Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері


«Спорттық бағдарлау» үйірмесінің бағдарламасы



бет18/22
Дата07.05.2020
өлшемі98,16 Kb.
#66548
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
акерке1

3.2 «Спорттық бағдарлау» үйірмесінің бағдарламасы
Түсініктеме хат

Бұл бағдарлама мектептегі «Спорттық бағдарлау» үйірмесінің тақырыптық сабақтары жəне оқушылардың өз өлкесімен танысып, спорттық бағдарлау үшін қажетті белгілі білім дағдыларын игеру үшін қажет.

«Спорттық бағдарлау» үйірмесі жергілікті жағдайда жетекшінің мамандығымен ынтасына байланысты əр түрлі бағытта болуы мүмкін. Сабақ жарыс, ойын жəне эстафеталық жарыс түрінде өтілуі мүмкін.

Оқушылардың жас шамасы 13-14 жастағылар, үйірмеге қатысу үшін дəрігерлік бақылаудан өтуі қажет. Сонымен қатар үйірме мүшелері жазғы, қысқы көп күндік топ серуенге, жорықтарға шығу алдында медициналық бақылаудан міндетті түрде өтіледі. Топ серуеннен оралғаннан кейінде, дəрігерлік бақылаудан өткізген жөн.

Үйірме сабақтарында, жорықтарда, саяхаттарда жас туристер нені білу керек:

1. Ең қарапайым көкжиек тұстарын анықтауды білу.

2. Азимутты анықтау.

3. Полярлық кескіндеу.

4. Топографиялық картаны пайдалана білу.

5. Қашықтықты анықтау.

6. Топтық жарақтарды жəне жеке жарақтарды білу.

7. Компаспен жұмыс істей білу.

8. Спорттық бағдарлау жарыстарына қатысу.

Сабақтың жоспарын құрғанда əр уақытта оқушылардың алдында қол жететін мақсаты жоспарланады. Оқушылардың үйірмеге қызығушылығын арттыру үшін жарысқа қатыстыру, қызғылықты объектілерге экскурсия жасау, бір күндік жəне көп күндік жорықтарға шығу көзделеді.

Үйірме жұмысының мақсаты оқушыларды бір күндік жəне көп күндік жорықтармен қысқы жəне жазғы көпкүндік саяхаттар екенін оқушылардың жақсы түсінуіне қол жеткізу қажет. Сабақтың тақырыптары үйірме мүшелерінің жас ерекшелігіне байланысты құрылады. Топ серуен мен жорықтардың бағыты топтың əзірлігімен, жол бағытының күрделілігімен жəне ұзақтығына байланысты таңдап алынады. Бір сабақтың жоспарында түрлі тақырыптар, тестілік тапсырмалар, баяндамалар, жорықтар, экскурсиялар, серуендер, эстафеталық ойындар жəне т.б. тақырыптар болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет