Сабақтан тыс тәрбие жұмысының түрлері. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет


Ұжымдық шығармашылық іс - әрекетті пайдалану жүйесіндегі негізгі шарттар



бет7/8
Дата14.12.2021
өлшемі108,94 Kb.
#126789
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
сыныппен тәрбие жұмысын ұйымдстыру

Ұжымдық шығармашылық іс - әрекетті пайдалану жүйесіндегі негізгі шарттар.

Ұжымдық танымдық іс - әрекет сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекертінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс - әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс - әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет. Белсенді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қалыптасуымен көрнекі құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау карточкалары, таратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдардың көрнекі құралдардың картотекасы дайындалады.

Оқу белсенді тобының мүшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассисент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші шаруашылықты жүргізуші маңызды роль атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Оқушылардың біріккен оқу іс - әрекетін ұйымдастыруда ассисенттер мен кеңесшілер маңызды роль атқарады. Ассисенттер көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар дайындайды. Мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарының дайындығын тексереді. Нақты бір тақырып бойынша да кеңесшінің жұмысын ұйымдастыруға болады. Бір сабақта белгілі бір тақырыпты жақсы меңгерген бірнеше кеңесші болуы мүмкін. Әр түрлі мектептерде белсенді оқу топтарының қозғалысы, құрылымы ұйымдастырушылық қызметінің танымдық іс - әрекеттерінің барысында, сыныптық, мектептік ұжымдардың жұмыс істеу белсенділігене қарай көптеген варианттары бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет