Сабақтан тыс тәрбие жұмысының түрлері. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет


Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері



бет3/8
Дата14.12.2021
өлшемі108,94 Kb.
#126789
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
сыныппен тәрбие жұмысын ұйымдстыру
2020 referat 6842314, реферат волейбол, zhanzhal-zhәne-olardy-sheshu-zholdary, 2 тапсырма АЖСТ, СОЖ 2, 21-30 чурак, 1-2 курс каз, 86, 1, 1-дәріс, 14-тапсырма. МФТ.docx, 2-дәріс, Семинар 4, №6 тапсырма
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері

Оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады.

Олардың қатарына:


  1. пікір-талас;

  2. семинар;

  3. экскурсия;

  4. факультативтік сабақтар;

  5. қосымша сабақтар;

  6. конференция;

  7. өндірістік оқу;

  8. үйдегі оқу жұмысы;

  9. тәжірибелік-зертханалық (практикум);

  10. пәндік үйірме жұмыстары;

10) олимпиада;

11) сынақ және емтихан;

12) өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.

Пікір-талас – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен

күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы.

Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.

Пікір-таластың мақсаты – оқушыларды ұжым болып пікір-таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету.

Пікір-таластың табысты өтуінің негізгі шарты – алдын ала дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен мін беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Ол үшін алдын-ала жоспар құрылып, оның тақырыбы айқындалады және өткізілетін күні белгіленеді.

Семинар сабақтар – көбінесе сабақта оқылған лекцияның тақырыбына

байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.

Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызды.

Экскурсия. Экскурсия жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан, оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.

Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.

Факультатив сабақ. Сыныптан тыс оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді кеңейтеді, белгілі бәр пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады.

Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отырып факультативтік оқытуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады.

Бұлар жоғарғы сынып оқушыларының еңбекке деген дайындығына елеулі үлес қосады.

Әңгіме – бұл оқушылармен бірге жүргізілетін кең көлемдегі еркін сұхбаттасу сабағы. Әңгіме жүргізу негізінен этикалық тақырыптарға арналады. Ол көбінесе 4-7 сыныптада өтеді.

Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:


  1. өз Отанына адал берілгендігі;

  2. өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі;

  3. шыншылдығы;

  4. қайырымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы;

  5. саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетіне жауапкершілігі;

  6. жолдастық, достық қарым-қатынасқа адалдығы;

  7. еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынас.

Қосымша сабақтар – сыныпта үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушыларымен қосымша және консультация сабақтары да ұйымдастырылады.

Конференция – мектеп немесе сынып оқушыларының оқудан тыс кездерінде қызықты әдеби-көркем шығармалары мен ғылыми-көпшілік әдебиеттерін оқуға деген ынтасын дамытудың аса маңызды формасы.

Конференцияның негізгі мақсаты – кітап жайлы оқушылардың қызығушылығы мен ойын танып білу, эстетикалық талғамы мен сенімдерін қалыптастыру, көркем-әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру. Сынып жетекшілері конференцияны өткізу барысында оқушылардың дара психологиялық ерекшеліктерін, рухани қажеттілігін, жалпы эстетикалық мәдениет дәрежелерін, адамгершілік қасиеттерін, сенімдерін танып білуге мүмкіндік туғызады.

Конференцияның міндеті: оқылған кітаптарды ұжым болып талқылау, оның мазмұнын, автордың ойын дұрыс түсінуге тәрбиелеу, жеткіншектерді сөйлей және ойлай білуге үйрету.

Үйдегі оқу жұмысы - оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабаөтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да, оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызды оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.



Пәндік үйірме жұмыстары - үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады.

Сонымен қатар, оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.



Олимпиада – бұл мектеп бойынша, аудан немесе қала, облыс бойынша

әр сыныптарда белгілі бір пән көлемінде өтетін сайыс.



Сынақ және емтихан. Сынақ - бұл жұмыстарды жоғарғы сынып оқушыларына енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғарғы белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.

Өзіндік жұмыс түрлері – бұл мұғалімнің көмегінсіз оқушылардың өздері

істейтін жұмыстары. "Өзіндік немесе өз бетінше жұмыс термині – негізінен педагогикалық термин. Ол оқу орындарында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының бірі болып табылады.

Дидактикамен айналысушы ғалымдар оқушылардың оқыту процесіндегі өзіндік жұмыстарын танымдық әрекет тұрғысынан талдай келе әрбір оқу пәнінің мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай оның 4 типін анықтады.

1) Үлгі бойынша өзіндік жұмыстар. Бұл жұмыстар – мазмұны әр түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырылатын жаттығулар.

2) Өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің, дағдының негізінде орындалатын практикалық-интеллектілік жұмыстар.

3) Өзіндік істейтін вариантты жұмыстар. Бұлар ғылыми білімді қолдана білуге арналады, проблемалық мазмұнда болады. Жаңадан білім алу, логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.

4) Өзіндік істейтін шығармашылық жұмыстар. Ол ой мен іс-әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өзіндік жұмыс істеудің ең жоғарғы сатысы болыр табылады.

Н.К.Крупская 1934 жылы жазған «Өздігінен білім алушының есіне» деген тезистерінде мынандай жалпы кеңестерді (нұсқауларды) береді:

1. Өздігінен білім алу үшін, сол жұмысқа қажетті нақтылы дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиімді әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді. Ең дұрысы – кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4. Алғашқы кезеңдерде тәжірибелі адамдармен, кітапханашылардан кеңес, консультациялар алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген дұрыс болады.

Саяси хабарлама - бұл саяси білім берудің аса маңызды және кең тараған

формасы. Мұның өзі оқушыларда еліміздегі және шетелдердегі аса маңызды саяси оқиғалармен танысуына көмектеседі.

Саяси хабарламаны ауызекі журнал, дөңгелек үстел барысындағы әңгіме, баспасөз конференциясы және саяси радио хабар секілді түрлі формаларда өткізуге болады. [15;48]

Сонымен бірге, ол ұлттық патриотизм сезімін оятып, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, өз елінің табыстары мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады. Мектеп тәжірибесінде саяси хабарламаға шолу, тақырыптық, жедел хабар әдістері көптеп қолданылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет