Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру кезеңдері:
1. Жобалық, ол балалардың қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне диагностикадан, олардың ата-аналарының сұраныстарынан және оның нәтижелері негізінде ресурстық қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін есепке ала отырып, мектептегі сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру жүйесін жобалаудан тұрады.
2. Ұйымдастырушылық-қызметтік, оның аясында сабақтан тыс қызметтің әзірленген моделінің оның ресурстық қамтамасыз етілуі арқылы құрылуы және жұмыс істеуі жүреді.
3. Сараптамалық кезең, оның барысында сабақтан тыс қызметтің іске асырылушы моделіне талдау жүргізіледі.
Сабақтан тыс қызметті іске асыру үшін жағдайлар жасау. Сабақтан тыс іс- қызметті табысты іске асыру үшін мына бағыттар бойынша бірқатар іс-шараларды өткізу қажет:
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ресурстық орталықтарды құрудан тұруы мүмкін. Алғашқы құрамдас ретінде мына «ресурстық» модель бола алады: балаларға қосымша білім беру ұйымы бірнеше жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арнап білім беру үрдісін іске асыру үшін өзінде бар материалдық-техникалық базаны қолданады, ол мектептер балаларға қосымша білім беру ұйымына «топтасады».
Вариативті модельдің екінші құрамдас бөлігі де өзара қызметті ұйымдастыруға деген дәстүрлі амал-тәсіл болып табылады, яғни жалпы білім беру ұйымының оқушылары қызығушылықтары бойынша аталмыш жалпы білім беретін ұйымның базасында жұмыс істейтін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының үйірмелеріне, секцияларына, клубтарына және т.б. барады.
Оқушылар санының көп жағдайында аталмыш модельдің ары қарай дамуы мектеп базасында БҚББҰ тиісті филиалының ашылуына әкеледі.
Өзара қызметтің вариативті моделінің үшінші құрамдас бөлігі – бұл балаларға қосымша білім беру ұйымының базасындағы тағылымдамалық алаң қолданылатын модель. Бұл жағдайда БҚББҰ – бұл жалпы білім беру жүйесі педагогтерінің біліктілігін арттыруға арналған белгілі бір ұйымдастырушылық-әдістемелік орталық және базалық ұйым.
Балаларға жалпы және қосымша білім беретін ұйымдардың барлық өзара іс- қызметі жағдайларында ортақ бағдарламалық- әдістемелік кеңістік құрылуы тиіс. Мұндай өзара қызмет аясында іске асырылатын сабақтан тыс қызмет бағдарламаларының мақсатты бағдарлары нақты жалпы білім беретін ұйымның жалпы орта білім беру бағдарламасын игерудің жоспарланып отырған нәтиежелерін көздеуі тиіс.
Сабақтан тыс қызметті іске асыруды нормативті қамтамасыз ету мектептің басқа ұйымдармен өзара қызметін, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ білім беру үрдісі қатысушыларының қызметін ұйымдастыруға арналған тиісті құқықтық өріс құруы қажет. Білім беру ұйымдарының әзірленуші немесе үйлестіруші локальдық актілері Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келуі тиіс.
Қаржылық-экономикалық шарттар. Жалпы білім беру ұйымдарында және балаларға қосымша білім беру ұйымдарында жергілікті бюджеттерден қаржы бөлу арқылы тегін жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету ЖАО құзіретіне жатқызылған.
Заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдары тиісті білім беру бағдарламаларымен және МЖБС-пен қарастырылмаған ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетуге (қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту, арнайы курстарды және пәндер циклін оқыту, репетиторлық, оқушыларға пәндерді тереңдетіп үйрету сабақтары және басқа қызметтер) құқылы. Алайда бұл ақылы білім беру қызметтері бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын білім беру қызметімен бірге көрсетіле алмайды.
Сондықтан, егер қосымша білім беру қызметтері жоғарыда көрсетілген жағдайлар сақталған кезде сұранысқа ие болса, және бұл сабақтан тыс қызметтің қолда бар бағыттарын кеңейтсе, сондай-ақ тиісті құрал-жабдықтарға, орынжайларға және т.б. ақы төлеумен байланысты болса (мысалы, жүзу секциясы, мәнерлеп сырғанау секциясы, атқа мініп жүру секциясы үшін және т.б.), онда олар сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруға арналған қосымша ресурс ретінде қолданыла алады.
Сабақтан тыс қызметті іске асыруды ақпараттық қамтамасыз етуге мыналар енгізілуі мүмкін:
білім беру ұйымдары педагогтері, оқушылар және ата-аналар қауымдастығы арасында кәсіби-қоғамдық пікір мониторингін жүргізу;
білім беру ұйымдарының ата-аналар қауымдастығымен, әлеуметтік серіктестермен, басқа білім беру ұйымдарымен, білім беру саласында басқаруды іске асыратын органдармен өзара қызметін ұйымдастыруға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
түрлі мәліметтер базасын (нормативтік құқытық, әдістемелік және т.б.) құру және жүргізу;
сабақтан тыс қызметті іске асыруды жоспарлау, уәждеу, бақылау үрдістерін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аумақтық қашықтыққа қарамастан білім беру үрдісінің барлық субъектілеріне тек өңірлік немесе республикалық қана емес, сондай-ақ халықаралық конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді, осылайша олардың шығармашылық өзін-өзі іске асыруларына, оның ішінде сабақтан тыс қызметтегі өзін-өзі іске асыруларына арналған кеңістікті кеңейтеді.
Сабақтан тыс қызметті іске асыру өзінің міндеттеріне қарай білім беру үрдісін ұйымдастыруға, оған қатысушылар қызметінің нәтижелерін бағалауға, білім беру мазмұнын іріктеуге басқа (сабақтық формадағы оқу үрдісіне қарағанда) амал-тәсілдерді талап етеді.
Осы ретте білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ғылыми- әдістемелік сүйемелдеуге маңызды рөл беріледі, өйткені сабақтын тыс қызметтің ортақ бағдарламалық-әдістемелік кеңістігін құруды қарастырады. Білім беру ұйымдары үшін бұл ашық ғылыми-әдістемелік кеңістікке интеграциялану, педагогтердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға деген амал-тәсілдерді жаңарту дегенді білдіреді.
Сабақтын тыс қызметтерді іске асыруға арналған кадрлық шарттар:
білім беру ұйымының қажетті педагогикалық, басқарушы және өзге еңбеккерлермен қамтылуы;
білім беру ұйымының педагогикалық және өзге еңбеккерлерінің тиісті біліктіліктерінің болуы;
білім беру ұйымы педагогикалық еңбек ерлері кәсіби дамуының үздіксіздігі.
Оқушылардың сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру кезінде егер жалпы білім беретін білім беру ұйымында қажетті материалдық- техникалық база жоқ болса, балаларға қосымша білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мүмкіндіктерін қолдану керек. Каникул кезеңінде сабақтан тыс қызметті жалғастыру үшін балалардың демалыс және оларды сауықтыру ұйымдарының, жалпы білім беретін ұйымдардың және балаларға қосымша білім беру ұйымдарының базасында құрылатын тақырыптық лагерьлік және бейінді ауысымдардың, жазғы мектептердің мүмкіндіктері қолданылуы мүмкін.
Балаларға қосымша білім берудің құндылығы сол, ол жалпы білім берудің вариативті құрамдас бөлігін күшейтеді, мектепте алынған білім мен дағдылардың тәжірибеде қолданылуына септеседі, оқушылардың танымдық уәждемелерін ынтыландырады. Ал бастысы – қосымша білім беру жағдайларында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, қазіргі заманғы қоғамға бейімделу дағдыларын дамытады және бос уақыттарын толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін лады.
Қосымша білім беру – оқушылардың білім беру қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында іске асырылатын тәрбие беру және оқыту үрдісі (ҚР-ның «Білім туралы» заңы).
Балаларға қосымша білім беру – түрлі өмірлік жағдаяттардан (оның ішінде белгісіздік жағдайларынан) шығудың басқа, дәстүрлі емес жолдарын апробациялайтын, тұлғаға өз тағдырын таңдаудың көптеген мүмкіндігін беретін, тұлғалық өзін-өзі дамыту үрдісін ынталандыратын ізденістік білім беру. Қосымша білім беру өзінің әлеуетін толық көлемде іске асыруы үшін барлық педагогикалық жүйенің нақты әрі үйлесімді жұмысы қажет.
Мектептегі қосымша білім берудің өзгшелігі мынадан байқалды:
баланың мақсатты өз еркімен сабақтан бос уақытын өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін толыққанды дамыту үшін пайдалануы;
қызмет бағытын, педагогті, білім беру бағдарламасын таңдау еркіндігі;
қызмет түрлерін, ұжымды, педагогті ауыстыру мүмкіндігі;
қосымша білім беру бағдарламалары негізінде іске асырылатын білім беру үрдісінің шығармашылық сипаты;
бала мен педагогтің ерекше өзара қарым-қатынасы (ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық, балаға жеке амал-тәсілдер қолдану);
кәсібиге дейінгі дайындықты алу мүмкіндігі.
Балаларға қосымша білім беру тұлғаны оқытудан, тәрбиелеуден және шығармашылық дамытудан басқа бірқатар басқа әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, мысалы мынадай: балаларды жұмыспен қамту, олардың өзін-өзі іске асыруы мен әлеуметтік бейімделуі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, панасыздықтың, құқықбұзушылықтардың және балалар мен жасөспірімдер арасындағы басқа әлеуметтік емес құбылыстардың алдын алу. Балаларға қосымша білім берудің негізінде таңдау бойынша сапалы білім берумен қамту мәселелері, балалар мен отбасының әлеуметтік-экономикалық проблемалары, тұтас қоғамды сауықтыру проблемалары шешіледі.
Қосымша білім беру балаға өзінің жеке білім беру жолын таңдаудың, оқу үлгерімі деңгейіне қарамай өз қабілеттеріне сәйкес табысқа жету мүмкіндіктерін алудың нақты мүмкіндігін береді. Қосымша білім беруде бала сабақтың мазмұнын, формасын өзі таңдайды, сәтсіздіктерден қорықпайды. Осының бәрі табысқа жету үшін жағымды психологиялқ жағдау туғызады, бұл өз кезегінде оқу қызметіне оң ықпал теді.
Қосымша білім беру міндеттерін іске асыра отырып мектеп бір жағынан – білім беру стандартын игеру қажеттілігі мен екінші жағынан – тұлғаның еркін дамуы үшін жағдау жасау арасында орын алатын қарама-қайшылықты шешеді, бұл блім беруді жаңартудың аса маңызды ұстанымы ретінде жарияланған білім беруді ізгілендірудің негізі болып табылады. Гуманистік педагогика баланы тұлға және индивид ретінде қабылдауға, оның өзін-өзі іске асыруға және өзін-өзі анықтауға деген құқығын қорғауға бағытталуымен ерекшеленеді. Нақ осы қосымша білім беру аталмыш критерийлерге барынша толық сәйкес келетін болып шықты. Ол өзінің мәні жөнінен пәндік бағытта қалып отырған, мектеп стандартын игеруге бағытталған базалық білім беруге қарағанда тұлғаға бағытталған болып табылады.
Тек мектеп қабырғаларында білім берудің қос түрінің органикалық үйлесім табуы жеке баланы да, сондай-ақ бүкіл білім беру ұйымын да дамытуға көмектесе алады. Мұны ұғыну – мектеп педагогтерінің қосымша білім беруді негізгі білім берумен бір қатарда қабылдаулары жолындағы психологиялық кедергіні еңсерудің негізі. Қосымша білім беру қызметінің негізгі мақсаты балаларға өз ойларын білдіруге, өздігінен дамуға және өзін-өзі анықтауға жағдай жасау. Бұл мақсатты іске асыру үшін білім алушыны объект ретінде қарастырмай, белсенділік, дербестік, коммуникативтілік сияқты жеке қасиеттерді дамытуда мүмкін болып табылатын оқытудың субъектісі ретінде қарастыру қажет.
Балаларға қосымша білім беру жүйесінде білім беру үдерісі нақты өзіне ғана тән сипаттамалық ерекшеліктері бар:
негізгі оқу уақытынан бос уақытта балалармен іске асырылады, бағыт және қызмет түрлерін таңдау, жыл бойы қызмет сферасын ауыстыру мүмкіндігі болуымен ерекшеленеді;
еркіндікпен, бастамалармен және барлық қатысушылардың белсенділігімен (балалардың, ата-аналардың, педагогтердің), қатаң реттелмеуімен және қатаң талаптардың жоқтығымен сипатталады;
білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған танымдық қызығушылықтарын дамытады және білім алушыларға сабақтардың түрлі бағыттары мен түрлерін үйлестіру құқығын береді;
оның барлық қатысушыларына формалдық емес жайлылық сипатта болады.
Тек білім беру үдерісіне ғана сенім артуға болмайтыны туралы айтатын уақыт туындады, қосымша білім беруді екінші кезекте қабылдау стереотипін артта қалдыру қажет және оның оқытудың, тәрбиелеудің, баланы дамытудың ортақ үдерісіне біріктіре алатын объективті мүмкіндігін түсіну қажет.
Жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім берудің толық дамуы келесі міндеттерді орындайды:
1. Қосымша білім беру жүйесі әр балаға көңіліне жақын сабақты таңдауға, оқушылардың бос уақыттарын толық қамтамасыз етуге, көптеген пәндерді терең оқуға мүмкіндік береді.
2. Мектепте қосымша білім беру аясында оқушылармен жұмыс жасау маңызды тәрбиелік міндеттерді атқарады: оқушылардың бос уақытын мақсатқа сәйкес ұйымдастырады, шығармашылық тұлғаны қалыптастырады, әлеуметтік, мәдени және кәсіби өзін-өзі анықтауға жағдай жасайды, бейәлеуметтік тәртіпті алдын алады.
3. Биология, физика, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі және басқа пәндер бойынша пәндік кеңес беру осы пәндерден оқушыларға жобалық және зерттеушілік қызметтердің негіздерін оқуға мүмкіндік береді.
4. Қосымша білім беру жүйесі педагог кадрлардың шығармашылық әлеуеттерін жоғарылатуға, педагогикалық үздік тәжірибені анықтауға және таратуға мүмкіндік береді.
5. Инновациялық педагогикалық идеяларды, білім берудің модельдері мен технологияларын белсенді қолдануға жағдай жасайды.
Сөйтіп, қосымша білім беру балалардың рухани, зияткерлік, дене даму тұрғысында, шығармашылық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге міндетті. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - әр балаға білім беру салаларын, қосымша бағдарламаның бейінін және оны меңгеруге кететін уақытын еркін таңдауға мүмкіндік жасау. Бұл мақсатты орындау қызмет түрлерінің алуандығын, білім беру үдерісінің тұлғаға бағытталу сипаттамасын, оның тұлғасын тануға және шығармашылыққа деген уәждемесін дамытуға бағытталуына, балалардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, оларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |