Сабақтар Тақырыбы: «Бастауыш мектепте критериалды бағалау»


Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#124676
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-тапсырмасы
3-тапсырма, Ұзақбай Аяулым СӨЖ №5 Геоэкология
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі
жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін
қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы
ақпараттар ұсыну.

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:



        • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;

  • Оқу бағдарламасы;

  • Оқу жоспары;

  • Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі; Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;

  • Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

  • Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет