«ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының «Арнаулы кәсіптік колледжі»
медициналық-әлеуметтік мекемесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақтар және сабақтан тыс жұмыстар жинағы
«ЭЕМ операторы» мамандығы бойынша
өндірістік оқыту шебері
Мирзахмедов Давлатбек Илхамович
Кентау – 2015ж.
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Бағдарламалау тілінің графикалық мүмкіндіктері»
Мамандық: ЭЕМ операторы
Топ: О-6, 2 курс
Өндіріс шебері:Д.И.Мирзахмедов
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Графика түсінігі. Тurbo Pascal бағдарламасында қолданылатын графикалық функциялар және процедуралармен таныстыру, графика туралы білім-біліктілігін жетілдіру.
Дамытушылық: Turbo Pascal бағдарламалау тілі графикалық функциялары туралы білім-біліктерін арттыру, өздігінен ізденуге, ой-өрісін дамытуға үйрету
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетке, мәдени ойлануға тәрбиелеу. Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, алған білімдерін өмірде пайдалануға баулу.
Сабақтың түрі: Өндірістік сабақ.
Сабақтың әдісі: Графикалық есептер шығаруда проблемалық-іздену
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, проектор, «Бағдарламалау тілдерінің графикалық мүмкіндіктері» бағдарламасы, слайд-лекция, декарттық координата, координатаға салынған суреттер.
Оқыту технологиясы: Репродуктивті технология.
Пәнаралық байланыс: Сызу сабағы, геометрия, эконимика, математика.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру бөлімі – 1 минут.
Кіріспе инструктаж – 9 минут:
А) өткен сабақты қайталау;
Б) жаңа сабақты түсіндіру;
В) жаңа сабақты қалай түсінгендіктерін тексеріп көру;
Г) осы күнге тапсырма беру;
Өз бетінше жұмыс істеу – 25 минут.
Қорытынды инструктаж – 10 минут
А) осы сабақта орындалған тапсырмалар бойынша бағаларын айту және оған түсінік беру;
Б) жақсы және нашар орындалған жұмыстарды көрсету;
В) үйге тапсырма беру: Бақаның суретін салу
1. Ұйымдастыру бөлімі
А) Амандасу.
Б) Оқушыларды түгелдеу.
В) Сабақтың мақсатын хабарлау.
2. Кіріспе инструктаж – 9 минут:
А) өткен сабақты қайталау;
№1 тапсырма
Қатесі бар программа
|
Қателері
|
Program mysal1.
Var x;y; integer;
Begin
Write(x енгізу);
readln (x);
Writeln (“y=“,y);
rite(‘есептеу бітті’)
end.
|
|
Қатесі бар программа
|
Қателері
|
Program mysal2.
Var x;y; integer;
Begin
Write(‘x енгізу’):
readln (x);
Writeln (‘y=“t);
rite(‘есептеу бітті’)
begin.
|
|
Қатесі бар программа
|
Қателері
|
Program mysal1.
Var x;y; intger;
Begin
Write(‘x енгізу’):
ridln (j);
Writeln (‘y,k);
vrite(‘есептеу бітті’)
begin.
|
|
№2 тапсырма
Қарамай табу ойыны
Begin Program
End Integer
Write Read
Readln line
Pascal graphABC
Б) жаңа сабақты түсіндіру;
«Адам ойлану керек, ал компьютер жұмыс істеу керек»
Б.Гейтс
Геометриялық обьектiлердi құру процедуралары
Нүкте салу операторы. Экранның кез келген жерiне нүкте салуға болады, GRAPH модулiнде нүкте PutPixel процедурасы арқылы салынады, оның пiшiмi
PutPixel (X,У : integer; color: word);
мұндағы Х,У – нүкте координаталары, color оның түсiн анықтайды. Мысалы, for I:=1 to 60 do PutPixel(I,1,Red); операторы бiрiншi қатарда 60 қызыл нүктеден тұратын сызық салады. Экран бетiндегi бұрын салынған нүктенiң орнын анықтау үшiн келесi функциясы қолданылады.
GetPixel (X,У : integer): word;
Түзу сызық салу процедурасы экранда екi шетiнiң координаталары берiлген кесiндi сызу iсiн атқарады. Оның пiшiмi
Line (X1,Y1, X2,Y2: integer);
мұнда ағымдағы түс бойынша координаталары Х1,У1 нүктесiнен Х2,У2 нүктесiне дейiн кесiндi сызылады, мысалы, Line (1,1, 600,1);
Бастапқы нүкте көрсетiлмесе, онда мына процедура
Lineto (X.Y: integer);
курсор тұрдан орыннан бастап координаталары Х,У болатын нүктеге дейiн түзу сызық сызады.
Сызық салу кезiнде оның түсi алдыңғы орнатылған түспен берiледi,
оны өзгерту үшiн
SetColor (Color: word); процедурасы қолданылады, мұндағы Color – жаңадан орнатылатын түстiң аты немесе нөмiрi. Мысалы,
SetColor(Cyan); {Сызық түстерi көгiлдiр болады}
SetColor(7); {Сызық түстерi боз болады}
SetBkColor (Color: word); процедурасы экран түсiн, яғни рең (фон) түсiн өзгертедi, мұндағы Color – жаңадан орнатылатын түстiң аты немесе нөмiрi. EGA/VGA адаптерлерi үшiн рең түсiн 0..63 аралығында беруге болады. Мысалы,
SetBkColor(Blue); {Экран түсi көк болады}
SetBkColor(4); {Экран түсi қызыл болады}
Адаптерлерде пайдаланылатын түрлi түстер
Тұрақты
|
Экрандағы түсi
|
Black
|
Қара
|
Blue
|
Көк
|
Green
|
Жасыл
|
Cyan
|
Көгiлдiр
|
Red
|
Қызыл
|
Magenta
|
Күлгiн
|
Brown
|
Қоңыр
|
LightGray
|
Боз
|
DarkGray
|
Сұр
|
LightBlue
|
Көкшiл
|
LightGreen
|
Ақшыл жасыл
|
LightCyan
|
Ақшыл көк
|
LightRed
|
Қызғылт
|
LightMagenta
|
Қызғыш
|
LightYellow
|
Сары
|
LightWhite
|
Ақ
|
Достарыңызбен бөлісу: |