Сабақтан тыс тәрбие жұмысының түрлері. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет



бет2/8
Дата14.12.2021
өлшемі108,94 Kb.
#126789
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
сыныппен тәрбие жұмысын ұйымдстыру

Жекелеп оқыту

Ұжымдық оқыту

Жеке-ұжымдық жұмыстар

Репититор

Шығармашылық сабақтар

Шығармашылық ай

Реферат қорғау

Семинарлар

Пәндік апталықтар

Ғылыми жоба қорғау

Отбасылық оқыту

Конференция

Жобалар

Өз бетімен білім алу

Экскурсия

Факультатив

Алыстан білім алу (дистанциялық)

Пәндік үйірмелер, шеберханалар, зертханалар



Іскерлік ойын



Әңгіме сабақтар

2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының түрлері

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Оны таңдау тәрбиенің жалпы немесе жекеленген мақсат, міндеттеріне, оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекеленген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты атқарылады.

1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, оған: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунгтар әзірлеу, нақыл сөздерді жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.

2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационалдық жауынгерлермен).

3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабарлама.

4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру.

5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.

6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.

7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.

9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.

10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, оқырмандар конференциясын өткізіп отыру.

11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлкетану, жас техниктер, т.б.

12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.

13. «Атамекен» бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.

14. Мейрам күндерін, республикалық деңгейдегі мейрамдарды атап өту.

15. Сынып жиналыстарын өткізу.

16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбілікке қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.

17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.

18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қаттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

19. Оқушылардың қысқы және жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ұстаз еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі бір жүйелелікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактілі ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін ескере алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі бір нәтижеге жету қиын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет