Пәннің міндеті: дифференциалдық теңдеулер жайлы негізгі ұғымдарды беріп, білім-біліктерді қалыптастырып, дифференциалдық теңдеулердің түрін айырып оларды шешуге үйретуі тиіс. Осы уақытқа дейінгі білген математикалық білім-біліктерді (формулаларды, анықтамаларды, теоремаларды, есептерді шешуді және т.б.) тереңдету, дифференциалдық теңдеулер теориясының негізін қалау, студентке басқа пәндерді (дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, математикалық физиканың теңдеулері, шеттік есептер, дифференциалдық теңдеулерді сандық шешу және т.б.) меңгеру үшін жеткілікті түрде қажетті білім беру, сонымен қатар, олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, математикалық мәдениеттілікке, ұқыптылық пен дәлдікке үйрету болып табылады.