Сабақтар Өткізілу уақыты Сабақ тар



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#54109
түріСабақ
1   2

1.Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS

Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.

Пәннің көлемі 2 кредитті құрайды:


Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақ

тар

Өткізі

лу уақыты

Сабақ

тар

Өткізі

лу уақыты

Байланыс сағаты 1 (дәріс 1)

50 мин.

Практикалық сабақ 1 сағат

50 мин.

МОӨЖ

2 сағат


50 мин.

МӨЖ

2 сағат


50+50 мин.

Аралық бақылау - семестрдің8 және 15 аптасы



2. Пән туралы мәлімет:

Атауы: «Қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдар мен көркемдік тәсілдер» Кредит саны: 2

«Қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдар мен көркемдік тәсілдер» пәні

Күндізгі оқу бөлімінде де 2 кредит. Бір аптада 1 кредит сағат саны, әр кредит сағат саны (дәріс, практика) екі байланыс сағаттан және 2 сағат МӨЖ, 2 МОӨЖ тұрады.

Сабақ кестесі:

Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.



Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан ( дәріс, практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ)

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

МОӨЖ

МӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі

І

2

2

15

15

30

30

90

емтихан

«Қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдар мен көркемдік тәсілдер» туралы пән жоғары оқу орындарының магистрларын даярлау ісінде әдебиеттану ғылымының қазіргі өзекті проблемарын тереңдетіп меңгерту мақсатында оқытылып жүрген негізгі пәндердің бірі. Отандық әдебиеттану ғылымының қай саласы болмасын жаңару, жаңғыру барысында өткенін екшей отырып, ұлттық мүддеге орайлас тың ізденістерге бет бұруда. Міне, осы қазіргі заманға сай соны ізденістер мен тың зерттеулерді, ұлттық мүдде тұрғысына пайымдалған оң тұжырымдарджы магистрантарға жеткізі пәннің ауқымында қарастырылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бүгінгі таңда бүкіләлемдік көркем ой дамуындағы гуманистік және ұлттық өлшемдердің, тарихи-рухани өмірдегі көркем шығармашылықтың адам тұлғасын қалыптастырудағы орнын қайта бағамдау мәселесі өз-өзінен күн тәртібінен шығып отыр. Сондық тан біз ұлттық әдебиетімізді, оның идеялық көркемдік бағыттарын, жалпы поэтикалық мәселелерін әлемдік әдебиет контексінде қарауға мәжбүрміз. Осы тұрғыда бүкіләлемдік көркем ой қол жеткізген межелерді саралай отырып, коғам мен рухани өмірдегі жаңашылдықтарын әдебиетімізде бой көрсетуін анықтау арқылы ұлттық көркемдік дамудың нақты көрсеткіштерін айғақтай аламыз.Әдебиетті зерттеу барысында шығармашылық үдерістің қос мәнін: әдебиет дамуындағы жаһандық құбылыстар мен ұлттық әдебиеттер арасындағы ортақ тенденцияларды және нақты бір дәуір мен нақты біәр ел әдебиетіндегі қайталанбайтын ерекшеліктерді үнемі қаперде ұстау аса қажет.

Курстың мақсаты: Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты қазақ прозасының даму жолындағы, идеялық-эстетикалық ізденіс бағдарындағы көркемдік әдістері мен әдеби ағымдар табиғатын, типологиялық қырларын жан-жақты зерттеу болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін диссертацияға төмендегідей міндеттер қойылады:

  • әлемдік әдебиет тарихындағы ірі-ірі әдеби бағыттар мен көркемдік жүйелердің қалыптасуындағы ортақ сипаттар, ұлттық әдебиеттер өзінің даму сатыларын түрлі хронологиялық кезеңдерде жүзеге асырып отыруы, олардың арасындағы желілестіктер мен ықпалдастықтар сынды әдеби заңдылықтарп аясын қарастыру;

  • әдебиеттің жедел дамуы негізінде қазақ прозасының қалыптасуы мен ондағы бүкіләлемдік көркемдік тенденциялардың - түрлі ағымдар мен әсердің қалайша игерілгендігін бажайлау;

  • болмыс құбылыстарының себеп-салдарлық негіздерін тарихи-даму заңдылықтарын, бүкіл қарама-қайшылықтарымен, адам табиғатына қатысты жайларды тұтас суреттеумен өзгешеленетін реализмнің прозалық шығармалар құрылымынан орын ала бастауын, реализм типологиясына қатысты ұлттық әдебиеттанушылық ой-пікірлер өрісін таразылау;

  • қазақ әдебиетінде прозаның іргелі жанрға айналып, жетілу үдерісінде ағартушылық реализмнің жаңа жанрлардың тууына серпін бергенін, рационалистік тұғырнамаға негізделген бірнеше әдеби ағымдардың басын біріктіре отырып, сыншыл реализм принциптерінің қалыптастыруға тұғыр қалағанын кеңінен талдап көрсету;

  • натурализм ағымының белгі сипаттары қазақ прозасында да өзіндің орын алып, ұлттық әдебиет тарихында реализмді қалыптастырушы ретінде байқалғанын, натуралистер әдебиетке жаңа өмірлік материалдарды, жаңа тұрпаттық қаһармандарды әкелгенін дәлелдеу;

  • қазақ прозасында ХХ ғасырдың алғаш кезеңдерінде көрініс беріп, қайтадан үзіліп қалған модернистік ағым желісінің 1960-жылдардан бастап қайта өрістеуін, әдебиеттің мүлде жаңа сарапқа түсуі арқасында әлемдік әдеби үрдістерге қаншалықты үн қоса алғандығын анықтау.


Курстың мазмұны Қазақ әдебиетіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуында айрықша мән еленген көркем шығармалар, қарастырылып отырған мәселелердің сипатына ауқымына қарай іріктелінген жазушылардың жекеленген прозалық туындылары болды.
Оқыту әдістемесі Қазақ прозасындағы көркемдік әдістері мен әдеби ағымдар ерекшеліктерін ашу үшін тарихи-салыстырмалы, объективті-аналитикалық, кешенді, герменевтикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.

Пәнді меңгеру нәтижесінде: магистранттар қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі таңдағы өзекті проблемалары мен зерттеу арналарынан толық мағлұмат алады. Әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сынының өзара бірлікте екендігін қарастырады. Поэтика мәселесінің қыр-сырымен тереңірек танысып, болашақ өздерінің зерттеу еңбектеріне теориялық-практикалық мәліметтер жинақтайды.


Практикалық сабақтардың әдістемелік өту барысы:

Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп:

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
5. Курстың мазмұны
Бірінші апта

1 дәрістің тақырыбы: «Қазақ әдебиеттану ғылымының тууы, қалыптасу және даму кезі»



Қарастырылатын мәселелер:

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері.

2 Қазақ әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу және даму кезеңдері, зерттелу тарихы.

3. Әдебиеттің ғылыми тарихын жасау бағдары.

Пән жоғары оқу орындарының магистрларын даярлау ісінде әдебиеттану ғылымының қазіргі өзекті проблемарын тереңдетіп меңгерту мақсатында оқытылып жүрген негізгі пәндердің бірі. Отандық әдебиеттану ғылымының қай саласы болмасын жаңару, жаңғыру барысында өткенін екшей отырып, үлттық мүддеге орайлас тың ізденістерге бет бұруда. Міне, осы қазіргі заманға сай соны ізденістер мен тың зерттеулерді, ұлттық мүдде тұрғысына пайымдалған оң тұжырымдарджы магистрантарға жеткізі пәннің ауқымында қарастырылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Әдебиеттану ғылымындағы үлттық мүддеге қатысты тың зерттеулер тәуелсіздік жылдарынан кейін қолға алынғаны мәлім. Кешегі кеңестік цинзураның мүмкіндік бермеген түстарын қайта қарап, дүрыс баға беріп, өткенімізді бағамдап, бүгінгі күн түрғысына бағалау мақсаты бір сәтике толастауға тиісті емес. Себебі, ғылым зерттеу аясы аяқталған көзқарастар мен шешіліп біткен шындықтың қоймасы емес. Күллі жаратылыстың дами беру қасиеті ғылымға да, оның ішінде әдеби зерттеу ғылымына да тән. Соған байланысты әдеби зерттеуде көркем шығарманы талдаудың жаңа ізденістері пайда бола бастады. Осы түрғыдан келгенде, әдебиеттенау ғылымының өзекті мәселелері әр дәуір әдебиетінің рухани мүраларын үздіксіз зерттеуге байланысты толып отырады. Пәннің жалпы сипаттамасы ежелгі дәуір әдебиетінің, хандық дәуір әдебиетнің, ХІХ, ХХ ғасырп әдебиетінің, кеңес дәуір әдебиетнің, бүгінгі заман әдебиетінің рухани мүралын танудағы өзекті проблемалары мен зерттеу арналарына кеңірек тоқталуды көздейді.

Қоғамдық өмірге «жылымық» дарытқан игі ықпал партиялық қаулылар қысымына алынған әдебиет тарихы және рухани мүраны жаңаша таным таразысына салу талпыныстарын үштады.Қазақстан жазушылыры III сьезінде Ғ.Мүстафин әдебиетті зерттеу мен бағалаудағы қателіктерді келелі тақырыпқа негіз етіп алса, «Қазақ әдебиеті», «Жүлдыз» басылымындағы мақалаларда әдебиет тарихының

зерттелуі мен әдеби мұраның игерілуі, ана тілінің мүшкіл хәлі, зиялы қауым парызы талқыға салынды. Елдік мұраттағы азат ой тежеліп, Қазақстан КП ОК «Қазақ әдебиеті» газетіндегі ұлтшылдық қателер туралы» қаулы қабылдады.

Әдебиетшілер рухани құндылықтарды бағалауда орын алған нигилистік көзқарастан арылуға күш салды. «Абай» романы- қазақтың тұңғыш эпопеясы» шығармашылық конференция соның айқын дәлелі болса, Абай мұрасын зерттеу жаңа сипат алды. М.Әуезов ақынның ғылыми өмірбаяны толықтырып екі томдық жаңа басылымда жариялады. «А.Құнанбаев» зерттеуі абайтанудың кешенді бағдарын айқындап, ғылымдар ақын мұрасына, көркемдік әлеміне, текстологиясына ақындық дәстүріне баса назар аударды.

Қазақстан КП қазақ халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғсынан қарап пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шарлары туралы» қаулысына сай өткізілген қазақ биетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференцияның әдеби мұраны игеру мен әдебиет тарихын зеттеу бағыттарына қозғау салудағы маңызын айта отырып, қабылданған идеологиялық ұсыныстар рухани құндылықтарды елдікпен орайлас шешуге тосқауыл қойғанын баса көрсетеміз. Конференция талаптарының ендігі бір кереғарлығы - әдебиет тарихы бастауларын ХУШ ғасырмен дәйектеген Қ.Жұмалиев пікірінің негізге алынуы. Әдебиетті түркілік тамырымен тарихи сабақтастықта зерттеуді көтерген Б.Кенжебаев ұсынысы ескерусіз қалды. Осы бағыттағы ғылыми таным қайшылығы ұлттық әдебиеттануда қарама-қайшылықта зерделенді.

Әдебиеттану ғылымы даму белесіндегі айрықша мәндегі зерттеу 1960-1967 жылдары қазақ әдебиеті тарихы үш томдық алты кітабының жарық көруі еді.ІІ том бірінші кітап Қ. Жұмалиев концепциясы негізінде жүзеге асырылды .«ХУШ ғасырдың соңымен XIX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» тарауын жазған зерттеуші жыраулар мұрасына қатысты «...әдебиет тарихының басы бола алмайды»- деген пікірде болды. Көркемдік дамуды айқындауға кезең талабында келген ғылым әдеби бағыттарды феодалдық (Бұқар жырау, Дулат, Байтоқ , Жанұзақ ) демократияшыл (Махамбет, Шернияз, Алмажан мұрасын Бұқар жырау, Махамбет, Шернияз, Алмажан) деп шығармашылығы тарауларын жазған әдебиетші Шернияз, Алмажан мұрасын ғылыми айналымға енгізді. Ал «ХУШ-ХІХ ғасырларындағы қазақ әдебиет» зерттеуінде әдебиет тарихын дәуірлеуге қатысты өз ұстанымында қалды.

Қарастырылып отырған көп томдық кітапта XIX ғасыр әдебиетінің даму тарихы барынша жүйеленді. Дулат, Шортанбай, Шәңгерей ақындар мұрасының тақырыптық - идеялық сипаты, көркемдік ерекшеліктерін ашудағы талпыныстар назар аудартады. Әдебиет тарихындағы ағым, бағыттарды маркстік-лениндік әдіснама қағидаларымен жіктеуден әдебиеттану XX ғасыр соңында ғана арылды. Осы ретпен алғанда, кітаптың «XIX ғасырдың орта және аяқ шеніндегі қазақ әдебиеті» тарауында Ы.Дүисенбаев Абай бастаған демократтық бағытқа сол кездегі зерттеушілік ой-пікір «керітартпа» деп қарастырған Мұрат, Кердері Әбубәкір, Базар ақындары қарсы қоюы әдеби мұраларын дұрыс бағалауға мүмкіндік бермеді. Осындай басты олқылықтарды байыптай отырып, еңбектің М.Бөжеев, З.Ахметов жазған тарауында қазақ әдебиетінің Шығыс әдебиетімен байланысының әдебиеттануда алғаш зерделенуін атап өтеміз.

XVШ-XIX ғасырдағы әдебиет тарихына арналған ұжымдық еңбек көп томдық түзудегі алғашқы ғылыми тәжірибе бастамасы және әдебиет бастауларын шектеу

қалыбынан аса алмағандықтан көркемдік дамудың тарихи сабақтастығын толық күйінде бере алмады.

Әдеби мұраны тұтастықта игеру, жариялаудағы талпыныстар саяси жүйе тарапынан үнемі тежеліп отырғанымен зерттеушілер таным-білігіндегі сана серпілісі әдебиеттануға соны күш дарытты. Конференция ұсыныстарына жығыла бермеген ғалымдар қатарына жаңа толқын зерттеушілер қосылуымен байырғы дәуір мұраларын ұлт игілігіне айналдыруда кемел істерге бет бұру басталды. Ол Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншалиев, м.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ. Сыдиқов құрастыруындағы «ертедегі әдебиет нұсқауларынан» бастау алып, «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты Х. Сүйіншәлиев еңбегімен тереңдетілді.

XX ғасыр басы Алаш арыстарының ғылыми еңбек, классикалық туындылары туған тарихи кезең. Ғалымдар әдебиеттанудың өзекті мәселелеріне марксистік- лениндік ілім талабында келуге мәжбүр болғанымен, ақын-жазушылар мұрасын ғылыми айналымға енгізуге күш салды.

1 практикалық сабақтың тақырыбы:Ұлттық әдебиеттнау: қалыптасу, даму тарихы
Тапсырмалар:


  1. Қазақ әдебиетінің ғылымдық тарихы

  2. Әдеби теориялық ізденістер

Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект, реферат т.б. түрінде жазу

Есеп беру түрі: сұрақ-жауап, реферат, жоба қорғау


1-СОӨЖ тақырыбы:

Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің өзекті мәселелері (Реферат)

СӨЖ тапсырмалары:

Әдебиет тарихын зерттеудегі әдеби тартыс-дау дамайлардың себеп- салдары. Зобалаң жылдар. (Ақиқат пен саяси идеология тартысы: эссе)

Есеп беру түрі: сұрақ-жауап, реферат, жоба қорғау



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. - Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Кабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  1. Елеукенов Ш. Әдебиет жене ұлт тағдыры. Санат. 2002.

  2. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

  1. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  2. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3

  3. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш” Алматы, Атамұра. 2003.

10 . Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

  1. Кабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  1. Елеукенов Ш. Әдебиет жене ұлт тағдыры. Санат. 2002.

  2. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

  4. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

  5. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  6. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

  7. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.

Екінші апта

2 дәрістің тақырыбы:Әдебиет - даму заңдылықтары және әдеби ағым мен көркемдік әдіс табиғаты



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Эстетикалық пікірлердің даму тарихы

  2. Әдебиет туралы ғылым және оның түрлері

  3. Әдебиет пен өнердің тек-төркіні туралы

  4. Көне түркі әдеби жәдігерліктерін бір-бірінен дербес, жеке-жеке күйінде алып зерттеу ісі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында-ақ басталған еді. Алғашқы зерттеушілер көне мұралардың мәтінін оқып, түрлі қолжазба нұсқаларын өзара салыстырып, құнды нұсқаларын басып шығарумен шектелді. Қазақ көне дәуір әдебиетін он тоғызыншы ғасырда орыс ғалымдары тілдік тұрғыдан зертегенімен, әдебиетану ғылмында жүйелі қозғала бастауы ғалым Бейсенбай Кежебаевтың тікелей бастамасымен басталды.

  5. Ол кезінде қазақ әдебиетін ХҮІІІ ғасырдан бастап қарастырған әдебиетшілерге қарсы дау айтып, әдебиет тарихының дәуірі тереңде екендігіне көңіл аударды. Өзінің әдебиет тарихын жіктеген ұсыныстарын да қорғауға тырысты. Елуінші жылдардағы «жылымық» кезінде баспасөз бетінде ұлт мәдениеті мен өнері, әдебиеті мен тілінің ұзақ жылдар бойы жабық болып, қордаланып жиылып қалған мәселелері қайта көтеріліп, жұртшылық қолдауына ие бола бастады. Осы кезде Б.Кенжебаев «Қазақ халқының жазба әдебиетінің тарихы қайдан, кімнен басталады?» атты пікірлесу мақаласын жариялады. «Қата пікір қағидаға» айналмасын деген мақаласымен Қ.Жұмалиев оған тосқауыл қойды. Әрине, бұл жерде саяси идеологияның ығарын сезінуге болады. Себебі, қазақ әдебиеті мен мәдениеті, тілі мен өнері жайлы мәселелерді батыл көтеріп, жұртшылықтың көңіліндегі көкейкесті ойларды айта білетіндігі ғалымдар үнемі қуғындалып отырғандығы мәлім. Сол ызғарда ғалымға тосқауыл қойды.

  6. Ғалым өзінің теориялық пікірін жетілдіріп, бұрынғы қазақ әдебиетінің тарихы ХҮ ғасырда басталады деген пікірін жетілдіріп, әдебиет атрихы ҮІІ ғасырдан басталады деп, оған түркі тектес халықтардың бәрін ортақ мұраларды тілге тик етті. Сөйтіп, Б.Кенжебаевтың қазақ әдебиетінің тарихына қаптысты айтып келген ой-пікірлері алпысыншы жылдардың соңынан жетпісінші жылдарға қарай бас аяғы жинақы тұтас бір ғылыми концепцияға айналды.

  7. Б.Кенжебаевтың шәкірттері қазақ әдебиетінің тарихын сонау Ү-ҮІІІ ғасырларға тасқа жазылып қалған сына жазулардан бастап, бүгінгі күнге дейін кезең-кезеңімен тұтас күйінде зерттей бастады. М.Жолдасбеков Орхон-Енисей жазбаларын әдеби тұрғыдан зерттеп, қазақ әдебиетінің бастау көздерін тереңдете түсті. А.Қыраубаев орта ғасырлардағы көне әдеби мұралар қазақ әдебиетіне де тікелей қатысты, жазба ескерткіштердің көбі түркі халықтарына ортақ екенін дәлелдеді. Н.Келімбетовтің «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1981) атты еңбегінде Ү-ҮІІІ ғасырлардан бастап, қазақ хандығы құрылғанға дейінгі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ әдеби мұраларға қазақ әдебиеті тұрғысынан жан-жақты талдаулар жасады. Ал, М.Мағауин бұрын ауызша делініп келген, ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихын зерттеді.

  8. Көне түркі әдебиетінің қазақ руханиятына байланысын айқындауда соны қадам жасаған еңбектеріндегі өзекті мәселелер әдебиеттануда жетекші орынға түпкілікті шығуы үшін күрделі ізденістерді тереңдету қажеттін. Б.Кенжебаев қазақ әдебиетінің тарихын Ү ғасырдан, яғни қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлерінен бастау алатынын: (біз қазақ халқы әдебиетінің тарихын дәл осы жүйемен жасауды жоғары оқу орындарында осы тәртіппен оқытуды жөн көремз»-деп түйді. Маңызды ғылыми концепция тұтас әдебиетшілер тарапынан қолдау таппады. Сондықтан тарихи бастауы айқындалған қазақ әдебиеті ежелгі дәуірінің әдеби нұсқаларын кешенді зерттеуді тереңдете түсу зәрулігі күн тәртібінен түскен жоқ . М.Жолдасбеков «Көне түркі ескерткіштері және олардың қазақ әдебиетіне қатысты» зерттеуінде ұазақ әдебиетінің тарихы УШ ғасырдағы көне түркі жазба ескерткіштерінен басталатыны дәлелдеп, Орхон ескерткіштері жанрын айқындауда құнды ғылыми тұжырымдар жасады. А. Қыраубаева «Қысас Рабғузи», «Мұхаббат-нама» - идеялық- көркемдік ерекшеліктері» кандидаттық зерттеуімен Алтын Орда дәуіріндегі түркі классикалық көркемдік сипатына тән ерекшеліктерін айқындады. Ш.Ыбыраев «Қорқыт ата кітабының» поэтикасын өзге түркі халықтары (қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, алтай т.б) ауызша дәстүрінде өмір сүріп келе жатқан жырлармен типологиялық негізінде қарастырып, ауызша, жазбаша эпстық, көне эпос, батырлар жыры және романдық эпостың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар поэтикалық, стильдік денгейде анықтады.

  9. Қазақ әдебиетінің көне түркі дәуірімен сабақтастығын бекітудегі қадамдар Шығыс классикалық әдебиетімен дәстүрлі байланыстың көркемдік үлгілерін жариялау, зерттеуге өрісті ықпал етті. «Көрұғлы» (М.Ғұмаров), «Ғашықнаме» (Ү.Субханбердина) жинақтары шығып, Р.Бердібаев, М.Бөжеев, Н.Келінбетов, Ө.Күмісбаев, А.Қыраубаев, Ә.Дербісәлиев, Ш.Сәтбанва еңбектерімен өріс алды. Б.Ысқақов, А.Мусинов, С.Талжанов, С.Тойшыбаева, З.Тұрарбеков, К.Сейданов зертеулеріне қазақ әдебиетінің туысқан түркі тектес халықтармен әдеби байланысы, мәдениеттер тоғысуы арқау болды. «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» батырлар жырына арналған І томында «Көрұғлының» 29 нұсқасы берілді. Қазан төңкерсіне дейін ғашықтық жырлар (лиро-эпос) қамтылған II томында 191 жырға сипаттама жазылып, оның елуге жуық Шығыс сюжетіне құралғаны анықталды.

  10. Қорыта айтқанда, қазақ әдебиетінің трихы Ү ғасырдағы ертедегі әдебиет нұсқалары негізінде тереңдетіліп, Орхон ескерткіштері, Алтын Орда дәуіріндегі түркі классикалық поэзиясы көркемдік ерекшеліктері, «Қоркқіт ата кітабының» поэтикасы зерттелді. Шығыс руханиятымен дістүрлі әдеби байланыс арналарын зерттеу жаңаша сипат алды.

  11. Жыраулар мұрасын ғылыми айналымға енгізу жолдары

  12. М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» зерттеуі, құрастыруы жән алғы сөзі мен жарық көрген «Алдаспан» антологиясы хандық дәуір әдебиетін ұлт тарихымен байланыстыруда шешуші қадам жасады. Жыраулар поэзиясын, толғау жанрын зерттеу Х.Сүйіншәлиевтің «ХУ-ХУШ ғғ. Қазақ әдебиеті», «ХУШ ғасырдағы қазақ ақындарының поэзиясы», Қ.Өмірәлиевтің «ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазақ

  13. поэзиясының тілі», Ж .Бектұровтың «Жыраулары мен ақындар

  14. поэзиясының көркемдік-композициялық ерекшеліктері», Б.Абылқасымовтың «Жанр толғау в казахский устной поэзи» еңбектерімен өрістеді. А.Сейдінбеков «Күмбір- күмбір күмбездер» кітабында қазақ мәдениеті мен синкретті өнерінің көшпелілер эстетикасымен байланысты табиғаттын тарихи, археологиялық, этнографиялық деректер негізінде қарастырды.

  15. Әдебиет бастауларын тереңдеткен еңбектердің әдебиеттануда іргелі зерттеулер ретінде мойындалуы тиіс мәселелерге қатысты пікір қайшылығы маңызды концепцияны түпкілікті орнықтыруға, жинақтауға кедергілер келтірді. Орыс тіліндегі үш томдық (1968-1979) қазақ әдебиеті тарихының (Ы.Дүйсенбаев редакциясымен) «Төңкеріске дейінгі қазақ әднбинті» екінші томды XV-XIX және XX ғасыр басындағы әдеби даму қайшылығын, ерекшеліктерін жинақтай көрсеткен авторлар (Н.Смирнова, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Дербісалин) көне түркі дәуірі, жыраулар мұрасын зерттеуде ілгерілеу жолындағы әдебиеттану өскелең талабымен үйлесе бермейтін: «Жекелеген поэзия Бұқар жыраудан басталады»,-деген пікірді ұстанды. Осы сипаттағы олқылық Ә.Дербісәлин редакциясы, алғы сөзімен жарық көрген «ХУ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» ақын-жыраулар жинағы, «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» зерттеулер кітабында орын алып, ғылыми ортада пікір қайшылығын тудырды. «XV - XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» жинағында барлығы он екі ақын - жырау мұрасы қамтылып, шығармаларын нақтылау («Ер Шобан»), жыраулар өмірінен тың деректер (Ақтамберді) мұрағат негізінде (Уфа, Қазан, Мәскеу, Ленинград) қамтылып, өмір сүрген жылдарын анықтау, Шалгез жыраудың Қазан мұрағатынан жаңадан табылған жүз жолдай өлеңінің берілу жетістіктерін айта отырып, ғылыми принциптілікпен үйлесе бермейтін кейбір қайшылықтарға бой алдырғанын көрсетеміз. Бұл ретте М.Дүйсенов, Б.Кенжебаев, Р.Бердібаев, Т.Қожакеев, К.Сейдехановтың сөз өнерінде тоғысқан фольклор мен ауызша әдебиет табиғатының ортақ арнасы мен ерекшеліктерін зерделеген мақалаларының маңызы зор. Ал Қ.Өмірәлиев қазақ поэзиясының XV ғасырға дейінгі коркемдік арналарының көне дәуірімен сабақтастығын және XV - XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясы авторсыз үлгілерінің стильдік, тілдік ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан талдап, Бұқар жырау, Маханбет поэзиялық тілін филологиялық аспектіде қарастырды. Зерттеу ХІ ғасыр деп анықтауымен ерекшеленеді. Текстология бір ізге түспеген кезде ғылымның мәтіндік зерттеулерінде даулы пікірлердің орын алуы заңды. М.Жармұхамедов Бұқар жырау толғауларын байыптауындағы текстологияға қатысты кейбір пікірлеріндегі ағаттықты ескертеді

2 практикалық сабақтың тақырыбы:Әдебиет - даму заңдылықтары және әдеби ағым мен көркемдік әдіс табиғаты
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект, реферат т.б. түрінде жазу Есеп беру түрі: сұрақ-жауап, реферат, жоба қорғау

2-СОӨЖ тақырыбы:

Әдебиет - даму заңдылықтары және әдеби ағым мен көркемдік әдіс табиғаты

Есеп беру түрі: сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстарын орындау.



СӨЖ тапсырмалары:Әдебиет - даму заңдылықтары және әдеби ағым мен көркемдік әдіс табиғаты

Есеп беру түрі: реферат дайындау, қорғау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. - Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет.

2. Кабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.


  1. Елеукенов Ш. Әдебиет жене ұлт тағдыры. Санат. 2002.

  2. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

  1. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  2. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3

  3. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.

10 . Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

  1. Кабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  2. Елеукенов Ш. Әдебиет жене ұлт тағдыры. Санат. 2002.

  3. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  4. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

  5. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

  6. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  7. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

  8. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.


Үшінші апта

3 дәрістің тақырыбы:Әдебиеттегі жанр және көркемдік әдіс байланыстары



Қарастырылатын мәселелер:

1. Ұлт әдебиетінің тарихын ХҮ ғасырдан бастап жүйелі орнықтырудағы күрделі ізденістер.

2. Хандық дәуір әдебиетін зерттеудегі ғылыми бағыт жыраулар поэзиясын рухани айналымға енгізу, толғау жанрын әдеби-тарихи тұрғыдан зерделеумен ғылыми шешім табуы. М.Мағауин, Х.Сүйіншалиев, Ж.Бектұров, А.Сейдімбек, т.б ғылыми еңбектердің мәні.


  1. Х!У-ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің өзекті мәселелері

3 практикалық сабақтың тақырыбы:Әдебиеттегі жанр және көркемдік әдіс



байланыстары
Тапсырмалар:

зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект, реферат т.б. түрінде жазу



3-СОӨЖ тақырыбы:

Әдебиеттегі жанр және көркемдік әдіс байланыстары Тапсырмалар: Әдебиеттегі жанр және көркемдік әдіс байланыстардың өрбуі

СӨЖ тапсырмалары:Нар заманнан зар заманға дейінгі керуен (ХҮ-ХІХ ғғ.)(гаезтке мақала жазу)

Есеп беру түрі: жекелей бақылау тапсырмаларын орындау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


  1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. - Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Кабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  1. Елеукенов Ш. Әдебиет жене ұлт тағдыры. Санат. 2002.

  2. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

  1. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  2. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3

  3. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш” Алматы, Атамұра. 2003.

10 . Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

  1. Кабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  2. Елеукенов Ш. Әдебиет жене ұлт тағдыры. Санат. 2002.

  3. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  4. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

  5. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

  6. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  7. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

  8. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.


Төртінші апта

4 дәрістің тақырыбы: Қазақ әдебиеті тарихындағы реализм мен романтизмнің негізгі арналары



Қарастырылатын мәселелер:

1. ХІХ - ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті - отаршылыдықө кезеңнің қоғамдық мәселелерімен сабақтас күрделі кезең.

2. Ғалымдардың әдеби мұраны бағалау мен зерттеу ісінде маркстік-лениндік ілім талабын ұстануы, көркемдік даму сабақтастығына және ақын-жазушылар дүниетанымындағы қапйшылықтарна тарихилық қағидамен үңілуі.

3. Қазіргі таңдағы зерттелуі

ХІХ-ХХ ғасыр басындағы әдеби мұралардың зерттеудегі ғылыми еңбектерді саралау, жетістіктері мен кейбір саяси идеологиялық тұрғыдан бұрмаланған дүнелерге ғалымдар еңбектері негізіндже шолу жасау.

ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті - отаршылдық дәуірдің қоғамдық мәселелерімен сабақтас күрделі кезең. Ғалымдар әдеби мұраны бағалау мен зерттеуде

ісінде маркстік-лениндік ілім талабын ұстанғанымен, көркемдік даму сабақтастығына және ақын-жазушылар дүниетанымындағы қайшылықтарна тарихилық қағидамен үңілуге дендей бастағаны аңғартты. Өзекті тақырыптарды очерк, монографиялық сипатта қарастырған еңбектер саны біршама еселеніп, ілгерілеу жолын танытты. Көркемдік дамудың тақырыптық-идеялық өзегі, жанрлық түрлену Қ.Жұмалиев, Т.Әбдірахманов, Ы.Дүйсенбаев, М.Бөжеев, Қ.Сыдиқов, Б.Кенжебаев, Ә.Дербісалин, Х.Сүйіншалиев, Қ.Өміралиев, Ә.Оспанұлы, З.Бейсенғалиев, жекелеген дарындар шығармашылығы Б.Кенжебаев, Т.Қожекеев, А.Еспенбетов, У.Қалижанов, Қ.Жүмағүлов еңбектерінде монография, кандидаттық зерттеу түрғысында талданды. Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз материалдары библиографиялық көрсеткіші, қазақ кітаптары тарихы (Ү.Субханбердина, Ә.Жиреншин, М.Бөжеев, Д.Қазбекова, К.Бегімбаева, Х.Бекхожин), әдеби сын тарихы (Т.Кәкішев), көркем аударма (С.Талжанов), сатиралық жанрлар (Т.Қожекеев), әдеби байланыс (Ш.Сәтбаева, Б.Ысқақов, Қ.Ш.Кереева-Канафиева), балалар әдебиеті (Ш.Ахметов) аясында қарастырылды.

Әдебиет тарихының өзекті мәселелерін зрттеуде тарихилық қағиданы үстану үдерістері үшталды. Айтулы түлғалар шығармашылығын жанр мен ситль, тестология түрғысынан зерттеу, әдеби мүраны жариялау, қолжазбаларының ғылыми сипаттамасын түзу өріс алды.

4 практикалық сабақтың тақырыбы:Қазақ әдебиеті тарихындағы реализм мен



романтизмнің негізгі арналары
Тапсырмалар:

зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект, реферат т.б. түрінде жазу Есеп беру түрі: сүрақ-жауап, реферат, жоба қорғау



4-СОӨЖ тақырыбы:Қазақ әдебиеті тарихындағы реализм мен романтизмнің негізгі арналары

СӨЖ тапсырмалары:Қазақ әдебиеті тарихындағы реализм мен романтизмнің негізгі арналары

Есеп беру түрі: ауызша сұрақтарға жауап беру.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1 Д.Ысқақүлы. Сын талқы. - Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Кабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.



  1. Елеукенов Ш. Әдебиет жене үлт тағдыры. Санат. 2002.

  2. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (қүр. Ахметов З.)

  1. Нүрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  2. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3

  3. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамүра. 2003.

10 . Жүмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

  1. Кабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  2. Елеукенов Ш. Әдебиет жене үлт тағдыры. Санат. 2002.

  3. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  4. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (қүр. Ахметов З.)

  5. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

  6. Нүрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  7. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

  8. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.



Бесінші апта

5 дәрістің тақырыбы: Ұлттық әдебиеттің қалыптасуындағы романтизм эстетикасы


Қарастырылатын мәселелер:

1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеу пәнінің ғылыми жүйесі негізделген оқулығын шығару, жаңа сипаттамаға әдебиеттің қалыптасуы жолдарына тән негізгі кезеңдерін қарастыру

2. Ұлттық әдеби сынның тууы және қалыптасу белестерінің зерттелуі.

3. Әдебиет библиографиясын түзу

4. Қаламгерлер шығармашылығын монографиялық тұрғыда қарастырған еңбьектер.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеу пәнінн ғылыми жүйесі негізделген оқулығын шығару, жаңа сипаттағы әдебиеттің қалыптасу жолдарына тән негізгі кезеңдерін қарастыру, ұлттық әдеби сынның тууы және қалыптасу белестерін зерттеу, әдебиет библиографиясын түзу және қаламгерлер шығармашылығын монографиялық тұрғыда қарастырған еңбектермен ілгерілеу жолында болды.

Көне түркі және хандық дәуірлерін оқытудағы бірізділіктің сақталмауын айтпағанда, қазақ кеңес әдебиетінен жоғары оқу орындары оқытушы, студенттеріне арналған ғылыми жүйедегі оқулық жоқ болатын. Зәрулік М.Қаратаев, Т.Нұртазин, С.Қирабаевтың «Қазақ совет әдебиеті» тұңғыш оқулығында шешім тапты. 1917-1966 жылдар аралығында «әдеби даму белестері бес дәуірге бөліп зерттелген еңбекте С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.,Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Тоқмағанбетов, И.Байзақов, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Қ.Аманжолов, Ғ.үОрманов шығармашылығы монографиялық тарауларда талданып, әдебиет дамуында өткерген қайшылықтар (ҚазАПП, пролеткультшілдік), социалистік реализм әдісінің игерілуі, шеберлік шыңдау жолындағы жетістіктер, олқылықтар эволюциясы сараланды.

Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеу пәннің ғылыми жүйесі негізделген оқулығын шығару, жаңа сипаттағы әдебиеттің қалыптасу жолдарына тән негізгі кезеңдерін қалыптастыру, ұлттық әдеби сынның тууы және қалыптастыру белестерін зерттеу, әдеби библиографиясын түзу және қаламгерлер шығармашылығын монографиялық тұрғыда қарастырған еңбектермен ілгерілеу жолында болды.

Одақ әдебиеттануында қолға алынған көп томдық шығару аясында қазақ кеңес әдебиетіне арналған еңбектер жазуда елеулі істер атқарылды.

Қазақ кеңес әдебиеті қалыптасу жолдары нақты зерттеу өзегіне алынып, Р. Бердібаев, Т. Кәкішев, М. Дүйсенов алғашқы кезеңі мен 1930-40 жылдар аралығын, М. Базарбаев, Ә. Нарымбетов Ұлы Отан соғысы кезіндегі (1941-1945) соғыстан кейінгі (1946-1955) дәуірін қарастырды. Т. Кәеішевтің «Сын сапары», « Оңаша отауы» еңбек-терінде ұлттық әдеби сын бастаулары тұңғыш рет халықтық эстетикадан желі тарататыны айқындалып, қазақ әдеби сыны Қазан төңкерісіне дейінгі туғаны ғылыми тұрғыда дәлелденді.

Тұжыра айтқанда, екңес дәуіріндегі әдебиет тарихын зерттеуде тың да өзекті мәселелерінің қолңа алынуы әдебиеттану ғылымының даму өрісінің ұлғайғанын айқын танытады.



Әдебиеттер:

1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.

2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

10. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.

5 практикалық сабақтың тақырыбы:Қазақ әдебиетіндегі романтизм эстетикасы. Романтизм және оның түп тамырлары туралы


Тапсырмалар:

зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект, реферат т.б. түрінде жазу Есеп беру түрі: сұрақ-жауап, реферат, жоба қорғау



5-СОӨЖ тақырыбы:М.Қаратаев, Т.Нұртазин, С.Қирабаевтардың кеңес дәуір әдебиетін зертеудің негізін қалаушылар.

Есеп беру түрі: сұрақ-жауап, реферат



СӨЖ тапсырмалары:Ұлттық әдебиеттің қалыптасуындағы романтизм эстетикасы

жайында пікірлер
Есеп беру түрі:Жекелей бақылау тапсырмаларын орындау.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. 1 Д.Ысқақұлы. Сын талқы. - Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Кабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  1. Елеукенов Ш. Әдебиет жене ұлт тағдыры. Санат. 2002.

  2. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

  1. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  2. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3

  3. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.

10 . Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

  1. Кабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  1. Елеукенов Ш. Әдебиет жене ұлт тағдыры. Санат. 2002.

  2. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

  4. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

  5. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  6. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

  7. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.


Алтыншы апта

6 дәрістің тақырыбы Қазақ әдебиеті және реализм


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Реализмнің көркемдік әдіс ретіндегі типологиясы

  2. Қазақ әдебиеті және ағартушылық реализм


Реализмш (лат. геііз — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі. Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір

шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай қүбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген қүбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі түлғалар жасау. Бейнелеу өнерінде сыншыл Реализм 18 ғ-дан байқалды. Суретшілер шығармндағы қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігіне үңілу, жекелеген мінезге көңіл аудару, қоғамдағы кертартпа салт-сананы келемеждеу (Францияда Ж.Б. Шарден, Ж.Б. Грез; Англияда У.Хогарт; Германияда Д.Н. Ходовецкий) ағартушылық идеяларының шартына бағындырылды. Реализм әдістерін қалыптастыруда Ф.Гойя шығарм. ерекше орын алды. Ол өз еңбектерінде төңіректі қоршаған дүниенің жанды поэзиясын қалай ашса, әлеум. қайшылықты аяусыз талдауда соншалықты батыл қадам жасады. 18 ғ. мен 19 ғ-дың алғашқы бөлігінде, романтизмнің қалыптасу кезінде бейнелеу өнері (портрет, түрмыстыц жанр мен табиғат көрінісі саласында) Реализмге бет бүрды. Францияда Т.Жерико мен Э.Делакруа өмірдің нақтылы көрінісін бейнелеуге ден қойып, оның шытырман оқиғаға толы тынысын суреттеді. Осы бағыттың әсерінен өз заманының өткір мәселелеріне тереңірек үңілген О.Домьенің шығарм. қалыптасты, Ресейде 19 ғ-дың 1-жартысында Реализм тенденциясы О.А. Кипренскийдің портреттерінен, А.Г. Венециановтың шаруалар түрмысы тақырыбына жазылған картиналарынан, С.Ф. Щедриннің пейзаждарынан айқын көрінді. К.П. Брюллов шығарм. арқылы қанаты қатайған Реализм принциптері өмірдегі шынайы көріністерді терең филос. түжырыммен үштастыра білген А.И. Ивановтың, әсіресе, “кішкентай жандардың” өмірін жырлайтын П.А. Федотовтың шығармаларының арқауына айналды. Реализмнің алғашқы нышандарын ауыз әдебиеті мен көне жазбалардан да табуға болады.



Әдебиеттер:

1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.

2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

10. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.

6 практикалық сабақтың тақырыбы:Реализм және қазақ әдебиеті


Тапсырмалар:

зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект, реферат т.б. түрінде жазу



6-СОӨЖ тақырыбы: Қазақ әдебиеті және ағартушылық реализм
СӨЖ тапсырмалары:Қазақ әдебиеті және ағартушылық реализмнің дамуы

Есеп беру түрі: сұрақ-жауап, реферат, жоба қорғау


Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. – Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

3. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

4. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

8. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3

9. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. – Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

10. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. Санат. 2002.

Жетінші апта

7 дәрістің тақырыбы Қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм принциптерінің орнығуы


Қарастырылатын мәселелер:

1. Тарихтағы «тоқырау», «жылымық» саяси билік

тарапынан тежеліп отырғанымен, қоғамдық дамудың рухани ағымына жаңғыру үдерісін алып келді.

2. лиризмді, психологизмді, философиялық иірімдерді көркемдік тұрғыдан игеруі

3. Әдеби сындағы серпіліс, идеологиялық қыспақтан шыққысы келген әдеби-эстетикалық көзқарастар легінің шығуы.

Тарихата «тоқырау» кезеңі деп аталған жылдары «жылымық» саяси билік тарапынан тежеліп отырғанымен қоғамдық дамудың рухани ағымында жаңғыру үдерістері жүріп жатты. Әдеби дамудағы социалисмтік реализммен үйлесе бермейтін көркемдік танымның әлеуметтік санаға жасаған тгеурінді күшін ресми саясат қабылдамағанмен, жанрылқ түрленулердегі сапалық өзгерістер сыншылар тарапынан жіті зерделеніп отырды. Тарихи тақырып, бүгінгі күн бейнесі және замандас тұлғасы, классикалық дәстүрдегі жаңашылдық ізденіс қырлары әдеби сын күретамырын құрады. Қазақ әдебиетші, қаламгерлері саясат талабына байлаулы болғанымен, көркемдік өрлеу табиғатын эстетикалық саралау мен зерделеуде таза идеологиялық ой-пікірге шырмалып қалғаны жоқ.

Ең бастысы, түрлі буындағы тұтас қаламгер, сыншылар дүниетанымындағы күрделі өзгерістер әдебиеттегі социалистік реализмді таза дәріптеу талабын емес, ұл әдебиеті мұратын басты орынға шығаруды ұстанды. Міне, сын мәдениетіндегі серпіліс «зейнетінен бейнеті мол сыни өміріміздің соқтиықпалы-соқпақсыз жолдарымен қажымай-қалғымай еңбек етіп келе жатқан аға буын, орта буын, кейінгі буын өкілдерінің бірлігі мен ынтымағы, мүдделерінің ортақтастығы, позициясының айқындығы ақазіргі қазақ сынның бүтіндей келбетін айқындайы»

Қарастырылып отырған кезеңдердегі әдеби сынның негізгі ерекшеліктері тарихи тақырыптағы туындыларды байыпты талдауларға баса назар аударудан, әдеби дамуды эстетикалық зерделеу, теориялық біліктілікпен саралаудан айқын көрінеді. Әдеби сын аға буынмен қатар жаңа толқын жазушылардың дәстүр арнасын жаңғыртумен көркемдік үдеріске тигізген ықпалын ашумен қатар тарихи романдардың ұлт санасының тарихи жадына қан жүгіртуімен жаңа белеске көшуіне тән құбылыс маңызын, қозғаушы күшін әдебиетіміздің өзіндік қасиетімен байланыстыра отырып зерделей алды.

Тарихта «тоқырау» кезеңі деп аталған жылдары «жылымық» саяси билік тарапынан тежеліп отырғанымен, қоғамдық дамудың рухани ағымында

жаңғыру үдерістері жүріп жатты. Әдеби дамудағы социолистік реализммен үйлесе бермей- тін көркемдік танымның әлеуметтік санаға жасаған тегеурінді күшін ресми саясат қабылдамағанмен, жанрлық түрленулердегі сапалық

өзгерістер сыншылар тарапынан жіті зерделеніп отырды. Тарихи тақырып, бүгінгі күн бейнесі және замандас тұлғасы, классикалық дәстүрдегі

жаңашылдық ізденіс қырлары әдеби сын күретемырын құрады. Қазақ

әдебиетші, қаламгерлері саясат талабына бай-лаулы болғанымен, көркемдік өрлеу табиғаттың өрлеу эстетикалық саралау мен зерделеуде таза идеологиялық ой-пікірге шырмалып қалғаны жоқ .

Әдебиеттер:

1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.

2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

10. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.

7 практикалық сабақтың тақырыбыҚазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм принциптерінің орнығуы


Тапсырмалар:Қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм принциптерінің орнығуы

7-СОӨЖ тақырыбы:Социолистік реализмге бүгінгі көзқарас.

Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект, реферат т.б. түрінде жазу

Есеп беру түрі:Эссе жазу.

СӨЖ тапсырмалары:

С.Әшімбаев, З.Серікқалиев, А.Сүлейменов интеллектуальдық-эстетикалық сынның сардарлары бүгінгі рухани сабақтастық

Есеп беру түрі: ауызша сабақ айту арқылы өз білімін байқату.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. – Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

3. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

4. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

8. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3

9. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. Санат. 2002.

10. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

11. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

12. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

13. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

14. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

15. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.



Сегізінші апта

8 дәрістің тақырыбы: Ұлттық әдебиеттегі ағымдар типологиясы


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Сентиментализм

  2. Натурализм


Сентиментализм — 18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың бас кезіндегі әдеби ағым.

Сентиментализм Еуропа әдебиетінде дамыды. Ағылшын әдебиетінде оны Л.Стерн орнықтырды. Оның “Франция мен Италияға сентименталдық сапар” атты романы Еуропа елдерінде кең тарады. Сентиментализм жеке адамның жан дүниесін, көңіл- күйін суреттеуге ерекше мән берді. Бұл бағыттағы шығармаларда күнделікті тұрмысты, тіршіліктің жеке көріністерін сипаттау мол орын алды. Әдебиетте психологиялық роман, повесть, естелік, сапарнама (жолжазбалар) секілді жанрлық түрлер көп қолданыс тапты. Шығарманың композициялық өрнегі мен сюжетінде жазушы оқиғаның адамға қаншалықты әсер етіп, қандай сезім туындататынын айрықша ескеріп отырды. Яғни, қаламгер өзара байланысы жоқ түрлі оқиғаларды, бір- біріне жанастырып, қиюластырып еркін баяндайды. Шығармадағы оқиғаға табиғат суреттерін, жазушының түрлі сезім-әсерлерін, т.б. жанама жайттарды қоса отырып суреттейді.



  1. Орыс әдебиетінде сентиментализмнің көрнекті өкілі Н.М. Карамзин болды. Карамзиннің “Бейшара Лиза” атты повесінен сентиментализмнің негізгі сипатын да, сондай-ақ осал тұстарын да айқын аңғаруға болады.

  2. Өткен ғасырлар үлесіндегі әлем әдебиетінде көптеген әдеби ағымдардың болғаны баршаға аян. Сол ағымдардың ішіндегі 18-ғасыр дың екінші жартысы мен 19- ғасырдың басында дамыған ағым - сентиментализм. Сентиментализм (французша сезім, сезімталдық деген сөздерден алынған ). Бұл көркем әдебиеттегі ағым Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен өріс алған. Ағылшын әдебиетінде сентиментализмді орнықтырған жазушы Л.Стерн. Оның «Франция мен Италияға сентименталдық сапар» атты романы Еуропа елдерінде кең қанат жайды, орыс тілінде аудармасы да жарық көрді. Сентиментализм жеке адамдардың жан дүниесін, көңіл - күйін суреттеуге ерекше мән береді. Бұл бағыттағы қаламгерлердің шығармаларында жанұялық тұрмысты, күнделікті тіршіліктің жеке көріністерін баяндауға, ұсақ және орта буржуазия, қолөнершілер өмірін сипаттауға көп орын

  3. береді. Әдебиетте психологиялық роман, повесть, естелік, сапарнама секілді жанрлық түрлер көбірек қолданылатын болды. Шығармалардың комппозициялық өрнегін, сюжетін құрғанда да жазушы баяндалатын оқиға-жайларды адамға қаншалықты әсер етіп, қандай сезім туғызатынын алдымен ескереді. Яғни жазушы әр түрлі өзара тікелей байланысы жоқ оқиға-жайларды, егер соларға ерекше мән берген болса, бір-біріне жанастырып, еркін баяндап отырады. Айтылып отырған оқиғаға табиғат суреттерін, жазушылардың өзінің әр түрлі сезім-әсерін және сондай басқа жанама жайларды қосарлап береді. Орыс әдебиетіндегі сентиментализмнің ең көрнекті өкілі Н.М Карамзин болды. Карамзиннің «Бедная Лиза» атты повесінен сентиментализмнің негізгі сипат-өзгешеліктерін көреміз. Жазушы өз еңбегімен күнелткен кедей қызды жан ашырлық сезіммен суреттеп оның жан дүниесінің нәзіктігін, тереңдігін бейнелейді. Төменгі таптың өкілі қарапайым адамды былай суреттеудің өз дәуірінде қоғамдық рөлі зор болғаны сөзсіз. Алайда осы шығармадан сентиментализмнің осал тұстарын да көреміз. Карамзиннің төменгі тап өкілдерін суреттегенде олардың ауыр халін, қатты қанау, қыспақ көріп отырғанын дұрыс ашып көрсетпейді. Мұны егер Карамзин шығармаларын сол кездегі патша үкіметінің озбырлығын әшкерелеп көсететін төңкерісшіл жазушы Радищевтің шығармаларымен салыстырсақ анық аңғарамыз. Көркем әдебиеттегі сентиментализм ағымына өз үлесін қосқан қазақ ақын- жазушылары мен сал-серілерінің туындылары нағыз ішкі сезімнен туған шығармалар екенін байқау қиын емес. Солардың ішінде Ақан сері Қорамсаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы сынды тағы да басқа сал-серілер мен ақын-жыраулардың туындыларын сентиментализм ағымына жатқызуғаболады.

  4. Қазақ әдебиетінің 20-ғасырдағы даму жолы халқымыздың сол тұстағы тарихи- әлеуметтік жағдайына байланысты болды. Бұл ғасырда қазақ қоғамы бұрынғы дәуірлерге қарағанда біраз өзгерістерді басынан өткеріп, ілгері өрлеуге бет бұрған-ды. Халыққа Еуропалық өнердің есігі ашылып оқу, өнер-білім самалы қазақ даласына жайылды.

  5. Қазақ ақын-жазушыларының шеберлігі бұл тұста арта түсті. Олар ұлттық әдебиеттің дәстүрлі жетістіктерін жете игеріп қана қоймай, ілгері іздене берді. Батыс пен Шығыс поэзиясына қолдары жетіп өрісін ұзартты. Қазақ поэзиясы бұрынғы өсиет өлең, арнау, толғау, жыр сияқты басым болып келген ескі жанр түрлеріне жаңалықтар қосты. Қазақ лирикасының өзі сан түрлі жаңа жүйелермен байи түсті. Лириканың бұрын дидактикалық сарыны басым болса, енді оның суретті, пейзажистік, образдылық жақтары бой ала бастады. Адамның арақатынасы, махаббат сезімдері, ішкі психологиялық дүниесі нәзік лиризммен әсерлі бейнеленіп, адамның іші мен сырты бірдей әдемі, жоғары адамгершілікпен ұштасуы көкселді. Адам өмірі жан-жақты жырланып, қоғамдық сана,философиялық ой-тұжырымдары, дәуір жаңалықтары кеңінен жырға қосылды.


Әдебиеттер:

1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.

2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

10. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.

8 практикалық сабақтың тақырыбы:Ұлттық әдебиеттегі ағымдар

Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект, реферат т.б. түрінде жазу
8-СОӨЖ тақырыбы:Ұлттық прозасын қалыптасу кезеңіндегі сентиментализм эстетикасы
Тапсырмалар: Ұлттық прозасын қалыптасу кезеңіндегі сентиментализм

эстетикасы жайында ғалымдар пікірі

Есеп беру түрі: реферат қорғау.



СӨЖ тапсырмалары:Аңыздық желі мен стиль мәселесі

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. – Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

3. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

4. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

8. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3

9. С.Мәуленов. Қазіргі прозадағы мифтік-аңыздық қолданыс. Монография. – 184 бет. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2008.


Тоғызыншы апта

9 дәрістің тақырыбы: Кеңес дәуіріндегі әдебиеттегі көркемдік үдеріс



Қарастырылатын мәселелер:

1. Көркем әдебиеттегі уақыт пен кеңестік

категориясы. Автордың идеядағы уақыт пен кеңістік. Дәуір, адам, көркемдік шешім. 2. «Рухани екі ұдайылық».

9 практикалық сабақтың тақырыбы:XX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар

Тапсырмалар:зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект, реферат т.б. түрінде жазу


9-СОӨЖ тақырыбы:: XX ғасыр басындағы әдеби бағыттар мен ағымдар реті

Есеп беру түрі:сұрақ-жауп, баяндау



СӨЖ тапсырмалары:XX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар

Есеп беру түрі:бақылау жұмыстарын жазу.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.

2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

10. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.

11. 3. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. Санат. 2002.

12. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

13. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

14. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

15. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

16. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

Оныншы апта

10 дәрістің тақырыбы Қазақ әдебиетіндегі постсоциалистік реализм эстетикасы және модернистік ағымдар


Қарастырылатын мәселелер:

1. Стиль мәселесі әдебиеттану ғылымының маңызды нысандарының бірі екндігі.

2. Поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткен еңбектердің маңыздылығы.

3. Поэзиядағы ақындық шеберлікпен көрінетіндігі. 1970-80 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік әдіс тұрғысынан тың ізденістердің көрінуі. Ж.Әбдірашев, Ж.Жақыпбаев, Қ.Мырзабеков.

4. Лирикадағы қаһарман және көркемдік бейнелілік. Тәуілсіздік жылдарынын укейінгі қазақ проэзиясы көркемдік шешім, ізденіс арналары. М.Райымбекұлы, Т.Толқынқызы, Н.Бердәлі т.б.

№10 практикалық сабақтың тақырыбы:Қазаргі қазақ лирикасындағы стильдік ізденістер

Тапсырмалар:



  1. Стиль мәселесі әдебиеттану ғылымының маңызды нысандарының бірі екендігі.

  2. Поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткен еңбектердің маңыздылығы.

  3. Поэзиядағы ақындық шеберлікпен көрінетіндігі.

  4. 1970-80 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік әдіс тұрғысынан тың ізденістердің көрінуі. Ж.Әбдірашев, Ж.Жақыпбаев, Қ.Мырзабеков.

  5. Лирикадағы қаһарман және көркемдік бейнелілік.

  6. Тәуілсіздік жылдарынын кейінгі қазақ проэзиясы көркемдік шешім, ізденіс арналары. М.Райымбекұлы, Т.Толқынқызы, Н.Бердәлі т.б.

  7. Стиль әдеби дамудың деңгейі мен бағыт-бағдарын тануда, көркем шығармашылықты бағалауда ерекше орны бар ұғым. Стиль термині әр түрлі ғылым саласында қолданылады. Стильді әдебиеттану ғылымы тұрғысынан эстетикалық категория ретінде қарастырғанда, оны шығарманың тұтас құрылымымен, бүкіл болмысымен қарастыру бірден бір дұрыс жол.

  8. Қазақ әдебиеттануындағы стиль мәселесіне байланысты еңбектер қатарында «Стиль сыры», «Қазақ көркем шығармаларының жанры мен стилі», «Қазақ әдебиеті: стил мәселелері» жинақтарын, М.Дүйсеновтің, Қ.Өміралиевтің, Ф.Оразбаевтың, М.Хамзиннің еңбектерін атауға болады.

  9. Қазіргі поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткенде Қ.Мәшһүр Жүсіпов тұжырымдарына қосыла отырып, лирикалық қаһарман сипатына, суреткердің сөз қолдану ерекшелігіне ерекше назар адару қажет-ақ. «Қазақ ақындарының қаншалықты толықсқан суреткер екенін айқындау үшін, стиль де, көркемдік әдіс те жалаң алынбай, үнемі бейнелілік тұрғысынан саралану қажеттігі де адау туғызбайды» деп ой түйеді ғалым.

  10. 1970 жылдардағы қазақ поэзиясына өзіндік үн, ерекшелігімен келген ақындардың қатырнда Жарасқан Әбдірашев есімі ерекше аталары сөзсіз. Әдебиетші ғалым Б.Майтанов: «Қазақ поэзиясынга ХХ ғасырдың 70-жылдарына қарай еркіндей басып, еркелей келген дарынды жас Жарасқан Әбдірашев болатын» дей келе, ақын поэзиясының көркемдігі мен тілі, шеберлігі туарылы ой қозғайды. Ақынның соңғы мұрасы - «Құлпытас немесе екі дүние: фәниден бақиға дейін...» атты жыр кітабы. Ұлттық поэзиямызға үлкен жаңалық болып қосылған бұл жинақтағы эпитафитялық өлеңдер Жарасқан қаламына тән рух асқақтығын барынша айқын танытты. Қайсарлық пен табандылық, тәккапарлық пен ірілік, асқақ пафос пен шешендік толғаныс - осының бәрі бірігіп келіп ақынның роматикасын нақтылай түсті.


10-СОӨЖ тақырыбы:Модернистік ағымдар

Тапсырмалар: конспект дайындау.

Есеп беру түрі: ауызша сабақ айту арқылы өз білімін байқату.

СӨЖ тапсырмалары:

Қазақ әдебиетіндегі постсоциалистік реализм эстетикасы және модернистік ағымдар туралы жоба қорғау жұмысы

Есеп беру түрі: жобалық жұмыстарды қорғау.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.

2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

10. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.

11. Сейпутанова А.Қ. Қазіргі қазақ лирикасындағы стильдік ізденістер. Кандидаттық диссертация. Алматы, 2006.


Он бірінші апта

11 дәрістің тақырыбы: Қазіргі қазақ поэзиясы және постмодернизм



Қарастырылатын мәселелер:

  1. М.Мағауинннің «Жармақ», Д.Амантай «Гүлдер мен кітаптар»

  2. Әдеби сын материалдарына шолу.

  3. Сөз өнерінің теориялық тарихы .Проза

Мұхтар Мағауин қазіргі таңдағы прозамыздағы қабырғалы қаламгерлердің санатынан екені мәлім. Ол шығармашылқ процесін үнемі үздіксіз дамытып, үзбей жазып келеді. Тіпті, соңғы жылдары өндіртіп жазып жүрген қаламгерлер десек артық болмас. Жазушының соңғы екі-үш жылдың көлемінде жарық көрген «Қыпшақ аруы» және «Кесілген бас – тірі тұлып» хикаяттары оқырмандар жүрегінен жылы орын иемденген туындылар болды. Біріншісінен қаламгердің бүгінгі ең үздік фантаст-жазушылармен терезесі тең тайталаса алатывн тарихи-танымдық негіздегі қиялгерлік қуатын байқасақ, екіншісінен Хулио Кортасар секілді классик жазушының әдісін («Классикалық үлгіде ойнау» романы) одан әрі қарай қазақ тарихымен ұштастыра дамыту шеберлігшін аңғартады.

Әдебиетте шығарманы адам санасының екіге бөлініп, өзара айтысып-тартысуы, қос жақ болып тайталасуына құру деген тәсіл бары мәлім. Мұхтар Мағауин осы тәсіл арқылды қазақ ұлтының бойындағы рухани дерттеге сараптама жасауцға ұмтылады. Бұл жере Мағауин айтып отырған сананың қосарлануы дегеніміз не? Бұл – бір адам санасындағы рухани құндылықтарға ұмтылыс пен оны етегінен кері тартатын тойғанына мәз тоғышарлық көзқарастың күресі. Бұл – адал махаббатқа іңкәр жүрек пен тәнім тек сұлуды имденсе деген нәпсі пиғыдың жан аяспас шайқасы. Бұл ел үшін отқа түсуге бар азамат пен бәрін байлық арқылы сатып ала аламын деген көркеуденің бітіспес майданы. Егер байқамасаңыз, екінші азғын жолға түсіп кетуіңіз оп-оңай. Енді төңірегіңізге анықтап қараңызшы, айналаңызад Құдай берген қабілеті жағынан сізден де талантты, сізден де қауқарлы, бірақ өз жеке басының қызығын ел мүддесінен, халық мұратынан жоғары қоятын жұмыр басты пенделер жүрген жоқ па? Бәлкім, олардың біреуі кезінде жеңіл жолды таңдап алған, рухани сұранысыңызды құрбандыққа шалған сіздің өзіңіз боларсыз.

Мұхтар Мағауин романы көркемдігімен қоса, ең бірінщшіден, осындай сауалдарға жауап іздеуге тырысуымен құнды. Ол «байқаңыз, әззәзілдің тіліне еріп кетпеңіз» дегенді ескертеді. Біздіңше, Мағауин романы – ендігі майдан дала даласына шығып жатқан жастар үшін керек кітап. «Жармақ» Чернышевскийдің атақты «Нен істеу керек?» троманның енді басталғанда ғасырдағы жаңаша, қазақша сұлбаланған нұсқасы. Ұл болашағы үшін күреске кіретін ендігі ұл-қыздың рухани көркем бағдарлмасы.

11 практикалық сабақтың тақырыбы:Қазіргі қазақ әдебиеті және постмодернизм Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект, реферат т.б. түрінде жазу


Тапсырмалар:

  1. М.Мағауинннің «Жармақ». Романның көркемдігі емес, ең біріншіден, «не істеу керек» сынды саулдарға жауап іздеуге тырысуымен құнды.

  2. «Жармақ» романы жаңа ғасырдағы жаңаша, қазақша «не істеу керек» деген сауалға жауап іздеген туынды.

  3. Д.Амантай «Гүлдер мен кітаптар» - мәдениет құбылысы.

11-СОӨЖ тақырыбы:

Қазақ прозасы және постмодернизм

Тапсырмалар: Қазақ прозасы және постмодернизм жайында ғалымдар пікірі

Есеп беру түрі: ауызша жауап беру.



СӨЖ тапсырмалары:Қазақ прозасы және постмодернизм жайында ғалымдар пікірі

Есеп беру түрі: реферат немесе жазба жұмыстар күйінде тапсыру.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. – Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

3. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

4. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

8. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3

9. Ә.Бөпежанова. Өнер – жеке тәжірибе: Сыни-мәдениеттанушылық кітап. І. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2007. – 328 б.

10. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. Әдеби сынның ғылыми негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. 128 б.
Он екінші апта

12дәрістің тақырыбы: Әдебиеттану ғылымындағы мектептер



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Қазіргі әдеби процесс, жалпы проза, поэзия,

драматургияның (1991-2009) әдеби смында бағалануы.

Б.Сарбалаев, Б.Бәмішұлы, Ә.Бөпежанова, Ж.Әшімжанов, С.Жұмабек т.б


Қазақ әдебиеттану ғылымының сын саласының туу және даму кезеңдеріне үлес қосқан алаш қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сынды қаламгер-жазушылар, сондай-ақ әдебиеттің сын, әдебиеттану ғылымында жемісті еңбек еткен Ғ.Тоғжанов, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, М.Ғабдулиин, З.Ахметов, тағы басқалар болды. Содай алыптардың, таланттардың ізін жалғастырғандардың ішінен Әбіш Кекілбаев, Асқар Сүлейменов, Оразбек Сәрсенбаев, Зейнолла Серікқалиев, Сағат Әшімбаев, Рымғали Нұрғалидың есімдерін ерекше атауға болады. Төл әдебиетиіміздің сын жанрыныңда бағаланып, ерекше өркендеген тұсын жоғарыда аталған сыншылардың, яғни аталмыш таланттардың кезеңі - 60 жылдармен байланыстыруға әбден болады. Сол әдеби сыннның қарқынды жалғасы ретінде, әдеби интеллектуалдық-эстетикалық сын бағытын ұстанған Әлия Бөпежанова, тС.Жұмабекуов, Б.Сарбалаев, Ж:Әшімжанов, Б.Бәмішовтер сол сыншылардың рухани жалғасы, бүгінгі сынның асқар биігі іспетті.

Әлия Бөпежанова, Сайлаубек Жұмбаев, Б.Сарбалаев т.б. қазақ әдеби сынының ғылыми танымдық тұрғыдан қанат жаюына, өркендеп, дамуына өзіндік заман тұрғысынан үлес қосып келе жатқан талантты сыншылар қатарынан танылады. Сол себепті, бүгінгі әдеби сын процеснің деңгейін ғылыми тұрғыдан таразыласақ, сол ортаның ішінде, қайраткерлік танытып жүрген әдебиет сыншысыларының шығармашылығына тоқталу заңды болмақ.

Танымы терең сыншы Әлия Бөпежанованың алғашқы сыни мақалары баспасөз бетінде 80-жылдары жиі басылды. Сол сыни-мақаларының алғашқы жинағы «Өрнектер» деген атаумен жинақталып, 1991 жылы жарық көрді. Бұл жинаққа әдеби оқырман қауым тарапынан, әріптес сыншылар, әдеби қаламгерлер тарапынан жақсы әрі жинақы пікірлер айтылды. Пікір айтушылардың ішінде, қазаргі қазақ әдебиетнің айтулы талант тұлғасы Әбіш Кекілбайұлы тұрғаныдығын ерекше атап өткен абзал. Әбіш Кекілбайұлы сыншының талғам-таразысына сүйсіне келіп, Әлия енді көбірек жазса, үлкен жинақтарға барса, оған білімі мен дайндығы мол екендігін атып, сыншыға кәсіби тұрғыдан ақ тілігні білдірген болатын.

12 практикалық сабақтың тақырыбы:Рухани жаңару және әдеби сын

Тапсырмалар:


  1. Қазіргі әдеби процесс, жалпы проза, поэзия, драматургияның (1991-2009) әдеби смында бағалануы. Б.Сарбалаев, Б.Бәмішұлы, Ә.Бөпежанова, Ж.Әшімжанов, С.Жұмабек т.б

12-СОӨЖ тақырыбы:Әдеби мектептер және ұлттық әдебиет

Тапсырмалар:Қазаргі әдеби сын (Б.Сарбалаұлы) талдау



СӨЖ тапсырмалары:Әдеби мектептер және ұлттық әдебиеттің дамуы туралы реферат жұмысын дайындау

Есеп беру түрі:талдау



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. – Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

3. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

4. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

8. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3
Он үшінші апта

13 дәрістің тақырыбы Қазақ әдебиетіндегі символ-берне, символизм мәселелері


Қарастырылатын мәселелер:

: 1. Қазіргі қазақ прозасы мен ондағы халық мәдениетінің үздік үлгілері, ақындық, күйшілік, әншілік, т.б өнердің сыр-сипаты, өмір шындығымен көркемдік шешімнің бірлігі, сабақтастығы

2. Т.Әлемқұлов, А.Сейдімбек, О.Бөкев, І.Жақанов. С.Бақбергенов т.б


Сөз қонған, өнер ұйыған халқымыз аңыз-әңгіме, өлең-жырды биік белеске көтерген. Соның ішінде – ақындық өнерді кие тұтқан. Асылы, ақындық өнер- табиғатпен етене құбылыс. Тіл ұшына келген өрнекті ой, сырлы сөзді кері қайтарып ала алмайсың. Көңіл көрігінде пісіп-жетілген сырлы сөз өлең-жыр ретінде қалың көпке жетеді. Жетелі, көшелі сөз ханды да, қараны да өзіне қаратады, қалың көптің сөзін айтады, қоғамдық пікір туғызады, әлеуметтік мәселе көтереді. Ортақ ойға қозғау салады. Демек, ақын – халқытың үні, ақиақттың ту көтерушісі, шындық шырақшысы.

Т.Әлімқұлов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Бөкеев, С.Жүнісов, І.Жақанов, А.Сейдімбек, С.Бақбергенов, т.б. жазушылардығ шығармаларында арғы-бергі тарихи та, адам факторының иірім-сырлары да, руханият мәселелері де кең орын алады. Бұл қаламгерлердің қайсыбірінің туындыларын алсақ да ұлт тарихы мен тағдырын, танымал тұлғалардың өмірін соынмен бірге халық мәдениетінің қайнарын кемел көркем суреттегені танылар еді.

Прозадағы кейіпкер болмысын ашып көрсетуде дәстүрлі мәдениеттің үлгі, әсерін суреттеу 1960-80 жж. Қазақ прозасындла кең өріс алды. Жоғарыда аталған қаламгерлердің проазлық туындыларындағы халық мәдениетінің дәстүрлі арналыр, өнер мұраты мен өнерпаздар өмірі кең көлемде көрініс тапты. Т.Әлімқұлов бүкіл шығармашылығы өнермен байланысып жатады. Тіпті оқиға өрбуі өнерге қатысты болмағанмен, кейіпкері – тіклей өнер адамы, немесе жырлаған нысаны - өнер туындысы. Бұл: «Сарыжайлауда» - Тәтімбет, «Көк қаршығада» - Ақан, «Қараойда» - Махамбет, «Керторлғацуда» - Сүгір болып жалғасып кете береді. Демек, жазушы өмірді өнермен өрнектейді, сол арқылы халықтық дәстүрді, тарихи тағылымын көркемдікпен байытады.

Жалпы, Т.Әлімқұлов өнер адамдары жайындағы қай шығармасында да бас кейіпкердің рухани дүниесін жан-жақты, әлеуметтік ортамен тұтастыра, терең ашып көрсетеді. «Көк Қаршыға» мен «Қараой» әңгімелерінде «Елім, халқым?!» - деп еңіреп өткен екі ақынды осы рухани туыстық, азаматтық, перзенттік мұрат бірлігі жақындата түседі. Автор сол арқылы басынан кешірген тарихынан гөрі тұтас халықтың өзіне тән психологиясын ашып көрсетеді.

13 практикалық сабақтың тақырыбы:Символизм және ұлттық әдебиет
Тапсырмалар:


  1. М.Жұмабаев және Б.Күлеев поэзиясындағы символистік мазмұн мен пітттін

  2. М.Жұмабаев пен Б.Күлеев поэзиясындағы бернелер жүйесі


13-СОӨЖ тақырыбы:Қазақ әдебиетіндегі символ-берне, символизм мәселелері
Есеп беру түрі: жазбаша жұмыс ретінде тапсыру.

СӨЖ тапсырмалары:Қазақ әдебиетіндегі символ-берне, символизм мәселелері

жайындағы ғалымдар пікірі
Есеп беру түрі: реферат дайындау.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. – Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

3. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

4. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

8. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3
Он төртінші апта

14 дәрістің тақырыбы: Қазақ прозасындағы лиризм және психологизм мәселесі


Қарастырылатын мәселелер:

1. Жазушы ізденістері, жаңашыл мазмұнды форма

Ғылым ақи-тақиы аяқталған көзқарастар мен шешіліп біткен шындықтың қоймасы емес. Күллі жаратылыстың дами беру қасиеті ғылымға да, оның ішінде әдеби зерттеу ғылымына да тән. Соған байланысты әдеби зерттеуде көркем шығарманы талдаудың жаңа тәсілдері пайда бола бастады. Осы тұрғыдан алғанда ХІХ ғасырдың орта тұсында өмір сүрген күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы шығармашылығына қатысты махамбеттану ғылымының да әр кезеңде өзіндік өзекті проблемалары туындап, қарастырылып отыруы заңды құбылыс. Әдеби зертеу ғылымында махамбеттанудың ірге тасын қалаған Х.Досмұхамедов пен М.Әуезов болса, ақынның тілі мен стилін арнайы зерттеген Қ.Жұмалиевтің, Р.Сыздықованың, З.Қабдоловтың, Ғ.Әнестің, идеялық-көркемдік тұрғысынан сараптаған Р.Нұрғалидың, С.Қасқабасовтың, А.Шәріповтің ғылыми-теориялық еңбектерінде Махамбет поэзиясы жан-жақты тереңдете зерделенді. Ә.Кекілбайұлының, Ә.Сарайдың ғылыми еңбектерінде ақынның өмірі мен күрескерлік жолыоның поэзиясы ұштастырыла сараланды. Дегенмен де, зерттеушілердің көпшілігінің кеңес заманындағы саяси ұғымдарға, объективті жағдайларға байланысты Махамбет шығармасын бүкпесіз зерттеуге мүмкіншіліктері болмады. Сол себепті де ақын поэзиясының кейбір қырлары мүлдем қозғаусыз қалды. Енді осы зерттеулердің «ақтаңдақтарын» ескере, жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оны көркемдік жүйе жағынан жаңаша көзқараспен кешенді түрде ашып көрсету бүгінгі махамбеттанудың өзекті мәселелерінің бірі. Тәуелсіздік алған жылдан бері ақынныңжинақтары, аудармалыры шығып, ақын жан-жақты қыры ашылып, ЮНЕСКО көлемінде екі жүз жылдығы тойланды. Бірақ махамбеттану ғылымыны бұл істермен тұйықталып қалмақ емес.

14 практикалық сабақтың тақырыбы:: Ұлттық әдебиеттегі лиризм мен психологизм

Тапсырмалар:зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект түрінде жазу

14-СОӨЖ тақырыбы:Ә.Жанр жүйесі және теориялық әдіснама

Тапсырмалар:Баяндама дайындау.

Есеп беру түрі: Баяндамаларын оқу.

СӨЖ тапсырмалары:Жанр жүйесі және теориялық әдіснама

Есеп беру түрі: реферат жазу.



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. – Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

3. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

4. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

8. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3
Он бесінші апта

15 дәрістің тақырыбы: Қазіргі әдебиеттану және көркемдік әдіс, жанр және жаңашылдық мәселелері


Қарастырылатын мәселелер:

Тәуелсіздік әдебиеттегі «жаңа» есімдер
Табиғатты жырлау дәстүрінің қалыптасу негіздері, табиғат лирикасы және дәстүр және жаңашылыдық

Әр нәрсенің өз пайда болу, даму тарихы болғандығын ескерсек, табиғат лирикасның түп-тамыры тереңде жатқандығы күмәнсіз. Сондықтан табиғат лирикасын сөз еткенде, оның бастау көздеріне, даму тарихына үңіліп, қысқаша шолу жасаған жөн. Жалпы таблиғатты суретту дәстүрі ауыз әдебиетінен, ақын-жыраулар шығармаларынан бастау алады. Ертегілерде орын алған аң, құс, өсімдік бейнелері, олардың қасиеттері адамдардың табиғатқа көңіл бөлгендігін танытады.

Алғашынды табиғаттың бір бөлшегі түрінде көрініс берген бейнелеулер ұшырасса, кейіннен ақын-жыраулар шығармаларында табиғат аздап суреттеле бастайды. Әрине, жыраулар шығармаларын тақырыбы жағынан да, мазмұны жағынан да таза табиғат лирикасы дей алмаймыз. Өйткені олар өз алдына жеке тұрып, табиғат әссемдігін, ерекшелігін жалаң қызықтауға әкелмейді, белгілі бір адам сезімін, көзқарасын салыстыра ашуға қызмет етуімен ерекшеленеді.

Жалпы қай саланы алмайық, өз жолы, қалыптасу дәстүрі болады. Пейзаждық лирика да сондай қалыптасу дәстүрін басынан кешті. Белгілі әдебиетттанушы М.Қаратаев дәстүрлі кең мағынасында философиялық проблемаға жатқызады: «Дәстүрге сүйену дегенді дәстүрге еліктеу енемес дәстүрді қайталау деп ұғатындар болады. Және дәстүрдің әсерін қабылдап, одан үйрену жолын осы ретпен іздеу жиі кездеседі», - деп көрсетеді. Табиғатты реалистік әдіспен арнайы алып бейнелеу дәстүрі қазақ әдебиетінде Абай поэзиясынан бастау алды деуге толық негіз бар. Абайдың жылдың төрт мезгіліне арнап жазған өлеңдері осы уақытқа дейін оқушысын тамсандырып келеді. Бүгінгі таңда табиғат лирикасы туралы жазбаған ақынды кездестіру қиын. Демек, табиғат лирикасы өзінің мәңгілік жырлана беретін тақырып екенін айғақтайды.

15 практикалық сабақтың тақырыбы:Қазіргі әдебиеттану және дәстүр мен жаңашылдық

Тапсырмалар:зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, конспект түрінде жазу

Есеп беру түрі: сұрақ-жауап, реферат, жоба қорғау


15-СОӨЖ тақырыбы:.Қазіргі әдебиеттану және көркемдік әдіс, жанр және жаңашылдық мәселелері
Тапсырмалар:Рухани жаңару және көркемдік ізденістер

Есеп беру түрі: сұрақ-жауап


СӨЖ тапсырмалары:Қазаргі поэзиядағы адамгершілік гуманизм

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. – Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет. 2. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

3. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

4. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

7. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

8. Сын. Уақыт және қаламгер жураналы. №3
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан)

«Білімді бағалау схемасы»

Бағалау критерийлері

Бағалау түрі

Жұмыс үшін балл

Орындалған жұмыс көлемі

Дәрістегі белсенділік

100

15

Семинардағы (практикалық жұмыстағы белсенділік)

100

15

МОӨЖ-дағы белсенділік

100

30

МӨЖ орындауы

100

30

Жеке тапсырмалар

100

6

Рубеждік бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1, Р2)

100

N

Ағымдық бақылау

100

2

Емтиханға жіберілетін рейтинг

100

Барлық бағалардың орта арифметикалық сомасы

Қорытынды бақылау (емтихан)

(Р1+Р2)/2




Қорытынды

Ағымдық бақылау * 0,6




Жеке тапсырмалар

100*0,4




Рубеждік бақылау

Емтиханға жіберілетін рейтинг + қорытынды нәтиже



Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:


А+

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлық

Емтиханға дайындық сұрақтары



  1. Қазақ әдебиеттану ғылыының зерттеу объектісі.

  2. Қазақ әдебиеттану ғылыының туу, қалыптасу кезеңдері. Зерттелу тарихына шолу.

  3. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі және бүгінгі проблемалыр

  4. Ежелгі дәуір әдебиетінің әдебиеттану ғылымында қозғала басталуы және Б.Кенжебаевтың ғылыми мектебі.

  5. М.Жолджасбеков, М.Мағауин, А.Қыраубаев, Н.Келімбетов т.б. 3.

  6. Қазіргі көне дәуір әдебиетін зерттеудің кейбір өзекті проблемалыр мен олардың оқытылу жайы.

  7. Хандық дәуірдің рухани мұраларын әдеби-тарихи тұрғыдан зерделеу

  8. Ұлт әдебиетінің тарихын ХҮ ғасырдан бастап жүйелі орнықтырудағы күрделі ізденістер.

  9. М.Мағауин, Х.Сүйіншалиев, Ж.Бектұров, А.Сейдімбек, т.б ғылыми еңбектердің мәні.

  10. ХІХ-ХХ ғ.б әдебиеттің өзекті мәселелері

  11. Ғалымдардың әдеби мұраны бағалау мен зерттеу ісінде маркстік-лениндік ілім талабын ұстануы, көркемдік даму сабақтастығына және ақын-жазушылар дүниетанымындағы қапйшылықтарна тарихилық қағидамен үңілуі.

  12. Қазіргі таңдағы зерттелуі

  13. Кеңес дәуіріндегі әдебиетті зерттелуі

  14. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеу пәнінің ғылыми жүйесі негізделген оқулығын шығару, жаңа сипаттамаға әдебиеттің қалыптасуы жолдарына тән негізгі кезеңдерін қарастыру

  15. Ұлттық әдеби сынның тууы және қалыптасу белестерінің зерттелуі. 3. Әдебиет библиографиясын түзу

  16. Қаламгерлер шығармашылығын монографиялық тұрғыда қарастырған еңбьектер.

  17. Ұлы Отан соғысы (1941-1945) және соғыстан кейінгі дәуірлеріндегі әдебиеттің өзекті мәселелері

  18. М.Базарбаев, Ә.Нарымбетұлы т.б. Отан соғысы дәуірін зертеушілер

19 Тарихтағы «тоқырау», «жылымық» саяси билік тарапынан тежеліп отырғанымен, қоғамдық дамудың рухани ағымына жаңғыру үдерісін алып келді.

  1. Лиризмді, психологизмді, философиялық иірімдерді көркемдік тұрғыдан игеруі.

  2. Әдеби сындағы серпіліс, идеологиялық қыспақтан шыққысы келген әдеби- эстетикалық көзқарастар легінің шығуы.

  3. Қазақ прозасындағы мифтік-аңыздық қолданыс

  4. Әлем әдебиетіндегі мифтік шығармашылық қолданыс.

  5. Мифтік қолданыстың төл әдебиетімізге ене бастауы, тың бағытта, соны бір рухани серпіліс қуатымен дамуы.

  6. Көркем шығарманың стильдік ерекшелігін, сюжеттердің құрылымдық мәнін, оның идеялық, эмоцианалдық, эстетикалық әсерін терең де айшықты суреттеудегі ықпал етуі

  7. Әдеби бейне жасаудың рухани және көркем арналары

  8. Көркем әдебиеттегі уақыт пен кеңестік категориясы.

  9. Автордың идеядағы уақыт пен кеңістік. Дәуір, адам, көркемдік шешім.

  10. «Рухани екі ұдайылық».

  11. Қазаргі қазақ лирикасындағы стильдік ізденістер

  12. Стиль мәселесі әдебиеттану ғылымының маңызды нысандарының бірі екендігі.

  13. Поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткен еңбектердің маңыздылығы. Поэзиядағы ақындық шеберлікпен көрінетіндігі.

  14. 1970-80 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік әдіс тұрғысынан тың ізденістердің көрінуі. Ж.Әбдірашев, Ж.Жақыпбаев, Қ.Мырзабеков.

  15. Лирикадағы қаһарман және көркемдік бейнелілік.

  16. Тәуілсіздік жылдарынан кейінгі қазақ проэзиясы көркемдік шешім, ізденіс арналары. М.Райымбекұлы, Т.Толқынқызы, Н.Бердәлі т.б.

  17. Қазаргі қазақ прозасындағы жаңа құбылыс-ізденістер

  18. М.Мағауинннің «Жармақ»

  19. Д.Амантай «Гүлдер мен кітаптар» Әдеби сын материалдарына шолу.

  20. Рухани жаңару және әдеби сын

  21. Қазіргі әдеби процесс, жалпы проза, поэзия, драматургияның (1991-2009) әдеби смында бағалануы.

  22. Б.Сарбалаев, Б.Бәмішұлы, Ә.Бөпежанова, Ж.Әшімжанов, С.Жұмабек т.б сыншылар

  23. Қазақ прозасындағы дәстүлі мәдениет үлгілерінің бейнеленуі (1980-2000)

  24. Қазіргі қазақ прозасы мен ондағы халық мәдениетінің үздік үлгілері, ақындық, күйшілік, әншілік, т.б өнердің сыр-сипаты, өмір шындығымен көркемдік шешімнің бірлігі, сабақтастығы

  25. Т.Әлемқұлов, А.Сейдімбек, О.Бөкев, І.Жақанов. С.Бақбергенов т.б

  26. Махамбеттану ғылымындағы соңғы жаңалықтар.

  27. Махамбеттанудың негізін ақалған Х.Досмқамедов, Қ:жұмалиевтен бастап, бүгігінгі күнге дейін ғылыми ізденіс арналарының желісі.

  28. Ақын тағдыры тарихи шындық .

  29. Қазаргі қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасы: 1991-2009жж. Кеше-бүгін

салыстырмалы пайым.

  1. Дәстүр және жаңашылыдық

  2. Табиғатты жырлау дәстүрінің қалыптасу негіздері және қазіргі кезең

Өзін-өзі бағалауға арналған тест тапсырмаларының үлгісі (емтихан ауызша )


. ХХ ғ. Кеңес әдебиетінде ең басты кейіпкер

А) Саясаткер

В) Балалар

С) Ғалым


Д) Тарихи тұлға

Е) Коммунист

2. Полилог дегеніміз не?

А) Табиғат көріністерін суретту

В) Үнсіздік сценасы

С) Үй, тұрмыстық ортаның бейнеленуі

Д) Көріністе көптеген кейіпкерлердің сөйлесуі

Е) Екі кейіпкердің әңгімелесуі

3. «Ішкі монолог» терминін алғаш қолданған әдебиет сыншысы

А) Байтұрсынов

В) Плеханов

С) Буало


Д) Добролюбов

Е) Чернышевский

4. Автордың шығармасында суреттеп отырған өмір құбылыстары жайлы айтқысы келген ойы:

А) Шығарманың идеясы

В) Шығарманың көркемділігі

С) Шығарманың тілі

Д) Шығарманың копозициясы

Е) Шығарманың тақырыбы

5. Көркем шығарманың жалпы құрылымы:

А) Сюжет


В) Эпиграф

С) Композиция

Д) Фабула

Е) Идея


6. Жаргон сөздер дегеніміз:

А) Тарихи оқиғаға байланысты туған сөздер

В) Халықтық тіл нормасына енбеген, әлеуметтік топтардың (студенттер, жауынгерлер т.б.) арасында ғана қолданылатын эмоционалды-экспрессивті бояуы күшті сөздер.

С) Қолдаудан шығып қалған, ескі сөздер

Д) Жаңа сөздер

Е) Жергілікті говор, белгіленген аумақтың тұрғындары ғана қолданатын халық тілінің элементі

7. «Бойда қайрат, ойда көз,

Болмаған соң айтпа сөз...» - дегенде толғаудың қай түрі қолданылған?

А) налыс толғау

В) сұқтаныс толғау

С) марқайыс толғау

Д) намыс толғау

Е) сап толғау

8. Шағын көлемді эпикалық шығармалар:

А) Жыр, дастан, поэзия.

В) Роман, проза, эпопея.

С) Толғау, терме, айтыс.

Д) Поэма, повесть, драма.

Е) Ертегі, мысал, очерк.

9. Оқиғалы, сюжетк құралған орта көлемді поэзиялық туынды:

А) Хикаят

В) Очерк


С) Дастан

Д) Баллада

Е) Сюжет

10. Мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын зерттеу бағытына сәйкес жалпы поэтика неше салаға бөлінеді?

А) 6

В) 4


С) 3

Д) 5


Е) 2

11. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымба.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат

Арнаудың қай түрі қолданылған?

А) Жай арнау

В) Зарлай арнау

С) Жарлай арнау

Д) Сұрай арану

Е) Риторикалық арнау

12. ААААААБ. Бұл қандай ұйқас түрі?

А) Кезекті ұйқас

В) Аралас ұйқас

С) Қара өлең

Д) Ерікті ұйқас

Е) Шұбыртпалы ұйқас

13. «Өмір мектебі» (С.Мұқанов), «Көз көрген» (Ғ.Мұстафин), «Ұшқан ұя» (Б.Момышұлы) туындылары қандай жанр үлгісі?

А) Публицистикалық жанр

В) Философиялық роман

С) Роман-очерк

Д) Мемуарлық жанр

Е) Фантастика жанры

14. Ш.Құдайбердиевтің прозалық шығармасы:

а) Қалқаман-мамыр

В) Әділ-Мария

С) Дубровский

Д) Еңлік-Кебек

Е) Айсұлу мен Нартайлақ

15. Композиция мен сюжет мәселесін қарастыратын әдебиеттану ғылымының саласы:

А) Әдебиет сыны

В) Әдебиет тарихы

С) Мәтінтану

Д) Әдебиет теориясы

Е) Строфика

16. Көркем шығарма тілін ақын тілі, әшейін тіл деп 2-ге бөлген әдебиетші ғалым:

А) З.Ахметов

В) М.Горький

С) Р.Нұрғали

Д) А.Байтұрсынов

Е) З.Қабдолов

17. Эпифора дегеніміз:

А) Тармақ басында дауыстылардың қайталануы

В) Аралас ұйқас

С) Шумақтар тобы

Д) Өлеңде дауыссыздардың қайталануы.

Е) Тармақ соңындағы сөз немесе сөз тіркесінің қайталануы.

18. Жазушының шындық өмірден таңдап-талғап алған, өзінің көркем шығармасына арқау ететін өмір құбылысының тобы:

А) Тақырып

В) Идея


С) Деталь

Д) Сюжет


Е) Экспозиция

19. Шығарма жазу барысында ұстанған автордың о бастағы ой өзегі қалай аталады?

А) субъективті идея.

В) авторлық идея,

С) қосалқы идея

Д) негізгі идея

Е) объективті идея

20. «Шұғаның белгісі» повесі сюжетіндегі оқиғаның шарықтау шегі

А) Әбдірахманның айдаудан келіп, Шұғаның ауруға ұшырауы

В) Базарбайдың Есімбек үйінен қуылуы

С) Әбдрахманның Шұғаға жазған хатының ұсталуы

Д) Айнабайдың Әбдірахманның Шұғаның өліміне тап болуы

Е) Айдаудан оралған Әбдірахманның Шұғаның өліміне тап болуы.

21. Өлең жолдарының біріңғай дауысты дыбыстан басталуы қалай аталады?

А) Ассонас

В) Эпилог

С) Аллитрация

Д) Элигия

Е) Эпитафия

22. Төмендегі өлең шумағы ұйқастың қай түріне жатады:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

А) Қара өлең ұйқасы

В) Шалыс ұйқасы

С) Ерікті ұйқас

Д) Шұбыртпалы ұйқас

Е) Аралас ұйқас

23. Ақиқат болмысты өмірлік шындық тұрғысынан жүйелі сипаттап көрсетуг және адам мен қоршаған дүниені саналы түрде көркмдік тұрғыдан танып-білуге ұмтылатын ұстанымдарға негізделген әдеби әдісті атаңыз.

А) Реализм

В) Акмеизм

С) Футуризм

Д) Романтизм

Е) Классицизм

24. А.Байтұрсынұлы драманы қалай атаған?

А) ұзақ әңгіме

В) сергелдең

С) әуезе

Д) толғау

Е) айтыс-тартыс

25. Өнер туындысының халықтығын көркем шығарманы бағалауда басты өлшем етіп көтерген сыншы, әдебиетші:

А) Плеханов

В) Добролюбов

С) Герцен

Д) Чернышевский

Е) Белинский

26. Трагедиялық бейне

А) Қыз Жібек

В) Дәркембай

С) Еламан

Д) Есімбек

Е) Әжібай

27. Көркем шығарманы қорытудың бір түрі:

А) Композиция

В) Шешім


С) Пролог

Д) Эпилог

Е) Шарықтау шегі

28. Сиырлары сыймайды

Мүйізі бұлт ілгендей

Емшегінен сүт шашып,

Желіні жерге тигендей...

А) Әсірелеу

В) Символ

С) Кішірейту

Д) Психологиялық егіздеу

Е) Ұлғайту

29. Параллелизм деген не?

А) өзара кереғар құбылыстарды бетпе-бет қою

В) екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу;

С) негізгі ойды, объектіні астарлап, суреттеу;

Д) Сөйлем ішінде атап аайтпаса да, түсінікті сөздерді жазбай тастап кету;

Е) сөздердің әдеттегі граматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру;

30. Лиро-эпикалық немесе аралапс жанрға жататын туынды.

А) роман


В) элегия

С) Баллада

Д) Бәйіт

Е) әңгіме

31. Төл әдебиетіміздегі алғашқы психологиялық роман

А) «Менің құрдастарым»

В) «Бақытсыз Жамал»

С) «Абай жолы»

Д) «Ақбілек»

Е) «Жұмақ жалау»

32. «Комедия жанрының атасы» атанған көне грек драматургі

А) Софокл

В) Эсхил

С) Аристофан

Д) Эврипид

Е) Гомер


33. Фантастикалық образ неге негізделеді?

А) келемежге

В) әзілге

С) ғажайыпқа

Д) мысқылға

Е) күлкіге

34. Суреткердің о бастағы ой өзегі қалай аталады?

А) субьективтік идя

В) ішкі композиция

С) сыртқы композиция

Д) обьективтік идея

Е) авторлық идея

35. Көркем туындыда баячндалған оқиғалар мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың, тартыстың аяқталуы:

А) Шарықтау шегі

В) ШГешімі

С) Дәлелдеу

д) Шиеленісу

е) эпилог

36. Ақпарат, жарнама сөздері:

А) ассонас

В) архаизм

С) аллитерация

Д) неологизм

Е) эпитет

37. Төмендегі өлең шумағы ұйқастың қай түріне жатады?

Оқыған білер әр сөзді,

Надандай болмас ақ сөзді.

Надан жөндіге жөн келмес,

Білер қайдағы шәргезді.

А) Ерікті ұйқас

В) Қара өлең ұйқасы

С) Кезекті ұйқас

Д) Аралас ұйқас

Е) Шұбыртпалы ұйқас

38. Кеңес әдебиеті мен өнерінің көркемдік әдісінің атауы ретінде «Социалистік реализм» термині ресми түрде қашан қабылданды?

А) 1953


В) 1954

С) 1934


Д) 1956

Е) 1920


39. Ағым дегеніміз:

А) ақсүйектер өмірін бейнелеу

В) жеке жазушының шығармашылық ерекшелігі

С) бірнеше қаламгерлерге ортақ шығармашылық ерекшелік

Д) жазушының таңдаған тақырыбы

Е) өмірді қаз-қалпыда суреттеу

40. Н.Буало сипатталған ағым:

А) «Зар заман» ағымы

В) пессимистік

С) сентиментализм

Д) деканденттік

Е) классицизм

41. Өлеңмен жазылған повесть қалай аталады:

А) мысал


В) очерк

С) поэма


Д) фельетон

Е) сатира

42. А.Байтұрсынов «ұлы әңгіме» деп қай жанрды атады?

А) әңгіме

В) поэма

С) повесть

Д) драма

Е) роман


43. Әдеби тектерді лирикалық, драмалық, эпикалық деп жіктеу неге байланысты:

А) әр тектің негізін құрайтын тәсіліне байланысты;

В) шығарма көлеміне байланысты;

С) шындықты суреттеудің жалпы принципіне байланысты;

Д) автордың эстетикалық мұратына байланысты;

Е) автордың қалауына байланысты;

44. Троптың түрі қайсысы?

А) синехдоха

В) арнау

С) эллипсис

Д) новелла

Е) сюжет


45. Оқиғалы, сюжетке құрылған өлең сөзбен жазылған көлемді туынды.

А) дастан

В) сонет

С) баллада

Д) рубаи

Е) хикаят

46. Сюжеттік даму сатысы:

А) эпилог

В) фабула

С) композиция

Д) шарықтау шегі

Е) теңеу


47. М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасы қай жанрда жазылған?

А) Роман


В) повесть

С) драма


Д) әңгіме

Е) пьеса


48. Батырлар жырында көбірек қолданылатын троптың түрі:

А) Гипербола

В) Неологизм

С) Кейіптеу

Д) Аллегория

Е) символ

49. Қазақ өлеңі қандай өлең жүйесіне жатады?

А) тоникалық

В) силлабикалық

С) Силлабо-тоникалық

Д) Метрикалық

Е) ақ өлең үлгісі

50. «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаттың» авторы:

А) Аристотель

В) Әбунасыр әл-Фараби

С) В.Г.Белинский



Д) Абай

Е) А.Байтұрсынов





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет