Сабақтағы кері байланыс. Оқытудың мақсаты



бет2/13
Дата27.02.2020
өлшемі3,73 Mb.
#58147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сабақтың тақырыбы: Сәкен аға. Мәжит Сейфуллин

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ жазушысы Сәкен Сейфуллин туралы мәлімет , тың ақпараттар бере отырып, өмірге деген көзқарас қалыптастыру

Күтілетін нәтиже: - Оқушыны іздену,ойлау, өздігінен тұжырым жасауға бағыттау, -Берілген тапсырманы тез тиянақты орындау, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету Оқытуда Жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту, диалогты қолданылатын модулдер:оқыту, сыни ойлауға үйрету, АКТ қолдану

Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту

Сабақтың әдісі: Топтағы диалогтік оқыту әдісі

Көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, постер, маркер т.б Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты топқа бөлу -Армысыңдар балалар, Әзірмізбе сабаққа Ана тілі сөз өнері, Сай келейік талапқа Бар ма үйден дайындық, Тапсырмаңыз дұрыс па Оқымасаң уайым қып, Тығылмаңыз қуысқа Ойымызды айтайық, Біліміңізді байқайық Тексеруші ұстаздар, Қалсын бір сәт марқайып.

Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Күн шуағы » -Абайдың үйін осындай әдемі етіп ұстаған кім?

-Киіз үйді көрген Әуез қарт қандай күйде болды?

-Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді?

-Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

Оқушылар кубиктердің әр қырындағы сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабақ: Сергіту сәті: «Қамқорлық» тақырыбында бейне фильм көрсету.

Ребус шешу. Шешуі: «Аға» сөзі шығады.

-Аға деп кімді айтамыз?

-Ағамыз бізге өзінің ағалығын қандай қасиеттері арқылы танытады?

-Сендер аға, әпке ретінде өздеріңнен кішілерге қандай қамқорлық танытар едіңдер? Жаңа сабақты үй тапсырмасымен байланыстыру. Әр топ топпен бірлеседі, ақылдасады, кеңеседі. Ребусты шешеді. Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарға өмірмен байланыстыра отырып жауап береді. Абай шаңырағы М.Дулатов,Ы.Алтынсар

1)Балалар біздің үй тапсырмасы кім туралы еді?

2)Қазатың қазақ әдебиетіндегі тағы басқа қандай ақын, ғалым – жазушыларды білесіңдер?



Оқулықпен жұмыс. Мәжит Сейфуллин. «Сәкен аға.» Мәтінді үш бөлікке бөліп, мәтіннің мазмұнын мәнерлеп, түсініп оқуға тапсырма беремін. Әр топқа өз мәтініне байланысты постер жасатамын.

ин, Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынұлы, Ш.Уалиханов С.Сейфуллин т.б Оқушылар топпен бірлеседі, кеңеседі, мәтін мазмұнын түсініп оқып, әр бөлікке ат қойып, өз түсінгендерін постерге түсіреді. Мәтін мазмұнына байланысты топтағы оқушылар жасаған постерлерін қорғап шығады. Постерді өмірмен байланыстырады.



Қорытынды: 3 топқа мәтінге байланысты үш түрлі тірек сызбасын тапсырамын.

Кері байланыс.(рефлексия) Тақтаға 3 түрлі смайликтерді іліп, оқушылар мәтін бойынша өз түсінгендерін сол смайликтерге іледі.

Оқушылар «Сәкен аға» мәтіні бойынша алған түсініктерін тірек сызба арқылы жеткізіп топпен бірлесе отырып қорытындылайды. Оқушылар сабақ туралы оң теріс пікірлерін стикерге жазады.

Бағалау: Смайликтер арқылы бағалау

Үйге тапсырма: Мәтінге байланысты «аға», «әпке» тақырыбында өздерінен кішілерге қамқорлық көрсетуі туралы шығарма жазып келу.

Оқушылар берілген тапсырманы түсіне отырып қабылдайды.

Коучинг-сессия жоспары

Тақырыбы : Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Мақсаты : Сыни тұрғыдан ойлау туралы түсінік беру.

№ Коучинг кезеңдері

Қолданатын әдіс-тәсілдер

Уақыт ы

Коучинг қатысушы- лардың іс- әрекеті

Күтілетін нәтиже

I. Ұйымдастыру (сәлемдесу, топқа бөлу (қатысушыларға әр түрлі гүлдер суретін тарату, сол бойынша бөлу)

Топқа бөлу 3 минут Шеңберде тұрып бір- біріңізге тілек айту.

Ынтымақтас- тық байланыс орнату.

I I.

Фильм көрсету «Әлемнің жеті кереметі»



Интербелсенді тақта Бейнеролик

5 минут


көрсету

I I I.


Интерпретация Фильмді талдау

5 минут Фильм туралы өз ойларын айту.

Қатысушыла рдың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

I V .


Сын тұрғысынан ойлау және Блум таксономиясы туралы түсініктерін кеңейту

Интербелсенді тақта Слайд арқылы түсіндіру

10 минут

Тыңдау.Сұрақ тарға жауап беру.

Қатысушыла рдың ойын біріктіру, топтастыру.

V .


Сергіту сәті Би жаттығулары

2 минут Қимыл жасау арқылы сергіту

V I.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу



Интербелсенді тақта Слайд арқылы түсіндіру

10 минут


Тыңдау.Сұрақ тарға жауап беру.

Қатысушыла рдың ойын нақтылау

V I I.

Сергіту сәті «Мен» тренингі



5 минут Қатысушы- лар геомет- риялық фигуралар сызу арқылы өзінің қандай екенін біледі.

Адамға жақсы көңіл- күй сыйлау

V I I I.

Қорытынды Рефлексия

2 жұлдыз, бір тілек

5 минут Не ұнады? Не ұнамады? Сұрақтарға жауап береді. Қатысушыл ар өзін өзі бағалау.

Қатысушыла рдың пікірін анықтау

Коучинг-сессия жоспары

Мұғалімдер: Досжанова Лаура Сабақтың тақырыбы: Жас ерекшеліктеріне сай тапсырма беру тиімділігі

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға,жақсы көру сезімдерін байқау,балаға деген сүйіспеншіліктерін нығайтуға ықпал ету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд

Керекті құрал – жабдықтар: 6- орамал ,плакат А3 формат,пламастер

Әдісі: пікірталас

Жұмыс түрі: дөңгелек үстел

Психологиялық бағыты: психоконсультация

Психолог сөзі:

Сіздерді бүгінгі «Мен сені жақсы көремін !» атты психологиялық бағыттағы дөңгелек үстелге қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Яғни біздер баламыздың нәресте кезеңінде өзіне көңіл аудартып, өмірге «МЕН» деп айқайлап келетіні,жарық дүниеге бір пенде келгенін өзінің бақырып-шақыруы арқылы сезіндіреді. Бірақ «Менді» біліп туған сәби,өзгенің көмегінсіз,тәрбиесінсіз,үлкеннің ақылынсыз,екінші қасиетті бойына дарыта алмайды.Туа біткен қасиет пен жүре түзелер қасиеттердің екеуі екі бөлек.Бірі өзімшілдігі оңай дамыса,өзін еркін таныта алса,ал екіншісі адамды сүю оңай шаруа емес. Сондықтан отбасында ата-ананың балаға деген сүйіспеншілік сезімі қаншалықты жоғары деңгейде болса, баланың психологиялық-физиологиялық дамуы қалыпты жағдайда қалыптасады.

- Олай болса, түйіні терең ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

- Қазір мен сіздерді екі топқа бөліп, топтық жұмыс жасауда 2 сұрақ ұсынамын.Сол сұрақ төңірегінде сіздер пікірлеріңізді плакатпен жұмыс жасау арқылы қорғап шығасыздар?

1 сұрақ: Өз балаңызды жақсы көру деген нені білдіреді?

2 сұрақ: Неліктен кейбір ата-аналар өз балаларын жақсы көрмейді? Себебі не?

- ата-аналардың пікірлері тыңдалады.

Психолог сөзі: Жарайсыздар! Рақмет сіздерге! Ал енді «Әке мен бала» арасындағы шағын диалогке назар аударсаңыздар.

* Әкесі науқастанып,ауруханада жатыр.Қызы әкесінің халін білуге алыстан келіп тұр еді.

- Ләззат келіпті гой ,қызым менің!Қане саған жақсылап қарап алайыншы! Қасыма отыршы.

- Қалайсың әке? Халің қалай?-деп сұрады Ләззат

- Нашар,қызым,нашар.Аз ғана өмірім қалды-ау деймін....

- Әке қойшы,олай демеші!

- Тоқтай тұр,Ләззат менің саған айтарым бар.Мен осында жатып көп ойландым.Сен туралы, анаң туралы,өмір жайлы.....Сонда түсінгенім:сен мен үшін өте қымбатсың,сен –менің қуанышымсың,қанымсың.Бірақ мен өмірімде саған ең басты маңызды сөздерді, сені қалай жақсы көретінімді айтпаппын. Мен сені әрқашан жақсы көрдім,Ләззат,бірақ соны саған ешқашан айтпадым.Жақсы көретінімді неге әрдайым айта бермедім деп өкініп жатырмын..... деген екен.

Психолог сөзі:

Біздің балаларымыз да әрқашан бізден осы сөздерді күтеді.Ендеше балаларыңызға жақсы ,жылы сөздерді жиірек айтып отырсаңыздар деймін.

Ата –ана бала көзімен қарағанда қандай әсерде болатындарыңзды байқап көру мақсатында «Бала мүсіні» атты көріністі ұсынамын.

Психолог сөзі: Баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыим сөздерді естерінде сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады.

Менің кішкентай қызым бірінші сыныпта оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз,автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады,тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақтар қояды.Мен қызымның қолынан алдым да,жүгіре жөнелдік.



  • Мама,анау не,қарашы!-деді қызым.

  • Уақыт жоқ,аяғыңның астына қара,сүрінесің де жүресің!Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым сөздерді тура мғынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз әрі қарай мектепке асығып кетіп барамыз.Автобусқа мініп,мен онда өзімнің құрбымды кездестірдім.Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық.Қызым мұхият тыңдап, содан соң былай деді.

  • Мама,мама,құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім?-деді.

  • Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой,үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын байлаймыз)

Біз а втобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз.Мен кешігіп қаламыз ба деп

қайта-қайта сағатыма қарап келемін.

Бүгін қандай күн,тамаша болады!Мама мен Малика күтіп отырған шығар

,мен оған фантик әкелемін дегенмін,анау ше..... –деді.



  • Қойшы! Не былшылдап кеттің ,уақыт жоқ,онсызда кешігіп келеміз.Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда,әрі қарай жылжыдық.Қызым үндемей келеді,бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім.

  • Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен.Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып,оған айқайладым.

  • Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын байлаймыз) Мен сағатыма қарап,кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.

  • Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек,жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты,я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара,сүрінбей,соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы!Неғып үндемей қалдың,мен сенімен сөйлесіп тұрмынғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайлады.

  • Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған.Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп,әрі қарай қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.

Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау

  • Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?

  • Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?

  • Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?

Қорытынды:

Психолог сөзі: Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер!

Атақты жанұялық терапевт Вирджиния Сатир балаңыздың дұрыс қалыптасуына күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін айтқан. Яғни балаңыздың өмір сүруі үшін 4 рет құшақтау өте қажет болса,ал өзін жақсы сезіну үшін кем дегенде 8 рет құшақтау керек деп есептеген.Ал баланың интеллектуалдық жағынан дамуы үшін- күніге 12 рет құшақтау қажет деген. Ересектер үшінде өте қажет екенінде айтқан. Бала өзі ата-ана құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды.Бала өзін риясыз қабылдайтынын сезініп өсу керек. Балаңыздың психологиялық дамуына көмектесе отырып, эмоционалдық жағынан қоректендіреді.Бала осындай белгілерді алмаса, онда эмоционалдық проблемалар,мінез-құлқындағы ауытқушылықтар пайда болып,тіпті психикалық –жүйке ауруларына да ұшырауы мүмкін.

Ата-аналарға арналған дөңгелек үстел

Скачать материал



Чтобы скачать материал, введите свой email, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку

Начало формы



Ваше имя

Введите свой емэйл

Я учитель Я родитель Я ученик

Конец формы

Нажимая кнопку, Вы соглашаетесь получать от нас email-рассылку

Если скачивание материала не началось, нажмите еще раз "Скачать материал".

Скачивание материала начнется через 60 сек.

А пока Вы ожидаете, предлагаем ознакомиться с курсами видеолекций для учителей от центра дополнительного образования "Профессионал-Р"


(Лицензия на осуществление образовательной деятельности
№3715 от 13.11.2013).

Получить доступ





Узнать подробнее

  • Другое


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет