мына суретті бірінші етіп қойсаңыз, үйлесімді, тәртіпті жақсы көретін білімге ұмтылатын адамсыз. Сондай-ақ, салған суретіңіздің көлемі (үлкен не кіші екені) сіздің өзіңізді қалай бағалайтыныңызды   көрсетеді.

«Мені сипаттайтын нәрсе»

Ақ қағазға өз ойыңызбен сізді сипаттайтын, сізге үйлесімді 5 заттың не құбылыстың аттарын жазыңыз. Содан кейін қасыңыздағы серігіңізбен тізімдеріңізбен алмасып, оны талдап пікірлесіңіз. Содан соң бір-біріңіз туралы қалған тыңдаушыларға авторлық тізімге сүйене отыра, әңгімелеп беріңіз. Тізім жазылған қағазды әшекейлеп, суреттермен толықтыруға болады.

«Жеке таңбам»

Ішіне символикалық белгі, сурет немесе сөздерді пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беретіндей жеке өз таңбаңызды салыңыз:

— Өз бойыңыздағы қандай үш сапаны (қасиетті) жоғары бағалайсыз?

— Өзге адамдарда ше?

— Сіздің дамуыңызда ерекше рөл атқарған кім?

— Сіз бәрінен де не нәрсені жақсы орындайсыз?

— Өзгелерді не нәрсеге үйрете аласыз?

— Өзіңіз туралы қандай үш сөз естігіңіз келер еді?

(Жеке жұмысқа 10 минут, содан кейін түсіндіру. Өзге тыңдаушылар қол шапалақтап қатынасын білдіріп отырады)

«Жалпы және  ерекше»

Топ 4 адамнан бөлінеді. Әр топқа үлкен парақ қағаз бен  түрлі-түсті маркер таратылады. Топтағы әр мүше өзі туралы не айтқысы келсе соны әңгімелейді: қайда, немен айналысады, қызығуы, отбасы жағдайы, т.т.

Берілген қағаздың ортасына  алынған ортақ  ақпаратты (барлығына тән ортақ ақпарат) жазып не суретпен бейнелейді. Ал беттің әр бұрышына өзін өзгелерден ерекшелендіріп тұрған сапасы туралы белгімен не сөзбен  жазады.

(Презентация: плакатты ерекше мәнерде, қызықты етіп қорғау, түсінік беру)

(«Мен және менің қатынасым» әдістемесі)



Әр клетканың ішіне кез келген жан-жануардың (үй жануары болсын, дала жануарлары болсын) атын жазыңыз. Одан кейін оларға мінездеме беріңіз. Мысалы, 1-ші клеткада ит тұрса, ит – иесіне берілген, адал, өзгелерге қатал,  жақсы көрген адамына еркелейді, көңіліне жақпаса қауып алады, шыдамды,  қысылтаяңда көмек беруге дайын, кейде өзге үшін жанын пида етеді…(Бұл Сіздің балаға деген қарым-қатынасыңыз).

Кілті:


  1. Сіздің балаға қатынасыңыз.

  2. Сіздің отбасыңызға, жарыңызға қатынасыңыз.

  3. Қоғамға, ортаға қатынасыңыз.

  4. Жұмысыңызға қатынасыңыз.

Міне, бұл тек кейбір ғана әдістер, мұндай әдістердің неше түрі бар. Әркім оларды іздеп, тауып, өзін-өзі және көмек қажетсінетін өзгелерге де қолданып кіммін, қандаймын деген сауалға жауап табуға көмектесуі тиіс. «Познав самого себя, никто не останется тем, кто он есть»  деп  Т.Манн айтқандай, адам әуелі өзін-өзі танып, өзінің жетістігі мен кемшіліктерін біліп, өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік алады. Ал тәрбиелі адамның құрған отбасы бақытты отбасы болады.

Артық емес, білгенің…

Мұхтар Әуезов «Адамдық негізі – әйел» деген тұңғыш туындысын әйел-ана тақырыбына арнаған. Сол кезде Мұхаң 20 жаста екен.

«Адам баласы, — депті ол, — тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден бала туып, ал балаларының бәрі де жастық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп, үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген. Соған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылдыққа кіргізген – әйел». Болашақ ұлы жазушы осы сөзімен әйелдің қоғамның ұйтқысы екенін, еркек түзде жүргенде әйел төңірегін уыздай ұйытып, балаларын бірлікке, ұйымшылдыққа баулитын, әйел еркіндікке жетпесе, адамшылдық та күрмеулі болатынын қадап айтып, егер қазақ мешел болып қалмайын десең, бесігіңді түзе, әйелдің халін түзе,» – деген мәңгілік идея ұсынған еді.

Артық емес, білгенің…

Үндістанда жауапты жорыққа аттанатын жауынгер анасының аяғының астынан топырақ алып, тұмар қылып мойнына тағып алатын болған. Александр Македонскийден: «Қайсысын жоғары бағалайсың? Анаңды  ма, әлде ұстазыңды ма?» – деп сұрапты. Сонда даңқты қолбасшы:  «Анам маған Жан берді, оны қайтып жерге береді, ұстазым рух, білім берді, ол сені аспанға шығарады. Анам – бірінші ұстазым ғой», — деген екен.

Артық емес, білгенің…

Өмірінде көп күнә жасадым деп ойлаған жан имамға келіп:

Күнәларымнан арылтып, Алланың кешірімін әперші,– депті.

Сонда имам:

Сенің жаның бес арықтан лай суға ағып құйылып жатқан бір тоғанға ұқсайды екен.

Біріншісі – сенің көздерің, көрінгенге орынсыз көз сүзбе;

Екіншісі – сенің аузың, ораза ұстап, дұға оқып жүр, жақсы сөз айт. Шариғат қаламағанды ішіп-жеме.

Үшіншісі – сенің миың, әділетсіздік пен зұлымдықтан, менмендік пен өркөкіректіктен арыл;

Төртіншісі – сенің аяқтарың, көргенсіз жолға баспа;

Бесіншісі – сенің құлағың, өсек пен кеселді сөзді терме, естімеген бол.

Тек сонда ғана сенің арықтарыңның суы тұнықталады, сенің жаның мен жүрегің тазарады, сені күнәларыңнан мен арылта алмаймын, өзің арылтасың, – депті.

Түйін: баласы нашар болып өскен әке баласына әсер ететін барлық тәсілдерді таусылған соң, есік алдына бір бағана орнатып, баласының әрбір нашар ісі үшін оған бір шегеден қаға беріпті. Біраз жылда бағана әбден шегеге толыпты. Бұл балаға әсер етіп, түзеле бастапты. Енді әке баласының әрбір жақсы қылығы үшін бір шегеден суыра беріпті. Ең соңғы шегені суыратын мерекелік сәт келгенде бала жылап жіберіпті. «Неге жыладың?»– дегенде, «Шеге жұлынып таусылғанмен орындары үңірейіп тұр ғой,» – деген екен.

Кемел Мырзагелді. Абзалдық әліппесі. Алматы, Әл-Фараби, 1998, Б. 15, 22.

Халық айтқан екен

Ұлтты қыз сақтайды.

Бақыт кілті – ананың табанының астында.

Әйел-ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.

СарузеноваА.Ә. / жетекшісі АяғановаА.Ж./Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау

Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Кикілжіңді дұрыс шешу жолдарын мұқият оқып, есте сақтаңыздар және керекті кезде қолдануға тырысыңыздар.


Кикілжіңді жеңудің жеті қадамы
1-қадам. Кикілжіңнің себебін табу.
2-қадам. Эмоцияны қадағалау
3-қадам. Негізгі ережелер бойынша келісімге келу
4-қадам. Ұстанымдарды анықтау
5-қадам. Жасырын қажеттілік пен қызығушылықты анықтау.
6-қадам. Баламалы варианттар ұсыну.
7-қадам. Өзара тиімді варианттарға келісу
Өмірде бізде одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түсетін қасиет ол – махабат.
Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайды, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы заңдылық.
Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше. Мысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат. Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббаттың бір көрінісі. Яғни махаббаттың қай түрі болсын, адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.
Тапсырма. Тренингілік жаттығу
1-кезең. «Махаббат» ұғымының мәнін анықтау.
2-кезең. Ұқсас ұғымдарды іріктеу.
3-кезең. Қарсы ұғымдарды іріктеу.
4-кезең. Ұғымның артықшылықтарын анықтау.
• Махаббаттың құндылығы неде?
• Адамға махаббат қаншалықты қажет?
• Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
• Махаббат адамға қандай артықшылық береді?
5-кезең. Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.
• Махаббатта кемшіліктер бола ма?
• Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
• Адам өз махаббатынан қорлық көре ме?
• Махаббат қай уақытқа жағымсыз қасиетке айналады?
6-кезең. Ұғымды тұырымдау.
Махаббат – бұл …
Сонымен, махаббат дегеніміз – шын жүректен жақсы көру сезімі. Махаббат – бақыт, шаттық, қуаныш, сүйіспеншілік, елігу, жақсы көру, құштарлық, сезім, түсінісу, өзара сыйластық, ізгілік, адамгершілік, жаны ашу, қайырымдылық, нәзіктік, шыдамдылық, төзімділік және т.б. түсініктерге тән адамның барлық сезімдері мен іс-әрекеттерін, қасиеттері мен сапаларын қамтиды.
7-кезең. Өзара әсер рефлексиясы
Жүректен жүрекке
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады- дей келе сабағымызды қоырытындылап, баршаңызға жүректер таратамын. Әрбіріміз оған жақсы тілектер жазып Жер тәрізді шарға орналастырамыз

Мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіне көзқарасын өзгерту, балабақшаға позитивтік қатынасының қалыптастыру. Педагогикалық және психологиялық салауаттылықты жетілдіру; қалыптасу мен дамыту мәселері бойынша тәжірибе алмасу, бір-бірімен сұхбаттасу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер, теледидар, DVD, қалам, қағаз, тақырыбы.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, ассоциация, Венн диаграммасы, сауалнама.

Барысы:

Зал іші шар, тақырыбы және нақыл сөздер жазылған плакаттар мен мазмұнды суреттермен әсем безендірілген.



І. Кіріспе. Тақырыпқа байланысты қысқаша әңгіме, баяндама.

Құрметті ата-аналар! Бүгін біздің «Қызғалдақ» тобында «Отбасы, бала, балабақша …» деген дөңгелек үстел өткізіліп жатыр. Біз бала, оның тәрбиесі, отбасы және балабақшаның бала тәрбиесіндегі орны туралы пікірлерімізді, өз ойымызды, көзқарасымызды ортаға салып сұхбатасамыз, бір-бірімізбен тәжірибе алмасамыз.

Балабақшаға келер алдында бала отбасында тәрбиеленеді. Отбасы деген не? Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.

Отбасы – шағын мемлекет әр мемлекеттің өзіне тән өндіріс, өнім, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, тәртібі, заңы болады .

«Ел болам десең – бесігінді түзе» деген нақыл сөзді біздің ата-бабамыз мұра болып қалдырған. Бұл нақыл сөзді қалай түсінуге болады?

Қазақ отбасында өз баласың мейірімділікке, имандылыққа бауылып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана  әуелі баласына өздерін сыйлап – құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сипайлық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Отбасы – жақын туыстық қатынас. Қазақтың отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.

Ата — әжелер ауыл – аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый – құрметке бөленген. Олар жыр, дастан, ертегі айтып немере – шөбелеріне рухани байытып тәрбиелеп отырған.

Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушы, қамқоршысы.Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметі.

Әйел, ана – отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі. Аналардың басты міндеті – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей ата-ана отбасында балаларына қандай тәрбие берсе, ертең сондай бала өседі, ата-анасына сондай абырой алып береді. Сол себептен қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше назар аударған.

Бала – әке-шешесінің перзенті, ұрпағы. Бала – ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы.

Баланың ата-ана алдындағы ұлы парызы – мейіріммен, жақсылықпен қартайған кезенде бағу, еңбектерін қайтару.

Дүниедегі мақсатының да, міндетінің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.

Қазіргі заманда ата-әжелер немерелеріне ертегі, жыр айтып бермейді, ал әке-аналар бірыңғай тұрмыс жағдайға, ақша табуға көп назар аударады. Бала тәрбиесін балабақша, мектепке жүктеген. Мектепке дейін тәрбиесін міндеті баланы жан-жақты тәрбиелеу, дамыту болса да «Алты аға бірігіп – әке болмас, Жеті жеңге бірігіп – ана болмас» — дегендей ата-ананың орыны бөлек. Ол орынды ешкім баса алмайды. Балабақша баланың отбасында алған тәрбиесін толықтырады, бағыт беріп тұрады. Балабақша отбасымен бірлесіп болашақ ұрпақ тәрбиелейді.

ҚР Конституциясының 27 бабында былай деп жазылған: «Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы».

ІІ. Пікірталас. Осы тақырыпқа, баяндамаға байланысты ата-аналардың пікірін, ойларын тыңдау.

ІІІ. Сұрақ-жауап. Мына сұрақтарға қалай жауап бересіздер?

«Отбасы – алтын бесік» деген сөзді қалай түсінесіз?

ХХІ ғасырдың ата-аналары қандай?

Баланыздың тәрбиесіне ата-ененіз араласқанын қалайсыз ба?

Балабақшаға балаңызды не себептен алып келдіңіз?

«Тәрбие» деген, сіздің ойыңызша не?

Балабақшадан не күтесіз?

Сіз өзіңізді жақсы білесіз бе?

Сіз өзіңізді кім деп санайсыз (Наполеон, Президент, қожайын, құл, квартирант т.б.)?

Балаңызға көп назар аударасыз ба?

Балабақшаның қандай қажеттілігі бар? т.б. сұрақтар

IV. Ассоциация. Бала (балабақша, әке, ана) дегенде сіздерге қандай ой, елес бірден келеді? (бос орынды толтырыңыз, ойыңызды жазыңыз)

V. Венн диаграммасы. Отбасы мен балабақшаның жалпы ұқсастығын айту.

VI. Ойын – тренинг. «Балық, құс, аң»

VII. «Бала, бала, болашақ …». Теледидардан балалардың сұрақтарға жауап бергенін көру, тыңдау.

Ата-аналардың пікірлерін тыңдау, сұрақтар арқылы бағыт беру.

Қазіргі балалар қандай?

Не себептен қыз бала пысықтау, батыл, ашық болып келеді? Ал ұл бала керісінше?

Балалар неге әкесі туралы аз айтады? т.б. сұрақтар

VIII. Жағдаят. Пікірлерін айту.

— Үйде сіздің екі балаңыз ұрсып қалды. Сіздің шешуіңіз қандай?

— Баланыз үйге мысық алып келді. Сіз мысықты жақсы көрмейсіз. Сіз не дейсіз?

— Үйге қонақ шақырдыңыз. Қонақ келетін уақыт жақындады, сіз үлгермей жатырсыз. Ал үлкен балаңыз кіші балаңызбен бірге компьютерде ойын ойнап отыр. Сіз көмек сұрадыңыз. Балаңыз тыңдамады. Сіз не істейсіз?

— Балаңызды балабақшадан алып келдіңіз. Баланың қолында бөтен біреудің затын көрдіңіз. Не істейсіз?

— Жұмыстан келіп үйдің тіршілігіне кірістіңіз. Жолдасыңыз теледидар көріп жатыр. Балаңыз қайта-қайта келіп сіздің мазаңызды алды. Шешуіңіз қандай?



ІХ. Сауалнама. «Менің қызығатыным» ата-аналарға арналған сұрақтар.

Х. Қорытындылау.

Бүгінгі қоғамдағы бір келеңсіз жағдай ол жасөспірімдер қылмысының көбейуі. Оның себебі түп тамырын іздейтін болсақ, оны отбасы тәрбиесінің әлсіздігінен, ата-ананың балаға жүрек жылуының бере алмауынан көруге болады. Кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияда есепте тұратын 15 мыңға жуық жасөспірімдердің басым көпшілігінің ата-анасымен мейірімді байланыс болмаған, отбасы мүшесі ретінде сезіне алмаған деген ойдан көруге болады. (Заң журналы 2004, 4).

         Мектептегі жоғары сынып оқушылары бүгінгі күнгі отбасының  отбабасы мен отаналары. Отбасы тәрбиесінде ой салу үшін ата-ананың отбасы тәрибиесіндегі салауаттылығын көтеру үшін мектепте өткізілген «Отбасы бақыты ол...» деп аталатын дөңгелек үстелдің жоспарын ұсынып отырмын.

         Ата-аналарға алдын ала шақыру билеттері жіберіледі.

 

Дөңгелек үстел 6-бөлімнен тұрады.



1.     Ойға шабуыл.

2.     Арақ атаңнан қалған ас емес

3.     Бүгінгі менің өз ойым

4.     Ата-анаға тест

5.     Сүйіспеншілік сипаты

6.     Қорытынды

Өсиет сөздер

1.     «Баланың жақсысы- қызық, жаманы-күйік»  (Абай)

2.     Ата-бабасынын сыйламау – азғындықтың белгісі.   (Пушкин)

3.     Кімде –кім ата-анасы  разы еткен болса, ол қандай жақсы.

4.     Алла тағала оның өмірін ұзартады. (мың бір хадистен)

Салынған талдың  суреті.

Жүргізуші: Қадірменді ата-ана

Баламның табанынына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін- деп әлпештеген перзентіңіз мейірімсіз, қатыгез, жаман бала болғанын кім тілейді дейсіз? Бірақ бүгінгі күні ата-анасын құрметтемейтін, перзеттік парызын орындамайтын өз бетімен жүретін балалар бар екені анық.

     Осы мақсатта дөңгелек үстелге пікірлесуге шақырамын.

Осы тақырып  төңірегіндегі топтастырып, әрі қарай жалғастыру.

1. Отбасы бақыты ол...

Бақыт дегеніміз...

Борыш дегеніміз...

Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен...

    Ата—ана, оқушы жауабынан соң қорытынды жасалық. Отбасы бақытын бұзатын қандай жағдайлар? –деген сұрақ тасталады. Оқушылар отбасының бұзылуы арақ ішуден деп айтады. Арақ ішу туралы екі жақтың жауаптары тыңдалады. Осы кезде арақ болып киінген бір бала ортаға жығады.

    -Мен сендердің достарыңмын солай ма?

    -Жоқ доста емессің, бауыр да емессің.

    - Қалай, неге, өтірік айтасыңдар?

Менсіз той өткізесіңдерме?  Жоқ!

-Менсіз туған күн өте ме?

-Жоқ! Үлкеніңде кішіңде бір кішкентай жаңалық болса ой жуайық дейсіңдер. Оны менімен жуасыңдар.

-Мен доспын. Бірақ әз әзіл доспын. Ойлан ата-ана, ойлан жасөспірім.

Барыңды жоқ қылам, отбасыңды ойран қылам. Күл талқан ететін доспын. Ойлан арақ атаңнан қалған ас емес.

    Жүргізуші: Бүгін әр сыныптан ата-аналар жиналды. Ата-ана егер жан-жағыңызға зерделеп қарар болсаңыз отбасын құрған жастың шаңырақтың бір арақтың маскүнемдіктің әсерінен шайқатылып, құлап жатқаны жасырын емес. Ал біздің алдымыздағы осы отырған жастар ертеңгі отбасын құрара қыздар мен жігіттер. Бүгінгі күннің әрбір  қылмысы осы ішімдіктің кесірінен болатыны дәлелденіп отыр.

Енді сіздерге

    Ей ағалар, жас ұрпақты шылыммменен уладың.

    Арақ ішіп, мас болып, бура болып туладың,

    Енді келіп алқаштар деп кінә тағып, шуладың,

    Мықты болсаң неге ертерек жаман атты қумадың?

Жыр жолдарымен салмақты өздеріңізге салып, арақпен күресу тек жастар емес, өздеріңізге де тікелей байланысты дегім келеді.

    Жүргізуші  3-бөлім

Бүгінгі менің ойым деп аталады.

Оқушыларға парақтар таратылады.

1.     –Ой, мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз. (Осы сөзді есту ата-анаға ауыр емес пе?)

2.     Отбасы бақыты кімнің қолында? (Анамның, әкемнің, балалардың)

3.     Мұны дұрыс істеген жоқсың, ол үшін анаң ұрысып жатыр ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, ұрыс істемеген үшін сен кінәлісің бе?

Ата-аналарға берілген сұрақ;

-Балаңыздың ой қойшы мама деген сөздері сізге ауыр тие ме?

Бұл сөздерді жиі естуге тура келе ме?

Жүргізуші:

Сенің кез келген жақсы ісің үшін алғаш қуанатын да анаң, дұрыс ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүргеі ренішті де, қуанышты да, қайғыны да, аурудыда бәрін, бәрін көтереді. Бірақ әр бір тырнаудан кейін жара қалып кетеді, осыны ұмытпа.

Анасынын сыйлаған бала әкесінде сыйлайды.

Сүйіспеншілік сипаты.

«Отбасының бақыты үшін не керек?» деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк жапыраққа жазып,  ал отбасын бұзатын жағдайлар туралы ойыңызды сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз. Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Сары жапырақтар көп болса, отбасына қауіп –қатер, жайлай бастағаны. Ол мына өздеріміз жазғандай арақ, айқай, келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі.

Ал, көк   жапырақ көп болса онда сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы.

         Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп  жатады.Бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек.

         Қорытынды;

         Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес.

         Балаларымызды тек қана компьютермен қымбат киім алып берумен ақшамен қамтамасыз етумен шектелмей, олардың өміріне белсене араласып, проблемаларды бірге шешетін кез келді. Қадірменді ата-ана, Макаренканың «Біздің-балаларымыз біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие – бұл қарттық, нашар тәрбие—бұл біздің болашақтағы сорымыз. Бұл біздің көз жасымыз, басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз» - деп айтқандай, бақытты қарттық көргіміз келсе балаларды жақсылап тәрбиелейік.

         Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді, көмекші екеніңді, ертеңгі үміті екеніңді ұмытпа.

         Әрбір отбасы үшін бақыт сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда педагогтың қызметін ұйымдастыру

Үйренгің келсе үйрет
Үйреткің келсе үйрен
Коучинг жоспары.
Тақырыбы : Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда педагогтың қызметін ұйымдастыру
Мақсаты: Мұғалімдерді сыни ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау .
Күтілетін нәтиже: Сыни ойлаудың түрлі әдіс-тәсілдерін біледі және оларды оқыту үрдісінде тиімді пайдаланады.
Түйінді идея: Сыни ойлау
Ресурстар: флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары, видео-жазбалар

Коучинг сессиясының өту барысы


№ Коучинг сессиясының өтілу кезеңдері Уақыты Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
1 Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбері. 5 минут Әр ғасырдағы машиналардың суреттері бар бөліктерге бөлінген кеспе қағаздарды таратады. Бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерін сипаттап беруін сұрайды. Аффективті орта қалыптастырады. Таратылған кеспе қағаздарды алып, машинаның суреттерін құрастыру арқлы топқа бөлінеді және бұл машиналар туралы сыни ойлау мағлұмат беріп өтеді. Бір-бірінің бойындағы жақсы қасиетттерін сипаттайды.
2 «Ой шақыру» 10минут «5 маймыл» презентациясын көрсету арқылы сыни ойлауға бағыттау. Топпен сыни ойлау арқылы ақылдасып, өз ойларын айтады және әр топ өз ойларын салыстырады.
3 "Миға шабуыл" 10 минут «Адам бойындағы үш «Мен»» бейнетаспасын көрсетеді. Тақырыпты топтық талқылауға сала отырып, бірін-бірі қайталанбайтын түйінді идеяларын айтады.
4 Рефлексия 3минут «Ой шақыру», «Миға шабуыл» кезеңдеріне қатысты пікірлерін ашық сұрақтар қою арқылы ойларын айтқызу Өз ойларын ортаға салады.
5 Ой шақыру 10 минут «Сыни ойлау» дегенді қалай түсінесіз?
Сыни ойлаудың қандай тәсілдерін білесіздер?
Блум таксономиясы туралы не білесіздер? деген сұрақтарды топтық талқылауға салады. Әр топ өз идеяларын білдіреді (идеялар қайталанбау керек)
6 Теориялық материал 10минут Презентация көрсету арқылы сыни ойлаудың анықтамасын береді, сыни ойлаудың тәсілдерін таныстырады және Блум таксономиясының шығу тарихын айтады
7 Топтық жұмыс 10 минут Кеспе қағаздарды тарату арқылы Блум таксономиясын кезеңдерін ретімен орналастырту. Әр топ кеспе қағаздардағы кезеңдерді өз идеялары бойынша орналастырады.
8 Сергіту сәті 3минут Видео-жазбадағы әр түрлі дене қимылдарын жасау Видео-жазбадағы әр түрлі дене қимылдарын жасау
9 Ақпараттық материал 5 минут Блум таксономиясы туралы материалмен таныстырады Өз идеяларын салыстырмалы түрде қарайды
10 Рефлексия 5 минут Бұл сіздер сабақтарыңызда қалай пайдалана аласыздар? Қандай нәтиже болуы мүмкін? Бұл тәсіл оқушылардың білік дағдыларын қалыптастырады ма? сұрақтарын қою арқылы мұғалімдердің пікірлерін тыңдайды. Өз пікірлерін ортаға сала отырып, топпен ақылдасып, өз ойларын білдіреді
11 Топтық жұмыс 15 минут Презентацияда берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салдырту. Топпен ақылдаса отырып, берілген сұрақтарды Блум таксономиясына орналастырады.
12 Рефлексия 3 минут Берілген сұрақтарды Блум таксономиясына орналастыруда қандай қиындықтар туындады?
Бұл сұрақтарды пайдалану арқылы оқушылардың қандай білік дағдыларын қалыптастыруға болады? деген сұрақтарды талқылауға салады. Қойылған сұрақтарға әр топ өз ойларын айтады.
13 Рефлексия 5 минут Стикер арқылы Мен не үйрендім? Маған сәттер ...... қиындық туғызды?
Менің айтар ұсынысым Мұғалімдер коучинг туралы өз ойларын стикерге жазады

Сабақтағы кері байланыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет