Сабақтағы кері байланыс. Оқытудың мақсаты


А)«Отбасы мүсіні» жаттығуы



бет4/13
Дата27.02.2020
өлшемі3,73 Mb.
#58147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

А)«Отбасы мүсіні» жаттығуы

Жаттығуды орындау үшін, әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлме қажет.

Әр қатысушы кезекпен мүсіншігіе айналады. Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап, бөлмеге орналастырады. Идеал ретінде мүсінші өзінің роліндегі басқа адамды да таңдады.

Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса, мүсінші өз ролін өзі ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұдан кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыру ұсынылады.

   Ә) «Отбасы оқиғалары» жаттығуы

Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі –түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.

Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады –бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын бейнелейді. Сурет салып болғаннан кейін, әр қатысушы топқа өз суретін көрсетеді де, салынған оқиғаны түсіндіріп береді.

  


2.Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

Сыналушының аты-жөні, тегі: ___________________________________

Жасы:          ___________________

Жынысы:     ___________________

Ұлты:           ___________________

Зерттеу мерзімі: ______________



Нұсқау:

Болашақта отбасын құрған кезде Сіздің ойыңызша ерлі-зайыптылардың және баланың міндеттері мен құқықтары қандай болуы тиіс? Төменге өз ойыңызды парақ бетіне түсіруіңізді сұраймыз.





Жаттығу «Екі әлем».

Топ екіге бөлінеді: қыздар және жігіттер.

Екі топ бір-біріне қарап тұрып кезекпен кезек бір-біріне былай деп айтады:

Маған жігіт (қыз) болған ұнайды, себебі…

Мен жігіт (қыз) болғым келеді, себебі…

Маған жігіт (қыз) болған  қиын, себебі…

Мен қыз (жігіт) болғанымды  мақтан тұтамын, себебі…

Мен жігіттерге(қыздарға) қызығамын, (қызғанышпен қараймын), себебі…

Маған жігіттерде (қыздарда)ұнамайтыны…

Жігіт (қыз) болған жақсы, өйткені

соңынан: Жігіттер мен қыздар бірлесіп «Қыз бен жігіт» атты коллаж құрастырады.

 


  1. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау:Отбасындағы еркек пен әйел.Отбасылық рөлдер

Әкем мен анам бар.

Әкемнің әкесі –

Ақ басты Атам бар.

Әкемнің шешесі –

Ақ шашты Әжем бар.

 

Ұлдардың үлкені –



Бір туған ағам бар,

Қыздардың үлкені –

Бір туған әпкем бар.

 

Ұлдардың кішісі —



Бір туған інім бар,

Қыздардың кішісі-

Бір туған қарындас

Әпкеге – сіңілі бар

 

2.«Отбасылық портрет»жаттығуы : «Жануарлар отбасы» проективті суретін салу арқылы отбасылық рольдерді, қарым-қатынасты  анықтау. Бұл отбасы қарым-қатынасында қандай әлсіз тұстары бар екендігі,оны қалай жөндеуге болатыны туралы психологиялық кеңестер беріледі.



.3.Ақпараттық хабарлама ″ Отбасылық рөлдер.″ Отбасы  адам  баласының  түп  қазағы, алтын  ұясы. Себебі, адам  баласы  шыр  етіп  дүниеге  келген  күннен  бастап,  сол  ортаның  ыстық-суығына  бейімделіп, ықпалына  көніп, осында  ер  жетеді. Кәмілеттік  жасқа  толғаннан  кейін  де   өзі  отбасын  құрып  бөлек  шықпайынша, туған  ата-анасының  қол  астында , қамқорлығында  болмақ.

Демек, отбасы – негізгі  қамқорлық  мектебі.

Отбасын “дербес  мектеп, әлеуметтік  институт” деп қарастыратын  болсақ, әке – шеше  сол  орданың  ұстаздары, ал ата – әже  профессорлар  іспеттес. Белгілі  оқу  орнында  оқып  диплом  алған  педогог – мамандардың  да  ұрпақ  тәрбиесі  үшін  үнемі  ізденіс  үстінде  болатындығы,  әдістемелік  көмек  күтетіндігі  қажеттілік  болса, ата-ананың  да  баласының  алдында  міндеттерін  түсінуі, оның  болашағы  үшін  өз  білімін  көтеруі, арнайы  мамандардың  кеңестеріне  құлақ  түруі  де уақыт  талабы  деп  түсінеміз.

Қазақ  отбасында  әлімсақтан  қалыптасқан  өзіндік  ерекшеліктер  мен  отбасы  мүшелеріне  қойылатын  талаптар  бар.

Әке – шаңырақ  иесі. Отбасы  мүшелерінің  жауапкершілігі  толығымен  ер- азаматқа  жүктеледі. «Отағасы» деп  аталуының  себебі  де  осында  болса  керек. Үйге  табыс  кіргізу, жанбасы  мен  мал  басының  қамқорлығы, өз   балаларын  өсіріп – тәрбиелеуге  мүмкіндік  жасау, ағайын-туыс  арасындағы  байланыс  ер  адамның  басшылығымен  жүзеге  асырылуы  тиіс.

Әйел – отбасының  ұйтқысы, өмірге  бала  әкелуден  бастап, бағып-қағып, өсіріп  тәрбиелеу – әйел-ананың  тікелей  міндеті. Үй-ішінің, отбасы  мүшелерінің  тазалығы, тамақ  дайындау, үй-іші  тірліктерін  ұқсату, туған-туыстармен  әлеуметтік  қарым-қатынастар  орнату  сияқты  көптеген  мәселелер  әйелдердің  араласуымен  атқарылады.

Әке  мен  шеше – отбасында  баланы  әлеуметтендіретін  басты  тұлғалар. Өз  перзенттерінің  заманға  лайық  білім  алып,  тәрбиеленуіне  жағдай  жасайды. Барлық  істе  өздері  үлгі  болады. Шын  жанашырлық  та  туған  ата-ананың  көңілінен  табылады.

Қазір  отбасында  тәрбиеге  мейлінше  ықпалды  ата   мен  әже  рөлдері. Ата  беделі  жағынан  әкеден  жоғары, өмірлік  тәжірибесі  бай, эмоциялық-мейірімділік  тұрғыда  тәрбие  беруді  меңгерген, отбасының  тірегі. Әже-жанұядағы  қарым-қатынасты  реттейтін, балаларды  өмірге  бейімдеудің  қарапайым  түрлерін  мейірім  арқылы  жеткізе  білетін  ақылшы, отбасының  алтын  қазығы.

Ата  мен  әже  педагогикасы  арқылы  отбасында  тәлім  алған, өмірлік  дағдылары  қалыптасқан  баланың  жан-жақты  әлеуметтенгендігі  мен   әлеуметтік  рөлдерге  бейімделгендігі  адамгершілік  сипаттармен  көрініс  береді. Бұл  бір  жағы  тәжірибелілік  нәтижесі  болса,  екінші жағынан, тұрақты  да  ерінбей-жалықпай  мейірім  арқылы  берілген  тәрбиенің  жемісі.

Отбасындағы  ер  баланың  рөлі  үйде  басқа  балалардың  болуына  байланысты  ата-ананың  талабына  сай  жүктеледі. Ұлдың  үлкені  отбасындағы  балаларға  жаппай  қамқорлық  жасайды. Ұлдың  кенжесі – «қара  шаңырақ»  иесі. Ата-анаға  жақын  өседі, себебі, өскенде  ата-анамен  бірге  тұратын  — кенже  ұл. Үйдегі  жалғыз  ұл  анасынан  әлпештеу  көргенімен, әкесінің  бірден-бір  сенімді  көмекшісі  болуға  тиіс.

Сырттың  жұмыстары: отын-су  әкелу, малға  қарау, жем-шөп  дайындау, қора-қопсы, аула  тазалықтарын  реттеу  жүктеледі. Егер үйде  қыз  бала  болмаған  жағдайда  анасының  да  үй-ішіндегі  жүгін  жеңілдетуге  тырысады. Базарға, дүкенге  барып  азық-түлік  әкелу,  тұрмыстық  заттарды  қозғау  сияқты  жұмыстарға, сынған  жеңіл-желпі  заттарды  шегелеу, жалғау, бекіту  тәрізді  істерді  атқаруға  үйренеді. Үйде  ешкім  болмаған  жағдайда  өзіне-өзі  қызмет  ете  білетіндей (ас  пісіріп  ішу, кірін  жуып,  үтіктеу, ине  ұстап,  түйме  қадау   т.с.с)  дағдылар  қалыптасса  айып,  емес.

Қыз  бала  табиғатынан –ақ  отбасылық  жұмыстарды  атқаруға  бейім  болып  келеді. Сәби  жасынан  қуыршақпен  ойнаудың  маңызы  зор. Өз  ыдысын  жинап  үйренгеннен  бастап-ақ, дастарханға  не  қойылу  қажеттігін, қандай   ыдыстарға  не  салыну  керектігін  білу  арқылы  үстел  жасау, кір  жуу, шаң  сүрту, гүл  өсіру, үй тазалығы  сияқты  жұмыстарды  бірте-бірте  меңгеруі  тиіс. 12-13жастан  бастап  тамақ  даярлауды  үйреткен  дұрыс.  Іс  тігу,  үй-ішін  көңілге  қонымды  үйлестіре  қою  сықылды  жұмыстардың  қыз  балаға  тікелей  қатысты  екендігін  түсіндіру  қажет.

Қыз  балаға  өмірде  жүктелетін    жауапкершілік  аз  емес. Отбасындағы  басқа  балаларға  көмекші  болып,  болысып  жүреді. Қызы  бар  үйдің  өзіндік  қызығы  бар. Сезімталдық  пен  мейірімділікті  отбасындағы  өз  рөлін   меңгеруге  негіз  ету  керек.    Отбасындағы  келіннің  рөлі  өзінің  келген  ортасын  сыйлау, құрметтеу  арқылы  үй-ішінің  тірліктерін  атқаруды  меңгерумен  басталып, отбасылық  қарым-қатынастың  реттелуі  келіннің  іс-әрекетінен  көрініс  табады. Қайын  жұрттың  атын  атамау, ат  тергеу, үлкенге  құрмет  көрсетіп, бата  алу, сәлем  жасап, алғыс  алу  сияқты  сыйластықтың  кілті  келін  де  болуы  тиіс.

Қазақ  отбасында  күйеу  бала  рөлін  алып  жүрудің  өзіндік  қырлары  бар. Күйеу  балаға  ғана  қатысты  қайын  жұрттың  үлкенінен  кішісіне  дейін  тіл  табысу, көңілінен  шығу-құдалық  қарым-қатынасты  реттеудің  бастысы,  оның  қайырымдылығына   сай  жүктеледі. «Күйеу  атымен  күл  тасы»  деген  мәтел  күйеу  баланың  қандай  тұрмыстық  жұмыстарға  дейін  көмектесетіндігін  көрсетсе, оның  сыйласымға  ие  болуын  «әкенің  жақсылығы  жездедей-ақ» деп  бағалаған. Қазақтың  тұрмыстық  өміріндегі  әлеуметтік  рөлдер  осылайша  ерекшелене  түседі. Туыстық  жақындықтарға  байланысты  қазақы  этноәлеуметтік  рөлдер  өз  сипаттарын  заманға  сай  жақсарта  отырып,  ұлттық  ерекшеліктерді  де  жоғалтпауға, құндылықтарын  бағалауға, оның  тәрбиелік  маңызын  арттыруға  үлес  қосады. Қазақстан  Республикасын  мызғымас, біртұтас  мемлекет  ретінде  көру  мұратымыз  болса, онда  бақытты  отбасылық  өмірге  жасөспірімдерді   баулу  да  басты  мақсат  болатыны  сөзсіз. Қазақ  халқының  өзіне  сай  ұлттық  құндылықтарын  дәріптеу  арқылы  тәрбиелеу  ұлт  ұрпағын   жаhандану  кезеңіне  өз  ерекшелігімен  жетіліп, кемелденіп  жетеді  деген  мүддені  алуға  ұмтылғанымыз  жөн.



Сонымен, Ата-аналық рөлдер тәрбиесі: жылылық-махаббат-үлгілі әке-аяулы ана

  1. Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»

Телімелі тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдауы туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелеріне қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды.

Бұл телімелі тесті қолданған кезде ескеру қажет: әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық



Зерттелушіге нұсқау: «Отбасыңның суретін сал, отбасыңның әрбір мүшесі бір нәрсемен айналысқан болсын». Қалған нақты сұрақтарға ешқандай нұсқауларсыз жауап берген жөн. Мысалы: «Салуыңа болады, өзіңе қалай ұнаса, қалай салғың келсе».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет