Бірінші диагностика мәні – бұл тәрбиеленушінің өз тұлғасы
Оқушы тұлғасын дамыту қандай бағыттарда жүреді? Ол қандай құндылықтарға бағыт алған? Тәрбиелеу үрдісінде балада қоршаған әлемге, басқа адамдарға, өзіне деген қандай қарым-қатынастар қалыптасады?
Мектеп оқушысы тұлғасында болып жатқан өзгерістерді түрлі тәсілдер арқылы білуге болады. Бұл мектеп оқушыларының күнделікті өміріндегі, арнайы жасалатын педагогикалық жағдайлардағы; оқушыны адами қарым-қатынастардың күрделі әлеміне апаратын рөлдік, іскерлік, ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік ойындардағы, педагогтер ұйымдастыратын өзекті мәселелер бойынша топтық пікірталастардағы жүріс-тұрысын және эмоционалды-адамгершілік жағдайын бақылау болуы мүмкін. Бұл оқушының жазбаша жұмысына: күнделіктеріне, шығармаларына, эсселеріне, мектеп газеттеріндегі мақалаларына талдау жүргізу және т.б. болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |