Когнитивтік:жобалау іс әрекеті, дөңгелек жоза, пікірсайыс, конференция.
Жобаларды қорғау сабағының мақсаты — білім алушылардың сабақта алған білімін бекіту, оларды жоба арқылы қорғау, қорытындылауға үйрету. Жобаны қорғау барысында білім алушылардың эстетикалық талғамы, еңбек мәдениеті, логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Білім алушылар өз еңбегін қорғауға ұсынып, оқытушы мен топтастарының сұрақтарын ажауап береді, өз пікірлерін дәлелдейді.
Жобалау технологиясы бойынша оқушылар жұмыстарының бірнеше түрлерін орындайды. Мысалы: баяндама , реферат дайындап, баяндау; әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дайындау; пән бойынша апталықтың бағдарламасын жасау, мерейтойлардың ашуларын дайындау ( ұйымдас-тырылған жоба); шағын қойылымдар, концерттер дайындау
( жоба – инсценировка); жобалар бойынша жасаған моделдерін пайдаланып көрме ұйымдастыру ( жоба- көрме); видеофильм түсіру ( жоба – бейнефильм); компьютерді қолданып, видеоклип, слайд, музыкамен сүйемелдеу ( жоба – мультимедия).
Баспасөз-конференция сабағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады. Білім алушыларды белгілі бір мәселені шешуге үйретеді. Конференция барысында білім алушылар шығармашылық талқылауға қатысып, мәселенің шешу жолдарын табуға дағдыланады. Тақырыптық конференция белгілі бір өзекті мәселе бойынша жүргізіледі. Осындай сабақтарда пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Тақырыпты білім алушылардың өздері белгілеп алғандары дұрыс болады. Ол үшін сауалнама жүргізу немесе ауызша сұрақтар қою әдісін пайдалануға болады.
Пікірсайыс дегеніміз — белгілі тақырып көлемінде арнайы ережелермен шектелген сөз жарыстыру, білім таластыру өнері. Қазіргі таңда пікірсайыстың әртүрлі форматтары бар. Олардын барлығы жаңа заман педагогикасындағы субъект принципіне негізделген. Пікірсайыс технологиясынын мақсаты — окушыларды жан-жағынан сын көзбен карап, орын алып жаткан құбылыстарға өзіндік баға беруге, айналасындагы адамдармен еркін карым-қатынас орнатып, жалпы коғам өміріне белсенді араласуға тарту. Пікірсайыс мұғалім мен оқушылар арасында, оқушы мен оқушы арасында, окушылар топтарының арасында болуы мүмкін. Бұл технология окушы мен мұгалім арасындағы авторитарлы стильдегі қатынасты ашык демократиялық стильге түрлендіруге мүмкіндік береді. Осындай стильдегі карым-қатынас оқушы мен мұғалімнің шығармашылыкқа деген әлеуетін көтереді.Пікірсайыс әңгіме болғалы отырган заттар жайлы белгілі бір білімнің болуы талап етеді. Аталмыш заттар жаиындағы білімдер жүйелі болмаган жагдайда да пікірсайыска түсу мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғашқы қатысушылардың белгілі бір жүйелі білімі болады.Мәліметтер төнкерісі болып отырған заманда окушылар бүкіл жаналыктарды оқып тануы мүмкін емес. Осы тұрғыдан алганда білім беру мекемелерінде жүйелі жұмыс жасайтын пікірсайыс Блерінін алар орны ерекше. Аталмыш пікірсайыс бәсекелерін әртүрлі пәндер үшін арқылы формада ұйымдастыруга болады. Жоспарланган сұрақтар бойынша окулықтардан мәліметтер жинактап, белгілі бір ой корытады. Пікірсайыстық ойлар жүйелініп, тындалып, талкыланады, ортак пікір іздестіріледі. Пікірсайыстын белсенді мүшелерін сараптық комиссияга, ұйымдастырушы алқада катынастыруға болады. Пікірсайыс технологиясы тәрбие үдерісінде шеткі құралдардың бірі ретінде қолданылады.
Оқырман конференциясы — оқырмандармен жүргізілетін белсенді жұмыс түрінің бірі. Оқырман конференциясының мәні оның өткізілуінде ғана емес, әр оқырманның сол кітап жайлы өз көзқарасын, пікірін тындау, дәлелдеу және өзге пікірлермен де санасу болып табылады. Конференция пікір алмасу түрінде өткендіктен, оның негізіне оқығанды талдау жатады. Оқырман конференциясының түрлері: мазмұны бойынша - көркем шығармалар және арнайы әдебиеттер болып бөлінеді. Көбінесе, оқырмандар конференциясы көркем әдебиеттерді талқылауға арналады, Олар бір немесе тақырып бойынша топтастырылған бірнеше кітапты (такырыптық), жеке авторлардың шығармашылығына арналуы мүмкін. Оқырмандар конфренциясының келесі түрі - автордың қатыстырылуы арқылы өтетін окырман конференциясы. Конференцияның бұл түрі шығарма авторымен дидарласуға мүмкіндік береді. де ерекшеліктерін білулері қажет.Оқырман конференциясын жаңа ағымға байланысты түрлендіруге болады. Мысалы: кең ауқымда қамтылған жазушы өмірі мен шығармашылығын қамтитын слайд топтамалары, түрлі-түсті әсемделген зиялы қауымды және тұрақты оқырмандар үшін арнайы шақыру қағазын даярлау, интернет желісі арқылы ақын-жазушы шығармашылығына арналған сайттар топтамасы жайлы деректер, табылған жағдайда жазушы жайлы деректі фильмдер мен роликтер шараның ажарын аша түседі. «Ұлт аралық келісім – қоғам дамуының кепілі» атты дөңгелек жозаның үлгісі:
1. Шақырылатын қонақтар саны – 50 адамнан кем болмауы тиіс.
2. Өткізілетін уақыты мен орны бойынша талдау, мониторинг және әдістемелік жұмыс бөлімімен келісу.
3. Шақырылатын қонақтар құрамында:
- Қазақстан халықтар ассамблеясының мүшелері;
- үкіметтік емес ұйымдар басшылары;
- Астана қаласы Мәслихатының депутаты.
4. Конференц-залға арналған дыбыс күшейткіш аппарат (микрофон), проектор (слайд немесе видео ролик көрсетуге арналған), ноутбук, су, стакан, шараға қажетті ақпараттық тарату құжаттары, қалам, және басқада қажетті құралдар;
5. Шараның бағдарламасы мен және т.б. ұйымдастырылу тәртібі бойынша талдау, мониторинг және әдістемелік жұмыс бөліміне ақпарат беру, келісу;
6. БАҚ қатысуын қамтамасыз ету.
7. шара уақыты 1-1, 5 сағаттан кем болмауы тиіс.
Іс-шара қазақ тілінде өткізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |