Сыныппен тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Жоспар:
Сыныппен жұмыс жүргізудің формасы және оқушылардың іс – әрекетінің түрлері.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының түрлері.
Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет.
1.Сыныппен жұмыс жүргізудің формасы және оқушылардың
іс-әрекеті.
Пікірталас - оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтап, адамдардың
әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.
Пікірталастың мақсаты: оқушыларды ұжым болып, пікір таластыруға, алмастыруға, өз ойларын нақты жеткізе білуге, өз беттерінше ойлай білуге үйрету.
Пікірталастың негізгі мәселесі: дәлелді ой пікірлердің айтылуы фактілермен тұжырымдау.
Саяси хабарлама - саяси білім берудің маңызды формасы, мемлекет саясатында болған оқиғалармен таныстыру. Саяси шолуға арналған хабарда 1-2 жұма ішінде ел мен шетелде болған оқиғалар туралы хабар береді.
Тақырыптық - белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отырып, көкейкесті
мәселелерді шешуге арналған. Дайындық жұмыстары барысында оқушылар оның жоспарын құрады.
Конференцияға алдын-ала баяндама әзірленеді. Ол жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі. Конференцияны өткізу барысында хабарландыру ілінеді. Тақырыптық конференция көбінесе жоғары сынып оқушыларымен ұйымдастырылады. Оның жұмысын ұйымдастыру оқушылардың өздеріне тапсырылады. Оның жұмысын ұйымдастыру оқушылардың өздеріне тапсырылады.
Баспасөз – ол әрбір оқушыны сынып ұжымының алдында ғана емес, бүкіл
мектеп оқушыларының және ата-аналарының алдында өз пікірін
білдіріп сараптауға дағдыландырады.
Бұл тәрбие жұмысының түрі балаларды байқағыштыққа,оптимистік көтеріңкі көңіл күйге баулиды.
Баяндама жазу
Пікір-талас
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы
Достарыңызбен бөлісу: |