Диффузия құбылысы. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі. Заттың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру
1.Диффузия құбылысы мен температура ұғымдарын және олардың байланысын білуі. Тұрмыста, табиғатта және адам мен жан-жануарлар әлемінде диффузияның пайдалы, зиянды жақтарын түсінуі;
2. Молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары арқылы зат күйлерінің қасиеттерін талдау
3. Құбылыстардың ерекше сипаттамаларын, қасиеттерін, құбылыстың негізгі себептерін қорытындылай алу.
Сабақтың міндеттері:
Барлық оқушылар:
Диффузия құбылысы мен температура және заттың күйлері ұғымдарды және олардың байланысын біледі, пайдалы және зиянды жақтарын түсіндіре алады.
Оқушылардың көпшілігі:
Молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары арқылы зат күйлерінің қасиеттерін сызбалар көмегімен талдай алады.
Кейбір оқушылар:
Құбылыстардың ерекше сипаттамаларын, қасиеттерін, құбылыстың негізгі себептерін жинақтап, өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады.
Тілдік мақсаттар
Негізгі сөздер мен тіркестер: диффузия, температура, Цельсий, Кельвин, Фаренгейт шкалалары
Пәнаралық байланыстар
Математика , биология
Алдынғы білім
Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі. Заттың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру
6. Химиялық элементтер бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
Мұғалім оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын өткен тақырып бойынша береді.
Мұғалім әр оқушынның жауаптарына «Жарайсың»,
« Зейіндерің өте жақсы!»
ойлану
талқылау, диалог
жауап беру
Мадақтау
3 мин
Миға шабуыл. Интербелсенді тақтадан сурет көрсетіледі
4 жасар қыз анасына көрсетпей басына үш құты әтір сеуіп алыпты. Анасы болған оқиғаны көрмей-ақ қалай біліп қойды?
Оқушылар суретке қатысты ой-пікірлерін білдіреді.
Негіз
гі бөлімі
13 мин
Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.
1-топ. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия
2-топ. Температура.
3-топ. Заттың күйлері
Мұғалім шағын топ ішіндегі оқушылардың жұмысын бақылайды: Барлық оқушылардың белсенділігін, әрекет түрін, оның сапасын, өзара ынтымағын, нәтижеге жету ниеттерін бақылайды.
Арнайы рөлдерге бөліну арқылы шағын топта кіші жоба әзірлейді. Топтық жұмысты құрылымдауға үйренеді. Басшы ролдерге бөледі, бақылайды,
Оқушылар жоба бойынша сұрақтар қояды-жауап береді,
Критерий арқылы бағалау
1.Қорғау тәртібін сақтау: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашылуы;
3. Өмірден мысалдар келтіруі.
3 мин
Жұптық жұмыс. «Кім жылдам?»
1. Қыста қатып қалған кішігірім табиғи суларда суаттар ояды. Не үшін? Балықтардың тұншығу себебі неде?
2. Аузы ашық ыдысты ортасына дейін газбен толтыруға бола ма?
3.Қант салқын шайға қарағанда, ыстық шайда тез ериді? Не себепті?
Мұғалім шағын топтың ішіндегі белсенділігі төмен оқушыны белсенділігі жоғары оқушымен жұптастыруды стикерлер көмегімен ұйымдастырады
Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.
«2 жұлдыз, 1 тілек»
Оқушылардың танымы, сөйлеу, тыңдалым,жазылымы, оқылымы, ойлау қабілеті артады
Мұғалім сынып ішіндегі барлық оқушыларға кестені толтыруды қадағалайды. Әсіресе мұғалімнің назарында А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекетін бақылау.
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?