Бақылаушы:олимпиада, портфолио, сайыстар, тест.
Мультимедиялық: аудио, бейне ресурстарИнтернет ресурстары Компьютерлік бағдарламалар;
Денсаулық сақтау:психологиялық комфорт атмосферасы; іс - әрекет түрлерін өзгерту; сергіту сәттері; сазбен өрнектеу.
Концерт – сабақ. Білім алушылар оқылған тақырып бойынша топ алдында өздерінің дайындаған нөмірлерін көрсетеді. Оның барысында музыкалық фрагменттерді немесе көрнекілерді (сурет, слайд) пайдалана алады.
2.Мұғалiм оқушымен жеке, топпен, сыныппен жұмыс iстейдi. Фронтальдық жұмысты ұйымдастырғанда барлық оқушылар мұғалiмнiң басшылығымен жұмыс iстейдi. Топта 3-6 оқушы бiрге жұмыстанады. Фронтальдық жұмыста оқушылар бiр оқу жұмысын атқарып, мұғалiм нәтижелерiн қорытындылап, тақырыпты түсiндiредi, оны талқылауға барлық оқушыларды қатыстырады.
Мұғалiм оқушылар орындай алатын жұмыстарды тауып, пiкiр айтқысы келетiндердiң бәрiн тыңдап, әдептiлiк көрсетедi. Оқушы өз бiлгенiн ортаға салып, басқалардың жауаптарын тыңдап, оларды өз бiлiмiмен салыстырады, қате, толық емес жауаптарды көредi.
Фронтальдық жұмыста мұғалiм тақырыпты барлық оқушыларға түсiндiредi.
Сонымен фронтальдық жұмысқа тән белгiлер:
оқу жұмысын жүргiзетін мұғалiм сыныптағы барлық оқушылармен тiкелей іскерлік қарым - қатынас жасайды; әңгiмелейдi, түсiндiредi, оқушыларды проблема талдауға қатыстырады, оқушылардың бәрiне басшылық етіп, нұсқау береді;
мұғалiм оқушылардың идеялық жағына, сезiмiне тiкелей әсер етіп, оқушылар мұғалiмдердiң қойған сұрақтарына жауап берiп, сезiмдерiн, ой-толғаныстарын білдіреді;
әрбiр оқушы мұғалiм берген ақпаратты меңгеруге тырысады;
мақсатқа жетуге әрбiр оқушы үлес қосады;
мұғалiм оқу ситуацияларын жобалап, сыныппен байланыс орнатып, олардың назарын сабаққа аударып, бiлiмдi қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың соңында білім тексеретiн сұрақтар қойған жақсы. Тақырыпты проблемалық, түсiндiрмелi - иллюстративтiк әдiспен ашуға болады, бiрақ оқушылармен іскерлік байланыс болуы қажет;
фронтальдық жұмыстың тиiмдiлiгi мұғалiмнiң барлық оқушыларды өз назарында ұстауына, әрбiр оқушыны белсендi жұмысқа тартуына, зейiндi шоғырландыра білуiне, тәртiптi ұстауына байланысты.
егер оқушыларға құрғақ оқу ақпараттарын берсе, онда фронтальдық жұмыстың кемшiлiктерi көрiнедi;
нәтижелерiне жалпы баға берiледi.
Оқушымен жеке жұмыс.Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзi орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тiлiнен орыс және шетел тiлдерiнен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжiрибе жасау, тiрi табиғат бұрышында, оқу-тәжiрибе участогындағы жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу т.б. Тапсырмалар әрбiр оқушының жеке ерекшелiктерiне сай берiледi, үлгерiмдерi төмендер бiлiмдерiндегi кемшiлiктердi жоюға, жақсы оқитын оқушылар бiлiмдерiн тереңдетуге мүмкiндiк алады.
Мұғалiм әрбiр баланың жұмысын, әсiресе сабаққа нашар балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекшi сұрақ, қосымша жаттығу бередi. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып бүкiл сыныпқа тапсырманы қайта түсiндiредi.Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлерi өте пайдалы.Бағдарламалық оқыту - жеке жұмысты ұйымдастырудың өте тиімді түрi. Оқушының бағдарламадағы материалды меңгеруiне керектi жұмыстарды жақсы жоспарлап, оқу iс-әрекетiн тексередi. Оқушы өз жұмысының дұрыс-бұрыстығын сол сәтте тексередi. әр оқушы өз мүмкіндігіне сай жұмыс iстейдi. Алғашқыда оқушы үлгiге, нұсқауға қарап жұмыс iстейдi, оқу iскерлiктерiне үйренген соң оқушы мұғалiмнiң көмегiнсiз жұмыс iстейдi. Мысалы жоғары сыныптарда әр оқушы тапсырма алып, оны орындау жоспарын жасайды, материал, прибор, аспаптар iрiктеп, жүйелi iс-әрекет жасайды, жұмыстың нәтижелерiн белгiлеп отырады. Жеке жұмыстарды оқушы оқу материалын өз бетiмен оқи алатын болғанда ғана алады.
3.Топтағы оқушылардың саны жұмыстың мазмұнына және сипатына байланысты 2-6 оқушыдан болады, одан артық оқушы болмағаны жақсы.
Кезеңдерi:
топтық тапсырманы орындауға оқушыларды әзiрлеу, оқу мiндеттерiн қою, мұғалiмнiң топқа қысқаша нұсқау беруi;
топта оқу мiндеттерiн орындау жоспарын талқылау және жоспарын жасау, мiндеттердi орындау тәсiлдерiн анықтау, мiндеттердi бөлу;
оқу тапсырмаларын орындау үшiн жұмыстану;
мұғалiмнiң бақылауы және топтың және жеке оқушылардың жұмыстарын түзету;
оқушылардың бiр-бiрiнiң оқу жұмыстарын тексеруi;
мұғалiмге нәтижелердi айту, оның басшылығымен пiкiр таласын өткiзу, толықтыру және түзету, мұғалiмнiң қосымша ақпарат беруi, қорытындылар жасау;
топтың, сыныптың жұмысына баға беру.
Оқу үлгерiмi әртүрлi оқушыларды бiр топқа бiрiктiруге болады.
әрбiр оқу пәнi бойынша бiр оқу тоқсаны, жарты жыл аяқталғанша жұмыс істейтін топ құруға болады. Кейде бiрнеше сабақтарда ғана топ жұмыс iстейдi. Оқу пәндерiнен консультанттар тағайындалып, олар оқушылардың жұмыстарын тексередi және бағалайды. Мұғалiм консультанттың жұмысына басшылық етедi. Консультант өз тобының мүшелерiнiң теориялық материалды меңгеруiне, iскерлiк, дағдыларын шыңдауына көмектеседi, топ мүшелерiне жұмысты бөлiп бередi, жұмысты бақылайды, бiлiмдi, тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексередi, жазба жұмыстарына сын-пiкiр жазады. Мұғалiм консультантқа әдiстемелiк нұсқау бередi.Тапсырма бiрдей де, әртүрлi де берiледi. Жұмыстың нәтижесiн сабақ соңында тексеру керек. Топқа бiрiгу практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар iстегенде, шет тiлi сабақтарында ауызекi сөйлеуге дағдыланғанда, дене тәрбиесiнде жаттығу арқылы дағдыланғанда, еңбек сабақтарында жобалау-техникалық жұмыс iстегенде, мектеп жанындағы участоктегi жұмыста, мәтiндi, тарихи құжаттардың көшiрмесiн оқығанда пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: |