Элемент – атомның бірдей түрінен түзілген жай зат.
Қосылыс – атомның әр түрінен түзілген күрделі зат.
Элемент: A, D, H
Қосылыс: B,E
Қалғаны – қоспа.
«Молекула» ұғымын түсіндіру:Атомдар өзара бірігіп молекула түзеді. Молекулалар атомның бір түрінен де және әр түрлі атомдардан да түзіле алады.
Молекуланың анықтамасын беру: Молекула - заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі.
Атом мен молекуланың бар екенін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіру:
Суды тоқ жіберетін аппаратпен айырғанда (ыдыратқанда, бөлшектегенде) бірінші түтікте газ екі есе көп түзіледі және ол газға жанған шырақты апарғанда, ол «пах» деп өшіп қалады, бұл қандай газ? – сутек газы. Ал екінші түтікке тұтанған шырпыны апарғанда, ол лапылдап жанады. Жануды қолдайтын қандай газ? – оттек газы.
Су молекуласы сутектің екі атомына және оттектің бір атомына ыдырайды. Бірдей атомдар бір-бірімен қосылып, сутектің екі молекуласы және оттектің бір молекуласы түзіледі. Сондықтан 1-түтікте сутек оттекке қарағанда екі есе көп түзілді.
Тапсырма. Молекула құрамын анықтаңыздар.
Берілген атомдар бойынша көрсетілген молекулалардың құрамын атайды.
Келесі тапсырма: Молекула құрамын сәйкестендіру.
Бағалау мұғалім пікірі бойынша жүргізіледі.
Атом мен молекуланың айырмашылығын анықтаңыздар.
Атом мен молекуланың айырмашылығын түсіндіретін кесте сызады.
|
Өздік жұмыс.
Кластер: «Атом» ұғымын қалай түсінесіздер?
Оқушылардың дұрыс деген барлық пікірлері қабылданады.
Мүмкін болатын жауаптар:
- ең ұсақ бөлшек;
- ядро және электрон қабатынан тұрады (білетін болса);
- бөлінбейтін бөлшек;
- бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін;
- молекулаға бірігеді;
- грек тілінен енген ұғым (білетін болса).
«Денелер көрінбейтін ұсақ бөлшектерден - атомдардан тұрады» деп болжам жасаған кімдер?
«Атом» сөзі грекше нені білдіреді?
Не себепті атомдарды көруге арнайы құрылғылар қолданылады?
19 ғасырдың басында атомдар теориясын ұсынған ағылшын ғалымы кім?
|