А= Z + N
Атомның химиялық қасиеті – электрондық қабатының құрылысына тәуелді.
Тапсырма
1939К калий атомында неше протон және нейтрон бар?
(Т) «Атомқұрылысы» тақырыбын қайталау. Оқушыларға І – ІІІ период элементтерінің атом құрылысының сызбанұсқасын және электрондық конфигурацияларын құрастыруды ұсыныңыз.
Ядрода протон мен нейтрондарды ұстап тұратын күштерді – ядролық күштер деп атайды.Атом ядросының қасиеті негізінен ядроның құрамымен анықталады. Мысалы оттек атомының құрамы былай жазылады
16
8О (8р,8n) 8e-
Жұптық жұмыс, қосымша №1 жұпта талқылау
Атом құрылысын анықтаудағы Резерфорд
моделі туралы материалдарды таратып беріп беруге болады.
Сонымен атомның заманауи теориясы электрон- белгілі массасы бар өте жылдам қозғалатын Электрондар – микробөлшектер, олардың атомдағы қозғалысын кванттық механика зерттейді. Ол элементар бөлшектердің әрекеттесуі мен тәртібін қарастырады.
Кванттық механика бойынша электрон өзін бөлшек және толқын түрінде байқатады, яғни корпускулалы - толқындық екі жақты қасиеті бар:
бөлшек сияқты қысым тудырады және жарық дифракциясына ұқсас электрондар дифракциясын береді.
Электронның заряды- 1,6∙10-19Кл
Салыстырмалы бірлігі -1
Массасы - 9,10∙10-28
Атомдық масса бірлігі - 0,00055
Периодтық жүйенің құпиясы - атомның күрделі құрылымын, оның сыртқы электрондық қауызының құрылысын, ядро айналасында электрондардың қозғалыс заңын ашқанда белгілі болды.Электрон бұлттарының пішіндері ,Сфера немесе шар тәрізді (S – электрон бұлты),гантель немеесе жартылай сегіздік (p – электрон бұлты), көлемдік сегіздік (d – электрон бұлты).
s orbitals,p orbitals , d orbitals ,
s, p, d, f орбитальдерінің пішінін салыстыруға тапсырма беруге болады. Тапсырма , төмендегі суреттерді сәйкестендіріңдер, қайсысыs, p, d орбитальдары , ал f орбитальдерінің пішінінің кеңістікте күрделі екенін айту керек.
(С) Оқушыларға бірнеше проблемалық сұрақтарды шешуді ұсыныңыз:
1.Электрон, электрон орбиталідеген не?
2. Сіз электрон бұлттарыныңқандайтүрінбілесіз?
3. s, p, d, fдеңгейшелеріне қанша орбиталь сияды?
Достарыңызбен бөлісу: |