Қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) - мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Бағалау – жетістіктерді өлшеу мен оқыту проблемаларын диагностикалаудың, кері байланыс орнатудың, білім беру үдерісінің қатысушыларына (оқушылар, сынып, оқытушы, ата-ана, мемлекет) білім алуындағы жағдайы, жетістіктері мен проблемаларын хабарлаудың негізгі құралы. Оқудағы жетістіктерді бағлау жүйесі – бұл білім бағдарламаларын меңгеру сапасын бағалаудың жүйесі (оқушылардың білім берудегі жоспарланған нәтижелерге жетуі), білім процесінің маңызды элементі.
Қазіргі уақытта мектеп білім беру жүйесінде Бағалау, баға, белгі ұғымдары синоним ретінде қолданылады, бірақ шын мәнінде бір мағына бермейді.