Сабақтар Тақырыбы: «Бастауыш мектепте критериалды бағалау»


Баға – бағалау процесінің нәтижесі, бағалау әрекеті немесе қызметі, кері байланыстың сапалық ақпараты. Белгі



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#124676
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-тапсырмасы

Баға – бағалау процесінің нәтижесі, бағалау әрекеті немесе қызметі, кері байланыстың сапалық ақпараты.


Белгі – бұл символ, оқу жетістіктерін бағалаудың сан, әріп, не басқа түрде берілетін шартты-формальды, мөлшерлік көрінісі.
Бағалаудың дәстүрлі жүйесіне балама тәсіл сыни бағалау – «оқыту үшін бағалау» болып табылады, оқытушының шеберлігін жетілдіру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін механизм, оқытудың барынша тиімді тәсілдерін іздеу, сонымен қатар оқушылардың оқуда барынша белсенділік танытуға ынталандыру.
Сыни бағалау оқушыға өзінің оқу қызметін жоспарлауға, мақсаттарын, міндеттерін, оларға жету жолдарын анықтауға, өз еңбегінің нәтижесін бағалауға, өз білімінің сапасы көтеруге мүмкіндік береді. Ол нақты оқушыға бағдарланған, оқушының білім мазмұнының қандай да бір элементін меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, сол арқылы олардың тиімділігін арттыруға бағытталған, және де әртүрлі оқушылардың нәтижелерін бағалауды болжамайды.

«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963 ж.) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критериалды бағалау басқа оқушылардың жетістіктерін салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет