Сабақтың ортасы
3 минут
4 мин
10 минут
5 минут
5 минут
5минут
|
(
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыпқа қатысты дайын- даған слайдтарын көрсетеді, көшпелілер мәдениетімен таныстырады, қосымша мәліметтер береді, «көшпелілер» сөзіне кластер (2-тапсырма) құрастыруларын сұрайды.
Оқушылар слайдтарды тамашалайды, кла- стер құрастырады.
Көшпелі қоғам-көшпелі өркениет дегеніміз-негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып,күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын,белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық,саяси қауымдастығы және өркениеті.
Көшпелілер туралы түсінік,алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Көне қытайда «көшпелілер- жабайы,мәдениеттің –қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды «тағы жабайылардың тұқымы,өркениеттің жауы» деп есептеді.
Археолог К.Ақышевтың пікірі бойынша,Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы,темір дәуірінің басына ,яғни б.з.д 9-7 ғасырлырға дәл келеді. Осы кезден бастап,Орталық,Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу,ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап,жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан.
Ғалымдардың пікірінше,көшпелі жұрттар өз бетімен таптық қоғамның ең алғашқы сатысына жетеді,ал олардың әрі қарай дамуы отырықшы халықтардың ықпалымен ғана іске асады. Көшпелі қоғам-бұл даму болашағы шектеулі қоғам.
Көшпеліліктің шығуы көпшілік жағдайда ,географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақтытарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы-белгілі бір климаттық жағдайлар,экологиялық ұяның шектеулі мүмкіндіктеріне,табиғи ресурстарға байланысты.
Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңыойпаттары,Үстірт,Торғай,Жем жоталары,Бетпақдала,Балқаш маңы далалары,Сарыарқа,Іле Алатауларының тау беткейлері тау беткейлері және таулы өлкелері жатады.
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсыр- маны орындатады.
Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсыр- маны орындатады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5, 8-тапсырманы орындатады.
Б) Оқылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.
В) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орында- тады. «Аквариум» тәсілінің негізінде
|