Сабақтан тыс тәрбие жұмысының түрлері. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет


Ұжымдық щығармашылық іс - әрекетті жүзеге асырудың динамикасы



бет8/8
Дата14.12.2021
өлшемі108,94 Kb.
#126789
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
сыныппен тәрбие жұмысын ұйымдстыру
2020 referat 6842314, реферат волейбол, zhanzhal-zhәne-olardy-sheshu-zholdary, 2 тапсырма АЖСТ, СОЖ 2, 21-30 чурак, 1-2 курс каз, 86, 1, 1-дәріс, 14-тапсырма. МФТ.docx, 2-дәріс, Семинар 4, №6 тапсырма
5. Ұжымдық щығармашылық іс - әрекетті жүзеге асырудың динамикасы.

Ұжымдық танымдық іс - әрекеттердің әртүрлі формалары мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жағдай жасайды проблемалы оқытуда, тұлғаны когнитивті дамытуда бағалы, дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі.

Фронтальды және топтық жұмыстар ұжымдық принцип бойынша ұйымдастырылады. Соған байланысты топтық жұмысты сынып оқушыларын 3 – 8 мүшелері бар, оқу материалдарымен бірігіп өзара жауапкершілікте алдын ала келісілген жоспар мен рет бойынша жұмыс істейтін топтарға бөлетін сабақтарды ұйымдастыру формасы ретінде түсіндіруге болады.

Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады. В.К. Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттауда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттауда, сұрақтар мен жұмыс істеуде және т.б. жұптық жұмыстардың, яғни жұптық – ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті.

Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар: біріңғай топтиық жұмыс және сараланған топтық жұмыс. Біріңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Ал сараланған топтық жұмыс барысында берілген тақырып шеңберінде әртүрлі тапсырмалар орындайды. Тәрбиелік тұрғыда сараланған топтық жұмыс ерекше құндылыққа ие және оқушылардың ұжымдық танымдық іс - әрекетінің барлық талаптарына барынша сәйкес келеді.

Әртүрлі құрамды топтарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, бес оқушыдан құралған топтар тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені, 3 оқушының талқыла жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құрылған топты әрбір оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік болмайды.

Топпен орындалатын жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін - өзі танытуларына да, олардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді екен. Жекелеп алғанда, бір – бірімен қатар отырған оқушыларға қарағанда бір – біріне қарама – қарсы отырған оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайтындығына көз жеткізілді.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Манашова С. Сыныптан тыс жұмыстар //Бастауыш мектеп. -2005.-№1.-11.

2. Ноғайбаева Г. Бастауыш сыныпта жүргізілетін сыныптан тыс

жұмыстардың түрлері мен оларды ұйымастыру //Бастауыш мектеп 2004.-№9.22-23б

3.С.Б. Бабаев «Бастауыш мектеп педагогикасы» Алматы, 2007

4.Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы, 2004

5. О.С. Богданова, В.И. Петрова «Бастауыш кластардағы тәрбие

жұмысының методикасы» Алматы, 1980



6. «Педагогика» Алматы, 2003

Тексерген: Есенбаева Б.А.

Орындаған: Канаев К.С.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет