Сабақтан тыс қызмет мектептегі заманауи білім беру үдерісіндегі
маңызды компонент
Позитивті өзгерістер еліміздегі білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу қызметтер жүйесіндегі өз маңызын тапты. Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың, адамгершілікті, гуманистік бағыттың, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенді дамуындағы саяси және рухани маңыздылығын ұғымы үрдісі жүріп жатыр. Жалпы қазақ менталитетінің, мәдениетінің, ұлттық-тарихи дәстүрлерін ескере отырып, интеллектуалды, рухани және шығармашылық әлеуетін қайта түзету мақсатында шарттар құрылуда.
Мектеп әмбебап білімнің толық жүйесін, білік, дағды сонымен қатар оқушының жеке жауапкершілігі мен дербес қызмет тәжірибесін, мазмұнын қазіргі сапасын анықтайтын негізгі құзыреттілігін қалыптастыруы керек.
Білім беру мақсаттарының бірі оқу үрдісіндегі ұйымдардың жоғары деңгейін мойындайды. Осы тұрғыда қазіргі әлеуметтік мәдениетті жағдайға барабар болатын, оқу қызметіндегі жаңа ұйымның нысандарды іздеумен байланысты педагогикалық мәселе өзекті болып отыр, аталған мәселені шешу оқушылардың сабақтан тыс қызметтер жүйесінде мүмкін болады, ол ұйымдардың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін біріктіреді және білім беру жүйесіндегі дәстүрлі сыныптық сабақтық құрылымы мен әдістері, неғұрлым перспективалы нысандарын дамытуда жаңа серпін береді.
Сабақтан тыс қызметтің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі еркін тұлғаның тәрбиесін қамтамасыз ететін, әр оқушының танымдық қажеттіліктері мен қабілеттерін қалыптастыратын немесе мүмкіндігінше дамыту жағдайындағы ортаны ұсынады.
Сабақтан тыс іс шаралардың көп түрлі оқыту нысандары қызметтің алуан түрлі түрлеріне өте үлкен жағдай жасайды, ол оқушының, тек негізгі білім беру ауқымын кеңейту емес, сонымен қатар арнайы ғылыми және кәсіби білімдері, дағдылары мен ептіліктері үшін тарлық психикалық үрдісін қамтиды.
Сабақтан тыс іс- шаралар маңызды мақсаттарды шеше алады:
баланың мектептегі қолайлы бейімделуін қамтамасыз етеді;
оқушының оқу жүктемесін оңтайландыруға;
баланың дамуы үшін жағдайды жақсарту; оқушылардың жас және жеке бас ерекшеліктерін ескеру.
Сабақтан тыс қызметтің маңызы мен мәні оқушының қабілеттерін, бейімділіктерін, қызығушылықтарын дамыту үшін қосымша жағдай тұғызумен және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен аяқталады. Ол жағдай жасауға бағытталған:
баланың жайлы ортада шығармашылығын өмірдің түрлі аспектілерінде туындатуға және қоршаған ортаға оң қарым-қатынас қалыптастыруға;
баланың қарым-қатынас үрдісінде және балалар қоғамдастығындағы бірлескен қызметтерінде, құрдастары және педагогтермен белсенді араласуында жеке әлеуметтік тұлғасын қалыптастыру;
оқушының болашақ өмірлік жоспарлары мен перспективасын табысты жүзеге асыру үшін өзін-өзі кәсіби анықтауы;
мұғалім мен баланың арасындағы тұлға аралық қарым-қатынастардың жоғары деңгейі талап етіледі;
оқушылардың бір топтан басқа топқа ауысуы (тақырып бойынша, интеллектуалды даму деңгейі бойынша, жетекші педагогке);
білім берудің басқа түрлерінен айырмашылығы оқушылардың барлық топтарын дарынды, ақыл ойының дамуында ауытқушылығы бар, дене кемістігі бар, қоғамға жат мінез қылық бейімділігі бар, әртүрлі жастағы т.б. қамтуға мүмкіндік береді;
ата-анасының және оқушының өзгерістеріне жедел қызмет жасау, сабақтан тыс қызметтің дәстүрлі және инновациялық түрлерін сақтау;
алынған білім мен дағдылардың практикалық маңыздылығы;
білім беру кеңістігін кеңінен пайдалану (сабақтан тыс уақыты түрлі орындарда: кітапханада, акт және спорт залдарында, ойын бөлмесінде, топсеруенде т.б өткізу мүмкіндігі).
приоритет баланың нақты жеке қасиеттерін дамыту мен қалыптасыруда мақсат қояды, балалар ұжымында оң психологиялық ахуалды қалыптастыру, балаларды адамгершілік және мәдени құндылықтарға үйрету;
үй жұмысының орындалмауы.
Оқушылардың сыныптан тыс қызметі оқушылар үшін педагогті неғұрлым серпінді және қызықты қылатын тапсырмалардың әртүрлі түрлері арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар сыныптан тыс іс-шаралардың әртүрлілігі мұғалімге нақты қоршаған ортаны пайдалануға, ал оқушыға әлеуметтік шындықты өздігінен игеруге, жағдай туғызады. Сыныптан тыс іс-шаралардың әртүрлі түрлерін ұйымдастыру жалпы мектептегі оқу, акт және спорт залдарын, кітапхананы, сонымен қатар мәдениет үйіне жақын орналасқан үйлерді, балалар ойын сауық орталықтарын, спорттық нысандар мен стадиондарды пайдалануды ұсынады.
Сыныптан тыс қызметтің ерекшеліктері болып саналады:
сабактан тыс қызметтің мазмұны болып әр түрлі жас топтардағы балалардың қажеттіліктері олардың отбасы мүшелерінің қажеттіліктері қызығушылықтарын ескеру;
сыныптан тыс қызмет балалардың ерікті қатысуы, өзіндік қызметтері және белсенділіктері жағдайы құрылады;
сыныптан тыс қызмет кезінде психологиялық атмосфера бейресми сипат алады, ол балалардың педагогтермен жалпы қызығушылықтар құндылықтары үшін тең құқықты қарым-қатынасын қалыптастырады.
Оқушылардың сабақтан тыс қызметтерді түсіну, оқушылардың барлық қызмет түрлерін біріктіру (оқу қызметінен басқа), әлеуметтендіру және тәрбиелеу мәселелерін шешуі мүмкін. Басында міндетті емес сыныптан тыс және мектептен тыс тапсырмалар мен топсеруендер біртіндеп оқу-тәрбие үрдісінің маңызды бөлігі ретінде енгізілді.
Жалпы білім беру жүйесінде сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру А.В. Хуторскийдің, И.Л. Василеваның, Н.И. Монаховтың, Н.Е. Щурковтың, Л.В Занковтың, К.Б. Жарықбаевтың, С.К.Калиевтің педагогикалық зерттеулерінен көрініс тапты.
Академик Л.В. Занков балалардың сабақтан тыс тапсырмаларды орындауға үлкен мән берді, ол «мектептегі сыныптан тыс жұмыс, балалар ұжымында өте маңызды» деп атап көрсетті. Сыныптан тыс іс-шаралар балалардың өзара жақындасуына, балалардың мұғаліммен жақындасуына, балалардың мұғаліммен жақындасуына көмектеседі. Балалардың мектепке деген сүйіспеншіліктерінің артуы, екінші үйлері болып қалыптасуы үшін неғұрлым қолайлы жағдай туындайды. Леонид Владимирович «оқыту мен тәрбиелеу өзара байланысты», сондықтан сабақтан тыс қызметтің танымдылығын сақтау керек, қарым- қатынас шекараларын кеңейту, балаларға қызмет түрлерін өздері таңдауына мүмкіндік беру керек деп есептейді.
Сабақтан тыс қызметтің негізін түсіндіру және ұғындырудың әдіснамалық кілті ретінде «қызмет» деген сөзге назар аудару қажет. Оның үрдісінде идеалардың мақсатты өндірісі, құндылықтары, идеалары, түсініктері, ұсыныстары, мәдениеттің шығармашылық құрылымы жүзеге асырылады. Сыныптан тыс қызметтің қызмет статусына ауысуы оның сапасын күрт өзгертеді. Мектеп үшін сабақтан тыс қызмет оның жауапкершілігін алатын қызметтің жаңа есептік түріне айналады.
Мұндай қызметтің әртүрлі формаларын пайдаланудан мектеп балаларды және жасөспірімдері әлеуметтендіру тапсырмаларын шешуі керек, пән үстілік қабілеттерді қалыптастыру, оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу және дамыту.
Сабақтан тыс іс-шаралар оқушылардың әлеуметтенуіне, шығармашылық қабілеттерінің дамытылуына бағытталған қызметтің бір түрі.
Сабақтан тыс қызмет бағдарламасы оқушылардың жан жақты дамуына бағытталған. Өзін-өзі жүзеге асыру оқушылардың танымдық мотивациясы мен танымдық қызығушылығын шығармашылық қабілеттерін дамытуға жетелейді. Сабақтан тыс қызметтің мақсаты күннің екінші жартысында, яғни түстен кейін жүзеге асырылады, оқушылардың мектептегі оң қарым қатынас жағдайын туғызу, инициативасы мен жауапкершілігін, ашықтығын шынайылығын, барлық жас кезеңдеріндегі сабақтан тыс қызметтерін көрсету үшін қажет болып табылады.
Мақсатқа жету мектептегі іс-шаралар жүйесін сапалы жүзеге асыру кезінде іске асырылады:
жалпымектептік «кілтті істерге» ауысу, оқушылар мен педагогтердің жобалары негізінде жүзеге асады;
әлеуетті мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын анықтау, өзін-өзі іске асыруға көмек көрсету, өзін-өзі кәсіби анықтау, балалардың қатысы арқылы азаматтық сәйкестікті қалыптастыру;
қосымша білім беру берудің әртүрлі шығармашылық және мамандырылған бірлестіктерін құру;
қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызды қызметтер, жорықтар, топсеруендер, экспедициялар мен әр түрлі бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру; мектепте жүзеге асырылатын әртүрлі деңгейдегі бағдарламалар мен жобаларды іске асыру.
Балаларға сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастырудағы негізгі міндеттер:
қызығушылықтарының, бейімділіктерінің, қабілеттерінің және оқушылардың түрлі қызметіндегі мүмкіндіктерін айқандау;
сабақтан тыс іс-шараларда таңдалған сферада әр баланың жеке дамуына жағдай туғызуы;
оқушылардың қызметіндегі білім, білік, дағдылар жүйесін қалыптастыру;
оқушылардың бейресми қарым-қатынас тәжірибесін, өзара іс-қимыл ынтымақтастығын дамыту;
оқушылардың қоғаммен қарым-қатынас аясын кеңейту;
оқытуда қиындық көретін балалармен түзету жұмыстарын жүргізу.
Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері тәрбиелік іс-шаралардың мазмұңын, түрлерін, бағытын анықтайды, қосымша білім берудің бағдарламасына таңдау жасайды.
Оқудан тыс қызметтер бағдарламасының мазмұны барлық білім беру мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін бағдарламаларды анықтайды.
Оқудан тыс іс-шараларға кететін уақыт шамамен аптасына 3-6 сағатты құрауы мүмкін.
Мектепте жүзеге асыру үшін төмендегідей оқудан тыс іс - шаралардың түрлері бар:
1. ойын қызметі;
2. танымдық қызмет;
3. мәселелі құнды қарым-қатынас;
4. ойын сауық іс-шаралары қызметі (бос уақытта тілдесу);
5. көркем шығармашылығы;
6. әлеуметтік шығармашылығы;
7. еңбек (өндірістік) іс-шаралар
8. спорттық-сауықтыру іс-шаралары;
9. туристік және аймақтық зерттеулер.
Сабақтан тыс қызметтің негізгі бағыттары болып спорттық- сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-танымдық, әскери- патриоттық, қоғамдық пайдалы және жобалау шаралары саналады.
Оқушылардың сабақтан тыс қызмет түрлері мен бағыттары өзара тығыз байланысты. Мысалы, бағыттар реті спорттық-сауықтыру, танымдық, көркем шығармашылық қызмет түрлерімен сәйкес келеді.
Екіншіден, әскери-патриоттық, жобалау қызметтері сабақтан тыс қызметтің аталған түрлерінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Үшіншіден, қоғамдық пайдалы қызметпен байланысты бағыт сабақтан тыс іс-шаралардың әлеуметтік шығармашылық және еңбек қызметі, сияқты түрлерінде толық жүзеге асуы мүмкін. Сабақтан тыс қызметтің бағыты сабақтан тыс іс -шаралардың бағдарламасына сәйкес құрымында мазмұнды бағдары ретінде қарастырылады.
Негізгі талап сабақтан тыс қызмет кәдімгі сабақтарға ұқсас болмауы керек. Сондықтан сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруда дәстүрлі әдістерден гөрі дәстүрлі емес әдістерді қолдану ұсынылады. (1 және 2 кестені қараң-р).
1 кесте
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың дәстүрлі түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |