Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері


Білім беру үдерісін ұйымдастыру



бет12/22
Дата07.05.2020
өлшемі98,16 Kb.
#66548
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
акерке1

2.1 Білім беру үдерісін ұйымдастыру
Қосымша білім беру блогының жұмысы жылдық және жоспарлардың басқа түрлерімен, мектеп директоры немесе оның қосымша білім жөніндегі орынбасары бекіткен қосымша білім беру бағдарламалары және жоспарлары негізінде іске асырылады.

Қосымша білім беру блогында оқу жылы 15 қыркүйекте басталады және ағымдағы жылғы 25 мамырда аяқталады. Жазғы каникул кезінде білім беру үдерісін (білім беру бағдарламаларында қарастырылған жағдайда) жорық, жиындар, плэнерлер, экспедициялар, түрлі бағыттардағы лагерлерде және тағы с.с. жалғастыруы мүмкін. Осы кезеңде білім алушылардың құрамы өзгермелі болуы мүмкін. Көп күндік жорықтарға шыққан жағдайда педагогтің жүктемесін көбейтуге рұқсат етіледі.

Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі сабақ кестесі балалардың және жасөспірімдердің міндетті оқу жұмыстарына қосымша жүктеме болып табылатынын ескере отырып құрастырылады.

Осыған байланысты, әрбір баланы бірлестікке қабылдағанда, денсаулығының жағдайы туралы анықтаманы және таңдаған бейіні бойынша қосымша білім беру топтарында оқуға мүмкіндіктері туралы дәрігерден қорытындысын көрсетуі қажет.

Сабақ кестесі оқу жылының басында білім алушылардың ең қолайлы еңбек және демалыс тәртіптерін ескере отырып, педагог қызметкерлердің ұсынысы бойынша әкімшілік құрастырады. Сабақ кестесін мектеп директоры бекітеді. Сабақтарды ауыстыру немесе сабақ кестесін өзгерту қосымша білім беру блогы бойынша әкімшілік келісімі бойынша жасалады және құжатпен ресімделеді. Мектептегі каникул кезіңде сабақтар арнайы кесте бойынша өткізіледі.

Балалар бірлестігінің тізімдік құрамы: - бірінші оқу жылы - 12-15 адам; - екінші оқу жылы- 10-12 адам; - үшінші және оқытудың кейінгі жылдары - 8-10 адам; Оқу-зерттеу қызметіндегі балалардың тізімдік құрамы 8 адам (мұндай топтарда білім алушылардың саны, оқу топтарына қарағанда аздау, 4-8 адам; сабақтар 2-4 адамнан тұратын топтарда өткізілуі мүмкін.

Қосымша білім беру блогында қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысатын балалармен жеке жұмыс жасау қарастырылған (аптасына 2-ден 6 сағатқа дейін). Жыл бойы сабаққа қатысуы төмендеген жағдайда, топтарды біріктіруге немесе таратуға болады. Бұл жағдайда артылған қаражат балалардың жаңа бірлестіктерін ашуға жұмсалады.

Аптадағы сабақтардың ұзақтығы мен саны қосымша білім беру педагогінің білім бағдарламаларымен, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарындағы балалардың қызметтерінің тәртібі мен талаптарына сәйкес анықталады.

Сабақтарда компьютерлік техникаларды пайдалану Санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы керек.

Бағдарламаға сәйкес педагогке білім беру қызметіндегі әртүрлі нысандарды: аудиториядағы сабақтар, дәрістер, семинарлар, жаттықтыру сабақтары, экскурсиялар, концерттер, көрмелер, экспедициялар және т.б. пайдалануға болады. Сабақтар бүкіл топпен, сондай-ақ 3-5 адамнан тұратын топтарда немесе жеке өткізуге болады.

Педагог өз бетінше баға қою жүйесін тандауға, білім алушыларды аттестаттауға құқылы. Тест, сауалнама, сынақ, сұхбаттасу, баяндама, реферат, олимпиада, байқау, көрме, конференция, концерт, басылым және т.б.

Білім алушыларды балалар бірлестіктеріне бағдарламада қарастырылған мерзімге қабылдайды. Мектеп жарғысын, Ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда білім алушыларды бірлестіктен шығарады. Білім алушы науқастанған жағдайда немесе шипажайлық-курорттық емдеуде болғанда, бірлестікте орны сақталады.

Оқушылардың қызметтері бірдей жастағы және қызығушылықтары бойынша әртүрлі бірлестіктерде (оқу тобы, клуб, студия, ансамбль, театр және т.б.) іске асырылады. Бірлестіктің жұмысына тізімдік құрамына кірмесе де, педагогпен келісіп, ата- аналарға да қатысуға болады. Әрбір білім алушы бір уақытта болатын әртүрлі бағыттағы бірлестіктерде оқуға, сонымен қатар оқытудың бағытын өзгертуге құқығы бар.

Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі білім беру үдерісінің мазмұны.

Қосымша білім беру жүйесінде көркем-эстетикалық, экология- биологиялық, тарихи-өлкетану, әлеуметтік-педагогикалық, дене шынықтыру – сауықтыру және т.б. бағыттардағы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.

Бірлестіктерде сабақтарды бір тақырыптық немесе кешенді (біріктірілген) бағдарламалар бойынша өткізуге болады.

Кешенді білім бағдарламаларын іске асыру үшін 2 немесе одан көп педагогті тартуға болады, оқу жүктемесі қосымша білім беру бағдарламасында көрсетіледі.

Педагог бағдарламаның Түсінік хатында көрсетілген білім беру міндеттерін, психологиялық-педагогикалық мақсаттылығын, санитарлық-гигиеналық нормаларды айқындайтын қосымша білім беру бағдарламасының мазмұны, оны іске асыру, әдісі мен формасы, бірлестіктің санын және жас ерекшеліктерінің құрамын өзі анықтайды.

Педагог қызметкерлер өздері дайындаған білім бағдарламаларын пайдалануға немесе мектеп директоры бекіткен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының бағдарламаларын қолдануына болады.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінде ұйымдастырылған білім беру үдерісі келесі талаптарға сәйкес болу керек:



  • дамытушылық сипаттың болуы, яғни балалардың табиғи қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталған (білім беру үдерісінде білім алушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейі өзіндік мақсаты, балалардың тұлғалық көп қырлы дамуы мен қабілеттеріне сәйкес жетістіктері);

  • формалары бойынша әртүрлі болуы (топтық және жеке, теориялық және практикалық, орындаушылық және шығармашылық сабақтар), сонымен қатар мазмұны бойынша (балалардың жалпы және арнайы қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды);

  • қосымша білім беру бағдарламаларының алуан түрлілігі — жобалық, модификацияланған, авторлық бағдарламаларына негізделуі;

  • олардың бәрі білім алушының дене және психикалық денсаулығына зиян келтірмеуі үшін білім беру үдерісіне енгізбестен бұрын әдістемелік немесе педагогикалық кеңесте қарастырылуы;

  • балаларды оқытудың дамыту әдістеріне негізделуі;

  • қосымша білім беру педагогіне пәндік салада сабақ беретін білімі жеткіліксіз: балаларға қосымша білім беруден оқытудың дамыту жүйесіне ауысуы әр оқытушыдан өз жұмысында психологиялық және дидактикалық принциптерді және балалардың қабілеттерін дамыту әдістерін, олардың жеке басының өсуіне ептілігін пайдалануды талап етеді;

  • балаларды оқытудың дамыту әдістеріне негізделуі;

  • қосымша білім беру педагогіне пәндік салада сабақ беретін білімі жеткіліксіз: балаларға қосымша білім беруден оқытудың дамыту жүйесіне ауысуы әр оқытушыдан өз жұмысында психологиялық және дидактикалық принциптерді және балалардың қабілеттерін дамыту әдістерін, олардың жеке басының өсуіне ептілігін пайдалануды талап етеді;

  • әртүрлі қызығушылықтары мен проблемалары бар балаларға жүрегіне жақын іспен айналысу үшін балалардың мүдделері мен уәждемелерінің диагностикасын пайдалану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет