Сабақтан тыс жұмыстар жинағы «эем операторы»



бет3/4
Дата01.04.2017
өлшемі3,24 Mb.
#12951
түріСабақ
1   2   3   4

Проблемалық сұрақтар

А) Төртбұрыш салу процедурасы арқылы шаршы салуға бола ма?

Ә) Эллипс салу процедурасы арқылы шеңбер салуға бола ма?

Б) Доға салу процедурасы арқылы шеңбер салуға бола ма?

В) Дөңгелектенген төртбұрыш салу процедурасы арқылы эллипс салуға бол ма?

Г) Графикалық режимде салынған суреттерді Excelбағдарламасында орындауға бола ма?





  1. Қорытынды инструктаж – 10 минут

А) осы сабақта орындалған тапсырмалар бойынша бағаларын айту және оған түсінік беру;

Б) жақсы және нашар орындалған жұмыстарды көрсету;



В) үйге тапсырма беру: Бақаның суретін салу және бояу.



«IT stars» топтық сайыс
Орындағандар: Б.Асаев

Д.Мирзахмедов

Сабақтың тақырыбы:«IT stars» топтық сайысы.

Сабақ түрі: топтық сайыс

Сабақ әдісі: слайд сұрақтар, жасырын және ситуациялық тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты:оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Білімділік:оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.

Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 

Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту.

Көрнекіліктер: компьютер және кабельдер, слайд, телевизор, плакат, музыкалық аппаратура, сұрақтар мен суреттер.

Қатысушы топтар: ЭЕМ операторы мамандығының О-6, О-7 топ оқушылары.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:

Информатика әлемі,


Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Осылайша сайысымызды бастаймыз!
Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «IT stars» атты топтық сайысымызға қош келдіңіздер!

Сонымен қатар сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.



Әділқазылар:

1._______________________________________


2. _______________________________________
3. _______________________________________

Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайыс екі команда арқылы өтеді. Сайысқа қатысатын командалар;




I топ – «Прогер»
II топ – «Хакер»

Мұғалім:

-Уа, халайық, халайық,


Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде

Тапқыштардың тілінде,


Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық


Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық.
Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.
I-кезең.
Таныстыру.
II-кезең.Үй тапсырмасы.
III-кезең.Блиц сұрақтары.
IV-кезең.Ойлан тап!

V-кезең. Кім жылдам?

VI-кезең. Мен кіммін?

VII-кезең. Жасырын тапсырма.

Қорытындылау.

Әр кезең біткен соң әділ қазы алқасы топтарға ұпай санын беріп отырады.

I-кезең.Таныстыру.

Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, бірінші кезең таныстыруды бастаймыз. Топтар өз ұрандарын, эмблемасын және топтың атауыларымен таныстыру керек (5 немесе 10 ұпай).


II-кезең. Үй тапсырмасы.

Топтарға алдын ала «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңалықтары» атты үй тапрсымасы берілген. Әр топтан бір оқушы экранда өздері дайындаған кемінде 3 жаңалықтарын баяндауы керек(20 немесе 30 ұпай).


Мұғалім:

Келді кезек доданы да  шешуге,
Жауаптарды табу керек лезде.
бөліктерін тез арада білсеңіз,
5-тік ұпай, шәкірт саған несібе.
III-кезең.Блиц сұрақтары.

Әр топқа 20 сұрақ қойылады, 30 секунд ішінде оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.



I топ – «Прогер».

  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас (Интерфейс)

  2. Компьютердің ақыл –ойы? (процессор)

  3. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал (Компьютер)

  4. 1 терабайт нешеге тең? (1024 гигабайт)

  5. Мәтін енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)

  6. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  7. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)

  8. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)

  9. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел)

  10. Мәтін жазуға арналған редактор (Word)

  11. Қатарлардан және бағандардан құрастырылған ұяшықтар жиынтығы нені береді? (кесте)

  12. Компьютердің атасы деп кімді атаған? (Ч. Беббидж)

  13. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы? (колонка)

  14. Ең ертедегі есептеу құрылғысы (есепшот)

  15. Алдыңғы символды өшіру пернесі? (BaskSpace)

  16. Ең қарапайым графикалық редактор? (Paint)

  17. Ақпараттық процесстердерді зерттейтін ғылым? (информатика)

  18. Интернетке шығатын құрылғы? (модем)

  19. Мәліметті уақытша сақтаушы құрылғы? (оперативті жады)

  20. Принтерлерге арналған стандартты қағаз? (А4)


II топ – «Хакер».


  1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы (Ақпарат).

  2. Екілік жүйенің сандары? (0 мен 1)

  3. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылығы? (микрофон)

  4. Компьютер жанына қойылатын өсімдік? (кактус)

  5. Windowsтың атасы? (Билл Гейтс)

  6. F1 – F12 қандай пернелер? (функционалдық)

  7. Ең қарапайым мәтіндік редактор? (WordPad)

  8. Алгоритм қай ғылымның есімімен байланысты? (Әл-хорезми)

  9. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)

  10. Зиянкес бағдарлама (вирус)

  11. Презентациялармен жұмыс жасайтын бағдарлама (Power Point)

  12. Көп пернелі құрылғы (пернетақта)

  13. Компьютер сымдары (кабель)

  14. «Ақпарат» сөзінің ағылшынша атауы? (information)

  15. Программа жазатын маман (программист)

  16. Бүкіләлемдік желі (интернет)

  17. Мини флешкаларды ашатын құрылғы? (картридер)

  18. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)

  19. Суреттерді енгізуші құрылғы? (сканер)

  20. Лазерлік принтерге салынатын порошок? (тонер)



Мұғалім:

Білім деген биік шың 


Бақытқа сені жеткізер 
Білім деген ақылшың 
Қиындықтан өткізер- дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз.
IV-кезең.Ойлан тап! Экранға дәрежесі және индекстері бар әр түрлі сандар көрсетіледі. Сандарды жазбаша түрінде жазып дәрежесінде көрсетілген санына сәйкес келетін реттік әріптерді тауып жинақтау керек. Әріптерді жинақтап компьютерге қатысты терминдерді шығартып компьютерге қатысты байланысын түсіндіру керек. 1 сөзге 1 минут беріледі, жалпы 5 сөз болады. Толық айтылған әр сөзге 10 ұпайдан беріледі.
I топ – «Прогер». (дюйм/мюйд/, графика/афригка/, формат/матфор/, гигагерц/рицаггге/, прогресс/ресоспрг/)

1 сөз. «дюйм»




50004

м

ю

ю

Файл3

й

диск1

д

2 сөз. «графика»




600001

а

F101ru

ф

115

р

292

и

80193

г

833

к

995

а

3 сөз. «формат»




290005

м

Хлеб2kz

а

773

т

Shift4ru

ф

9002

о

13

р

4 сөз. «Гигагерц»




Ctrl3ru

диск2kz

ц

AMD1ru

Geits1ru

Google3ru

81933

72



р

и

ц

а

г

г

г

е

5 сөз. «прогресс»


403

802

904

301

50001

694

499513

р

185



р

е

с

о

с

п

г



II топ – «Хакер». (пиксель/кисельп/, лазер/резал/, жасақтама/тақамасаж/, драйвер/йарревд/, екілік/ліікке/)
1 сөз. «пиксель»


833

Shift3ru

CapsLock4ru

Enter4ru

502

л

Мышь4

ь

694

п



к

и

с

е

2 сөз. «лазер»


ctrl3ru

123

393334

Tab2ru

ctrl4ru



р

е

з

а

л

3 сөз. «жасақтама»


41

т

61

а

401

қ

MacOS2ru

а

AMD2ru

м

Athlon1ru

а

Sensor4ru

с

Activ1ru

а

231



ж

4 сөз. «драйвер»




й

й

Tab2ru

Enter5ru

443

59 1

WiFi1ru

в

Disk1ru

д



а

р

р

е

5 сөз. «екілік»


666662

74

84

CapsLock8ru

мәтіналғы2ru

772

е



л

і

і

к

к

Білімнің ұшқырлығын танып сен,


Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отырып келесі кезеңге өтейік.
V-кезең. Кім жылдам?Топтан бір оқушы ортаға шығады. Бұл кезеңде әр топтың оқушысы компьютер құрылғыларының кабельдерін жалғау тапсырмасы беріледі, ойынның шарты – көздері байланып, жылдам түрде кабельдерді жалғау керек. Қайсы топ бірінші жалғап бітірсе, сол топ жеңіп шығады. Екі топқа бірдей компьютердің құрылғылары мен кабельдері беріледі. (жеңген топқа 20 ұпай беріледі).
Құралдар және кабельдер тізімі: жүйелік қорап, тінтуір, пернетақта, VGA кабелі, USB кабелі, POWER кабелі, LAN кабелі, COM кабелі, Audio кабелі.
Мұғалім:

«Жарыс заңы ежелден, 


Жеңімпазды анықтау. 
Жеңімпаз болу шарты сол 
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз. 

VI-кезең. Мен кіммін? Бұл кезеңде көрермендер арасынан әр топтың жанкүйерлері ортаға шығады. Ойын шарты: жанкүйер өз бетін контурлық суретке қояды, бірақ суретті ол көрмеуі керек. Жанкүйер топ оқушыларына Мен жануармынба? Мен темірмінба? Мен ұзынмынба? Деген сияқты сұрақ қою арқылы суретті табу керек, ал оқушылар тек «иә» немесе «жоқ»деген сөздерді айтып жауап бере алады.Әр топқа 1 суреттен беріледі.(Суретті тапқан топқа 20 ұпай беріледі).




І топ: «Прогер»

ІІ топ: «Хакер»


VII-кезең. Жасырын тапсырма.Бұл кезеңде әр топтан ортаға кезекпен бір оқушы шығады.

І топқа «Прогер» - тапсырма орындаудан бұрын қолына белгілі бір тақырыпта лекция беріледі, лекция оқып жатқан кезде бірден әр уақытта әр түрлі музыкалар қойылады.Музыыка ойнаған кезде оқушы әрі лекция оқып – әрі би билеп беруі керек.



ІІ топқа «Хакер» - тапсырма орындаудан бұрын қолына белгілі бір тақырыпта лекция беріледі, бірақ лекцияны белгілі танымал минуска музыкамен сәйкестендіріп ән етіп оқып беруі керек. Бұл ойында оқушы өз артистік қабілетін көрсетуі керек. Ойын 20 немесе 30 ұпай мен бағаланады.

І-топ. «Прогер».

Лекция:
Интернет (оқылуы [интернет]; ағылш. Internet — International Network) — компьютерліксерверлердің бүкіләлемдік желісі.Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады. Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды. Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы. Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды. Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады. Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді. Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.
ІІ-топ. «Хакер»

Лекция:

Ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б. Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады:

  • мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы);

  • оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу" стратегиясы);

  • бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік" стратегия);

  • қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау" стратегиясы);

  • қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер белсенділігін үйлестіру ("күштер тепе-теңдігі" стратегиясы);

  • саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны ("имидж қалыптастыру" стратегиясы);

  • қоғамдық пікірді тәртіпке қолайсыз әлеуметтік мәселелерді талқылауға барғызбай, көңілін аулау ("назарын басқаға аудару" стратегиясы).


Қорытындылау.Осымен кезеңдер аяқталды, оқушылардың ұпайларын есептеп болғанша көрермендермен бір ойын ойнай тұрайық. Жеңімпаз топтарды анықтау, І немесе ІІ орын беру.

Жұмбақтар:

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус)


  1. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)


  1. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)


  1. Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (сканер)


  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын. (тышқан)


  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн барда, бір күн жоқ.

Оны есепке алсаң,

Ұзын саны 107 (пернелік тақта)


  1. Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның.

Бар екен 12 ағайынды,

Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің,

Тек қана F (эф) әрпінен басталады (функционалдық пернелер)


  1. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылға жатады.

Қозғала салса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)


  1. Төрбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)


  1. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады, аты оның? (тышқан)

Мұғалім:
Компьютердің әр сөзі,

Толып жатыр кәдеге.

Көңілділер сайысы,

Келіп жетті мәреге.



Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз.
Осымен «IT stars» атты сайсын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.
Сау саламат болыңыздар!





Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет